Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 наурыз N 347.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 P011235_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:
      2-тармақтың бірінші абзацында ", Қазақстан Республикасы Парламенті

екі палатасының депутаттарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. Аттестация тестілеу өткізу жолымен үміткерлердің қолданыстағы 
заңнаманы білуін тексеруден тұрады.";
     4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, адвокаттық 
қызметпен айналысу құқығына үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген 
соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.";
     16-тармақтың үшінші абзацында және 18-тармақта "және әңгімелесуге 
жіберілмейді", "және әңгімелесуге жіберіледі" деген сөздер алынып 
тасталсын;
     19-тармақ алынып тасталсын;
     20-тармақта "және (немесе) әңгімелесу" деген сөздер алынып тасталсын;
     22-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.