Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгі тұжырымдамасын мақұлдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 қаңтар N 71

Қолданыстағы

      Су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономиканың су

 

секторының теңдестiрiле дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан

Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының су

секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi

тұжырымдамасы мақұлдансын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                Қазақстан Республикасы

                                                      Үкіметінің

                                               2002 жылғы 21 қаңтардағы

                                                   N 71 қаулысымен

                                                     мақұлданған


       Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың

            және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі

                              Тұжырымдамасы


                         Жалпы бөлiм


     Тұжырымдамада қолданылатын негiзгi терминдер мен айқындамалар:

     Су қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сулар, ол

мыналарды қамтиды:


 
       өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар, су қоймаларының сулары, басқа да жер бетiндегi су ресурстары, сондай-ақ арналар мен магистральдық су жолдарының сулары;
      жер асты сулары;
      мұздықтар;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiзiнiң сулары.
      Су айдындары - ағын су мен iркiндi судың табиғи немесе жасанды жолмен жиналуы (көлдер, өзендер мен бөгендер, су қоймалары және т.с.с.).
      Су жолдары (арналар) - суды белгiленген бағытқа жеткiзуге және әкетуге арналған гидротехникалық құрылыстар.
      Қашыртқы - жер асты суларын төмендетуге және тоспаға әкетуге, сондай-ақ жердi құрғатуға арнап қолдан жасалған ашық немесе жабық арна.
      Тоспа - қашыртқы әкететiн жер асты суларын қабылдап, одан әрi су айдындары мен сарқынды суды төгу үшiн арнайы ұйымдастырылған жерлерге әкетуге арнап қолдан жасалған ашық немесе жабық арна.
      Суды пайдаланушылар - суды өз қажеттерi (мұқтаждары) үшiн белгiленген тәртiппен пайдаланатын субъектiлер.
      Гидромелиорация - суару, суландыру және құрғату арқылы топырақтың су режимiн реттеуге бағытталған iс-шаралар кешенi.
      Гидромелиорациялық жүйе - суарылатын, суландырылатын, құрғатылатын жерлердегi технологиялық өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешенi.
      Сорғыту (құрғату) жүйесi - топырақ суының деңгейiн реттеуге, артық суды төгу үшiн арнайы ұйымдастырылған жерлерге жинау мен әкетуге арналған технологиялық өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар (қашыртқылар, тоспалар және т.с.с.) кешенi.
      Сорғытпа сулар - сорғыту жүйелерi жинайтын сулар.
      Суды пайдалану көзi - суы тiкелей су пайдаланушылар мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн пайдаланылатын теңiз, өзен, көл, су қоймасы немесе бөген, оларға келiп құйылатын салалары, магистральдық арналар мен су жолдары, сондай-ақ жер асты сулы қабаттары.
      Коммуналдық су жолдары (арналар) - коммуналдық меншiктегi және суды су пайдаланушылар арасында жеткiзу мен таратуға арналған су жолдары (арналар).
      Көлдете суару - бөгет, тосқауыл және басқа да гидротехникалық құрылыстар жүйесi көмегiмен суға бастыру арқылы жүзеге асырылатын топырақты бiр мәрте көктемгi ылғалдандыру.
      Су тұтыну лимитi - белгiлi бiр уақыт кезеңiнде су пайдалану көзiнен алынатын және арнайы су пайдалануға рұқсаты бар су тұтынушылар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган жыл сайын белгiлейтiн су көлемi.
      Магистральдық су жолдары (арналар) - тоғандардан су алуды жүзеге асыратын су жолдары (арналар).
      Мелиорациялық желi - ауыл шаруашылығы жерлерiн мелиорациялауға (суару, суландыру, топырақ-ыза суларын реттеу) арналған арналар, тоспалар, қашыртқылар және олармен технологиялық байланысты гидротехникалық құрылыстар мен құрылғылардың жиынтығы немесе кешенi.
      Мемлекетаралық су жолдары (арналар) - бiрнеше мемлекеттiң аумағында орналасқан және мемлекеттер арасында су ресурстарын бөлуге арналған су жолдары (арналар).
      Суармалы жерлер - арнайы суару техникасын қолданып немесе қолданбай суару жүйесiнiң көмегiмен жасанды ылғалдандырылатын жерлер.
      Суару жүйесi - жердi суаруға арналған гидротехникалық және өзге де ирригациялық құрылыстар жүйесі.
      Жалпы су пайдалану - су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп берместен және су күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбастан халықтың ауыз суға және өзге де мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылатын су пайдалану.
      Суару суы - суару мақсатында су пайдалану көзiнен алынған су.
      Республикалық су жолдары (арналар) - коммуналдық су жолдарына (арналар) суды жеткiзуге арналған республикалық меншiктегi және/немесе республика үшiн стратегиялық маңызы бар магистральдық су жолдары (арналар).
 
                          1. Кiрiспе
 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясын K972030_ анықтап бердi.
      Соңғы жылдары жеткiлiксiз қаржыландыру салдарынан және ел экономикасын реформалаумен байланысты бiрқатар басқа да себептермен республика су шаруашылығы құлдырау жағдайына жеттi. Тек суармалы егiншiлiк өнiмiнiң жыл сайынғы ысырабы 60,0 млрд. теңгеге бағаланып отыр, ал экономиканың басқа салаларын ескергенде сумен қамтамасыз ету нашарлауының әлеуметтiк зардаптары одан да тереңдей түседi. Су шаруашылығының бүкiл инфрақұрылымы қауiптi және мейлiнше қанағаттанғысыз техникалық күйде тұр.
      Экономиканың су секторында қалыптасқан ахуал мемлекеттiң су шаруашылығы саясатын түбегейлi жетiлдiрудi талап етедi.
      Қазiргi уақытта, орталықтандырылған экономика жағдайында жасалған елдiң су шаруашылығын басқару жүйесi белгiлi бiр дәрежеде әкiмшiлiк-әмiршiлдiк қағидаттарға негiзделген ескi экономикалық қатынастарды сақтауда. Осының нәтижесiнде оның шаруашылықты жүргiзудiң жаңа нарықтық жағдайларына бейiмделу процесi қиындықпен жүруде. Сол себептi жүйенiң басқарылуы қиын күйде қалып отыр, су пайдаланушылардың суды ұтымды пайдалануға жанды мүдделiлiгi жоқ, су шаруашылығы мен гидромелиорациялық жүйелердiң техникалық күйi нашарлауда, суармалы жерлердiң орасан зор алаңдары шаруашылық айналыстан шығып қалуда.
      Жоғарыда айтылғандар су шаруашылығын басқарудың қалыптасқан құрылымын қайта қарауды, су шаруашылығы субъектiлерiнiң мiндеттерiн, су шаруашылығы мен гидромелиорациялық объектiлер мәртебесiн нақты анықтау мен межелеудi, саланы тиiмдi басқару мен су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн экономикалық қатынастардың жаңа тетiгi мен қаржы ағындарының ашық жүйелерiн әзiрлеудi талап етедi.
 
                      2. Тұжырымдаманың мақсаты
 
      Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 U000344_ Жарлығын дамыту үшiн әзiрленген.
      Тұжырымдаманың негiзгi мақсаты - республика азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн елдiң су ресурстарын сақтау мен ұтымды пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдарын айқындау (Стратегия - 2030), әлеуметтiк-экономикалық даму қажеттiлiгiнiң теңгерiмi мен су ресурстарын ұдайы молайту мүмкiндiгiн судың нормативтiк сапасы - "тұрақты су пайдалану" талаптары деңгейiнде қамтамасыз ету болып табылады. Тұжырымдама экономиканың су секторын және мемлекеттiң су шаруашылығы саясатын дамыту жөнiндегi заңнамалық базаны жетiлдiру нақты бағдарламалар мен iс-шараларды әзiрлеу үшiн негiз ретiнде қызмет етедi.
      Онда суды пайдаланудың экономикалық оңтайлы әрi қауiпсiз деңгейiне қол жеткiзу мен қолдаудың қазiргi көзқарастарының жиынтығын көрсететiн ережелер жазылып, оның дамуының үрдiстерi бағаланып, 2010 жылға дейiнгi басым бағыттары айқындалып, мақсаттары мен мiндеттерi белгiлендi.
      Жазылған тұжырымдамалық ережелер, соның iшiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi, су шаруашылығы бағдарламаларын, су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын, инвестициялық жобалар мен басқа да құжаттарды әзiрлеудi қоса алғанда, су ресурстары мен олардағы объектiлердi пайдалану және қорғаумен байланысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде бағдарға айналуы тиiс.
 
                         3. Ахуалды талдау
 
      1. Су факторының рөлi
 
      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне арналған едәуiр жер қоры әрi республиканың оңтүстiк және батыс облыстарында одан әрi игеру су ресурстары қорының жетiспеуiнен тежелуде. Елдiң жекелеген аймақтарында табиғи байлықтарды игеру мен өндiрушi күштердiң тиiсiнше дамуы да су ресурстарының тапшылығынан тежелуде. Елдiң орталық, батыс және iшiнара оңтүстiк аймақтарында ауыл халқын сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесi өткiр қойылуда. Одан әрi әлеуметтiк-экономикалық даму су мен экологиялық проблемаларын шешу су шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясаттың деңгейiмен және елдiң су ресурстары мен су пайдалануды басқаруда таңдап алынған жолдың дұрыстығына қарай айқындалады.
      Халық санының өсуi мен экономиканың дамуы салдарынан су тапшылығының артуы, су ресурстарының құруы қаупi төнген Орталық Азияда, соның iшiнде Қазақстанда да су айқындаушы факторға айналды. Ертiс, Жайық, Іле, Сырдария, Шу, Талас өзендерiнiң трансшекаралық бассейндерiнде суды мемлекетаралық бөлiске салудың проблемалары табиғи қуаңшылық кезеңдерiнде шиеленiсiп, ал оларды шешу перспективасы аяқталар емес.
 
      2. Су ресурстары
 
      Қазақстанның жер бетіндегi су ресурстары 100.5 км3, олардың iшiнде тек 56.5 км3 ғана республика аумағында құралады, қалған көлемi Орталық Азия мемлекеттерiнен, Ресей Федерациясы мен Қытайдан келiп түседi.
      Өзен ағынының көлемi бойынша Қазақстан ғаламшардағы сумен неғұрлым аз қамтамасыз етiлген елдердiң қатарына жатады. Су ресурстарының аумағы бойынша бөлiнiсi мейлiнше әркелкi әрi аймақтар мен экономика салаларының сумен әркелкi және тұрақсыз қамтамасыз етiлуiне алғышарт жасайды. Қажеттi су тұтыну көлемi 54.5 км3, ал сулылығы орташа жылдағы шаруашылықта пайдаланылуы мүмкiн қолда бар көлемi 46.0 км3-ден аспайды.
      Қуаңшылық жылдары су ресурстарының жалпы көлемi 58 км3-ке дейiн, ал қолда бары тиiсiнше 26 км3-ке дейiн азаяды.
      Қайтымды сулар көлемi - 4.0 км3-ке жуықты құрайды, су көздерiне қайтарылатыны - 2.0 км3-ден аспайды, қалған ағыны сiңiп кетедi немесе құрдымға кетедi. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негiзгi көзi болып табылады, оларды кәдеге жарату мен тазарту әзiрге шешiмiн тапқан жоқ.
 
