Санаткерлік меншік құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 наурыз N 345

Қолданыстағы

      Атқарушы, бақылау-қадағалау функцияларын және санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құрылымдарын оңтайландыру, сондай-ақ көрсетілген құқықтарды қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) "Қазақстан Республикасының патент заңы" Z990427_ 1999 жылғы 16 шілдедегі және "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Z990456_ Заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның функциялары жүктелсін.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің "Қазақстан патенттік сараптама институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҚПСИ) таратылсын.
      3. Комитет осы қаулының 1-тармағына сәйкес уәкілетті органның функцияларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ҚПСИ-дің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.
      4. Комитет ҚПСИ-дің таратылуын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесінде:

     "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік

құқығы жөніндегі комитеті" бөліміндегі 520-жол алынып тасталсын.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.