Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 қаңтар N 23 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат)

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Z952200_ 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Z010242_ Заңдарына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау тәртiбiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ережесi;
      2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 6-жолдағы 2-бағанда "Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi" деген сөздер "Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы қызметiнiң жұмыс түрлерiнiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн және Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы сәулет-қала құрылысы қызметiн мемлекеттiк лицензиялау департаментi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 шiлдедегi N 777 P940777_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 28, 319-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi екi

айлық мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрынырақ қабылданған 
шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарын енгiзсiн.
     5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары екi 
айлық мерзiмде өздерiнiң бұрынырақ қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға 
сәйкес келтiрсiн.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 
жариялануға тиiс.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Yкiметiнiң
                                                2002 жылғы 10 қаңтардағы
                                                     N 23 қаулысымен
                                                       бекiтiлген
                    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
                     саласындағы қызметтi лицензиялау
                                  ЕРЕЖЕСI
 
                           1. Жалпы ережелер


      1. Осы Ереже өнеркәсiптiк жарылыс әрi өрт қауiпi бар және тау-кен өндiрiстерiн, магистралды мұнай-газ құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс істейтiн қазандықтарды, түтiктер мен құбырларды жобалау мен салуды, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, тау-кен-шахта жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, бақылау, апаттан қорғау және дабыл, көтергiш құрылғылар аппаратуралары мен жүйелерiн, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс істейтiн қазандықтарды, түтiктер мен құбырларды монтаждауды, тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыру жөнiндегi құрылыс және монтаж жұмыстарын, жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеу мен қызмет көрсетудi қоса алғанда, жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялауды регламенттейдi.
      Осы Ереже сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi.
      2. Осы Ереже ішкi рынок мүдделерiн қорғау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жұмыс пен қызметтер көрсету импортын лицензиялау тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, соның ішiнде қосалқы мердiгерлiкке тартылатын жауапты орындаушылардың, жеке кәсiпкерлердiң тиiстi қызмет түрлерiне лицензиясы болуы тиiс.
      4. Заңды және жеке тұлғалардың қызметтiң бiр немесе бірнеше түрiне лицензия алуға құқығы бар.
      5. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы бар лицензиаттар осы лицензиялар негiздемесiнде жөндеу-құрылыс жұмыстарының, үйлердi, ғимараттарды қайта жаңғыртудың және құрастырмаларды бекемдеудiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына ие болады.

                 2. Жұмыс пен қызмет импортын лицензиялау

      6. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-iздестiру, сараптама және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруы үшiн оларға құрылыстың нақты объектiсiне (кешенiне) бiржолғы лицензия берiледi.
      Көрсетiлген лицензияларды алу осы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының субъектiлерi алатын сондай жағдайларда және сондай тәртiппен жүзеге асырылады.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың шетел лицензияларын тануы Қазақстан Республикасы бекiткен, халықаралық шарттармен бекiтiлген тәртiппен жүргiзiледi.

                 3. Лицензияларды беру тәртiбi мен шарттары

      8. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) немесе лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi және олардың лицензиялық ереженi сақтауы сараптамалық бағалау негiзiнде айқындалады.
      9. Лицензиялық алым мөлшерi мен өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) оны төлеуiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi.
      10. Техникалық аудит пен сараптамалық бағалаудың жүргiзiлгенi үшiн төлем тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi.
      11. Мыналарды:
      1) биiктiгi бiр қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлер мен саяжайлық (бақтық) тұрғын үй құрылыстарын, жеке қоныстық учаскелер аумағындағы, сондай-ақ бақ пен бау-бақшалық серiктестiктерi учаскелерiндегi шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсыларды;
      маусымдық жұмыстар мен шалғай мал шаруашылығына арналған уақытша қора-қопсыларды, тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды;
      қолданыстағы инженерлiк тораптарды өзгерту талап етiлмейтiн үйлер жанындағы және аулалық аумақтардағы, қоныстық үйлер жанындағы және саяжайлық учаскелердегi көркейту объектiлерiн;
      сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары үшiн құрастырмалы-ажыратылмалы (мүкәммалдық) құрастырмалардан тұрғызылатын бiр қабатты үйлердi (ғимараттарды);
      инженерлiк тораптарға қосу талап етiлмейтiн ашық үлгiдегi автотұрақтарды, сондай-ақ 5 автомашинадан артық қойылмайтын бокстары бар жеке көлiкке арналған гараждарды;
      шағын сәулеттiк нысандарды, аумақтар қоршауларын, ашық спорт алаңдарын, сондай-ақ iшкi орамдық өтпелердi, қапталжолдарды және үйлердiң (ғимараттардың) айналасындағы тас төсемдерiн орналастыруды;
      алаңы 500 шаршы метрден аспайтын жылыжайларды, көшеттiктердi;
      ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтауға арналған жаппаларды жобалау және салу үшiн;
      2) бұрыннан тұрған үйлерде жүзеге асырылатын және салмақ түсетiн құрастырмалары мен инженерлiк қамтамасыз ету жүйелерiн өзгерту талап етiлмейтiн өндiрiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
      iшкi орамдық желiлiк инженерлiк тораптар мен орналасу ережесiн, тереңдiкке орналасу белгiсiн, құбыр диаметрiн өзгерту талап етiлмейтiн олардағы ғимараттарды жөндеу немесе күрделi жөндеу;
      технологиялық ресурстардың, бұл ретте кәсiпорынды (цехты) қайта жаңғырту немесе қайта ресiмдеу талап етiлмейтiн бiрлiгiн жөндеу және ауыстыру;
      өткiзгiш сымды байланыс, сондай-ақ сыртқы жарық таяныштарын орнату жөнiндегi жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары үшiн;
      3) құрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негiздемесiн (ТЭН) қоса алғанда, жобалау алдындағы құжаттамаларды әзiрлеу үшiн лицензиялар алу талап етiлмейдi.
      12. Осы Ереженiң 11-тармағымен көзделмеген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткiзгiштiк қабiлетi) аз басқа объектiлердi жобалауға және салуға (қайта жаңғыртуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) лицензиялар беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдау үшiн өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды (материалдарды) қарауды және сараптауды лицензиар жүргiзедi. Жұмыстардың осы түрiн лицензиялау кезiнде техникалық аудит жүргiзу талап етiлмейдi.
      Көрсетiлген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткiзгiштiк қабiлетi) аз

объектiлерге мыналар жатады:
     1) сауда-саттық алаңы 200 шаршы метрден аспайтын дүкендер;
     2) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын тiгiн ательелерi;
     3) отыратын орынының саны 50-ден аспайтын тұрақты қоғамдық 
тамақтандыру объектiлерi;
     4) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын, тұрмыстық техниканы, 
радио аппаратурасын жөндеу жөнiндегi шеберханалар;
     5) өндiрiстiк алаңы 200 шаршы метрден аспайтын химиялық тазарту 
орындары;
     6) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын кiр жууға бұйымдар 
қабылдау пункттерi мен механикаландырылған кiр жуу орындары;
     7) өндiрiстiк алаңы 200 шаршы метрден аспайтын азық-түлiк 
тағамдарының жартылай дайын өнiмдерiн дайындау жөнiндегi цехтар;
     8) екi жуу желiсiнен аспайтын автомобиль жуу орындары;
     9) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын шина жөндеу цехтары;
     10) сауда-саттық алаңы 100 шаршы метрден аспайтын дәрiханалар;
     11) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын шаштараздар;
     12) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын сурет ательелерi;
     13) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын тұрмыстық техниканы 
жалға беру ательелерi;
     14) өндiрiстiк алаңы 100 шаршы метрден аспайтын ас үйлерi;
     15) ауысымына 50-ден аспайтын емделушi келетiн амбулаториялар 
(емханалар);
     16) инженерлiк тораптарға қосу талап етiлетiн, бесеуден аспайтын 
автомашинаға арналған бокстерi бар жеке көлiк гараждары;
     17) автокөлiкке (бiр мезгiлде екi бiрлiктен аспайтын) техникалық 
қызмет көрсету пункттерi;
     18) өндiрiстiк алаңы 150 шаршы метрден аспайтын сүт немесе ет 
өнiмдерiн ұқсату жөнiндегi цехтар.


      13. Осы Ереженiң 11 және 12-тармақтарының нормалары құрылыс салу кезiнде арнайы жобалық шешiмдер мен іс-шаралар талап етiлетiн, сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық өзге де айрықша жағдайлардағы аудандарда орналасқан объектiлерге қолданылмайды.
      14. Өтiнiш берушiнiң (лицензия алуға талапкердiң) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалау үшiн ұсынылатын қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн лицензиар осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес белгiлейдi.
      15. Лицензиардың лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген мерзiмде қабылданады.
      16. Лицензиардың терiс шешiм қабылдауы кезiнде өтiнiш берушiге жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) (жекелеген түрлерiнiң) сұратылған тiзбесi бойынша лицензия беруден дәлелдi бас тартуы жазбаша нысанда жолданады.
      17. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензиаттардың мынадай тәртiппен олардың белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауын қамтиды:
      1) құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырушы заңды тұлғалардың лицензия алған күнi бойынша - жыл сайын;
      2) жобалау-іздестiру және сараптама жұмыстарын жүзеге асырушы заңды тұлғалардың - үш жылда бiр реттен асырмай;
      3) жеке тұлғалардың - бес жылда бiр реттен асырмай растауын қамтиды.
      Лицензиар растауға арналған қажеттi құжаттар мен материалдар тiзбесiн, сондай-ақ лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн бағалау рәсiмдерiн жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) әр түрi және лицензиаттардың санаттары үшiн белгiлейдi.
      18. Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргiзу кезеңiнде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң өздерi орындап жүрген түрлерiн жалғастыра беруге құқылы.

                            4. Бiлiктілiк талаптары

      19. Құрылысқа арналған іздестiру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың оларға сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлерiне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      тиiстi жабдықтар жиынтығына қоса тiркелген топырақ зерттеу зертханасымен;
      тiркелген химиялық зертханамен;
      іздестiру жұмыстарының тиiстi түрлерiн орындау үшiн бақылау-өлшеу приборларымен, аспаптарымен, тетiктерiмен және құрылғылармен;
      бұрғылау, геологиялық барлау және қызмет көрсету техникасының қажеттi паркiмен, сондай-ақ оны ұстау және сақтау үшiн өндiрiстiк алаңдармен;
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
      3) инженерлiк іздестiрулердi орындау және оларды жүзеге асырудың сапасын бақылау үшiн белгiленген тәртiппен тексерiлген таңбалары, сондай-ақ сертификаты бар приборлар мен жабдықтардың;
      4) жұмыстарды орындаған кезде, қажеттi ережелер мен нұсқаулықтарды, приборларды, тетiктер мен құрылғыларды қоса алғанда, еңбек қорғау мен қауiпсiздiк техникасы жүйелерiнiң болуын қамтиды.
      20. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлеріне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      жобаның және оның бөлiмдерiнiң сапасын бақылау жүйесiмен;
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық және техникалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
      есеп айырысуларды орындауға, графикалық материалдарды жасау мен ресiмдеуге, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
      3) жобалау жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
      21. Құрылысқа арналған сараптау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлерiне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде жетi жыл жұмыс стажы бар сарапшылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде жетi жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесiмен;
      мемлекеттiк нормативтер, анықтамалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
      есеп айырысуларды тексеруге, сараптау қорытындыларын жасау және ресiмдеуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
      3) сараптау жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның сарапшыларында) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
      22. Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмаларды өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлерiне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың өтiнiш берiлген номенклатурасын шығаруды қамтамасыз етуге арналған қажеттi қуаттармен;
      жабдықтардың, көтеру-көлiк құралдарының, машиналар мен тетiктердiң, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажеттi жиынтығымен;
      шығарылатын өнiм сапасын бақылау жүйесiмен және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген зертханалармен;
      жұмыстардың өтiнiш берiлген түрлерiн жүзеге асыру үшiн бақылау-өлшеу приборларымен;
      еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасы қызметтерiмен;
      жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлармен;
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, нормативтiк-анықтамалық, техникалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
      3) өтiнiш берiлген өнiм түрлерiн шығару үшiн қойылатын нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтармен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын қамтиды.
      23. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына, өтiнiш берушi (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиiстiлiгi мыналарды:
      1) жұмыс түрлерiне қарай:
      заңды тұлғалар штатында - тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың болуын;
      жеке тұлғалар үшiн - тиiстi жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы кезiнде тиiстi орта арнаулы бiлiмiнiң болуын;
      2) жұмыс түрлерiне қарай:
      қойылатын нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес келетiн жабдықтардың, көтеру-көлiк құралдарының, машиналар мен тетiктердiң, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажеттi жиынтығымен;
      жұмыстардың орындалатын түрлерiнiң сапасын бақылау жүйесiмен және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген және нормативтiк-техникалық кесiмдерге сәйкес зертханалармен;
      жұмыстардың өтiнiш берiлген түрлерiн жүзеге асыру үшiн бақылау-өлшеу приборларымен;
      еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы қызметтерiмен;
      жұмыстардың осы түрi үшiн белгiленген нормативтiк талаптарға сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлармен;
      жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша мемлекеттiк нормативтер, анықтамалық және әдiснамалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның болуын;
      3) жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) құрылыс-монтаж жұмыстарының арнаулы түрлерiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi рұқсаттарының болуын қамтиды.
      24. Лицензиар осы Ереженiң 19-23-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiстi заңды тұлғалардың қызметкерлерiн - жауапты орындаушылардың құрамын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiне және заңнамасына сәйкес айқындайды.

          5. Лицензияның күшiн тоқтата тұру және оны қайтарып алу

      25. Лицензияның күшiн тоқтата тұру үшiн мыналар:
      1) мiндеттi стандарттардың, нормативтiк-техникалық талаптар мен шарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, осы Ереже мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      2) сәулет-құрылыс қызметi саласындағы құқық бұзушылық үшiн лицензиатқа бiрнеше рет (күнтiзбелiк жыл ішiнде) әкiмшiлiк жазалау шараларының қолданылуы;
      3) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған кезде жобалау құжаттамаларынан ауытқушылық;
      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сапасыз орындалған жұмыстардың бiрнеше рет тоқтатыла тұруы;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiнiң және заңнамаларының өзге де бұзушылықтары негiз болып табылады.
      26. Лицензияның күшi алты айдан аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұрады

және лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы кесiмде көрсетiлген, оның 
түрлерi бойынша заңды немесе жеке тұлғаның сәулет, қала құрылысы және 
құрылыс қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
     Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi лицензияларының күшiн тоқтата тұру 
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен 
жүргiзiледi.
     27. Лицензиар лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде сотқа талап қою 
туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген 
жағдайларда қабылдайды.
     28. Күшi жойылған лицензия оны берген лицензиялау органына тапсырылуы 
тиiс.
     29. Лицензияларды беру, күшiн тоқтата тұру немесе қайтарып алу 
мәселелерi жөнiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгiленген тәртiппен қаралады.
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Yкiметiнің
                                                2002 жылғы 10 қаңтардағы
                                                    N 23 қаулысымен
                                                       бекiтiлген
 
                  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi
                саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудің)
                          лицензияланатын түрлерiнің
                                    ТIЗБЕСI
                    Құрылысқа арналған iздестiру жұмыстары
     1. Инженерлiк-геодезиялық iздестiрулер:
     1) тiрек геодезиялық тораптарды салу (дамыту);
     2) геодезиялық белгiлердi салу;
     3) геодезиялық орталықтарды қалау;
     4) жоспарлы-биiктiк түсiрулер тораптарын жасау;
     5) 1: 10000 - 1:200 масштабтағы топографиялық түсiрiп алу;
     6) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiрiп алу;
     7) желiлi ғимараттарға жол тарту;
     8) инженерлiк-гидрологиялық жұмыстар;
     9) инженерлiк-геологиялық өндiрiмдердi, геофизикалық және басқа да 
iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстыруға байланысты 
геодезиялық жұмыстар;
     10) қауiптi табиғи және техногендiк процестер өрбитiн аудандардағы 
үйлердің, ғимараттардың және жер бедерiнiң өзгеруiн геодезиялық тұрақты 
бақылаулар;
     11) мемлекеттiк кадастрлардың ақпараттық жүйелерiн 
инженерлiк-геодезиялық қамтамасыз ету.
     2. Инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
     1) инженерлiк-геологиялық алдын ала байқау және түсiрiп алу;
     2) инженерлiк-гидрогеологиялық алдын ала байқау және түсiрiп алу;
     3) бұрғылау жұмыстары;
     4) кен орындарын ұңғылау;
     5) геофизикалық зерттеулер;
     6) топырақты далалық зерттеулер;
     7) гидрогеологиялық зерттеулер;
     8) тұрақты бақылаулар;
     9) топырақты және жер асты суларын зертханалық зерттеулер;
     10) сейсмикалық ықшам аудандастыру;
     11) қолданыстағы үйлер мен ғимараттар iргетастары табанының топырағын 
зерттеулер.
     3. Мелиоративтiк iздестiрулер.
     4. Консалтингтiк қызмет көрсетулердi ұсынушы заңды және жеке тұлғалар 
жүзеге асыратын жұмыстардың iздестiру сапасын бақылау.
     5. Iздестiру жұмыстарын орындаған кездегi инжинирингтiк қызметтер.
                      Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары
     6. Қала құрылысы құжаттамаларын:
     1) жоспарлау құжаттамалары (аудандардың, ықшам аудандардың, 
кварталдардың және жекелеген учаскелердiң бас жоспарларын, егжей-тегжейлi 
жоспарлау салу жобаларын);
     2) көлiктiк сызбаларды, сыртқы көлiк, көше-жол тораптарын;
     3) жылумен жабдықтау тораптарының сызбаларын;
     4) сумен жабдықтау тораптарының сызбаларын;
     5) кәрiз тораптарының сызбаларын;
     6) газбен жабдықтау тораптарының сызбаларын;
     7) электр энергиясымен жабдықтау тораптарының сызбаларын;
     8) телекоммуникация және байланыс тораптарының сызбаларын;
     9) қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық кешендi сызбаларын әзiрлеу.
     7. Күрделілігi I, II, III деңгейдегi үйлер мен ғимараттарды:
     1) объектiлердiң бас жоспарларын, жер бедерiн көркейту және 
ыңғайластыру жобаларын;
     2) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi;
     3) тұрғын үйлердi;
     4) қоғамдық үйлер мен ғимараттарды;
     5) үйлер мен ғимараттарды (тарих және мәдениет ескерткiштерiнен 
басқа) қайта жаңғыртуды әрi қалпына келтiрудi;
     6) интерьерлердi;
     7) ландшафт сәулетi мен көгалдандыруды сәулеттiк жобалау.
     8. Құрылыстық:
     1) негiздер мен iргетастарды;
     2) бетонды және темiр-бетонды құрастырмаларды;
     3) тасты және шегенделген тасты құрастырмаларды;
     4) болат және алюминий құрастырмаларды;
     5) ағаш құрастырмаларды;
     6) үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеудi, қайта жаңғыртуды, 
құрастырмаларды нығайтуды жобалау мен құрастыру.
     9. Инженерлiк:
     1) жылу, желдету, кондициялау;
     2) сумен жабдықтау және кәрiз;
     3) жылумен жабдықтау;
     4) төмен қысымда газбен жабдықтау;
     5) орташа қысымда газбен жабдықтау;
     6) жоғары қысымда газбен жабдықтау;
     7) салқын ауамен жабдықтау;
     8) 1 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
     9) 35 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
     10) 110 кВ-ға дейiнгi электр энергиясымен жабдықтау;
     11) 220 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары киловатта электр энергиясымен 
жабдықтау;
     12) электр жарығы;
     13) электрмен жылыту;
     14) технологиялық процестердi автоматтандыру;
     15) әлсiз токты құрылғылар жүйелерi мен тораптарын жобалау.
     10. Жобалардың арнайы:
     1) қоршаған ортаны қорғау;
     2) еңбектi қорғау;
     3) тоттанудан қорғау;
     4) өрт-күзет дабылы, өрт сөндiру мен өрттен қорғаныш автоматикасы, 
жүйелерi;
     5) смета құжаттамалары;
     6) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) және жұмысты жасау жобалары 
(ЖЖЖ) бөлiмдерiн әзiрлеу.
     11. Технологиялық жобалау:
     Қоғамдық үйлер мен ғимараттар:
     1) кадрларға бiлiм беруге, тәрбиелеуге және даярлауға арналған үйлер;
     2) ғылыми-зерттеу мекемелерiне, жобалау және қоғамдық ұйымдар мен 
басқармаларға арналған үйлер;
     3) денсаулық сақтау және демалысқа арналған үйлер мен ғимараттар;
     4) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт үйлерi мен ғимараттары;
     5) мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiнiң үйлерi;
     6) сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету 
кәсіпорындарына арналған үйлер;
     7) халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған көлiк үшін үйлер;
     8) коммуналдық шаруашылыққа (өндiрiстiк, қоймалық және көліктiк үйлер 
мен ғимараттардан басқа) арналған үйлер;
     9) әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қамтитын жан-жақты жұмыс iстейтiн 
үйлер мен кешендер.
     Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер:
     1) электр энергетикасы кәсiпорындары;
     2) отын өндiру өнеркәсiбi кәсіпорындары;
     3) қара металлургия кәсіпорындары;
     4) түстi металлургия кәсіпорындары;
     5) химия және мұнай-химия кәсiпорындары;
     6) ауыр машиналарын жасау кәсiпорындары;
     7) энергетика машиналарын жасау кәсiпорындары;
     8) көлiктiк машиналарын жасау кәсiпорындары;
     9) химия және мұнай-химия машиналарын жасау кәсiпорындары;
     10) станок жасау, станок-аспап өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     11) автомобиль өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     12) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсiпорындары;
     13) құрылыс, жол және коммуналдық машиналарын жасау кәсіпорындары;
     14) жеңiл, тамақ өнеркәсiбiне арналған машиналар жасау және тұрмыстық 
приборлар өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     15) электротехника өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     16) приборлар жасау өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     17) радиотехника өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     18) байланыс құралдары өнеркәсiбi кәсiпорындары, есептеу техникасы 
мен ұйымдық техника құралдары өндiрiстерi;
     19) кеме жасау өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     20) гидротехникалық ғимараттар;
     21) ағаш өңдеу кәсіпорындары;
     22) целлюлоза-қағаз кәсiпорындары;
     23) шыны кәсiпорындары;
     24) полиграфия кәсіпорындары;
     25) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары;
     26) тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     27) микробиология өнеркәсiбi кәсіпорындары;
     28) ұн тарту-жарма өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     29) құрама жем өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     30) медицина өнеркәсiбi кәсiпорындары;
     31) материалдық-техникалық жабдықтау кәсiпорындары;
     32) құрылыс индустриясы кәсiпорындары.
     Байланыс объектiлерi мен ғимараттары
     Ауыл шаруашылығы объектiлерi:
     1) мал, аң және құс шаруашылығы кәсiпорындары;
     2) ирригациялық және мелиоративтiк жүйелерi;
     3) жылыжай шаруашылығы ғимараттары;
     4) тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу кәсiпорындары;
     5) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сақтауға және қайта өңдеуге арналған 
кәсiпорындар.
     Көлiк құрылысы объектiлерi:
     1) темiр жол көлiгi кәсiпорындары;
     2) автомобиль көлiгi кәсiпорындары;
     3) жол шаруашылығы қызметi кәсiпорындары;
     4) қалалық электрлi көлiк кәсiпорындары;
     5) өзен су көлiгi кәсiпорындары;
     6) теңiз су көлiгi кәсiпорындары;
     7) әуе көлiгi кәсiпорындары.
     12. Қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың жұмыс iстеуінің берiктiгi 
мен орнықтылығын бағалау:
     1) үйлер мен ғимараттардың техникалық жай-күйiн тексеру;
     2) инженерлiк жүйелер мен коммуникацияларды тексеру.
     13. Жобалау жұмыстарын орындаған кездегi инжинирингтiк қызметтер.
                          Сараптама жұмыстары
     14. Жұмыстар пен қызмет көрсетулер рыногы субъектiлерi орындайтын 
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-смета) 
құжаттамаларының бөлімдерiн сараптау.
                  Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
                       құрастырмаларын өндiру
     15. Сертификатталмайтын құрылыс материалдарын өндiру.
     16. Құрылыс метал-құрастырмалары мен бұйымдарын:
     1) үйлер мен ғимараттар каркасының тiреу құрастырмаларын;
     2) үйлер мен ғимараттардың қоршау құрастырмаларын;
     3) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiреу құрастырмаларын;
     4) болат резервуарлар мен ыдыстарды;
     5) қысыммен жұмыс iстейтiн болат резервуарлар мен ыдыстарды;
     6) мұнара-діңгек үлгiсiндегi құрастырмаларды, түтiн мұржаларын;
     7) технологиялық метал-құрастырмалар мен олардың бөлшектерiн өндiру.
     17. Бетон және темiр-бетон құрастырмалары мен бұйымдарын өндiру.
     18. Арнайы темiр-бетон құрастырмаларын өндiру.
     19. Қысымға төзiмдi және қысымсыз темiр-бетон құбырларын өндiру.
     20. Тауарлы бетон мен ерiтiндi өндiру.
     21. Ағаш құрылыс құрастырмаларын өндiру.
     22. Жарақтар мен металды қалыптар өндiру.
     23. Құрылыстық мақсаттағы желдеткіш, санитариялық-техникалық, 
электрлi монтажды жабдықтар, бұйымдар, дайындамалар өндiру.
     24. Өндiрiс қалдықтарының негiзінде құрылыс бұйымдары мен 
құрастырмаларын өндiру.
     25. Полимерлi және композиттi материалдардан жасалған құрылыс 
бұйымдарын өндiру.
     26. Мамандандырылған зертханаларда өнiмдердің сапасын бақылау.
     27. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру 
саласындағы инжинирингтiк қызметтер.
                          Құрылыс-монтаж жұмыстары
     28. Дайындық жұмыстары.
     29. Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстар.
     30. Жер жұмыстары.
     31. Топырақтағы арнаулы жұмыстар:
     1) бұрғылау;
     2) жарылыс жасау;
     3) бұрғылау-жарылыс жасау;
     4) су астындағы техникалық және теңiз қайраңындағы жұмыстар;
     5) мелиоративтiк және су шаруашылығы құрылысындағы жұмыстар;
     6) гидромеханикаландырылған жұмыстар;
     7) сүзiлуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекiту, жер 
асты суының деңгейiн төмендету;
     8) тау-кен ұңғылау мен тоннель қазу;
     9) шахтаны құрғату.
     32. Үйлер мен ғимараттардың тiреу және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
     1) метал құрастырмаларды монтаждау мен арматураларды орнату;
     2) болат резервуарлар мен ыдыстарды монтаждау;


      3) қысыммен жұмыс iстейтiн, жарылу қауіпі бар және қоршаған орта үшiн

зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен ыдыстарды 
монтаждау;
     4) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс құрастырмаларын, түтiн 
мұржаларын монтаждау;
     5) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiреу құрастырмаларын монтаждау;
     6) көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахталық 
тоқпақтар мен көтергіштердің, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс 
құрастырмаларын монтаждау;
     7) металлургия, мұнай-химия, тау-кен, энергетика өнеркәсiбi және 
өнеркәсіптің басқа да салалары агрегаттарының, аппараттары мен өзге де 
технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
     8) құйма бетон және темiр-бетон құрастырмаларды орналастыру;
     9) негiздер мен іргетастарды орналастыру;
     10) құрама бетон және темiр-бетон құрастырмаларды монтаждау;
     11) тас, кiрпiш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру;
     12) қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
     13) ағаш құрастырмалар мен бұйымдарды қиюластырып салу;
     14) жабын жұмыстары;
     15) құрылыстарды уақытша тоқтатып қою және объектiлердi кейiннен 
кәдеге жарату.
     33. Арнаулы құрылыс және монтаждау жұмыстары:
     1) мұнай өткiзгiш магистралды тораптар;
     2) газ өткiзгiш магистралды тораптар;
     3) мұнай өнiмдерiн өткiзгiш магистралды тораптар;
     4) ұңғымаларды жайластыру;
     5) 35 кВ-ға дейiнгi кернеуде электр энергиясын тартудың магистралды 
желiлерi;
     6) 110 кВ-ға дейiнгi кернеуде электр энергиясын тартудың магистралды 
желiлерi;
     7) 220 кВ және одан жоғары кернеуде электр энергиясын тартудың 
магистралды желiлерi;
     8) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыру;
     9) гидротехникалық және тасқыннан қорғау құрылыстары;
     10) түтiн құбырлары, цемент қоймалары, градирлер, шахта үстіндегі 
тоқпақтар;
     11) отқа төзiмдi материалдардан қалау;
     12) жарылу-өрт қауіпі бар жабдықтарды монтаждау;
     13) технологиялық шыны құбырларды монтаждау;
     14) түстi металдардан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
     15) полимерлi материалдардан жасалған технологиялық құбырларды 
монтаждау;
     16) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық 
магистралды және халықаралық желiлерi;
     17) мұнайдың, мұнай өнiмдерінің және сұйытылған газдың жер астындағы 
қоймалары;
     18) мұнай және мұнай өнiмдерінің қоймалары.
     34. Сыртқы инженерлiк тораптар мен ғимараттарды орналастыру жөніндегi 
жұмыстар:
     1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырларды тарту;
     2) жылу тораптарын тарту;
     3) төмен қысымда газбен жабдықтау тораптарын салу;
     4) орташа қысымда газбен жабдықтау тораптарын салу;
     5) жоғары қысымда газбен жабдықтау тораптарын салу;
     6) сумен жабдықтау тораптарын салу;
     7) кәрiз тораптарын салу;
     8) электр жарығын орнату;
     9) тиектi арматураларды орнату;
     10) санитариялық-техникалық жабдықтарды монтаждау;
     11) 1 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау тораптарын салу;
     12) байланыс, радио, теледидар желiлерiн тарту.
     35. Iшкi инженерлiк жүйелердi орналастыру жөнiндегi жұмыстар:
     1) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
     2) электрмен жабдықтау;
     3) жылумен жабдықтау;
     4) газбен жабдықтау;
     5) сумен жабдықтау;
     6) кәрiз;
     7) электр жарығы;
     8) байланыс, радио, теледидар;
     9) электрмен жылыту.
     36. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстар:
     1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
     2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу 
шығармайтындай етiп қымтау;
     3) қаптау мен шегендеу жұмыстары;
     4) құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, тым уытты су әсерi кезiнде 
химиялық қорғаныш жабынды қоса алғанда, тоттанудан сақтау;
     5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электрохимиялық сақтау.
     37. Әрлеу жұмыстары.
     38. Жол құрылысы жөніндегi жұмыстар:
     1) темiр жол тармақтарына арналған негiздер;
     2) темiр жол тармағының үстіңгi қабатын төсеу;
     3) республикалық маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны;
     4) жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны;
     5) iшкi шаруашылықтық автожолдардың негiздерi мен жабыны;
     6) қалалық жол тораптарының негiздерi мен жабыны;
     7) әуежайлардың ұшу-қону алаңдарының негiздерi мен жабыны;
     8) тiкұшақтар алаңдарының негiздерi мен жабыны;
     9) жолдарды жайластыру;
     10) жолдардағы шағын жасанды ғимараттар.
     39. Аумақтарды көркейту жөнiндегi жұмыстар.
     40. Технологиялық жабдықтарды:
     1) көтеру-көлiк жабдықтарын;
     2) лифтiлердi монтаждау;
     3) металл өңдеу жабдықтарын;
     4) ағаш өңдеу жабдықтарын;
     5) уату-ұнтақтау, байыту және агломерация жабдықтарын;
     6) металлургия жабдықтарын;
     7) бұрғылау жабдықтарын;
     8) мұнай газ кәсіпшiлiгi жабдықтарын;
     9) кен-шахта жабдықтарын;
     10) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды;
     11) аппаратураларды және бақылау апатқа қарсы қорғану және дабыл 
жүйелерiн;
     12) таразы жабдықтарын;
     13) жылу-қуат жабдықтарын;
     14) компрессорлық машиналарды, сорғыларды және желдеткiштердi;
     15) темiр жол көлiгiндегi байланыс, дабыл, орталықтандыру және 
ажырату құрылғылары мен жабдықтарын;
     16) электр пештерiн;
     17) газды тазарту жабдықтарын;
     18) технологиялық метал құрастырмаларды;
     19) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтарды;
     20) қазандық қондырғылары мен көмекшi жабдықтарды;
     21) бақылау және есепке алу приборларын;
     22) электротехника өнеркәсiбi жабдықтарын;
     23) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсіпорындары жабдықтарын;
     24) көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     25) метрополитендер мен тоннельдер жабдықтарын;
     26) су-электр стансалары мен гидротехникалық құрылыстар жабдықтарын;
     27) электрон өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтары мен байланыс 
құралдарын;
     28) құрылыс материалдары өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     29) целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     30) полиграфия өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     31) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары жабдықтарын;
     32) тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     33) театр-ойын-сауық үйлерi мен ғимараттарының жабдықтарын;
     34) денсаулық сақтау мекемелерi мен медицина өнеркәсiбi кәсiпорындары 
жабдықтарын;
     35) астықты өңдеу жөнiндегi кәсіпорындар мен астық қоймалары 
жабдықтарын;
     36) мал, аң және құс фермаларының жабдықтарын монтаждау.
     41. Iске қосу жұмыстары:
     1) көтеру-көлiк жабдықтарын;
     2) лифтiлердi;
     3) металл өңдеу жабдықтарын;
     4) ағаш өңдеу жабдықтарын;
     5) уату-ұнтақтау, байыту және агломерация жабдықтарын;
     6) таразы жабдықтарын;
     7) жылу-қуат жабдықтарын;
     8) компрессорлық машиналарды, сорғыларды және желдеткiштердi;
     9) электр пештерiн;
     10) газды тазартуға арналған жабдықтарды;
     11) металлургия жабдықтарын;
     12) мұнай-газ кәсіпшілiгi жабдықтарын;
     13) метрополитендер мен тоннельдер жабдықтарын;
     14) кен-шахта жабдықтарын;
     15) технологиялық метал құрастырмаларды;
     16) технологиялық құбырларды;
     17) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтарды;
     18) қазандық қондырғылар мен көмекші жабдықтарды;
     19) байланыс жабдықтарын;
     20) тоңазытқыштық және компрессорлық қондырғыларды;
     21) басқарудың автоматтандырылған жүйелерiн;
     22) бақылау мен есепке алу приборларын;
     23) бұрғылау жұмыстарына арналған жабдықтарды;
     24) автоматты өрт сөндiру, күзет пен өрт дабылы жүйелерiн және 
қондырғыларын;
     25) технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерiн және 
инженерлiк жабдықтарды;
     26) көмiр өнеркәсiбi кәсіпорындары жабдықтарын;
     27) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбi кәсіпорындары жабдықтарын;
     28) су-электр стансалары мен гидротехникалық құрылыстар жабдықтарын;
     29) электротехника өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     30) құрылыс материалдары өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     31) целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     32) полиграфия өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     33) тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтарын;
     34) театр-ойын-сауық үйлерi мен ғимараттарының жабдықтарын;
     35) электрон өнеркәсiбi кәсiпорындары жабдықтары мен байланыс 
құралдарын;
     36) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары жабдықтарын;
     37) мал, аң және құс фермаларының жабдықтарын;
     38) астықты өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар мен астық қоймалары 
жабдықтарын;
     39) тұрмыстық машиналар мен приборларды жөндеу жөнiндегi кәсiпорындар 
жабдықтарын iске қосу.
     42. Жөндеу-құрылыс жұмыстары:
     1) үйлер мен ғимараттардың тiреу және қоршау құрастырмаларын;
     2) шатыр жабындарын және құрастырмаларды;
     3) сыртқы және iшкi инженерлiк тораптарды;
     4) газ құбырларын, мұнай өнiмдерi, бу ауа құбырларын және басқа да 
тұрақты тасымалдағыш құрылғыларды;
     5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, 
тоттануға қарсы, химиялық т.б.) қорғаныш қаптамасын;
     6) республикалық маңызы бар автожолдарды;
     7) жергiлiктi маңызы бар автожолдарды;
     8) iшкi шаруашылықтық автожолдарды;
     9) қалалық жолдар тораптарын;
     10) аумақтарды көркейту жөнiндегi жұмыстар;
     11) тоннельдердi;
     12) гидротехникалық және гидромелиоративтiк құрылыстарды;
     13) лифтiлердi жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
     43. Үйлердi, ғимараттарды қайта жаңғырту және құрастырмаларды нығайту.
     44. Жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының субъектiлерi жүзеге 
асыратын құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылау.
     45. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезiндегi инжинирингтiк 
қызметтер.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.