1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің Инвестициялар жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өнеркәсiптiк қайта өңдеудi тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды тартуға арналған неғұрлым маңызды өндiрiстердiң тiзiмiне енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
- республикада құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өнеркәсiптiк қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстер кешенiн құру туралы техникалық-экономикалық негiздеменiң бас әзiрлеушiсiн (қаржыландыру көзi белгiленген кезде);
- құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өнеркәсiптiк қайта өңдеу жөніндегi өндiрiстер кешенiн құру туралы жобаның негiзгi орындаушысын (бұдан әрi - Жобаның орындаушысы) белгiлесiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi жылдық бюджеттiк өтiнiмдерде қарасораның дақылдық сорттарын өсiру мен оны өнеркәсiптiк қолдануды ғылыми зерделеу үшiн мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыруды көздесiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетi Жобаның орындаушысына құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өсiруге, жинауға және дайындауға 5 жыл мерзiмге лицензия беру мәселесiн қарасын.
5. Жамбыл облысының әкiмi заңнамада белгіленген тәртiппен:
- облыстың Шу Мойынқұм және Мерке аудандарында қарасора тұтастай өскен жер телiмдерiне түгендеу жүргізудi қамтамасыз етсiн;
- түгендеудiң нәтижелерi бойынша Жобаның орындаушысына құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өсiру, жинау және дайындау үшiн жердi пайдалану құқығымен жоғарыда көрсетiлген аудандардағы жалпы көлемi 25000 га жер телiмдерiн берудi және оны өнеркәсiптiк қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстердi ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн;
- Жобаның орындаушысына құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өнеркәсіптік қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстердi ұйымдастыру және оның қайта өңделген өнiмдерiн сақтау үшiн қажеттi өндiрiстiк қуаттарды, соның iшiнде тоқтап тұрғандарын бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комитетiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп жобаның шеңберiнде құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi өсiруге, жинауға және дайындауға бақылау ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі