Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 қаңтар N 23. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат).

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау тәртiбiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ережесi;
      2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 6-жолдағы 2-бағанда "Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi" деген сөздер "Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң жұмыс түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн және Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 шiлдедегi N 777  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 28, 319-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрынырақ қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын енгiзсiн.
     5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары екi айлық мерзiмде өздерiнiң бұрынырақ қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Yкiметiнiң                 
2002 жылғы 10 қаңтардағы         
N 23 қаулысымен             
бекiтiлген                

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы қызметтi лицензиялау
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже өнеркәсiптiк жарылыс әрi өрт қауiпi бар және тау-кен өндiрiстерiн, магистралды мұнай-газ құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс істейтiн қазандықтарды, түтiктер мен құбырларды жобалау мен салуды, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, тау-кен-шахта жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, бақылау, апаттан қорғау және дабыл, көтергiш құрылғылар аппаратуралары мен жүйелерiн, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс істейтiн қазандықтарды, түтiктер мен құбырларды монтаждауды, тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыру жөнiндегi құрылыс және монтаж жұмыстарын, жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеу мен қызмет көрсетудi қоса алғанда, жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялауды регламенттейдi.
      Осы Ереже сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi.
      2. Осы Ереже ішкi рынок мүдделерiн қорғау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жұмыс пен қызметтер көрсету импортын лицензиялау тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, соның ішiнде қосалқы мердiгерлiкке тартылатын жауапты орындаушылардың, жеке кәсiпкерлердiң тиiстi қызмет түрлерiне лицензиясы болуы тиiс.
      4. Заңды және жеке тұлғалардың қызметтiң бiр немесе бірнеше түрiне лицензия алуға құқығы бар.
      5. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы бар лицензиаттар осы лицензиялар негiздемесiнде жөндеу-құрылыс жұмыстарының, үйлердi, ғимараттарды қайта жаңғыртудың және құрастырмаларды бекемдеудiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына ие болады.

2. Жұмыс пен қызмет импортын лицензиялау

      6. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-iздестiру, сараптама және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруы үшiн оларға құрылыстың нақты объектiсiне (кешенiне) бiржолғы лицензия берiледi.
      Көрсетiлген лицензияларды алу осы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының субъектiлерi алатын сондай жағдайларда және сондай тәртiппен жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың шетел лицензияларын тануы Қазақстан Республикасы бекiткен, халықаралық шарттармен бекiтiлген тәртiппен жүргiзiледi.

3. Лицензияларды беру тәртiбi мен шарттары

      8. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi және олардың лицензиялық ереженi сақтауы сараптамалық бағалау негiзiнде айқындалады.
      9. Лицензиялық алым мөлшерi мен өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) оны төлеуiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi.
      10. Техникалық аудит пен сараптамалық бағалаудың жүргiзiлгенi үшiн төлем тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi.
      11. Мыналарды:
      1) биiктiгi бiр қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлер мен саяжайлық (бақтық) тұрғын үй құрылыстарын, жеке қоныстық учаскелер аумағындағы, сондай-ақ бақ пен бау-бақшалық серiктестiктерi учаскелерiндегi шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсыларды;
      маусымдық жұмыстар мен шалғай мал шаруашылығына арналған уақытша қора-қопсыларды, тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды;
      қолданыстағы инженерлiк тораптарды өзгерту талап етiлмейтiн үйлер жанындағы және аулалық аумақтардағы, қоныстық үйлер жанындағы және саяжайлық учаскелердегi көркейту объектiлерiн;
      сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары үшiн құрастырмалы-ажыратылмалы (мүкәммалдық) құрастырмалардан тұрғызылатын бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды);
      инженерлiк тораптарға қосу талап етiлмейтiн ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ 5 автомашинадан артық қойылмайтын бокстары бар жеке көлiкке арналған гараждарды;
      шағын сәулеттiк нысандарды, аумақтар қоршауларын, ашық спорт алаңдарын, сондай-ақ iшкi орамдық өтпелердi, қапталжолдарды және үйлердiң (ғимараттардың) айналасындағы тас төсемдерiн орналастыруды;
      алаңы 500 шаршы метрден аспайтын жылыжайларды, көшеттiктердi;
      ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтауға арналған жаппаларды жобалау және салу үшiн;
      2) бұрыннан тұрған үйлерде жүзеге асырылатын және салмақ түсетiн құрастырмалары мен инженерлiк қамтамасыз ету жүйелерiн өзгерту талап етiлмейтiн өндiрiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
      iшкi орамдық желiлiк инженерлiк тораптар мен орналасу ережесiн, тереңдiкке орналасу белгiсiн, құбыр диаметрiн өзгерту талап етiлмейтiн олардағы ғимараттарды жөндеу немесе күрделi жөндеу;
      технологиялық ресурстардың, бұл ретте кәсiпорынды (цехты) қайта жаңғырту немесе қайта ресiмдеу талап етiлмейтiн бiрлiгiн жөндеу және ауыстыру;
      өткiзгiш сымды байланыс, сондай-ақ сыртқы жарық таяныштарын орнату жөнiндегi жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары үшiн;
      3) құрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негiздемесiн (ТЭН) қоса алғанда, жобалау алдындағы құжаттамаларды әзiрлеу үшiн лицензиялар алу талап етiлмейдi.
      12. Осы Ереженiң 11-тармағымен көзделмеген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткiзгiштiк қабiлетi) аз басқа объектiлердi жобалауға және салуға (қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) лицензиялар беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдау үшiн өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (материалдарды) қарауды және сараптауды лицензиар жүргiзедi. Жұмыстардың осы түрiн лицензиялау кезiнде техникалық аудит жүргiзу талап етiлмейдi.
      Көрсетiлген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткiзгiштiк қабiлетi) аз объектiлерге мыналар жатады:
     1) сауда-саттық алаңы 200 шаршы метрден аспайтын дүкендер;
     2) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын тiгiн ательелерi;
     3) отыратын орынының саны 50-ден аспайтын тұрақты қоғамдық тамақтандыру объектiлерi;
     4) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын, тұрмыстық техниканы, радио аппаратурасын жөндеу жөнiндегi шеберханалар;
     5) өндiрiстiк алаңы 200 шаршы метрден аспайтын химиялық тазарту орындары;
     6) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын кiр жууға бұйымдар қабылдау пункттерi мен механикаландырылған кiр жуу орындары;
     7) өндiрiстiк алаңы 200 шаршы метрден аспайтын азық-түлiк тағамдарының жартылай дайын өнiмдерiн дайындау жөнiндегi цехтар;
     8) екi жуу желiсiнен аспайтын автомобиль жуу орындары;
     9) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын шина жөндеу цехтары;
     10) сауда-саттық алаңы 100 шаршы метрден аспайтын дәрiханалар;
     11) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын шаштараздар;
     12) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын сурет ательелерi;
     13) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын тұрмыстық техниканы жалға беру ательелерi;
     14) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын ас үйлерi;
     15) ауысымына 50-ден аспайтын емделушi келетiн амбулаториялар (емханалар);
     16) инженерлiк тораптарға қосу талап етiлетiн, бесеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар жеке көлiк гараждары;
     17) автокөлiкке (бiр мезгiлде екi бiрлiктен аспайтын) техникалық қызмет көрсету пункттерi;
     18) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын сүт немесе ет өнiмдерiн ұқсату жөнiндегi цехтар.
     13. Осы Ереженiң 11 және 12-тармақтарының нормалары құрылыс салу кезiнде арнайы жобалық шешiмдер мен іс-шаралар талап етiлетiн, сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық өзге де айрықша жағдайлардағы аудандарда орналасқан объектiлерге қолданылмайды.
     14. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалау үшiн ұсынылатын қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн лицензиар осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес белгiлейдi.
     15. Лицензиардың лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген мерзiмде қабылданады.
     16. Лицензиардың терiс шешiм қабылдауы кезiнде өтiнiш берушiге жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) (жекелеген түрлерiнiң) сұратылған тiзбесi бойынша лицензия беруден дәлелдi бас тартуы жазбаша нысанда жолданады.
     17. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензиаттардың мынадай тәртiппен олардың белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауын қамтиды:
     1) құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырушы заңды тұлғалардың лицензия алған күнi бойынша - жыл сайын;
     2) жобалау-іздестiру және сараптама жұмыстарын жүзеге асырушы заңды тұлғалардың - үш жылда бiр реттен асырмай;
     3) жеке тұлғалардың - бес жылда бiр реттен асырмай растауын қамтиды.
     Лицензиар растауға арналған қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн, сондай-ақ лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бағалау рәсiмдерiн жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) әр түрi және лицензиаттардың санаттары үшiн белгiлейдi.
     18. Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргiзу кезеңiнде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң өздерi орындап жүрген түрлерiн жалғастыра беруге құқылы.