      3. Судың сапасы
 
      Республиканың су объектiлерiнiң iс жүзiнде барлығының сапалық жай-күйi қанағаттанғысыз, неғұрлым ластанған өзендер Жайық, Ертiс, Нұра және Сырдария. Ластану өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, қашыртқылық және басқа да сарқынды сулардың тасталуы есебiнен жүредi. Жер асты сулары да ластануда, олардың сапасының нашарлағаны көптеген кен орындарында атап өтiлуде.
 
      4. Су шаруашылығының ахуалы
 
      Елдiң бiр кездегi бiртұтас су шаруашылығы жүргiзiлген реформалар мен жекешелендiрудiң нәтижесiнде ыдырады. Басқару жүйесiн барабар реформалау болған жоқ. Мұның бәрi су шаруашылығы субъектiлерiнiң функционалдық мiндеттерiнiң ғана емес, көптеген су шаруашылығы объектiлерi мәртебесiнiң ажыратылмауына әкелдi. Бұл объектiлердiң бiр бөлiгi жекешелендiрiлiп, бұрынғы колхоздар мен совхоздар мүлкiнiң құрамындағы мүлiктiк пайларға бөлiнгенi мәлiм. Iрi шаруашылықтардың неғұрлым ұсақтарға, соның iшiнде олардың кейiн жаңа қағидаттармен бiрiктiрiлмей шаруа және фермер қожалықтарына бөлiнуi нәтижесiнде бұрынғы шаруашылық iшiлiк арналар басқарусыз, ал көбiнесе иесiз қалды. Нәтижесiнде, олар жөнделмей, жарамсыз күйге келдi.
      Судың нормативтен тыс орасан зор ысырабы және суармалы суды ұтымды пайдалануға мүмкiндiк беретiн жүйенiң болмауы өнiмнiң өзiндiк құны құрылымындағы суландыру шығынындағы үлесiнiң артуына әкелуде, мұның өзi түптiң түбiнде оның бәсекелесу қабiлетiн төмендетедi.
      Суды пайдаланушылар бiрлестiгiн құрудың тиянақты заңдық базасы жоқ. Қазiргi жұмыс iстеп жатқан суды пайдаланушылар бiрлестiктерiнiң бiр бөлiгi суды пайдаланушылар ассоциациялары түрiнде, ал бiр бөлiгi - суды пайдаланушылардың тұтынушылар кооперативтерi түрiнде құрылған. Сондықтан, суды пайдаланушылардың негізгi қауымы ыдыраңқы күйде қалуда, тиiсiнше суды пайдаланудың бүкiл жүйесiн ұстау жөнiндегi олардың қызметiн үйлестiру де жоқ.
      Жекешелендiру кезiнде су шаруашылығы объектiлерi мен құрылыстарының бiрыңғай технологиялық кешенiнiң жекелеген бөлiктерi кейде суармалы жерлерге қатысы жоқ тұлғалардың қолына өтiп, олар суды пайдаланушыларды алқаптарын суландыру жүйесiне байлаған, борышкерлiк тәуелдiлiкке түсiрген монополияшыларға айналуда.
 
      5. Күштi жақтары
 
      1993 жылға дейiн тиiстi инфрақұрылымы бар су шаруашылығы саласы құрылған едi, бұл ретте суландырылатын қор 2,3 млн. га-ны құрады, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауды 54 топтық су құбыры бердi, пайдалы сыйымдылығы 48,0 км3 200-ден астам су қоймасы, 340-қа жуық су торабы мен су көздерiндегi құрылыстар, су шаруашылығы жүйесiне қызмет көрсететiн кәсiпорындар, мамандандырылған өнеркәсiп орындары, жөндеу-техникалық қызметтерi, автоматика мен метрология жөнiндегi кәсiпорындар, жобалау, ғылыми және жоғары оқу орындары жұмыс iстедi.
      Соңғы жылдары:
      табиғат қорғау заңнамасының негiздерi әзiрлендi;
      су ресурстарын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларға қол қойылды;
      суды қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды;
      суды ластау көздерiнiң мемлекеттiк кадастрлары және оларды орналастыру карталары жасалды;
      суды беру жөнiндегi қызметтер көрсеткенi, су ресурстарын пайдалану құқығы және су ортасын ластағаны үшiн төлемдер төлеу жүйесi дамытылуда.
 
