Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 наурыз N 373.

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 K010209_ Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен

жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары 
бекітілсін.
     2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                           2002 жылғы 29 наурыздағы
                                           N 373 қаулысымен
                                                 бекітілген
     
            Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
           мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
     
     1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді 
мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары:
     1) жеке тұлғалардан - алым төлеген күні қолданыстағы бір айлық 
есептік көрсеткіштің 50 пайызы;
     2) заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданыстағы он есе айлық 
есептік көрсеткішті құрайды.
     2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді 
мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым ставкасы 
осы қосымшаның 1-тармағында көзделген тиісті тұлғалар үшін алым 
ставкаларының жиырма бес пайызын құрайды.
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                           2002 жылғы 29 наурыздағы
                                           N 373 қаулысына
                                                 қосымша
     
           Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
                  кейбір шешімдерінің тізбесі
     


      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді және ақпараттық қызмет көрсетулерді мемлекеттік тіркеу үшін ақы алудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 P961316_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 43, 413-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 505 P970505_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі N 621 P980621_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 21, 179-құжат).
      4. "Жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі мекемелер мен кәсіпорындарды "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261 P971261_

қаулысының 8-тармағының төртінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
1997 ж., N 37, 358-құжат).
     5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 
және 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 12  

P000012_

  
қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
2000 ж., N 1, 4-құжат).       
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.