4. Бiлiктілiк талаптары

      19. Құрылысқа арналған іздестiру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың оларға сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлерiне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      тиiстi жабдықтар жиынтығына қоса тiркелген топырақ зерттеу зертханасымен;
      тiркелген химиялық зертханамен;
      іздестiру жұмыстарының тиiстi түрлерiн орындау үшiн бақылау-өлшеу приборларымен, аспаптарымен, тетiктерiмен және құрылғылармен;
      бұрғылау, геологиялық барлау және қызмет көрсету техникасының қажеттi паркiмен, сондай-ақ оны ұстау және сақтау үшiн өндiрiстiк алаңдармен;
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
      3) инженерлiк іздестiрулердi орындау және оларды жүзеге асырудың сапасын бақылау үшiн белгiленген тәртiппен тексерiлген таңбалары, сондай-ақ сертификаты бар приборлар мен жабдықтардың;
      4) жұмыстарды орындаған кезде, қажеттi ережелер мен нұсқаулықтарды, приборларды, тетiктер мен құрылғыларды қоса алғанда, еңбек қорғау мен қауiпсiздiк техникасы жүйелерiнiң болуын қамтиды.
      20. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлеріне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      жобаның және оның бөлiмдерiнiң сапасын бақылау жүйесiмен;
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық және техникалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
      есеп айырысуларды орындауға, графикалық материалдарды жасау мен ресiмдеуге, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
      3) жобалау жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
      21. Құрылысқа арналған сараптау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлерiне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде жетi жыл жұмыс стажы бар сарапшылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде жетi жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесiмен;
      мемлекеттiк нормативтер, анықтамалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
      есеп айырысуларды тексеруге, сараптау қорытындыларын жасау және ресiмдеуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
      3) сараптау жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның сарапшыларында) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
      22. Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмаларды өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлерiне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың өтiнiш берiлген номенклатурасын шығаруды қамтамасыз етуге арналған қажеттi қуаттармен;
      жабдықтардың, көтеру-көлiк құралдарының, машиналар мен тетiктердiң, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажеттi жиынтығымен;
      шығарылатын өнiм сапасын бақылау жүйесiмен және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген зертханалармен;
      жұмыстардың өтiнiш берiлген түрлерiн жүзеге асыру үшiн бақылау-өлшеу приборларымен;
      еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасы қызметтерiмен;
      жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлармен;
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық, техникалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
      3) өтiнiш берiлген өнiм түрлерiн шығару үшiн қойылатын нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтармен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын қамтиды.
      23. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлерiне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      қойылатын нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес келетiн жабдықтардың, көтеру-көлiк құралдарының, машиналар мен тетiктердiң, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажеттi жиынтығымен;
      жұмыстардың орындалатын түрлерiнiң сапасын бақылау жүйесiмен және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген және нормативтiк-техникалық кесiмдерге сәйкес зертханалармен;
      жұмыстардың өтiнiш берiлген түрлерiн жүзеге асыру үшiн бақылау-өлшеу приборларымен;
      еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы қызметтерiмен;
      жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлармен;
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, анықтамалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
      3) жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) құрылыс-монтаж жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
      24. Лицензиар осы Ереженiң 19-23-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiстi заңды тұлғалардың қызметкерлерiн - жауапты орындаушылардың құрамын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiне және заңнамасына сәйкес айқындайды.

5. Лицензияның күшiн тоқтата тұру және оны қайтарып алу

      25. Лицензияның күшiн тоқтата тұру үшiн мыналар:
      1) мiндеттi стандарттардың, нормативтiк-техникалық талаптар мен шарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, осы Ереже мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      2) сәулет-құрылыс қызметi саласындағы құқық бұзушылық үшiн лицензиатқа бiрнеше рет (күнтiзбелiк жыл ішiнде) әкiмшiлiк жазалау шараларының қолданылуы;
      3) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған кезде жобалау құжаттамаларынан ауытқушылық;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сапасыз орындалған жұмыстардың бiрнеше рет тоқтатыла тұруы;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiнiң және заңнамаларының өзге де бұзушылықтары негiз болып табылады.
      26. Лицензияның күшi алты айдан аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұрады және лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы кесiмде көрсетiлген, оның түрлерi бойынша заңды немесе жеке тұлғаның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
     Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi лицензияларының күшiн тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
     27. Лицензиар лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде сотқа талап қою туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларда қабылдайды.
     28. Күшi жойылған лицензия оны берген лицензиялау органына тапсырылуы тиiс.
     29. Лицензияларды беру, күшiн тоқтата тұру немесе қайтарып алу мәселелерi жөнiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

      Қазақстан Республикасы         
Yкiметiнiң                 
2002 жылғы 10 қаңтардағы         
N 23 қаулысымен             
бекiтiлген                

          Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi
        саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң)
              лицензияланатын түрлерінің тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.21. N 1067 қаулысымен .
      Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.03.10. N 329 қаулысымен .

1. Құрылысқа арналған iздестіру жұмыстары

      1. Инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
      1) геодезиялық орталықтарын салу және қалау;
      2) инженерлiк-гидрологиялық жұмыстар;
      3) жоспарлы-биiктiк түсiрулер желiлерiн жасау;
      4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
      5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желiлiк құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
      6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар.
      2. Инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
      1) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiрiп алу;
      2) топырақты далалық зерттеулер;
      3) гидрогеологиялық зерттеулер;
      4) топырақты, жер асты суларын, негiздер мен iргетастарды зертханалық зерттеулер.

2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары
(сейсмикалық төзiмдiлiгi 6 баллға дейiн
және/немесе 6 баллдан жоғары аудандарда)

      3. Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеу:
      1) жоспарлау құжаттамасы (аудандардың, шағын аудандардың, кварталдар мен жекелеген учаскелердiң бас жоспарларын, егжей-тегжейлi жоспарлау, салу жобаларын);
      2) көлiк схемалары, сыртқы көлiк, көше-жол тораптары;
      3) жылумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
      4) сумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
      5) кәрiз желiлерiнiң схемалары;
      6) газбен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
      7) энергиямен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
      8) телекоммуникациялар мен байланыс желiлерiнiң схемалары;
      9) <*>
      4. Күрделiлiгі I немесе ІІ және III деңгейдегi үйлер мен ғимараттарды сәулеттiк жобалау:
      1) объектiлердiң бас жоспарларын, жер бедерiн көркейту және ыңғайластыру жобаларын;
      2) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi;
      3) тұрғын үйлердi;
      4) қоғамдық үйлер мен ғимараттарды;
      5) үйлер мен ғимараттарды (тарих және мәдениет ескерткiштерiнен басқа) қайта жаңартуды және қалпына келтiрудi.
      5. Құрылыстық:
      1) негiздер мен iргетастарды;
      2) бетонды және темiр-бетонды құрастырмаларды;
      3) тасты және шегенделген тасты құрастырмаларды;
      4) болат және алюминий құрастырмаларды;
      5) ағаш құрастырмаларды;
      6) үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеудi, қайта жаңғыртуды, құрастырмаларды нығайтуды жобалау мен құрастыру.
      6. Инженерлiк:
      1) жылыту, желдету, кондиционермен желдету;
      2) сумен жабдықтау және кәрiз;
      3) жылумен жабдықтау;
      4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары;
      5) төмен қысымды газбен жабдықтау;
      6) орташа қысымды газбен жабдықтау;
      7) жоғары қысымды газбен жабдықтау
      8) салқын ауамен жабдықтау;
      9) 0,4 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
      10) 10 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
      11) 35 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
      12) 110 кВ-ға дейінгі электр энергиясымен жабдықтау;
      13) 220 кB-ғa дейiнгi және одан жоғары электр энергиясымен жабдықтау;
      14) электр жарығымен жабдықтау, электрмен жылыту;
      15) технологиялық процесстердi автоматтандыру;
      16) тогы әлсiз құрылғылар жүйелерi мен тораптарын жобалау.
      7. Жобалардың арнайы:
      1) <*>
      2) еңбектi қорғау;
      3) тот басудан қорғау;
      4) жаңа құрылысты жобалау, үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу әрi қайта жаңғырту кезеңiндегi өрт-күзет дабылы, өрт сөндiру мен өрттен қорғаныш автоматикасы, жүйелерi;
      5) сметалық құжаттамалары;
      6) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыстар жүргiзу жобалары (ЖЖЖ)бөлiмдерiн әзiрлеу.
      8. Технологиялық жобалау:
      Қоғамдық үйлер мен ғимараттар (3 қабатқа дейiнгi, 5 қабатқа дейiнгi, 9 қабатқа дейінгі, 9 қабаттан жоғары):
      1) мектепке дейiнгi бiлiм беруге, бiлiм беруге, кадрлар даярлауға арналған ғимараттар, ғылыми-зерттеу мекемелерiне, жобалау және қоғамдық ұйымдар мен басқару органдарына арналған ғимараттар, мәдени-ағарту және көрермендiк мекемелер ғимараттары, әртүрлі мақсаттағы үй-жайларды қоса алғанда, көп функциялы ғимараттар мен кешендер;
      2) денсаулық сақтауға арналған үйлер мен ғимараттар;
      3) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт пен демалысқа арналған үйлер мен ғимараттар;
      4) сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған ғимараттар;
      5) халыққа тiкелей қызмет көрсету мақсатындағы көлiкке арналған үйлер мен ғимараттар;
      6) коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қоймалық және көлiкке арналған үйлер мен ғимараттардан басқа).
      Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер:
      1) электр энергетикасы кәсiпорындары;
      2) отын өндiру өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      3) газ және мұнай өндiру өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      4) газ және мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      5) тау-кен өндiру өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      6) химия және мұнай химиясы кәсiпорындары;
      7) химия және мұнай-химия машиналарын жасау кәсiпорындары;
      8) қара металлургия кәсiпорны, түсті металлургия кәсiпорындары;
      9) станок жасау, станок құралдары өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары, автомобиль өнеркәсiбi кәсiпорындары, трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсiпорындары, құрылыс, жол және коммуналдық машиналарын жасау кәсiпорындары;
      10) ауыр машина жасау кәсiпорындары, энергетика машиналарын жасау кәсiпорындары, көлiк машиналарын жасау кәсiпорындары, кеме жасау өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
      11) темiр жол көлiгi, авиация, су көлiгi кәсiпорындары;
      12) байланыс құралдары өнеркәсiбi, есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасы құралдарын өндiру кәсiпорындары;
      13) электр техникасы өнеркәсiбi кәсiпорындары, прибор жасау өнеркәсiбi кәсiпорындары, радиотехника өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      14) тамақ, ұн-жарма тарту өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      15) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      16) бөгеттер, бөгесiндер, басқа да гидротехникалық ғимараттар;
      17) ағаш өңдеу кәсiпорындары;
      18) шыны кәсiпорындары;
      19) полиграфия кәсiпорындары;
      20) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары;
      21) құрылыс индустриясы кәсiпорындары;
      22) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi ғимараттар мен құрастырмалар;
      23) көтергiш құрылғылары.
      Байланыс объектiлерi мен ғимараттары:
      1) байланыс, радио және теледидар желiлерi;
      2) жалпы республикалық магистральдық байланыс және телекоммуникациялар желiлерi;
      3) халықаралық байланыс және телекоммуникациялар желiлерi.
      Ауыл шаруашылығы объектiлерi.
      Көлiк құрылысының объектiлерi мен ғимараттары:
      1) темiр жол көлiгiнiң қатынас жолдары;
      2) республикалық маңызы бар автомобиль жолдары;
      3) автомобиль жолдары;
      4) қалалық электр көлiгi;
      5) су (теңiз немесе өзен) көлiгi;
      6) әуе көлiгi;
      7) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.

3. Сараптама жұмыстары

      9. Жобалары мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жатпайтын жұмыстар мен қызметтер көрсету рыногы субъектiлерi орындайтын сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бөлiмдерiне сараптама.
      10. Қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың жұмыс iстеуiнiң берiктiгi мен орнықтылығын бағалау:
      1) үйлер мен ғимараттардың техникалық жай-күйiн тексеру;
      2) инженерлiк жүйелер мен коммуникацияларды тексеру.

4. Құрылыс материалдарын, бұйымдары
мен құрастырмаларын өндiру

      11. Құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндiру (терезе мен есiк блоктарын қоспағанда):
      1) үйлер мен ғимараттардың тiреу әрi қоршау құрастырмаларында қолданылатын бетон және темiр-бетонды;
      2) желдеткіш, санитарлық-техникалық, электр монтаждық жабдықтарды;
      3) металдардан, өндiрiс қалдықтары негiзiнде полимерлік және композиттік материалдардан;
      4) кесiлген жұмыр ағаштан.
      12. Құрылыс құрастырмаларын өндiру (терезе мен есiк блоктарын қоспағанда):
      1) мұнара-діңгек үлгiсiндегi, түтiн шығару мұржалары;
      2) көпiрлер мен көпiр өткелдерi;
      3) көлемi 5000 м3 дейiнгi резервуарлар мен сыйымдылықтар;
      4) қысыммен жұмыс iстейтiн немесе жарылу-өрт қаупi бар және қоршаған ортаға зиянды материалдар сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтар;
      5) тiреу әрi қоршау;
      6) технологиялық металл құрастырмалар мен олардың детальдары.
      13. Асфальт-бетон қоспаларын өндiру.
      14. Мамандандырылған зертханаларда өнiм сапасын бақылау.

5. Құрылыс-монтаж жұмыстары
(сейсмикалық төзiмдiлiгi 6 баллға дейiн
және/немесе 6 баллдан жоғары аудандарда)

      15. Жер жұмыстары.
      16. Топырақтағы арнайы жұмыстар:
      1) бұрғылау;
      2) жарылыс жасау;
      3) су асты техникалық және теңiз қайраңындағы жұмыстар;
      4) мелиоративтiк және су шаруашылығы құрылысындағы жұмыстар;
      5) гидромеханикаландырылған жұмыстар;
      6) сүзiлуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекiту, жер асты суының деңгейiн төмендету;
      7) тау-кен ұңғылау мен тоннель қазу.
      17. Үйлер мен ғимараттардың күрделiлiгi I немесе II және III деңгейдегi тiреу әрi қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
      1) металл құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
      2) 5000 м3-қа дейiнгi болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
      3) қысыммен жұмыс iстейтiн немесе жарылу-өрт қаупі бар және қоршаған ортаға зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
      4) мұнара және діңгек үлгісіндегі құрылыс құрастырмаларын, түтiн мұржаларын монтаждау;
      5) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiреу құрастырмаларын монтаждау;
      6) көтергiш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
      7) металлургия, мұнай-химиясы, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсiп салалары агрегаттарының, аппараттары мен өзге де технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
      8) құйма бетон және темір-бетон құрастырмаларын орналастыру;
      9) негіздемелер мен iргетастарды орналастыру;
      10) қада қағу жұмыстары;
      11) құрама бетон және темір-бетон құрастырмаларды монтаждау;
      12) тас, кiрпiш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру;
      13) қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
      14) ағаш тiреу құрастырмаларын монтаждау;
      15) шатыр жабу жұмыстары.
      18. Арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары:
      1) мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық тораптары;
      2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк тораптары;
      3) газ құбырларының магистральдық тораптары;
      4) скважиналарды жайластыру;
      5) кернеуi 35 кВ дейiнгi электр тарту магистральдық желiлерi;
      6) кернеуi 110 кB дейiнгi электр тарту магистральдық желілepi;
      7) кернеуi 220 кВ және одан жоғары электр тарту магистральдық желілерi;
      8) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектiлерiн газдандыру;
      9) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары, бөгеттер, бөгесiндер;
      10) түтiн шығару мұржалары, күш тiректері, градирнялар, шахта үстiндегi тоқпақтар;
      11) отқа төзiмдi материалдарды қалау;
      12) жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждау;
      13) технологиялық шыны құбырларды монтаждау;
      14) түстi металдардан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
      15) полимерлі материалдардан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
      16) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық магистральдық желілерi;
      17) байланыс пен телекоммуникациялардың халықаралық желiлерi;
      18) мұнай, мұнай өнiмдерi мен сұйытылған газдардың қоймалары.
      19. Сыртқы инженерлiк тораптар мен ғимараттарды орналастыру жөнiндегi жұмыстар:
      1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырлар;
      2) жылу тораптары;
      3) төменгi қысымды газбен жабдықтау тораптары;
      4) орта қысымды газбен жабдықтау тораптары;
      5) жоғары қысымды газбен жабдықтау тораптары;
      6) сумен жабдықтау және кәрiз тораптары;
      7) электр жарығын орнату;
      8) электрмен жабдықтау тораптары;
      9) темiр жол қатынасы жолдарының электрмен жабдықтау желiлерi;
      10) әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электр жарығын тарту желілері;
      11) байланыс, радио, теледидар желiлерi.
      20. Iшкi инженерлiк желілердi орналастыру жөнiндегi жұмыстар:
      1) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
      2) электрмен жабдықтау;
      3) жылумен жабдықтау;
      4) газбен жабдықтау;
      5) сумен жабдықтау, кәрiз;
      6) электр жарығы;
      7) байланыс, радио, теледидар;
      8) электрмен жылыту.
      21. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстар:
      1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
      2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етiп қымтау;
      3) қаптау мен шегендеу жұмыстары;
      4) құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, тым уытты су әсерi кезiнде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, тоттанудан сақтау;
      5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электрохимиялық сақтау.
      22. Сылау мен сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделiлiгi I немесе II және III деңгейдегi үйлер мен ғимараттардың құрылысын салу, қайта жаңғырту, күрделi жөндеу кезiндегi әрлеу жұмыстары:
      1) сыртқы;
      2) iшкi.
      23. Жол салу жөнiндегi жұмыстар:
      1) темiр жол тармақтарына арналған негiздер;
      2) темiр жол тармағының үстiңгi қабатын төсеу;
      3) республикалық маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны;
      4) жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны, iшкi шаруашылық автожолдардың негiздерi мен жабыны;
      5) қалалық жол тораптарының негiздерi мен жабыны;
      6) жолдарды жайластыру, жолдардағы шағын жасанды ғимараттар;
      7) әуежайлардың ұшу-қону алаңдарының негiздерi мен жабыны;
      8) тiкұшақтар алаңдарының негiздерi мен жабыны.
      24. Технологиялық жабдықтарды монтаждау:
      1) көтеру-көлiктiк, лифтiлер;
      2) металл өңдеу;
      3) ағаш өңдеу;
      4) ұсақтау-уату, кен байыту және агломерациялық;
      5) металлургия;
      6) бұрғылау;
      7) мұнай кәсiпшiлiгi;
      8) газ кәсiпшiлiгi;
      9) геологиялық барлау;
      10) тау-кен-шахта, метрополитендер мен тоннельдер;
      11) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
      12) бақылау аварияға қарсы қорғау мен дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
      13) жылу-қуат жабдықтары;
      14) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткiштер;
      15) темiр жол көлiгiндегi байланыс, дабыл, орталықтандыру және ажырату құрылғылары мен жабдықтары;
      16) электр пештерi;
      17) газды тазарту;
      18) технологиялық металл құрастырмалары;
      19) технологиялық құбырлар;
      20) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар;
      21) қазандық қондырғылар мен көмекшi жабдықтар;
      22) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу приборлары;
      23) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      24) көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      25) су-электр стансалары мен гидротехникалық құрылыстар;
      26) жылу электр стансалары;
      27) байланыс кәсіпорындары;
      28) құрылыс материалдары өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      29) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары;
      30) тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      31) театр-ойын-сауық үйлерi мен ғимараттары;
      32) астықты өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар мен астық қоймалары.
      25. Технологиялық жабдықтарды iске қосу-реттеу жұмыстары:
      1) көтеру-көлiктiк, лифтiлер;
      2) металл өңдеу;
      3) ағаш өңдеу;
      4) уату-ұнтақтау, байыту және агломерация;
      5) металлургия;
      6) бұрғылау;
      7) мұнай кәсiпшiлiгi;
      8) газ кәсiпшiлiгi;
      9) геологиялық барлау;
      10) кен-шахта, метрополитендер мен тоннельдер;
      11) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
      12) бақылау, аварияға қарсы қорғау және дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
      13) жылу-қуат;
      14) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткiштер;
      15) темiр жол көлiгiндегi байланыс, дабыл, орталықтандыру және ажырату құрылғылары мен жабдықтары;
      16) электр пештерi;
      17) газды тазарту;
      18) технологиялық металл құрастырмалары;
      19) технологиялық құбырлар;
      20) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар;
      21) қазандық қондырғылары мен көмекшi жабдықтар;
      22) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу приборлары;
      23) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      24) көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      25) гидроэлектр стансалары мен гидротехникалық ғимараттар;
      26) жылу электр стансалары;
      27) байланыс кәсiпорындары;
      28) құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
      29) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары;
      30) тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары;
      31) театр-ойын-сауық үйлерi мен ғимараттары;
      32) астық өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар мен астық қоймалары.
      26. Сылау мен сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделiлiгi I немесе II және III деңгейдегi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу мен қайта жаңғырту кезiндегi жөндеу-құрылыс жұмыстары;
      1) үйлер мен ғимараттардың тiреу және қоршау құрастырмалары (eceптеу схемасын өзгертпей);
      2) шатыр жабындылары және құрастырмалары;
      3) сыртқы және iшкi инженерлiк тораптар (газбен жабдықтаудан басқа);
      4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары, бу құбырлары, ауа құбырлары және басқа да тұрақты тасымалдағыш құрылғылар;
      5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, тоттануға қарсы, химиялық және тағы басқа); қорғаныш жабындылары;
      6) республикалық маңызы бар автожолдары;
      7) жергiлiктi маңызы бар автожолдары, шаруашылық ішкі автожолдары;
      8) қала жолдары тораптары;
      9) темiр жолдары;
      10) тоннельдер;
      11) гидротехникалық және гидромелиоративтiк құрылыстары;
      12) лифтiлердi, көтеру көлiк құрылғылары мен ғимараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
      13) сыртқы және iшкi әрлеу;
      14) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.
      27. Үйлердi, ғимараттарды қайта жаңғырту және құрастырмаларды нығайту.
      28. Қолданыстағы үйлердi, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылыс құрастырмаларын бөлшектеу.
      29. Жұмыстар мен қызметтер көрсету субъектiлерi жүзеге асыратын құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау.
      құрылыс процесiн технологиялық сүйемелдеу.
      30. Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезiндегi инжинирингтiк қызметтер көрсету:
      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы консультациялық, ақпараттық-анықтамалық, делдалдық қызметтер көрсету;
      2) жұмыстар (қызметтер көрсету) сатып алу жөнiндегi конкурстарға, саудаларға қатысуға арналған құжаттаманы дайындау;
      3) жұмысшы кадрлары мен мамандарды аттестаттау;
      4) құрылымдық бөлiмшелердiң және мердiгерлiк ұйымдардың күштерiмен құрылыс өндiрiсiн ұйымдастыру;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет білдiрушi заңды және жеке тұлғалардың өндiрiстiк-техникалық базасын тексеру;
      6) лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) беретiн материалдардың (құжаттардың) техникалық аудитi мен сараптамасы;

      Ескерту: Лицензиаттың (лицензия алуға талапкердің) бiлiктiлiк талаптарының расталуына қарай лицензиар сейсмикалық аудандастыру және ғимараттардың, құрылыстар мен құрастырмалардың күрделiлiгi жөнiнде шектеу белгiлеуi мүмкiн.