Атқарушы, бақылау-қадағалау функцияларын және санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құрылымдарын оңтайландыру, сондай-ақ көрсетілген құқықтарды қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) "Қазақстан Республикасының патент заңы" Z990427_ 1999 жылғы 16 шілдедегі және "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Z990456_ Заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның функциялары жүктелсін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің "Қазақстан патенттік сараптама институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҚПСИ) таратылсын.
3. Комитет осы қаулының 1-тармағына сәйкес уәкілетті органның функцияларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ҚПСИ-дің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.
4. Комитет ҚПСИ-дің таратылуын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі