Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 84

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң  234-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесi бекiтiлсiн. 

      2. "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың,  оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық  бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы  бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария)  техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378  қаулысына  Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
      ескертудiң екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiленген нысан бойынша жасалған," деген сөздер алынып тасталсын.

     3. <*>
      Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.30. N 1071   қаулысымен.

     4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнiң           
2002 жылғы 23 қаңтардағы    
N 84 қаулысымен        
бекiтiлген           

       Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды
            қосылған құн салығынан босату ережесi

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001  жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (бұдан әрi - Кодекс)  234-бабының  2-тармағына сәйкес әзiрлендi және тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн айқындайды.
      Осы Ереженiң күшi Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлар әкелудi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - заңды және жеке тұлғалар) қолданылады.
      2. Осы Ережемен көзделген тиiстi құжаттарды Қазақстан Республикасының кеден органына беру кезiнде тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
      3. Қайырымдылық көмек ретiнде әкелiнетiн тауарлар импорты кезiнде акцизделетiндерiн қоспағанда, мынадай құжаттар: 
      1) көлiктiк және/немесе тауарға iлеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық көмек ретiнде тауар әкелу туралы дипломатиялық немесе оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң растауы;
      2) құжаттар, оның iшiнде тауарларды тегiн беру фактiсiн растайтын шетел тiлдерiнде жасалған құжаттар; 
      3) осы Ережеге 1-қосымшада белгiленген нысан бойынша толтырылатын халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға арналған тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мiндеттемесi берiледi.
      4. Мемлекет, мемлекеттер үкiметтерiнiң, халықаралық ұйымдардың желiлерi бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарлардың импорты кезiнде акцизделетiндерiн қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мынадай құжаттар: 
      1) мемлекеттер мен мемлекеттер үкiметтерiнiң және халықаралық ұйымдардың желiлерi бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарлар үшiн: 
      көлiктiк және/немесе тауарға iлеспе құжаттар және/немесе әкелiнетiн тауардың мәртебесiн көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң растауы; 
      қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелудi белгiлейтiн тиiстi келiсiмдер, шарттар; 
      заңды тұлғалар үшiн - коммерциялық ұйым емес ретiнде заңды тұлғаны тiркеудi растайтын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi, сондай-ақ жарғының көшiрмесi берiледi; 
      2) техникалық жәрдем ретiнде әкелiнетiн тауарлар үшiн: 
      оларды орындау үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын (техникалық жәрдем бойынша келiсiм-шартты) бағдарламаның атауы мен жобаның деректемелерi көрсетiлуi тиiс көлiктiк және/немесе тауарға iлеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң растауы; 
      тауарлар жеткiзудi орындауға арналған жобаның (техникалық жәрдем бойынша келiсiм-шарттың) көшiрмесi берiледi. 
      Бұл ретте, техникалық жәрдем бағдарламасын орындауды бақылайтын қазақстан тарапының құзыреттi органы Қазақстан Республикасының орталық кеден органына жобаның орындалуы туралы ақпаратты бередi. Берiлген жобаларда әкелуi көзделген тауарларға әкелiнетiн тауарларды теңестiрудi қамтамасыз ету мақсатында, осы жобалардағы тауарлардың тiзбесi жеке көрсетiлуi тиiс. 
      5. Дәрiлiк құралдардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының; дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының импорты Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады. 
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде әкелінетін тауарлардан басқа, оларды мақсатты пайдалану туралы растау талап етілетін, тізбеде көрсетілген тауарларды әкелу жағдайында осы тауарларды әкелетін тұлғаның қызметі көрсетілетін жарғы және осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған міндеттеме ұсынылады. Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде көрсетілген тауарлар әкелінген кезде жарғы мен міндеттеменің орнына тапсырысшы мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт ұсынылады. <*>
       Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1135 
қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2004.04.29. N 488  қаулысымен .  
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) оның ұйымдары жүзеге асыратын қағаз ақша белгiлерiн шығару үшiн шикiзаттың импорты кезiнде мынадай құжаттар: <*>  
      1) ақша белгiлерiн шығару үшiн әкелiнетiн шикiзаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң растауы; 
      2) осы Ережеге 3-қосымшада белгiленген нысан бойынша жасалған әкелiнетiн шикiзатты мақсатты пайдалану туралы жүк алушының мiндеттемесi берiледi.
       Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.21. N 183 
қаулысымен.  
      7. <*> 
       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.09.30. 
N 1071   қаулысымен.  
       Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.02.21. N 
183   қаулысымен.  
      8. Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiлерi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты кезiнде мынадай құжаттар: 
      1) Қазақстан Республикасына грант беру туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген, шетелдiк мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не халықаралық ұйымдармен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшiрмесi (ол болған жағдайда); 
      2) халықаралық шарт жасаусыз халықаралық ұйымның грант беруi жағдайында - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнде тiркелген, оған берiлген грант қаражаты есебiнен тауарлар импорты туралы халықаралық ұйымның растауы; 
      3) халықаралық шартқа сiлтеменiң болуымен тауар көлiктiк немесе тауарға iлеспе құжаттар (оны жасасқан жағдайда); 
      4) бенефициардың (грант алушының) әкелiнетiн тауар туралы растауы берiледi.
      8-1. Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген негiзгi құралдар импорты кезiнде мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) лизинг мәнiн сатушы мен лизинг берушi арасында жасалған шарттың көшiрмесi және лизинг берушi мен лизинг алушы арасында жасалған шарттың көшiрмесi не лизинг мәнiн сатушы, лизинг берушi мен лизинг алушы арасында жасалған үш жақты шарттың көшiрмесi;
      2) қаржы лизингiнiң шартына сiлтемесi бар көлiктiк және/немесе тауардың iлеспе құжаттары;
      3) егер лизинг берушi банк немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болған жағдайда - лизинг қызметiн жүзеге асыруға арналған қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген лицензияның көшiрмесi;
      4) осы Ережеге 4-қосымшада белгiленген нысандағы толтырылатын қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген негiзгi құралдарды мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме. <*>
       Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды  - ҚР Үкіметінің 2004.04.29. N 488  қаулысымен .  
      9. Осы Ереженiң 3, 4, 5, 6, 8 және 8-1-тармақтарында көрсетiлген Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлар салық жеңiлдiктерi берiлетiн мақсаттармен байланысты ғана пайдаланылуы тиiс. Көрсетiлген тауарларды импорттаушының өзге мақсаттарға пайдалануы жағдайында кедендiк ресiмдеу кезiнде төленбеген қосылған құн салығы салық заңдарына сәйкес бюджетке төлеуге жатады. <*>
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2004.04.29. N 488  қаулысымен
      10. Кеден баждары мен салықтарын төлеуден босатуды көздейтiн кеден режимдерi шеңберiнде тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының кеден заңымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      11. Кодекстiң 234-бабының 1-тармағының 1), 2), 5) және 8) 
тармақшаларында айқындалған тауарлар импорты бойынша қосылған құн салығынан босату Кодекске сәйкес тiкелей қолданылады.

