Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мен "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 наурыз N 366

Жаңартылған

      Обаның табиғи ошақтары аумақтарында осы жұқпаның алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 1 Мекеме) бөлу жолымен; 
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 2 Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 

      2. 1 және 2 Мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп айқындалсын. 

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) 1 және 2 Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде: 
      1-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 26-1, 26-2-жолдармен толықтырылсын:
      "26-1. Шалқар обаға қарсы күрес станциясы
      26-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы".
      3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1 және 11-2-жолдармен толықтырылсын:
      "11-1. "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі
      11-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі".
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысына .

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі