Мүгедектердің жоғалтқан қарекетiнің орнын толтыру, тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметке қабiлетiн қалпына келтiру және мүгедектердің қоғамға мейлiнше толығырақ кiрiгуiне септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар:
1) Бағдарламаны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне 2002 жылдан бастап жылына екi рет - әр жылдың 20 қаңтарына және 20 шілдесiне ақпарат берiп отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі жыл сайын 25 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1758 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектердi оңалтудың
2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы
Астана, 2001 жыл
1. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға
арналған бағдарламасының паспорты
Бағдарламаның Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға
|
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы
әзiрлеу үшiн 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекiтiлген
негiздеме Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000-2002
жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге
асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары
(4.1.3.3. тармақ)
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
бастамашысы әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Бағдарламаның Бағдарламаның негiзгi мақсаты және мiндеттерi -
мақсаты мен мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға
міндеттерi жан-жақты кiрiгуiне мүмкiндiктер беру, кіріптарсыз
тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау,
мүгедектiк деңгейiн азайту.
Негiзгi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
орындаушылар әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Бiлiм және ғылым
министрлiгi, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
жөнiндегi агенттiгi, облыстардың, Астана, Алматы
қалаларының әкiмдері
Бағдарламаның Бағдарлама мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк,
негiзгi кәсiби оңалту мекемелерінің желiлерiн дамыту мен
iс-шаралары олардың материалдық-техникалық базасын нығайту,
мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету және
оларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз
ету, мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым
объектілерiн кедергiсiз пайдалану мүмкіндiгiн жасау,
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм
беру жүйелерiнде мүгедектердi оңалту мәселелерiмен
айналысатын қызметкерлердi даярлау мен біліктілігiн
арттыру жөнiндегi ұйымдастырушылық iс-шараларын
жүзеге асыруды көздейдi
Бағдарламаны Мүгедектердi оңалту бағдарламасы 2002-2005
iске асыру жылдарға арналып жасалған
мерзiмi
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және
көздерi мен жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан
көлемi Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да
қаржы көздерiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асырудың 2002 жылдан 2005 жылға
дейiнгi барлық кезеңiне қаржыландыру үшiн 3,98 млрд.
теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 2,0 млрд.
теңге, жергiлiктi бюджеттен 1,98 млрд. теңге қажет
болады. <*>
Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының
iске асырудан көлемiн ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждарын
күтiлетiн ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз
нәтижелер етуге мүмкiндiк бередi, мүгедектердiң тұрмыстық,
қоғамдық, кәсiби қызметінде қабiлетiн қалпына
келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемінде
iске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн
жылдамдатуға көмектеседi.
Ескерту. 1-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.15. N 20
қаулысымен.
___________________________________________________________________________
2. Кiрiспе
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуiне Қазақстан Республикасының
Конституциясында
, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларында кепiлдiк берiлген.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау шараларының бiрi - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетiн, өзiне өзi қызмет ету, кәсiби қызметтiң әр түрiне қабiлетiн қалпына келтiруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық iс-шаралар кешенiнен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн әрi олардың құқықтары мен қабiлет мүмкiндiктерiн iске асыруын қамтамасыз ететiн оңалту болып табылады.
Мүгедектердi оңалту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi және елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы ескерiлiп жасалды.
3. Қазақстандағы мүгедектiлiктiң жай-күйiн талдау
Республикада барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың мүгедек, соның iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа толмаған мүгедек бала, бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа да мүгедектер тұрады. Бұл цифрлар, мүгедектiктiң бұдан әрi осылайша көбеюi денi сау халықтың өсiмiнің азаю қаупiн туғызып, республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының құлдырауына соқтыруы мүмкiн деген тұжырымға келтiредi.
Алғаш рет мүгедектiкке ұшыраудың 1998-2000 жылдар
iшiндегi көрсеткiшi
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл
___________________________________________________________________________
Ересек адамдар арасында алғаш
рет мүгедек деп танылғандар, 55145 49683 46133
оның iшiнде әйелдер 22504 20515 18892
Алғаш рет мүгедек деп танылған
адамдардың iшiнде:
қалалық жерде тұратындар, 32073 28499 26138
оның iшiнде еңбекке жарамды
жастағылар 24473 22504 21416
Ауылда тұратындар, 23072 21184 19995
оның iшiнде еңбекке жарамды
жастағылар 20212 19059 18215
Алғаш рет мүгедек деп
танылғандардың iшiнде жұмыс
iстейтiндер 14752 10930 8979
___________________________________________________________________________
Төменде мүгедектiк топтары бойынша алғаш рет мүгедек деп танылғандар саны туралы мәлiмет келтiрiлдi:
___________________________________________________________________________
Мүгедектік тобы 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл
___________________________________________________________________________
І топ 5952 4909 4801
ІІ топ 33058 27452 25302
ІІІ топ 16135 17322 16030
___________________________________________________________________________
Мүгедектіктің негізгі себептері:
___________________________________________________________________________
Мүгедектiк себебi 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл
___________________________________________________________________________
жалпы аурудан 46417 41560 38188
еңбек жарақатынан 656 516 479
кәсiби аурудан 163 111 111
бала кезiнен мүгедек 6424 6518 5524
___________________________________________________________________________
Алғаш рет мүгедектiкке ұшырау құрылымында бiрiншi орында қан айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк - 18,6 пайыз, екiншi орында зиянды iсiктерден мүгедектiк - 14,1 пайыз, үшiншi орында психиканың бұзылуынан - 12,1 пайыз және төртiншi орында - барлық орын алған жарақаттардан 11,9 пайыз.
Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктің көбеюiне әлеуметтiк және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етедi.
Соңғы екi жыл iшiнде балалар арасындағы мүгедектiк 16 пайызға өсiп кеттi. Республикада 16 жасқа дейiнгi 49,8 мың мүгедек бала және бала кезiнен 58,8 мың мүгедек тұрады. Балалардың мүгедектiкке ұшырауына итермелейтiн факторлардың iшiнде мыналарды бөлiп көрсетуге болады: биологиялық - ата-анасының созылмалы, туа бiткен және генетикалық ауруларының жоғары деңгейде болуы, перинаталдық кезеңнің патологиясы; медициналық-ұйымдастырушылық - ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан бастап мүгедектiк белгiленiп, оңалтудың басталуына дейiнгi кезеңнің ұзақтығы; әлеуметтiк-орта - экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтiк жағдайы нашар отбасылар.
Мүгедектiктiң өсе түсуi жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік проблемалары өткiр сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметiн тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшiн халықты әлеуметтiк қорғау денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн бiрiктiру қажет.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн арнайы жағдайлар қажет. Республикада көзi нашар көретiн балаларға арналған 8 мектеп бар, оларда көзi нашар көретiн 1240 бала оқиды және 2706 баланы қамтитын есту қабiлетi нашар балаларға арналған 19 мектеп бар. Бұл оқу орындары аудиторияларды сымсыз сыныптармен арнайы жабдықтауды қажет етедi. 2001 жылы алғаш рет Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi есту қабiлетi нашар балалар оқитын 9 мектепке 18 сымсыз сыныптар жиынтығын сатып алды, бұл арнаулы мектеп-интернаттарда оқитын есту қабiлетi нашар балалар үшiн тым мардымсыз.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша тәрбие мен бiлiмдi үйлерiнде алуына болады. Қазiргi кезде 2270 мүгедек бала үйiнде оқытылуда. Оларды оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн оларға 3711 теңге мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген I және II топтағы мүгедектердiң, олардың денсаулық жағдайын ескергенде, өздерiнің отбасы тұратын жерде жұмысқа тұруға мүмкiндiгi бола бермейдi.
Мүгедектердiң еңбегiн дәстүрлi пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып қалды немесе өндiрiсiн тоқтатты. Мүгедектер үшiн жаңа жұмыс орындары құрыла бермейдi. Кәсiпорын әкiмшiлерi еңбек рыногында еңбекке жарамды адамдар тарапынан ұсыныстар көп түсетiндiктен, түрлi сылтауларды желеу етiп, жұмыс iстейтiн мүгедектердi қысқартады.
Бос орындар мүгедектерге тым сирек берiледi. Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн болатын жұмыс орындарының есебi жүйелi жүргiзiлмейдi. Осыған байланысты, ұйымның қағидаттары, инвестициялау көздерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, мүгедектер үшiн жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрiнде (бар болуы, сақталуы, өзгеруi, жаңаларын құру) жұмыс орындары банкiн құру қажет.
Өздерінің өнiмдерiне мемлекеттiк сатып алудың тоқтатылуынан, мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң арнаулы кәсіпорындарының жағдайы қиындап кеттi. Өткiзу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап кетуiнен бұл кәсіпорындар бәсекелестiкке жарамай қалды.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы
Заңына
, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi
Заңына
, басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде, протез-ортопедиялық бұйымдармен және аяқ киiммен, арнаулы қарпі бар баспа өнімдерiмен, дыбыс күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрiнде берiледi.
Қазақстан Республикасының барлық мүгедектерi мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде төленедi:
I топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш, III топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға - 3 айлық есептiк көрсеткiш, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 4650 теңгенi, 3100 теңгенi және 2325 теңгенi құрады.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған мерзiмдi әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектерге, азаматтық немесе әскери нысандағы ядролық объектiлердегi апат салдарын жою кезінде немесе ядролық объектілердегi апатты жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға, экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткiзу кезiндегi радиацияның әсер етуi себебiнен және/немесе осылардың салдарынан болған мүгедектерге себеп-салдары анықталған жағдайда:
I топтағы мүгедектерге - 8 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 6200 теңге, 4650 теңге, 3875 теңге болды.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер қатарындағы (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқа) мүгедектерге, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерi қатарындағы мүгедектерге:
I топтағы мүгедектерге - 15 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 11625 теңге, 7750 теңге, 5425 теңге болды.
1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан болған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын және тұрғын үйдi ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленіп келедi.
I және II топтардағы мүгедектерге берiлетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерi 1,4 айлық есептік көрсеткiштi немесе 1085 теңгенi, III топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 465 теңгенi және 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 0,9 айлық есептiк көрсеткішті немесе 697 теңгенi құрайды.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға 5,7 айлық есептiк көрсеткiш немесе 4389 теңге мөлшерiнде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен өз құзыретi шегiнде:
тұтыну бағасы индексiнiң өсуiне қарай мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша ақы;
бөгде адамның көмегiне мұқтаж жалғызіліктi мүгедектердi күту үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы;
санаторлық-курорттық емдеу жеңiлдiктерiн белгiлейдi.
Жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдар жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған басқа да шешiмдердi қабылдайды.
Республикада қарттар мен мүгедектерге арналған 15604 орынды 70 интернат үйi жұмыс iстейдi, олардың ішінде 7042 орынды 25 интернат үйi - психикалық-неврологиялық ауруларға, 2721 орынды 17 интернат үйi мүгедек балаларға арналған. Жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау үшiн үйлерге барып көмек көрсететiн 309 әлеуметтiк көмек бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар 31632 жалғызіліктi қарт азаматқа, оның iшiнде 8471 мүгедекке қызмет көрсетедi.
28 мыңнан астам азамат протез-ортопедиялық көмекке, 60 мыңнан астам құлағы нашар еститiн мүгедек - сурдотехникаға, 19 мыңнан астам көзi нашар көретiн мүгедек тифлоқұралдарға мұқтаж.
2000 жылы 12017 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 5797 мүгедек протез-ортопедиялық аяқ киiмдермен, 3180 мүгедек есту аппараттарымен, 5100 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етiлдi.
