Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 ақпан N 227

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен 
мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 
 

P981384_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 
473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1-тармақта:
     біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен 
мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі 
комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
     
     Нәлібаев                 - Қазақстан Республикасы
     Әбдіқалық Зәкірұлы         Премьер-Министрінің Кеңсесі
                                Басшысының орынбасары,
                                төрағаның орынбасары;
     
     Жақыпбеков               - Қазақстан Республикасы
     Сембек Сәбетұлы            Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                                Үкіметтік байланысты
                                қамтамасыз ету орталығы
                                бастығының бірінші
                                орынбасары (келісім бойынша);
     
     Әбіров                   - Қазақстан Республикасының Ішкі
     Жұмахан Ақылбайұлы         істер министрлігі Техникалық
                                қызмет департаментінің бастығы;
     
     Уатай                    - Қазақстан Республикасының
     Базарбек Уатайұлы          Стратегиялық жоспарлау
                                жөніндегі агенттігі Стратегиялық
                                жоспарлау және бақылау
                                департаментінің директоры
                                (келісім бойынша);
     
     Степанова                - Қазақстан Республикасының 
     Валентина Алексеевна       Әділет министрлігінің
                                "Республикалық құқықтық
                                ақпараттандыру орталығы"
                                республикалық мемлекеттік
                                кәсіпорнының директоры;
     
     Құрманов                 - "Зейнетақы төлеу жөніндегі
     Алмас Мұхаметкәрімұлы      мемлекеттік орталық"
                                республикалық мемлекеттік
                                қазыналық кәсіпорнының
                                бас директоры;
     
     көрсетілген құрамнан Қадыржан Нәжентайұлы Асанов, Михаил Грантович 
Мартиросов, Қайрат Молдрахманұлы Смағұлов, Ардақ Қасымқұлұлы Тұрғанқұлов 
шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.