Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 ақпан N 248

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 U020811_ Жарлығын (бұдан әрi - Жарлық) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" мен "Мұнай және газ тасымалдау" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамдары (бұдан әрi - Жабық акционерлiк қоғамдар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен өзге де мүлiктерiн беру жолымен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" (бұдан әрi - "ҚазМұнайГаз" ҰК) жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруды;
      2) "ҚазМұнайГаз" ҰК жарғысын бекiтудi және оны мемлекеттiк тiркеудi;
      3) <*>
      4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 3)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.25. N 1051
               қаулысымен. P021051_
      2. "ҚазМұнайГаз" ҰК Аджип Каспиан Си Б.В., БГ Эксплорейшн Энд Продакшн Лимитед, БП Қазақстан Лимитед, Ден Норске Статс Ольесельскап а.с., Мобил Ойл Қазақстан Инк., Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В., Тоталь Эксплорейшн Продакшн Қазақстан, "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасы және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы арасында жасалған ГКИ сериялы N 1016 лицензияға (мұнай) сәйкес мердiгерлiк учаскеде барлау мен өндiруге арналған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiмде және Аджип Қарашығанақ Б.В., БГ Эксплорейшн Энд Продакшн Лимитед, Тексако Интернэшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" Мұнай Компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердiгерлiк учаскесiнде өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келiсiмде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған және басқа да келiсiмдерге және осы қаулыны iске асыруға бағытталған оларға iлеспе өзге де құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) "ҚазМұнайГаз" ҰК-на өкiлеттi орган Функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi, өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған келiсiмдерге қатысты материалдарды беретiн болсын;
      3) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      "ҚазМұнайГаз" ҰК мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм-шарттарда келiсiм-шарттарға үлестiк қатысу арқылы мемлекеттiк мүдделердi бiлдiруiнiң тәртiбi туралы;
      мемлекеттiк органдар мен "ҚазМұнайГаз" ҰК арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi дәл ажырату туралы қаулылардың жобаларын енгiзсiн.
      4. "ҚазМұнайГаз" ҰК белгiленген тәртiппен:
      1) Жабық акционерлiк қоғамдардың мiндеттерiн, басқару функциялары мен құрылымын оңтайландыру мақсатында оларды қайта ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ету;
      2) ұйымдардың активтерiн, акцияларын және қайта ұйымдастырылатын Жабық акционерлiк қоғамдардың меншiгiндегi және/немесе басқаруындағы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерiн жұмылдыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк

қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 
жылғы 13 қаңтардағы N 37  

P010037_

  қаулысы;
     2) "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк 
қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 
жылғы 9 тамыздағы N 1044  

P011044_

  қаулысы.
     7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
     8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Yкiметiнің
                                            2002 жылғы 25 ақпандағы
                                                 N 248 қаулысына
                                                     1-қосымша
     
        "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк
              қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
     
     Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика 
және минералдық ресурстар вице-министрi;
     Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика 
және сауда бiрiншi вице-министрi;
     Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
     Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы 
министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
     Қиынов Ләззат Кетебайүлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық 
акционерлiк қоғамының президентi.
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                             2002 жылғы 25 ақпандағы
                                                  N 248 қаулысына
                                                     2-қосымша
     
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
                 енгiзiлетiн өзгерiстер
     


      1. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098 P011098_ қаулысына:
      1-тармақтағы "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы, "Мұнай мен Газ тасымалы" ұлттық компаниясы" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 P010290_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ";
     2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.
     3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi 
және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан 
Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  

P990405_

  қаулысына 
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
     Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық 
меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң 
тiзбесiне:
     "Алматы қаласы" деген бөлiмде: 
     реттiк нөмiрi 95-жол алынып тасталсын;
     реттiк нөмiрi 100-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "100. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
     "Атырау облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 145-2-жол алынып 
тасталсын.
     4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк 
пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi 
құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 
мамырдағы N 659  

P990659_

  қаулысына:
     көрсетiлген қаулыға қосымшада:
     "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар 
министрлiгiне" деген бөлiмде:
     реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын;
     реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "17. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
     реттiк нөмiрi 45-жол алынып тасталсын.
     5. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң 
тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы 
N 1587  

P001587_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 
43, 513-құжат):
     көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
     реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%";
     реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
    
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.