1-қосымша      

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 2004.04.29. N 488  қаулысымен .

_________________________ Кедендiк бақылау
департаментiнiң (кеденнiң) бастығына 

Қазақстан Республикасының кеден аумағына
әкелiнетiн қайырымдылық көмегін
мақсатты пайдалану туралы
мiндеттеме 

Мен,______________________________________________________________
__________________________________________________________________,
(жүк алушының атауы, СТН-ы, мекен-жайы, банк деректемелерi немесе
аты-жөнi мен төлқұжаттық деректерi)

NN кеден декларациясына (декларацияларына) сәйкес
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
қайырымдылық көмек ретiнде әкелiндi:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                          (тауар атауы)

      Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды халықтың өмiрi мен
тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи 
және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою
үшiн ғана пайдалануға және коммерциялық пайданы алу үшiн 
пайдаланбауға мiндеттенемiн. 
      Көрсетiлген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес теңге
мөлшерiнде кедендiк рәсiмдеу кезiнде төленбеген кеден төлемдерiн,
салықтарды және өсiмдердi төлеуге мiндеттенемiн. 
     Қолы _________ _________       Күнi 200__ жылғы "__"__________
          (аты-жөнi) 
     Ескерту. Қайырымдылық көмегiн өзге де мақсаттарға кеден
төлемдерiн, салықтар мен өсiмдердi төлеусiз пайдалану жағдайында
тиiстi сома Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес
жауапкершiлiк шарасын қолдану арқылы өндiрiлiп алынады.

2-қосымша        

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің
2004.04.29. N 488  қаулысымен .

