Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 P011235_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:
2-тармақтың бірінші абзацында ", Қазақстан Республикасы Парламенті екі палатасының депутаттарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аттестация тестілеу өткізу жолымен үміткерлердің қолданыстағы заңнаманы білуін тексеруден тұрады.";
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.";
16-тармақтың үшінші абзацында және 18-тармақта "және әңгімелесуге жіберілмейді", "және әңгімелесуге жіберіледі" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақта "және (немесе) әңгімелесу" деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі