Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі
қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 387-құжат) мынадай
өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды уақытша әкелу және уақытша
әкету кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесінде:
мына:
"8802 11 100, Жаңа азаматтық тікұшақтар мен ұшақтар"
8802 12 100,
8802 20 100,
8802 30 100,
8802 40 100
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"8802 11 100-ден, Азаматтық тікұшақтар мен ұшақтар:
8802 12 100-ден, шығарылған күнінен 15 жылдан
8802 20 100-ден, көп емес пайдалануда болған
ТМД елдерінің өнімі;
8802 30 100-ден, шығарылған күнінен бастап 10 жылдан
8802 40 100-ден көп емес пайдалануда болған
ТМД-ға кірмейтін елдердің өнімі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.