      6. Әлсiз жақтары
 
      Су ресурстарының тапшылығы мен олардың ластануы:
      бұрын құрылған су шаруашылығы жүйесiнiң үдемелi ыдырауы, бөгеттердiң, су тораптарының және басқа да құрылыстардың техникалық жай-күйiнiң апатты нашарлауы;
      көптеген құрылыстар мен су шаруашылығы объектiлерi иесiз және оларды ұстауға қолдаусыз қалды;
      халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының шиеленiсуi, ауыз су сапасы стандарттарына сай емес;
      суармалы дақылдар өнiмдiлiгi 1,5-2,0 есе төмендедi, суарудың ең қарапайым тәсiлдерiне қайтып оралды;
      ауыз су өндiрiсiнiң құлдырауы мен оны пайдалану көлемiнiң азайғанына қарамастан, суды ысырапсыз пайдалану проблемасы өткiр сипатта қалуда. Суды бөлу көлемi 25%-ды құрады, тасымалдау кезiндегi ысырап су алудың 30%-на дейiн жетедi;
      белсендi шаруашылық жүргiзiлетiн жерлерде су объектiлерi тұтыну мен өндiрiс қалдықтарымен ластанған, нәтижесiнде жер бетiндегi судың сапасы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес;
      жер асты суларын ластау ошақтары кеңеюде;
      нормативтiк құқықтық базаның жетiлдiрiлмеуi;
      су шаруашылығы iс-шараларының жеткiлiктi қаржыландырылмауы;
      су шаруашылығы кәсiпорындарының негiзгi қорларының тозуы;
      бассейндiк су шаруашылығы басқармалары мен республикалық мемлекеттiк су шаруашылығы кәсiпорындарының ұйымдастыру техникасымен, көлiкпен, қазiргi көлiк құралдарымен және жабдықтармен нашар жарақталуы;
      Қазақстан Республикасы су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың жалпы мемлекеттiк схемасының және мемлекеттiң су саясатын айқындайтын басқа да негiз қалаушы құжаттардың (тұжырымдамалар, индикативтiк жоспарлар, бағдарламалар) болмауы;
      қазiргi уақытта суды пайдаланушылардың су ресурстарын пайдалануы мен суды беру жөнiндегi кәсiпорындардың көрсеткен қызметтерi үшiн толық ақы төлеудi жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi;
      тұтынушылардың суды рәсуашылықпен пайдалануы;
      институционалдық (ұйымдастырушылық-басқару) проблемалары;
      экономиканың су секторын дамытуды жүйелi жоспарлауға жеткiлiктi назар аударылмауы;
      экономиканың су секторындағы көп қырлы, күрделi, жауапты мiндеттер мен проблемалардың су ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органның функцияларына сай келмеуi, оның қазiргi уақытта бiрыңғай су шаруашылығы саясатын жүзеге асыру үшiн өкiлеттiгi жетiспеуде әрi штат саны шектеулi.
 
      7. Мүмкiндiктер
 
      Өзен ағынын гидротехникалық құрылыстармен (арналармен, су қоймаларымен) және жер асты суларын пайдалануды реттеу есебiнен қолда бар су ресурстарын ұлғайту;
      тұщы су өте тапшы аймақтарда шағын және орташа қуатты тұщыту қондырғыларын қолданып, сортаң және тұзды жер асты суларының тереңдегi орасан зор қорларын пайдаланылу ықтималы;
      суды үнемдеу технологияларын енгiзу;
      ақылы суды пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру;
      су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерiн шешу үшiн iшкi көздермен қатар шетелдiк қаржы ұйымдарының заемдарын, гранттарын тарту;
      ластанған суларды тазарту сулардың таусылуын, қоқысталуы мен ластануын болдырмау жөнiндегi озық шетелдiк және отандық технологиялар мен тәжiрибенi пайдалану;
      қолда бар шаруашылық әлеуеттi, кадрларды жобалау және ғылыми әзiрлемелердi пайдалану.
 
      8. Қауiп-қатерлер
 
      Соңғы жылдары қажеттi пайдалану iс-шараларының жеткiлiкті қаржыландырылмауы нәтижесінде жай-күйi нашарлаған бөгеттердiң қирауы мен су қоймаларының шайылуы салдарынан, соның iшiнде көптеген адам құрбанына да жеткiзген авариялар мен апаттардың туындауы; бұл ретте халыққа орасан зор әлеуметтiк-экономикалық нұқсанын тигiзетiн суармалы жерлердiң орасан зор алқаптары суармалы судан құр қалады;
      жер асты және жер бетi су ресурстарының таусылуы;
      өз бетiмен ағатын ұңғымалардан жер асты суларының өз бетiмен ағуы нәтижесiнде қоршаған ортаның ластануы;
      әсiресе, елдiң оңтүстiк және батыс аймақтарында сумен қамтамасыз ету проблемасының шиеленiсуi;
      су ресурстарын бөлiсу мәселелерi бойынша Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердiң көзқарастарының сәйкес келмеуiнен әрi оларды шешу тетiктерiнiң жоқтығынан, сондай-ақ барынша мол экономикалық және саяси пайда табу үшiн iргелес мемлекеттердiң өзiнiң географиялық жағдайын пайдалануға ұмтылуынан мемлекетаралық алауыздық туындауының ықтималдығы.
 
