1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар:
1) Бағдарламаны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне 2002 жылдан бастап жылына екi рет - әр жылдың 20 қаңтарына және 20 шілдесiне ақпарат берiп отырсын. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі жыл сайын 25 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Астана, 2001 жыл 1. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты ___________________________________________________________________________ Бағдарламаның Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға атауы арналған бағдарламасы Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы әзiрлеу үшiн 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысымен бекiтiлген негiздеме Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары (4.1.3.3. тармақ) Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты бастамашысы әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бағдарламаның Бағдарламаның негiзгi мақсаты және мiндеттерi - мақсаты мен мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға міндеттерi жан-жақты кiрiгуiне мүмкiндiктер беру, кіріптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, мүгедектiк деңгейiн азайту. Негiзгi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты орындаушылар әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Бiлiм және ғылым министрлiгi, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдері Бағдарламаның Бағдарлама мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк, негiзгi кәсiби оңалту мекемелерінің желiлерiн дамыту мен iс-шаралары олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету және оларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым объектілерiн кедергiсiз пайдалану мүмкіндiгiн жасау, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру жүйелерiнде мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердi даярлау мен біліктілігiн арттыру жөнiндегi ұйымдастырушылық iс-шараларын жүзеге асыруды көздейдi Бағдарламаны Мүгедектердi оңалту бағдарламасы 2002-2005 iске асыру жылдарға арналып жасалған мерзiмi Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және көздерi мен жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан көлемi Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да қаржы көздерiнен жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асырудың 2002 жылдан 2005 жылға дейiнгi барлық кезеңiне қаржыландыру үшiн 4,6 млрд. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге, жергiлiктi бюджеттен 2,7 млрд. теңге қажет болады. Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының iске асырудан көлемiн ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждарын күтiлетiн ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз нәтижелер етуге мүмкiндiк бередi, мүгедектердiң тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметінде қабiлетiн қалпына келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемінде iске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн жылдамдатуға көмектеседi. ___________________________________________________________________________ 2. Кiрiспе
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуiне Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларында кепiлдiк берiлген.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау шараларының бiрi - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетiн, өзiне өзi қызмет ету, кәсiби қызметтiң әр түрiне қабiлетiн қалпына келтiруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық iс-шаралар кешенiнен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн әрi олардың құқықтары мен қабiлет мүмкiндiктерiн iске асыруын қамтамасыз ететiн оңалту болып табылады.
Мүгедектердi оңалту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi және елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы ескерiлiп жасалды.
3. Қазақстандағы мүгедектiлiктiң жай-күйiн талдау
Республикада барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың мүгедек, соның iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа толмаған мүгедек бала, бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа да мүгедектер тұрады. Бұл цифрлар, мүгедектiктiң бұдан әрi осылайша көбеюi денi сау халықтың өсiмiнің азаю қаупiн туғызып, республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының құлдырауына соқтыруы мүмкiн деген тұжырымға келтiредi. Алғаш рет мүгедектiкке ұшыраудың 1998-2000 жылдар iшiндегi көрсеткiшi ___________________________________________________________________________ Көрсеткіштер 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл ___________________________________________________________________________ Ересек адамдар арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандар, 55145 49683 46133 оның iшiнде әйелдер 22504 20515 18892 Алғаш рет мүгедек деп танылған адамдардың iшiнде: қалалық жерде тұратындар, 32073 28499 26138 оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 24473 22504 21416 Ауылда тұратындар, 23072 21184 19995 оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 20212 19059 18215 Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың iшiнде жұмыс iстейтiндер 14752 10930 8979 ___________________________________________________________________________ Төменде мүгедектiк топтары бойынша алғаш рет мүгедек деп танылғандар саны туралы мәлiмет келтiрiлдi: ___________________________________________________________________________ Мүгедектік тобы 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл ___________________________________________________________________________ І топ 5952 4909 4801 ІІ топ 33058 27452 25302 ІІІ топ 16135 17322 16030 ___________________________________________________________________________ Мүгедектіктің негізгі себептері: ___________________________________________________________________________ Мүгедектiк себебi 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл ___________________________________________________________________________ жалпы аурудан 46417 41560 38188 еңбек жарақатынан 656 516 479 кәсiби аурудан 163 111 111 бала кезiнен мүгедек 6424 6518 5524 ___________________________________________________________________________
Алғаш рет мүгедектiкке ұшырау құрылымында бiрiншi орында қан айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк - 18,6 пайыз, екiншi орында зиянды iсiктерден мүгедектiк - 14,1 пайыз, үшiншi орында психиканың бұзылуынан - 12,1 пайыз және төртiншi орында - барлық орын алған жарақаттардан 11,9 пайыз.
Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктің көбеюiне әлеуметтiк және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етедi.
Соңғы екi жыл iшiнде балалар арасындағы мүгедектiк 16 пайызға өсiп кеттi. Республикада 16 жасқа дейiнгi 49,8 мың мүгедек бала және бала кезiнен 58,8 мың мүгедек тұрады. Балалардың мүгедектiкке ұшырауына итермелейтiн факторлардың iшiнде мыналарды бөлiп көрсетуге болады: биологиялық - ата-анасының созылмалы, туа бiткен және генетикалық ауруларының жоғары деңгейде болуы, перинаталдық кезеңнің патологиясы; медициналық-ұйымдастырушылық - ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан бастап мүгедектiк белгiленiп, оңалтудың басталуына дейiнгi кезеңнің ұзақтығы; әлеуметтiк-орта - экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтiк жағдайы нашар отбасылар.
Мүгедектiктiң өсе түсуi жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік проблемалары өткiр сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметiн тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшiн халықты әлеуметтiк қорғау денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн бiрiктiру қажет.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн арнайы жағдайлар қажет. Республикада көзi нашар көретiн балаларға арналған 8 мектеп бар, оларда көзi нашар көретiн 1240 бала оқиды және 2706 баланы қамтитын есту қабiлетi нашар балаларға арналған 19 мектеп бар. Бұл оқу орындары аудиторияларды сымсыз сыныптармен арнайы жабдықтауды қажет етедi. 2001 жылы алғаш рет Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi есту қабiлетi нашар балалар оқитын 9 мектепке 18 сымсыз сыныптар жиынтығын сатып алды, бұл арнаулы мектеп-интернаттарда оқитын есту қабiлетi нашар балалар үшiн тым мардымсыз.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша тәрбие мен бiлiмдi үйлерiнде алуына болады. Қазiргi кезде 2270 мүгедек бала үйiнде оқытылуда. Оларды оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн оларға 3711 теңге мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген I және II топтағы мүгедектердiң, олардың денсаулық жағдайын ескергенде, өздерiнің отбасы тұратын жерде жұмысқа тұруға мүмкiндiгi бола бермейдi.
Мүгедектердiң еңбегiн дәстүрлi пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып қалды немесе өндiрiсiн тоқтатты. Мүгедектер үшiн жаңа жұмыс орындары құрыла бермейдi. Кәсiпорын әкiмшiлерi еңбек рыногында еңбекке жарамды адамдар тарапынан ұсыныстар көп түсетiндiктен, түрлi сылтауларды желеу етiп, жұмыс iстейтiн мүгедектердi қысқартады.
Бос орындар мүгедектерге тым сирек берiледi. Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн болатын жұмыс орындарының есебi жүйелi жүргiзiлмейдi. Осыған байланысты, ұйымның қағидаттары, инвестициялау көздерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, мүгедектер үшiн жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрiнде (бар болуы, сақталуы, өзгеруi, жаңаларын құру) жұмыс орындары банкiн құру қажет.
Өздерінің өнiмдерiне мемлекеттiк сатып алудың тоқтатылуынан, мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң арнаулы кәсіпорындарының жағдайы қиындап кеттi. Өткiзу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап кетуiнен бұл кәсіпорындар бәсекелестiкке жарамай қалды.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Z970126_ Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Z990365_ Заңына, басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде, протез-ортопедиялық бұйымдармен және аяқ киiммен, арнаулы қарпі бар баспа өнімдерiмен, дыбыс күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрiнде берiледi.
Қазақстан Республикасының барлық мүгедектерi мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде төленедi:
I топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш, III топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға - 3 айлық есептiк көрсеткiш, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 4650 теңгенi, 3100 теңгенi және 2325 теңгенi құрады.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған мерзiмдi әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектерге, азаматтық немесе әскери нысандағы ядролық объектiлердегi апат салдарын жою кезінде немесе ядролық объектілердегi апатты жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға, экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткiзу кезiндегi радиацияның әсер етуi себебiнен және/немесе осылардың салдарынан болған мүгедектерге себеп-салдары анықталған жағдайда:
I топтағы мүгедектерге - 8 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 6200 теңге, 4650 теңге, 3875 теңге болды.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер қатарындағы (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқа) мүгедектерге, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерi қатарындағы мүгедектерге:
I топтағы мүгедектерге - 15 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 11625 теңге, 7750 теңге, 5425 теңге болды.
1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан болған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын және тұрғын үйдi ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленіп келедi.
I және II топтардағы мүгедектерге берiлетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерi 1,4 айлық есептік көрсеткiштi немесе 1085 теңгенi, III топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 465 теңгенi және 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 0,9 айлық есептiк көрсеткішті немесе 697 теңгенi құрайды.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға 5,7 айлық есептiк көрсеткiш немесе 4389 теңге мөлшерiнде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен өз құзыретi шегiнде:
тұтыну бағасы индексiнiң өсуiне қарай мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша ақы;
бөгде адамның көмегiне мұқтаж жалғызіліктi мүгедектердi күту үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы;
санаторлық-курорттық емдеу жеңiлдiктерiн белгiлейдi.
Жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдар жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған басқа да шешiмдердi қабылдайды.
Республикада қарттар мен мүгедектерге арналған 15604 орынды 70 интернат үйi жұмыс iстейдi, олардың ішінде 7042 орынды 25 интернат үйi - психикалық-неврологиялық ауруларға, 2721 орынды 17 интернат үйi мүгедек балаларға арналған. Жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау үшiн үйлерге барып көмек көрсететiн 309 әлеуметтiк көмек бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар 31632 жалғызіліктi қарт азаматқа, оның iшiнде 8471 мүгедекке қызмет көрсетедi.
28 мыңнан астам азамат протез-ортопедиялық көмекке, 60 мыңнан астам құлағы нашар еститiн мүгедек - сурдотехникаға, 19 мыңнан астам көзi нашар көретiн мүгедек тифлоқұралдарға мұқтаж.
2000 жылы 12017 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 5797 мүгедек протез-ортопедиялық аяқ киiмдермен, 3180 мүгедек есту аппараттарымен, 5100 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етiлдi.
Мүгедектердi протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің практикасын талдау бұйымдар сапасының төмендiгiн ғана емес, бiрқатар ұйымдастырушылық проблемаларын да көрсетiп отыр. Қазақстанда протездеу мен протез жасау проблемаларына зерттеу жүргiзетiн бiр де бiр ғылыми-зерттеу институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық деректер негiзiнде ғана жүргiзiледi және негiзiнен екi факторға: мүгедектiң барабар сезiнуiне және протез жасаушының сауатты әрекетiне тәуелдi.
Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай келетiн протез-ортопедия құралдарымен мейлiнше толығырақ қамтамасыз ету, республикалық мемлекеттiк протез-ортопедия кәсiпорындарын басқарудың құрылымын оңтайландыру, протез салу мен протез жасауда зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу, қол және аяқ буындары протездерiне қажеттi түйiндер мен бөлшектер өндiрiсi бойынша импорт алмастырушы жаңа конструкциялар мен әзiрлемелердi енгiзу мақсатында жұмыс iстеп тұрған протез-ортопедиялық кәсiпорындарын қайта құру көзделуде.
2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Ұлы Отан соғысының 459 мүгедегi автокөлiкпен қамтамасыз етiліп, 910 мүгедек кресло-қораптар алды.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi.
Оңалтудың техникалық құралдары жоғалтқан қарекеттерiн түзеуге немесе орнын толтыруға, оның iшiнде өзiне өзi қызмет көрсетуге арналған бейiмдеу құралдарынан тұрады (тамақ ішу үшiн - асханалық аспаптарды кигiзiп бекiтуге арналған белбеушелер, крандар, газ және электроплиткаларына арналған тұтқалар, арнайы асханалық аспаптар және зағип адамдар үшiн икемдеу құралдары); санитарлық-гигиеналық процедураларды орындау үшiн тұрмыстық бейiмдеу құралдарынан (тiс мәуесегiн, сабынды, жөкенi, тарақты, электр ұстарасын кигiзiп, бекiтетiн белбеушелер, тiс пастасын қысып шығаруға, су крандарын, душты ашуға, киiмдердi, шұлық-ұйықтарды, аяқкиiмдi киіп, шешуге бейiмдеу құралдары); жылдамырақ және ақырын жүруге арналған құралдардан (қолмен басқарылатын автомобиль, бөлме iшiнде жүретiн, серуендейтiн кресло-қораптар, екi аяғы жоқ мүгедектер үшiн шағын қораптар, балдақтар, таяқтар); мүгедектердің естуiн түзеу және коммуникациялық қолдау құралдарынан (Брайло бойынша хат жазуға арналған машинкалар, оқуға арналған дүрбiлер, "сөйлей бiлетiн кiтап" үшiн арнайы магнитофондар, домофондар; тербеткіш қоңыраулы сағаттар, арнайы диктофондар, жылжымалы жолдары бар немесе дыбысы күшейтiлген телефон аппараттары) тұрады.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының мүгедектердің тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiне көтерiлуiн қамтамасыз етудi көздейтiн 8-бабы да жүзеге асырылмай отыр. Бұл бiрiншi кезекте, ғимараттардың есiгi мен көшелердің жерасты өткелдерiне қойылатын пандустарға қатысты.
Тұтастай алғанда "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының баптарының көпшiлiгi орындалмай отыр, бiрқатар баптар құрғақ сөз күйiнде қалуда, заң баптарының шарттарын орындамағаны үшiн берiлетiн жазалар анықталмаған.
Мүгедектердiң демалысы мен спортпен айналысуын ұйымдастыру бойынша оларды нақты кепілдіктермен қамтамасыз ету жөнiндегi проблемаларды шешудi, аталған бағытта мүгедектермен жұмыс iстейтiн кадрларды даярлаудың тәртiбi мен шарттарын анықтауды нормативтiк тәртіпте жүргiзген жөн.
Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерiн өздерiнің жеке проблемаларын шешуге олардың өздерiн тiкелей тарту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту мүгедектердi әлеуметтік оңалту жоспарының маңызды бағыттарының бiрiнен саналады, онда жоғалтқан қарекеттерiн қалпына келтiру және орнын толтыру үшiн базалық даярлық, өзiн өзi күту, өзiне өзi қызмет көрсету бойынша консультациялар беру көздеген дұрыс.
Бағдарламаның iс-шаралар жоспарының жобасында "Мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау көзделген.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты - мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға жан-жақты кiрігуiне мүмкіндiктер беру, кiрiптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, мүгедектiк деңгейiн азайту.
Бағдарламаның міндеттерi мыналар болып табылады:
мүгедектiктiң азаюын қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
мүгедектерге оңалту және басқа да техникалық құралдар мен медициналық, әлеуметтік және кәсiби оңалту бойынша қызметтердің кепiлдiкті тiзбесiн беруден тұратын мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мүгедектердi кешендi оңалтуды дамыту, оңалту мекемелерінің жүйелерiн дамыту мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша практикалық iс-шараларды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау, бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт жүйесiнде мүгедектерге арналған iс-шаралар мен қызметтердiң тiзбелерiн және ауқымын кеңейту;
бiлiм беру, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт ұйымдарының мүгедектердi оңалту мәселелерi жөнiндегi жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетілдіру;
мүгедектерге өзiнің шығармашылық қабiлетiн пайдалануға, хореография, музыка, әдебиет, театр, сурет, мүсiндеумен, өнердің басқа да түрлерiмен айналысуға мүмкiндiктер беру мақсатында кәсiби даярлықты қамтитын iс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтiк-экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен жұмыспен қамту саласында мүгедектердi қосымша кепілдiктермен қамтамасыз ету;
мүгедектердің кедергiсiз жүріп-тұруына және әлеуметтiк инфрақұрылым
объектiлерiне кiруiне жәрдемдесу жөнiнде iс-шаралар өткiзудi қамтамасыз ету; мүгедектердiң сұранысын ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарымен, сондай-ақ сурдоаударма бойынша қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету; мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту мәселелерi бойынша мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету; оңалту жүйесiн құқықтық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi жетілдiру. 5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары және оны iске асырудың тетiгi Бағдарламаның негiзгi бағыттары:
1. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық база жасау, оларға қоғамға жан-жақты кiрiгуi үшiн мүмкiндiктер беру, кiріптарсыз тұрмыс салты үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету.
2. Ағзаның жетiлуiндегi бұзылушылықтарды ерте анықтаудың тиiмдiлiгiн арттыру:
әйелдер босанатын және амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы "қатерлi" топтағы балаларды ерте анықтау және оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу;
мүгедектiктің алдын алу мақсатында оның басталуы және көбеюi себептерiн тексеру бойынша зерттеулер ұйымдастыру.
3. Мүгедектердi кешендi оңалтудың жүйесiн құру:
мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсiби оңалтуды жетілдіру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестiру;
мүгедектердi санаторлық-курорттық емдеудi ұйымдастыру;
мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмiрiн жеңiлдететiн оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
оңалту мекемелерiнің желiсiн дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге, мүгедек балаларға арналған арнаулы түзеу арқылы бiлiм беру ұйымдарының жүйесiн сақтау және кеңейту;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар құру арқылы Астана қаласында, балалар саны кемiнде 60 мың болатын республикалық маңызы бар қалаларда диагностикалық-консультациялық қызметтер жүйесiн кеңейту;
мемлекеттiк теледидар арнасында ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармаларын ұйымдастыру;
мүгедектерді кәсіптік даярлау, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мүгедектердi қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтау;
мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiруiн қамтамасыз ету.
4. Мүгедектердi белсендi өмiр салтына тарту:
мүгедектердің спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар үйiрмелерiне, сурет және басқа да шығармашылық конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету.
5. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру салаларында мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру.
6. Мүгедектер проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.
6. Бағдарламаны iске асыруды қаржылық қамтамасыз ету
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Бағдарламаны 2002 жылдан 2005 жылға дейiн қаржыландыру үшiн 4,6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге, жергiлiктi бюджеттен 2,7 млрд. теңге қажет болады.
Республикалық бюджетте протездеуге, мүгедектердi сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етуге және мемлекеттік тапсырыс шеңберiндегi басқа да iс-шараларға қаржы көзделдi. Жыл сайынғы республикалық бюджет шығыстары орта есеппен 489,3 млн. теңгенi, оның iшiнде 2002 жылы - 366,2 млн. теңгенi, 2003 жылы - 526,2 млн. теңгенi, 2004 жылы - 526,8 млн. теңгенi және 2005 жылы 538,1 млн. теңгенi құрайтын болады.
Жергiлiктi бюджеттен жұмсалатын шығындар 2002 жылы 724,2 млн. теңгенi, 2003 жылы - 681,9 млн. теңгенi, 2004 жылы - 652,1 млн. теңгенi, 2005 жылы - 642,8 млн. теңгенi құрайды.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен көзделген iс-шаралар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiлген.
