Іс жүзінде аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату проблемалары орын алуда.
Конституциялық Кеңестің аралық соттардың мәселелері жөніндегі 2000 жылғы 16 ақпандағы S000001_ , 2002 жылғы 15 ақпандағы S020001_ және 2002 жылғы 12 сәуірдегі S0201_2_ қаулыларында "аралық соттардың қызметін құқықтық реттеудің, сондай-ақ олардың шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеп орындауы туралы мәселе де заң шығарушының қарау аясына жатады" делінген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағын және 75-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 2002 жылғы 15 ақпандағы S020001_ қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 14 P01014s_ нормативтік қаулысының күші тиісті заң қабылданғанша тоқтатуға. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандыруға.
2. Заң актілерінде, оның ішінде "Шетелдік инвестициялар туралы" Z949000_ заңында көзделген жағдайларда төрелік (аралық) соттардың шешімдері Қазақстан Республикасы сот органдарының шешімдеріне тектес орындалатынын соттардың ескергендері жөн.
Қазақстан Республикасында шетелдік соттардың және төреліктердің
шешімдері АІЖК-нің K990411_ 425-бабында көзделген тәртіп бойынша танылады және орындалады. 3. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Z000132_ Конституциялық Заңның 20-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы аралық соттардың құқықтық мәртебесі туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жалпы отырыс хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Мамандар: Қасымбеков Б.А. Жұманазарова А.