      9. Әлемдiк үрдiстер
 
      Мемлекеттердiң ұлттық қауiпсiздiгi тұрғысында әлемнiң көптеген елдерiнде, әсiресе су ресурстарының тапшылығынан суға көзқарас түбегейлi өзгерiп, су факторының рөлi күшеюде. Дүниежүзiлiк су форумында (Гаага, 2000 жылғы наурыз) жар салынған: "су ресурстарын басқару ахуалын түбегейлi түрде өзгерту қажет, әйтпесе таяу болашақта дүние қатты су дағдарысына ұшырайды" сияқты алаңдаушылық Қазақстан үшiн де көкейтестi.
      1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөнiндегi халықаралық конференциясының қорытындысы 21 ғасырға арналған күн тәртiбiн қабылдау болды, онда қазiргi және болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында әлеуметтiк-экономикалық

 

мiндеттер мен қолайлы қоршаған ортаны әрi табиғи ресурстар әлеуетiн сақтау

проблемаларын теңдестiре отырып шешудi қамтамасыз ететiн тұрақты даму

қағидаты мен тұрақты дамуға дәйектi түрде көшудi жүзеге асыру қажеттiгi

мен мүмкiндiгi бекiтiлдi. Қазақстан да 21 ғасырға арналған ұлттық күн

тәртiбiн әзiрлеуге кiрiстi.

     Су секторын басқару саласында мынадай ортақ сипаттамалары бар:

     үкiметтiң су қатынастарын реттеуiнiң жiтi құрылымы;

     кәсiби басқару;

     саяси араласудың болмауы;

     тиянақты жоспарлау мен қаржыландыру;

     тұтынушыға бағдарлану;

     су шаруашылығын қаржыландыруға арналған несиелердiң қол жетiмдiлiгi;

     бәсекелесуге қабiлеттi жеке сектор;

     мемлекеттiң орталықтандырылған көмегi (АҚШ -та, Германияда, Францияда

және Қытайда ұлттық және аймақаралық деңгейдегi су шаруашылығы

объектiлерiнiң құрылысын салуға капиталды негiзiнен салушы мемлекет болып

табылады) сияқты үздiк халықаралық практиканы бағдарға алу қажет.


           4. Мемлекеттiк су шаруашылығы саясаты мен стратегиясы


     10. Ұзақ мерзiмдi мақсат, басымдықтары мен қағидаттары



 
       Су шаруашылығы саясаты мемлекет "2030 - Стратегияда" жариялаған - республика азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану ұзақ мерзiмдi мақсатына қол жеткiзiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
      Мақсатқа қол жеткiзуге арналған негiзгi басымдықтар:
      экономиканың әртүрлi салаларын, жекелеген аймақтар мен кешендердi одан әрi дамыту жөнiндегi талаптарды қанағаттандыру;
      су ресурстарын ұтымды әрi ұқыпты пайдалану мен қорғау;
      мемлекетаралық, облысаралық, және ауданаралық объектiлердi мемлекеттiң меншiгiнде сақтау;
      суару үшiн су көзiнен ауыл шаруашылығы су пайдаланушысына дейiн суды жеткiзу жөнiндегi қызметтер көрсетуге мемлекеттiк монополияны сақтау;
      халықты қажеттi санымен және кепiлдi сапасымен ауыз сумен қамтамасыз ету;
      саны да жеткiлiктi әрi тиiстi сападағы су ресурстарымен қамтамасыз ету.
      Қойылған мiндеттердi шешу үшiн су шаруашылығы саясаты мыналарға негiзделуi тиiс:
      су бассейнiн бiртұтас объект ретiнде қарап, су ресурстарын басқару мен жер бетiндегi суларды қорғауды бассейндiк қағидатпен құру қажет;
      сумен жабдықтау жүйелерi суды дайындаудың қазiргi технологияларын пайдалануға, су ресурстарын кешендi пайдалануға негiзделiп, тұтынушыға көлiкпен жеткiзу кезiнде су ысырабының азайтылуын қамтамасыз етуi тиiс;
      сумен қамтамасыз етудiң экономикалық негiзi - су ресурстарына мемлекеттiк меншiк болуы тиiс;
      су секторын тұрақты дамытудың негізі - су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану мен ұстау шығындарын өтеуге суды тұтынушылардың (халықтың) қатысуы болуы тиiс;
      арнайы су пайдалануға мiндеттi түрде ақы төленуi;
      өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы су тұтынуы алдында ауыз сумен

 

жабдықтаудың әрi экологиялық су жiберудiң басымдылығы;

     су шаруашылығы жүйелерiн қайта жаңарту мен қалпына келтiруге арналған

сыртқы заемдарды жiберудiң басымдылығы;

     ағын судың экологиялық құрамдас бөлiгi қағидаттарын ескере отырып, су

тұтыну лимиттерiн белгiлеу;

     су шаруашылығы объектiлерi мен оған байланған суармалы жерлердiң

ажырамауын қамтамасыз ету;

     су шаруашылығы және гидромелиоративтiк объектiлер мемлекеттiк

ұйымдардың не суды пайдаланушылар бiрлестiктерiнiң (СПБ) меншiгiнде немесе

басқаруында (басқару мерзiмiн шектеген борыштық мiндеттемелердi орындау

кезiндегi уақытша басқару жағдайларын қоспағанда) болады.


     11. Таяудағы мақсат пен басымдықтар


     Ұсынылатын перспективада iске асырылуы ықтимал су шаруашылығының

басым бағыттары:

     су ресурстары мен суды пайдалануды басқарудың жүйесiн жетiлдiру;

     қолданыстағы заңнамада экологиялық мәнiстердi күшейту.

     Негiзгi мiндеттер:

     су ресурстарын ұтымды әрi кешендi пайдалану;


 
       су ресурстарын басқару функцияларын шаруашылық пайдалану функцияларынан ажырату мұның өзi мемлекет атынан тиiсiнше басқару мен бақылауды қамтамасыз етедi әрi су секторында жалпы мемлекеттiк мүдденiң сақталуына қол жеткiзiледi;
      соның ішiнде жер асты сулары кен орындарын үдемелi пайдалану есебiнен ауыз сумен жабдықтау сапасын жетiлдiру;
      әсiресе iрi су тораптарындағы су шаруашылығы құрылыстарының

 

қауiпсiздiгiн мемлекеттiк техникалық қадағалау жүйесiн қалыптастыру;

     суды пайдаланудың тиiстi нарық жағдайларына сәйкес құқықтық базасы

мен экономикалық тетiгiн әзiрлеу әрi жасау;

     су объектiлерiнiң мониторинг жүйелерiн дамыту және су объектiлерiн

пайдалануды мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру;

     су объектiлерiнiң жай-күйi мен оларды пайдаланушылар пайдалануының

ерекшелiктерiн ескеруге негiзделген аймақтық су шаруашылығы саясатын

жүргiзу.


          5. Ұлттық су саясаты мен стратегиясын iске асыру жөнiндегi

                              негізгі мiндеттер


     12. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және сумен қамтамасыз ету

                              саласында


     1. Мыналарды:

     iрi өзендер бассейндерi бөлiнiсiнде Су ресурстарын ұтымды пайдалану

мен қорғаудың республикалық бағдарламасын;


 
       бассейнiшiлiк және аймақаралық қайта бөлу, сондай-ақ қолда бар жер бетiндегi әрi жер асты суларын ұтымды пайдалану есебiнен, су ресурстарының қолда бар үлесiн ұлғайту есебiнен экономиканың салаларын, халықты және табиғи кешендердi сумен қамтамасыз етудi шешуге бағытталған жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық бағдарламаларын;
      мыналарды: су тапшылығы өткiр аймақтарда су сыйымдылығы мол өндiрiстердi дамытудың қарқыны мен көлемiн шектеудi; барлық жерде суды үнемдейтiн технологияларды, суды пайдаланудың айналмалы және тұйық жүйелерiн енгізудi; өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығында суды тұтынудың бiр өнiм бiрлiгiне үлесiн азайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыруды; суды пайдалану саласындағы суды пайдаланудың ысырабын азайтуды; су шаруашылығы жүйелерiн суды өлшейтiн және суды реттейтiн қазiргi құралдармен жарақтандыруды қамтитын Суды үнемдеу жөнiндегi республикалық және аймақтық мақсатты бағдарламаларды;
      су ресурстарын пайдаланғаны үшiн қолданыстағы төлем ставкаларын оңтайландыру және саралау жолымен жер бетiндегi де, жер астындағы да суларды ұтымды пайдалану мен қорғаудың экономикалық тетiгiн әзiрлеу және iске асыру.
      2. Суды пайдаланушылар қаражаты есебiнен су шаруашылығы объектiлерiн ұстау және жөндеу жөнiндегi шығындарды өзiн өзi ақтауына кезең-кезеңiмен көшiрiп, суды пайдаланушыларға суды беру жөнiндегi көрсетiлген қызметтер үшiн баға құрауды жетiлдiру жөнiнде жағдай жасау.
      3. Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру.
      4. Қазiргi заманғы басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн су ресурстарын пайдаланудың жай-күйiн кешендi бағалау әрi талдау бойынша суды пайдалану мониторингiнiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн жасау.
      5. Су ресурстарын ұқыпты пайдалану мен қорғау туралы қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру; су проблемаларын шешу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру саласындағы бiлiмдердi ақиқатты жария ету мен таратуда бұқаралық ақпарат құралдарына көмек көрсету.
 
      13. Таза экологиялық ахуалды сақтау мен қолдау саласында
 
      1. Барлық пайдаланылатын су көздерiнде (өзендер, көлдер, су қоймалары және т.б.) суды қорғау аймақтарын құру мен жайластыру арқылы негiзгi өзендер бассейндерiндегi су экожүйелерiн қалпына келтiру әрi сақтау.
      2. Олардың су бассейнiне антропогендiк жүктемесiн ескере отырып, жаңа өндiрiстердi орналастыру және ескi өндiрiстердi қайта жаңарту.
      3. Суды ұтымды пайдаланудың экономикалық жағдайларын қалыптастыру.
      4. Осымен өзендер мен тоғандардың ластануын санитарлық-гигиеналық және балық шаруашылығы талаптарының деңгейiне дейiн азайтылуын қамтамасыз етiп, сарқынды суларды тазарту жөнiндегi құрылыстарды салу әрi қайта жаңарту кезiнде жаңа технологияларды енгiзу арқылы тазартылмаған сарқынды сулардың су көздерiне тасталуын және сарқынды сулардың қайталама әрi айналымдағы сумен жабдықтауда пайдаланылуын болдырмау.
      5. Қатаң нормалап, кейiн су тастауды нормалаудан оларды болдырмауға көшiп, суды пайдалану мен тастаудың көрсеткiштерiн әзiрлеу. Жаңа кәсiпорындарды су объектiлерiне ластаушы заттарды толық болдырмайтындай етiп салуды жүзеге асыру.
      6. Өзен бассейндерiндегi су ресурстарын кешендi пайдаланудың схемаларын әзiрлеп, олардың негiзiнде өзендер бассейндерiндегi табиғат қорғау әрi кешендi су жiберу көлемдерiн негiздеу.
      7. Шаруашылық кешенiнде мақсатына сай пайдалану бойынша жер бетiндегi су айдындарының жiктемесiн жасау, мемлекеттiк бақылау шараларын және олардың пайдаланылуын реттейтiн құжаттар тiзбесiн белгiлеу.
      8. Iшкi және шеткi су айдындарының (Балқаш, Арал, Каспий) деңгейлiк әрi тұздануы режимiн басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу.
 
      14. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету саласында
 
      Жекелеген аймақтардың сумен қамтамасыз етiлуi деңгейiн орташа республикалық деңгейге дейiн жеткiзiп, бiртiндеп теңестiру мақсатында экономикасы тоқыраған дағдарысты аудандардың, сондай-ақ "Ауыз су" мемлекеттiк стандартының нормативтерiне сай келмейтiн суы бар аудандардың басымдығын сақтау
      таяу перспективада:
      1) халықтың денсаулығы нашарлауына жол бермеу мақсатында сумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйесiн тиiстi техникалық күйде ұстау;
      2) сумен жабдықтаудың жергілiктi көздерi болған кезде жеке тармақтарын (сегменттерiн) алып тастап, оларды жергiлiктi (жекелеген елдi мекендерге арналған) немесе шағын топтық жүйелермен (жақын орналасқан елдi мекендерге арналған) ауыстырып, тотық су құбырлары бойынша су беру схемасын қайта қарау;
      3) оларды бөлшектеу мүмкiн емес немесе орынсыз қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерiн тиiстi техникалық күйде ұстау;
      орта және ұзақ мерзiмдi перспективада:
      4) кепiлдi сумен жабдықтау көздерi болған кезде iрi кенттердi сумен орталықтандырылған жабдықтаудың жаңа жергілiктi жүйелерiн құру;
      5) сумен жабдықтау көздерiмен қамтамасыз етiлмеген халқы тығыз аймақтарда сумен орталықтандырылған жабдықтаудың топтық жүйелерiн құру;
      6) қалалар мен ауылдық кенттердiң халқын сапалы сумен қамтамасыз ету үшiн суды дайындау және суды тазартудың жаңа құрылыстарын салу және қалпына келтiру;
      7) жер асты суларын кеңiнен пайдалануды қамтамасыз ету;
      8) сумен жабдықтау объектiлерiнiң құрылысын салуға әрi оларды пайдалану шығындарын өтеуге оны кеңiнен тартып, халықты сумен қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет көрсетулер рыногын қалыптастыру;
      9) сумен жабдықтауға арналған жабдықтар мен құрылғылар жасап шығару жөнiндегi жоғары технологиялы өндiрiстiк қуаттар құруға кiрiсу;
      10) ауыз суды ұтымды пайдалану проблемалары бойынша халықтың хабардарлығы мен құлағдарлығын арттыру халықтың экологиялық мәдениетiн қалыптастыру;
      11) ауыз сумен жабдықтау саласында ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу;
      12) 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған "Ауыз су" мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру.
 
      15. Экономиканың су секторын мемлекеттiк басқару саласында
 
      Басқару функцияларын шаруашылық жүргiзу функцияларынан екi кезеңге ажыратып, су ресурстары мен су шаруашылығын басқарудың құрылымын реформалау (орталықсыздандыру, қайта құрылымдау) мен жетілдiрудi жүзеге асыру.
      Бiрiншi кезеңде:
      1) республикалық суағарларға (арналарға) жатқызылғандарын қоспағанда, республикалық меншiктегi суағарларды (арналарды) коммуналдық меншiкке беру;
      2) теңгерiмiнде мемлекетаралық және облысаралық су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғылары жоқ республикалық мемлекеттiк су шаруашылығы кәсiпорындарын коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындары етiп қайта құру;
      3) су шаруашылығы саясатын жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны реформалау;
      4) экономиканың әртүрлi салаларында (ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, коммуналдық сумен жабдықтау және т.с.с) Суды пайдаланушылардың бiрлестiктерiн (ассоциацияларын) құруға жәрдемдесу;
      5) олардың объектiлердi пайдалану жөнiндегi мүмкiндiктерiнiң кеңеюiне қарай коммуналдық су шаруашылығы объектiлерiн тiкелей су пайдаланушылардың өздерiне немесе олардың бiрлестiктерiне бiртiндеп беруге жәрдемдесу;
      6) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн құру және олардың суды жеткiзу жөнiндегi көрсететiн қызметтерiн ескере отырып, суды пайдаланудың экономикалық тетiгiн әзiрлеу.
      Екiншi кезеңде:
      7) су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органның қарамағындағы су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың базасында (республика үшiн стратегиялық маңызы бар кәсiпорындарды қоспағанда) облыстарда еншiлес кәсiпорындары бар су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органға ведомстволық бағыныстағы бiрыңғай республикалық мемлекеттiк кәсiпорын құрып, су ресурстары мен су шаруашылығын басқарудың құрылымын қайта ұйымдастыруды жүргiзу;
      8) суды пайдаланушылар бiрлестiктерiнiң (СБП) меншiгiндегi де, сондай-ақ оларға сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген су шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсету мен техникалық пайдалану;
      суды пайдаланушыларға суды жеткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық көмек көрсету мақсаттарында СБП құру;
      9) ұсынылып отырған схемаға сәйкес су ресурстары мен су шаруашылығын басқарудың құрылымын қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға қажеттi өзгерiстер мен толықтыруларды белгiленген тәртiппен енгiзу қажет. Жекешелендiруге жатпайтын су шаруашылығы объектiлерiнiң тiзбесiн нақтылау қалғандарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жекешелендiру;
      10) ақпараттық қызмет көрсетулер мен маркетинг желiсiн және жүйесiн құруды ұйымдастыру.
 