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi республикалық және жергiлiктi
бюджет қаражаттарының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеу және қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының ауқымын ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметiнде қабiлетiн қалпына келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемiнде іске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн жылдамдатуға мүмкiндiк бередi. 8. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ___________________________________________________________________________ Р/с! Іс-шара Жауапты Орындалу Аяқталу N ! орындаушылар мерзімі нысаны ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 ___________________________________________________________________________ Әлеуметтік оңалту ___________________________________________________________________________ 1 "Қазақстан Республикасында мүге. ЕХМҚ 2003 ж. Қазақстан дектердi әлеуметтiк қорғау ІІІ Республикасы туралы Қазақстан Республикасы тоқсаны Заңының Заңының жобасын әзірлеу жобасы 2 Жергiлiктi атқарушы органдардың Облыстардың, 2003 ж. Әкімияттың жанынан Мүгедектер iстерi Астана және ІІІ қаулысы жөнiндегi кеңестер құру Алматы қала. тоқсаны ларының әкімдері 3 Протез-ортопедия кәсiпорындарын ЕХҚМ 2002 ж. ЕХҚМ бұйрығы медициналық стационарлармен қосу І тоқсаны және протез-ортопедия орталықта. рын құру жолымен оларды басқару құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру 4 Осы заманғы технологиялар ЕХҚМ 2002 ж. ЕХҚМ бұйрығы бойынша жасалатын протездермен ІІ қамтамасыз етудi көздей отырып, тоқсаны Қазақстан Республикасының халқына протез-ортопедия көмегін берудiң қолданылып жүрген тәртiбiн жетiлдiру 5 Облыстарда жұмыс iстейтiн протез ЕХҚМ (про. 2003- ЕХҚМ-ге жыл шеберханаларын нығайту жөнiнде тез-ортопе. 2005 жж. сайын 20 қаң. қосымша шаралар қабылдау дия орта. тарға ақпарат лығы), ұсыну облыстар. тардың, Астана және Алматы қала. ларының әкімдері 6 Протездеу мен ортездеудi, ЕХҚМ (про. 2002- ЕХҚМ-ге жыл ортопедиялық аяқ киiмдермен, тез-ортопе. 2005 жж. сайын 20 қаң. ортопедиялық аппараттармен, дия орта. тарға ақпарат корсеттермен және басқа да лығы) ұсыну протез-ортопедия бұйымдарымен (ПОБ) қамтамасыз етудi жүзеге асыру, ПОБ жөндеу, осы заманғы технологиялар бойынша протездеумен және ортездеумен байланысты қызметтер көрсету 7 Мүгедектердi: Облыстардың, 2002 ж., ЕХҚМ-ге жыл - техникалық құралдармен, Астана және 2003 ж., сайын 20 қаң. әртүрлi модификациядағы Алматы қала. 2004 ж., тарға ақпарат кресло-қораптармен ларының 2005 ж., ұсыну қамтамасыз ету әкімдері ІV тоқсаны 8 Құлағы кемiс еститiн ЕХҚМ (Рес. 2002 ж., ЕХҚМ-ге жыл мүгедектердi сурдотехникамен публикалық 2003 ж., сайын 20 қаң. қамтамасыз ету есту қабі. 2004 ж., тарға ақпарат летін оңал. 2005 ж., ұсыну ту орталығы) ІV тоқсаны 9 Көзi көрмейтін мүгедектердi ЕХҚМ 2002 ж., Жыл сайын 20 тифлотехникамен және 2003 ж., қаңтарға коммуникациялық қолдау 2004 ж., мәліметтер құралдарымен қамтамасыз ету 2005 ж., әзірлеу ІV тоқсаны 10 Республика кәсiпорындарында ЕХҚМ (про. 2002- ЕХҚМ-ге 2003 осы заманғы талаптарға сай тез-ортопе. 2005 жж. жылдан бастап келетiн қол және аяқ дия орталы. жыл сайын 20 протездерiне жинақтаушы ғы), ЭСМ қаңтарға ақпа. түйiндер мен бөлшектердi рат ұсыну шығаратын импорт алмастырғыш технологияларды енгiзудi ұйымдастыру 11 Кiру жолдары мен пандустар Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл жасауды, мүгедектер қораптары Астана және 2005 жж. сайын 20 шіл. жүре алатын құрылғылар Алматы қала. деге және 20 әзiрлеудi қамтамасыз ету, ларының әкім. қаңтарға ақпа. тұрғын үй, қоғамдық және дері, кез рат ұсыну өндiрiстiк ғимараттарға, келген мен. әлеуметтiк инфрақұрылым шік нысанын. объектiлерiне мүгедектер кiре дағы кәсіп. алатындай жағдай жасау орындар, ұйымдар басшылары 12 Мүгедектерге қызмет көрсететiн Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл мекемелер орналасқан жерлерде, Астана және 2005 жж. сайын 20 шіл. сондай-ақ мүгедектер болуы Алматы қала. деге және 20 мүмкiн, адамдар көп жүретiн ларының қаңтарға ақпа. жерлерде синхронды дыбыс әкімдері рат ұсыну сигналы бар арнайы бағдаршам. дар, жол белгiлерi мен көрсеткiштерiн жасап, орнату 13 Әрбiр облыс орталығында Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл дыбысты құрылғылары бар, Астана және 2005 жж. сайын 20 шіл. жаяу адамдар жүретiн жолдар Алматы қала. деге және 20 салу ларының қаңтарға ақпа. әкімдері рат ұсыну 14 Қолданылып жүрген құрылыс ЭСМ (Құрылыс 2002 ж. Құрылыс істері нормалары мен ережелерiне істері жөнін. жөніндегі (ҚНжЕ) өзгерiстер енгiзу, дегі комитет) комитеттің жаңа құрылыс нормалары мен бұйрығы ережелерiн (ҚНжЕ), техникалық шарттарды (ТШ) және көлiк пен тиiстi көлiк инфрақұрылымының, ғимараттар. дың, құрылыстардың, тұрмыстық құралдар мен техникалардың, кәсiпорындардағы жұмыс орында. рының мүгедектерге лайықты болуын көздейтiн басқа да нормативтiк-құқықтық құжаттарды әзiрлеу мен бекiту 15 Жобалар әзiрлеуге, сондай-ақ Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл ғимараттар, құрылыстар, Астана және 2005 жж. сайын 20 шіл. жолдар, көлiк, байланыс Алматы қала. деге және 20 объектiлерiн салуға ларының қаңтарға ақпа. мемлекеттiк тапсырыстарды әкімдері рат ұсыну орналастырған кезде, көлiк және өзге қызмет көрсету түрлерiн ұсынған кезде мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылымға кедергiсiз кiруiн қамтамасыз ету қажеттiгiн конкурстық құжаттама талаптарының бiрi етiп белгілеу 16 Көлiк пен байланыстағы ККМ 2002 ж. Қазақстан кәсiпкерлiк қызмет субъектi. Республикасы лерiн лицензиялау бойынша Үкіметінің нормативтiк құжаттарға қаулысы өзгерiстер енгiзу лицензия берiлетiн қызметтi көлiк пен байланыста жүзеге асыру үшін өтiнiш берушiге қойылатын біліктілік талаптарына лицензиаттар көрсететiн қызметтерге мүгедектердiң кедергiсiз баруын көздейтін мүліктердің, құрал-жабдық. тардың болуы мiндеттілігiн белгiлейтін ережелермен толықтыру 17 Мемлекеттiк телеарнада МАҚКМ 2002 ж. Ақпараттық ақпараттық бағдарламалардың ІІ бағдарламаның сурдоаудармасын ұйымдастыру тоқсаны сурдоаударма. сының эфирге шығуы 18 "Ардагер" республикалық ЕХҚМ 2002- Жыл сайын 20 пансионатында ардагерлер мен ("Ардагер" 2005 жж. қаңтарға мүгедектер үшін санаторлық- республикалық мемлекеттік курорттық емделудi қамтамасыз пансионаты тапсырыстың ету РМК) орындалғаны туралы есепте. ме ұсыну 19 Щучье-Бурабай курорт аймағында ЕХҚМ 2001- Жыл сайын 20 мүгедектер мен ардагерлердi 2005 жж. қаңтарға санаторлық-курорттық емдеудi ІҮ мемлекеттік және оңалтуды қамтамасыз ету тоқсаны тапсырыстың орындалғаны туралы есеп. ме ұсыну 20 Мемлекеттiк тапсырыс ЕХҚМ 2002 ж. Конкурс шеңберiнде "Мүгедектердi оңалту ІҮ өткізу жөнiндегі мемлекеттiк тоқсаны бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру үшiн мүгедектер туралы деректер банкiн құру жөнiнде нормативтiк-әдiстемелiк ұсынымдар" жобасын әзiрлеуге конкурс жариялау 21 Мүгедектерді оңалту, мүгедек. СІМ, ЕХҚМ, 2002- ЕХҚМ-ге жыл тердi оңалтуға қатысты ДСМ, БҒМ 2005 жж. сайын 20 қаң. жобалар мен шараларға қолдау тарға ақпарат көрсету мәселелерi бойынша ұсыну БҰҰ-мен, Халықаралық еңбек ұйымымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, үкiметтік емес ұйымдармен ынтымақтас. тықты дамыту 22 Мүгедектердi, оның iшiнде ЕХҚМ, БҒМ, 2002- ЕХҚМ-ге жыл мүгедек-балаларды белсендi облыстардың, 2005 жж. сайын 20 шіл. өмiр сүруге тарту мақсатында Астана және деге және облыстық, республикалық Алматы қала. 20 қаңтарға көркемөнерпаздар конкурсын ларының ақпарат ұсыну өткiзiп, суреттер, ұсақ-түйек әкімдері заттар көрмелерiн және т.