Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мен "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 наурыз N 366

Қолданыстағы
      Обаның табиғи ошақтары аумақтарында осы жұқпаның алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 1 Мекеме) бөлу жолымен;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 2 Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. 1 және 2 Мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) 1 және 2 Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
      8 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" бөлiмiнде:
      бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi", 3-бағанда:
      "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "106" деген сан "58" деген санмен ауыстырылсын;
      "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "150" деген сан "99" деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы 51
      Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 48";
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 P011465_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде:
      1-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 26-1, 26-2-жолдармен толықтырылсын:
      "26-1. Шалқар обаға қарсы күрес станциясы
      26-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы".
      3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21 P020021_ қаулысына:

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық 
сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау 
комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
     "Мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік 
нөмірлері 11-1 және 11-2-жолдармен толықтырылсын:
     "11-1. "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі 
     11-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі".
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.