      16. Трансшекаралық су көздерiн бiрлесiп пайдаланудағы халықаралық
                       ынтымақтастық саласында
 
      1. Трансшекаралық су көздерiн бiрлесiп пайдалану жөнiндегi келiсiмдер мен шарттарды әзiрлеу кезiнде Қазақстанның мүдделерi қорғалуын қамтамасыз ету.
      2. Көктеу кезеңiнде мемлекетаралық шарттар жасасудан көпжылдық келiсiмдер жасасуға көшу.
      3. Қазақстанда бар табиғи ресурстарға және елдiң транзиттiк әлеуетiне iргелес мемлекеттердiң қажеттiлiктерiн ескере отырып, трансшекаралық суларды пайдалану проблемасының кешендi шешiмiн iздеу қажет.
      4. Трансшекаралық суларды реттеу мен басқару жөнiндегi мемлекетаралық органдардың қызметiне белсендi қатысу.
      5. Қытай Халық Республикасымен қатынастарда:
      2001 жылғы қыркүйекте қол қойылған Трансшекаралық су ресурстарын

 

бiрлесiп пайдалану мен қорғау саласындағы екi жақты келiсiмдi бекiту;

     судың сандық та, сапалық та көрсеткiштерiне бiрлескен мониторинг

жүйесiн жасау;

     су ресурстарының мониторингiн жақсарту және трансшекаралық су

объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алмасу;

     трансшекаралық өзендердi кешендi пайдалану мен қорғаудың бiрлескен

схемаларын жасау;

     трансшекаралық су ресурстарын бiрлесiп пайдалану мен қорғау жөнiнде

үш жақты (Қазақстан, Қытай, Ресей) келiсiмдер жасасу жөнiнде қадам жасау

қажет.

     6. Ресей Федерациясымен қатынастарда:

     Ресейден келетiн және онда ағатын су ресурстарының гидрохимиялық

құрамына ерекше назар аудару;

     Едiл өзенi бассейнiнен Батыс Қазақстанға қосымша су ағыны көлемiн

тарту;

     Астрахань-Маңғышлақ суағарын қайта жаңартуды жүргiзу.

     7. Орталық Азия республикаларымен қатынастарда:


 
       Орталық Азия республикаларының трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi жұмысты жандандыру;
      Аралды құтқару жөнiндегi Халықаралық Қордың қызметiн қолдау;
      мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясы мен оның атқарушы органдарының мәртебесiн көтеру;
      Трансшекаралық су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк және аймақтық дерекқорларын қалыптастыру және ақпарат алмасу туралы келiсiм жасасу қажет.
      8. Қырғыз Республикасымен қатынастарда:
      су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға арналған жұмыс режимiн белгiлеу мен қажеттi шығындар көлемiн айқындау жөнiнде тұрақты жұмыс істейтiн комиссия құру.
 
      17. Су ресурстарын басқарудың, пайдалану мен қорғаудың нормативтiк құқықтық негiздерi саласында
 
      Қазақстан Республикасының Су K933000_ кодексiн қайта өңдеу және қазiргi құқықтық, экономикалық, сондай-ақ елдегi экологиялық қатынастарға, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер енгiзу қажеттiгiн қарау керек.
 
      18. Ғылыми-зерттеу, жобалау және бiлiм беру саласында
 
      1. Жер бетiндегi және жер асты суларының ресурстарын зерттеу мен бағалау су ресурстарын аумақтық қайта бөлудiң, жер асты сулары пайдалануды және елдiң сумен қамтамасыз етiлуiн арттырудың басқа да баламалы жолдарын кеңейту мүмкiндiктерiн ғылыми және техникалық-экономикалық негiздеудi әзiрлеу.
      2. Су шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жобалау және бiлiм беру орталықтарының желiсiн дамыту үшiн кәсiпкерлiк және мемлекеттiк емес құрылымдарға қолдау көрсету жөнiнде жағдай жасау.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тиiстi қаржы жылына арналып көзделген қаражаттың есебi мен шегiнде, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаты және халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң гранттарын тарту есебiнен республиканың жоғары және орта оқу орындарында су ресурстары мен су шаруашылығын басқару бойынша инженер кадрлар мен мамандар, мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру.
      4. Халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, шаруашылық жүргiзушi

 

субъектiлердiң қаражаттарын және халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң

гранттарын тарту есебiнен су пайдаланушыларды оқыту әрi озық

технологияларды енгiзу жөнiнде аймақтарда консультациялық оқыту және

ақпарат орталықтары желiсiн құру.


                     6. Қаржылық қамтамасыз ету


     Су шаруашылығы саласын қаржыландырудың негiзгi көздерi:

     республикалық бюджет;

     жергiлiктi бюджет;

     халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң гранттары;

     мемлекеттiк емес көздер.

     Экономиканың су шаруашылығы секторын қаржыландыру жүйесiн жетілдiру

үшiн мынадай проблемаларды шешу талап етiледi:

     мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы

объектiлерiн салу, қайта жаңарту және пайдалану республикалық бюджеттiң

қаражаты есебiнен жүзеге асырылады;

     коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы объектiлерi тиiстi жергiлiктi

бюджеттердiң есебiнен қаржыландырылуы мүмкiн.



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М.