б. шығармашылық түрлерiн ұйымдастыру 23 Мүгедектердiң шығармашылық Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл жұмыстарының, мүгедектер Астана және 2005 жж. сайын 20 шіл. ұйымдары өнiмдерiнiң көрме- Алматы қала. деге және 20 сатуларын жүйелi түрде өткiзiп ларының қаңтарға отыру әкімдері ақпарат ұсыну 24 Республикалық және аймақтық Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл телемарафондар өткiзудi Астана және 2005 жж. сайын 20 қаң. қамтамасыз ету, оларды өткiзу. Алматы қала. тарға ақпарат ден түскен қаражатты мүгедек. ларының ұсыну терге атаулы әлеуметтік көмек әкімдері, көрсетуге жұмсау МАҚКМ 25 Интернат үйлерiндегi мүгедектер Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл мен қарт адамдардың бос уақытын Астана және 2005 жж. сайын 20 шіл. ұйымдастыру үшiн көркемөнерпаз Алматы қала. деге және 20 ұжымдарын тарту ларының қаңтарға әкімдері, ақпарат ұсыну МАҚКМ 26 Интернат үйлерiнде тұратын Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл мүгедек балалар арасында спорт Астана және 2005 жж. сайын 20 шіл. жарыстарын өткiзу Алматы қала. деге және 20 ларының қаңтарға әкімдері ақпарат ұсыну 27 Мүгедектер арасында жарыстар Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл өткiзу үшiн спорттық арбалар, Астана және 2005 жж. сайын 20 қаң. спорттың қысқы түрiн өткiзу Алматы қала. тарға ақпарат үшін спорт киiмдерi мен ларының ұсыну жабдықтар сатып алу әкімдері 28 Барлық санаттағы мүгедектер Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге жыл арасында спорт бойынша аудандық, Астана және 2005 жж. сайын 20 қаң. қалалық, облыстық жарыстар Алматы қала. тарға ақпарат өткiзу ларының ұсыну әкімдері 29 Мүгедектер арасында республика. ҚР Туризм 2002 ж., ЕХҚМ-ге жыл лық спартакиадалар өткiзу және спорт 2004 ж. сайын 20 қаң. жөніндегі ІІІ тарға қарай агенттігі, тоқсаны ақпарат ұсыну ЕХҚМ, облыс. тардың, Астана және Алматы қала. ларының әкімдері 30 Қазақстан Республикасының ҚР Туризм 2005 ж. ЕХҚМ-ге 2005 Параолимпиадалық ойындарын және спорт ІІІ жылғы 20 жел. өткiзу жөніндегі тоқсаны тоқсанға агенттігі, ақпарат ұсыну ЕХҚМ, облыс. тардың әкімдері 31 Мүгедек спортшылардың ҚР Туризм 2002- ЕХҚМ-ге жыл Параолимпиадалық ойындарға, және спорт 2005 жж. сайын 20 қаң. спорттық фестивальдарға, жөніндегі тарға ақпарат мерекелерге және басқа да агенттігі, ұсыну халықаралық және республикалық облыстардың, спорт жарыстарына, Арнаулы Астана және Олимпиадалық ойындарға Алматы қала. қатысуын қамтамасыз ету ларының әкімдері 32 Мүгедектердi физкультура және ҚР Туризм 2003 ж. ЕХҚМ-ге 2004 спорт құралдарымен оңалтуға және спорт жылғы 20 қаң. арналған әдiснамалық ұсынымдар жөніндегі тарға ақпарат әзiрлеу агенттігі, ұсыну облыстардың, Астана және Алматы қала. ларының әкімдері Кәсіби оңалту 33 Мүгедектерді жеке оңалту Облыстардың, 2003 ж., ЕХҚМ-ге 2004 бағдарламасына сәйкес кәсіби Астана, 2004 ж., жылдың 20 қаң. бағдарлауды қамтамасыз ету Алматы қала. 2005 ж. тарына ақпа. ларының №ІV рат ұсыну әкімдері, тоқсаны БҒМ, ЕХҚМ 34 Кемтар балалар үшiн бiлiм БҒМ, облыс. 2002- ЕХҚМ-ге жыл берудің арнаулы ұйымдар желiсiн тардың, 2005 жж. сайын 20 шіл. дамыту жөнiнде шаралар қабылдау: Астана, деге және 20 - Астана қаласында және балалар Алматы қала. қаңтарға саны 60 мыңнан кем емес респуб. ларының ақпарат ұсыну ликалық маңызы бар қалаларда әкімдері психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациялар; - республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда оңалту орталықтарын; - аудандық орталықтарда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерiн ашу 35 Жеке кәсiпкерлiктi, шағын және Облыстардың, 2002- ЕХҚМ-ге 2003 орта бизнестi дамыту, кадрларды Астана және 2005 жж. жылдан бастап кәсiби дайындау мен қайта Алматы қала. жыл сайын 20 даярлау жыл сайын мүгедектердi ларының қаңтарға қорғау жөнiндегi әлеуметтiк әкімдері ақпарат ұсыну шараларды анықтау арқылы қосымша жұмыс орындарын құру жолымен мүгедектердi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Медициналық оңалту 36 Әйелдер босанатын және ДСМ, БҒМ 2002 ж., ЕХҚМ-ге 2003 амбулаторлық-емханалық 2003 ж., жылдан бастап ұйымдарда "қатерлi" топтағы 2004 ж., жыл сайын балаларды ертерек анықтауды 2005 ж. 20 қаңтарға ұйымдастыру және анықталған ІV және 20 шілде. "қатерлi" топтағы және кемтар тоқсаны ге ақпарат балаларды психологиялық- ұсыну медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу 37 Ұлы Отан соғысының мүгедек. ДСМ 2003 ж. ЕХҚМ-ге 2004 терiне арналған республикалық ІІ жылғы 20 қаң. клиникалық госпиталь базасы тоқсаны тарға ақпарат негiзiнде сумен, балшықпен ұсыну емдеу орындарын қайта жаңғырта отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру 38 Мүгедек балаларды оңалтудың ЕХҚМ-ге 2004 медициналық құрылымдары мен жылғы 20 қаң. ұйымдарының желiсiн дамыту: тарға ақпарат - Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Облыстардың, 2003 ж. ұсыну Атырау облыстарының балалар Астана, ауруханасында 30 - 40 орынды Алматы қала. неврологиялық бөлiмшелердi ларының қалпына келтiру; әкімдері - орталық жүйке жүйесi Облыстардың, 2004 ж. ЕХҚМ-ге 2005 органикалық зақымданған Астана, жылғы 20 қаң. балаларға арнап Ақтөбе, Алматы қала. тарға ақпарат Алматы, Атырау, Шығыс ларының ұсыну Қазақстан, Батыс Қазақстан, әкімдері Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан облыстарында 10 оңалту орталығын ұйымдастыру; - "Балбұлақ" республикалық ДСМ 2003- ЕХҚМ-ге 2003 балаларды оңалту орталығының 2004 жж. жылғы 20 шіл. қуаттылығын, ұйықтайтын деге және ғимаратты қайта құру есебiнен 2004 жылғы 20 50 орынға дейiн кеңейту қаңтарға ақпарат ұсыну 39 Мыналарды: ДСМ 2003- ЕХҚМ-ге жыл - жүйке жүйесi өрескел дерттен. 2004 жж. сайын 20 шіл. ген психосоматикалық жағдайдағы деге және балалардың жүйке-психикалық 20 қаңтарға дамуын бағалау жөнiнде көшпелi ақпарат ұсыну оқу-әдiстемелiк циклдар жүргiзу: - балалардың психикалық және дене дамуының ерте жастағы скринингiне алғаш рет медициналық-санитарлық көмек көрсететiн медбикелердi оқыту 40 Мүгедектердi санаторлық- Облыстардың, 2002- Мәслихаттар. курорттық сауықтыру бойынша Астана және 2005 жж. дың шешімдері жеңiлдiктердi қамтамасыз ету Алматы қала. мен әкімдері. ларының дің қаулылары әкімдері, ЕХҚМ, ДСМ Кадрмен қамтамасыз ету 41 Халықты әлеуметтiк қорғау; ЕХҚМ 2003- ЕХҚМ-ге жыл денсаулық сақтау; ДСМ 2005 жж. сайын 20 қаң. бiлiм беру жүйелерiнде БҒМ тарға ақпарат мүгедектердi оңалту мәселелерi. ұсыну мен айналысатын қызметкерлердi даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру 42 Кәсiпорындар қаражаты есебiнен ЕХҚМ (Орта. 2003 ж., ЕХҚМ-ге жыл протез-ортопедия кәсiпорындары лық экспери. 2004 ж., сайын 20 қаң. қызметкерлерiн даярлауды және ментальді 2005 ж. тарға ақпарат қайта даярлауды ұйымдастыру протездеу ұсыну зертханасы) 43 Үйлерге барып әлеуметтiк қызмет ЕХҚМ, облыс. 2002 ж., ЕХҚМ-ге 2003 көрсететiн бөлiмшелер қызмет. тардың, 2003 ж., жылдан бастап керлерiн қайта даярлауды Астана және 2004 ж., жыл сайын ұйымдастыру Алматы қала. 2005 ж. 20 қаңтарға ларының ақпарат ұсыну әкімдері 44 Медициналық-әлеуметтiк сарап. ЕХҚМ, ДСМ 2003 ж. ЕХҚМ-ге 2004 таудың және мүгедектердi ІV жылғы 20 қаң. оңалтудың маңызды мәселелерi тоқсаны тарға ақпарат бойынша практикалық ұсыну конференциялар өткiзуді ұйымдастыру ___________________________________________________________________________ * Мүгедектердi оңалту бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2002 жылға және одан кейiнгi жылдарға арнап көзделген шығыстар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезiнде түзетіліп отыратын болады. Мамандар: Қасымбеков Б. Омарбекова А.