_________________________ Кедендiк бақылау
департаментiнiң (кеденнiң) бастығына

Дәрiлiк құралдардың, оның ішiнде дәрiлік субстанциялардың,
протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық,
ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен 
медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және
диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен
жинақтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса
алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың
және медицина(ветеринария) техникасын мақсатты пайдалану
туралы мiндеттеме 

Мен, ____________________________________________________________
_________________________________________________________________,
жүк алушының атауы, СТН-ы, мекен-жайы, банк деректемелерi немесе
аты-жөнi мен төлқұжаттық деректерi) NN кеден декларациясына
(декларацияларына) сәйкес
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Дәрiлiк құралдарды, оның ішiнде дәрiлiк субстанциялардың,
протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық
(ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен
медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк
құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың,
протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық
(ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария)
техникасы ретiнде әкелiндi:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                           (тауар атауы)
     Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды олардың мақсатты
бағытталуына сәйкес қатаң пайдалануға мiндеттенемiн.
     Көрсетiлген тауарларды өзге де мақсаттарға пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес теңге мөлшерiнде
кедендiк рәсiмдеу кезiнде төленбеген салықтарды және оларға
өсiмдердi төлеуге мiндеттенемiн. 

     Қолы _________ _________       Күнi 200__ жылғы "__"__________
              (аты-жөнi) 

     Ескерту. Дәрiлiк құралдарды, протездiк-ортопедиялық
бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы, сондай-ақ оларды шығару үшiн шикізат пен жинақтаушыларды
салықтар мен өсiмдердi төлеместен өзге де мақсаттарға пайдалану
жағдайында тиiстi сома Қазақстан Республикасының салық заңнамасына
сәйкес жауапкершiлiк шарасын қолдану арқылы өндiрiлiп алынады.

3-қосымша        

       Ескерту. 3-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.02.21. N 183
қаулысымен.  
       Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің  2004.04.29. N 488  қаулысымен .

_________________________ Кедендiк бақылау
департаментiнiң (кеденнiң) бастығына 

                    Қағаз ақша белгiлерiн шығару үшiн
        шикiзатты мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме <*>

      Мен,______________________________________________________________
__________________________________________________________________,
жүк алушының атауы, СТН-ы, мекен-жайы, банк деректемелерi немесе
аты-жөнi мен төлқұжаттық деректерi)
NN кеден декларациясына (декларацияларына) сәйкес
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
қағаз ақша белгiлерiн шығару үшiн шикiзат ретiнде әкелiндi:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                           (тауар атауы)
     Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды олардың мақсатты
бағытталуына сәйкес қатаң пайдалануға мiндеттенемiн.
     Көрсетiлген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес _______ теңге
көлемiнде кедендiк рәсiмдеу кезiнде төленбеген салықтарды және
оларға өсiмдердi төлеуге мiндеттенемін.

  Қолы _________ _________       Күнi 200__ жылғы "__"__________
           (аты-жөнi) 

      Ескерту. Қағаз ақша белгiлерiн шығару үшiн қолданылатын
шикiзатты салықтар мен өсiмдердi төлеместен өзге де мақсаттарға
пайдалану жағдайында тиiстi сома Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес жауапкершілік шарасын қолдану арқылы өндiріліп
алынады.

4-қосымша          

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды  - ҚР Үкіметінің
 2004.04.29. N 488  қаулысымен
Кедендiк бақылау департаментiнiң
(кеденнiң) бастығына
________________________________
________________________________

Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды мақсатты пайдалану туралы мiндеттеме 

Мен,_______________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________,
   (атауы, CTH-i, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не аты-жөнi
       және лизинг берушiнiң паспорттық деректерi)

қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында
негiзгi құралдар ретiнде мыналарды әкелдiм:
NN _______________________________ кеден (-дiк) декларация (лар)ға
сәйкес ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                      (тауарлардың атауы)

      Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды қатаң түрде олардың 
мақсатты пайдаланылуына сәйкес пайдалануға мiндеттенемiн.
      Көрсетiлген тауарларды өзге мақсатта пайдаланған кезде, кезеңдiк рәсiмдеу кезiнде төлемеген __________ теңге мөлшерiндегi
салықтар мен өсiмпұлдарды Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес төлеуге мiндеттенемiн.

      Қолы _________/ _________ /  Күнi 200__ жылғы "__" ________

       Ескерту.  Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне 
беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды салықтар мен өсiмпұлдарды төлемей өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиiстi сома Қазақстан Pecпубликасының кеден және салық заңнамасына сәйкес жауаптылық шаралары қолданыла отырып өндiрiп алынатын болады.