Мүгедектердi протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің практикасын талдау бұйымдар сапасының төмендiгiн ғана емес, бiрқатар ұйымдастырушылық проблемаларын да көрсетiп отыр. Қазақстанда протездеу мен протез жасау проблемаларына зерттеу жүргiзетiн бiр де бiр ғылыми-зерттеу институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық деректер негiзiнде ғана жүргiзiледi және негiзiнен екi факторға: мүгедектiң барабар сезiнуiне және протез жасаушының сауатты әрекетiне тәуелдi.
Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай келетiн протез-ортопедия құралдарымен мейлiнше толығырақ қамтамасыз ету, республикалық мемлекеттiк протез-ортопедия кәсiпорындарын басқарудың құрылымын оңтайландыру, протез салу мен протез жасауда зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу, қол және аяқ буындары протездерiне қажеттi түйiндер мен бөлшектер өндiрiсi бойынша импорт алмастырушы жаңа конструкциялар мен әзiрлемелердi енгiзу мақсатында жұмыс iстеп тұрған протез-ортопедиялық кәсiпорындарын қайта құру көзделуде.
2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Ұлы Отан соғысының 459 мүгедегi автокөлiкпен қамтамасыз етiліп, 910 мүгедек кресло-қораптар алды.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi.
Оңалтудың техникалық құралдары жоғалтқан қарекеттерiн түзеуге немесе орнын толтыруға, оның iшiнде өзiне өзi қызмет көрсетуге арналған бейiмдеу құралдарынан тұрады (тамақ ішу үшiн - асханалық аспаптарды кигiзiп бекiтуге арналған белбеушелер, крандар, газ және электроплиткаларына арналған тұтқалар, арнайы асханалық аспаптар және зағип адамдар үшiн икемдеу құралдары); санитарлық-гигиеналық процедураларды орындау үшiн тұрмыстық бейiмдеу құралдарынан (тiс мәуесегiн, сабынды, жөкенi, тарақты, электр ұстарасын кигiзiп, бекiтетiн белбеушелер, тiс пастасын қысып шығаруға, су крандарын, душты ашуға, киiмдердi, шұлық-ұйықтарды, аяқкиiмдi киіп, шешуге бейiмдеу құралдары); жылдамырақ және ақырын жүруге арналған құралдардан (қолмен басқарылатын автомобиль, бөлме iшiнде жүретiн, серуендейтiн кресло-қораптар, екi аяғы жоқ мүгедектер үшiн шағын қораптар, балдақтар, таяқтар); мүгедектердің естуiн түзеу және коммуникациялық қолдау құралдарынан (Брайло бойынша хат жазуға арналған машинкалар, оқуға арналған дүрбiлер, "сөйлей бiлетiн кiтап" үшiн арнайы магнитофондар, домофондар; тербеткіш қоңыраулы сағаттар, арнайы диктофондар, жылжымалы жолдары бар немесе дыбысы күшейтiлген телефон аппараттары) тұрады.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының мүгедектердің тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiне көтерiлуiн қамтамасыз етудi көздейтiн 8-бабы да жүзеге асырылмай отыр. Бұл бiрiншi кезекте, ғимараттардың есiгi мен көшелердің жерасты өткелдерiне қойылатын пандустарға қатысты.
Тұтастай алғанда "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының баптарының көпшiлiгi орындалмай отыр, бiрқатар баптар құрғақ сөз күйiнде қалуда, заң баптарының шарттарын орындамағаны үшiн берiлетiн жазалар анықталмаған.
Мүгедектердiң демалысы мен спортпен айналысуын ұйымдастыру бойынша оларды нақты кепілдіктермен қамтамасыз ету жөнiндегi проблемаларды шешудi, аталған бағытта мүгедектермен жұмыс iстейтiн кадрларды даярлаудың тәртiбi мен шарттарын анықтауды нормативтiк тәртіпте жүргiзген жөн.
Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерiн өздерiнің жеке проблемаларын шешуге олардың өздерiн тiкелей тарту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту мүгедектердi әлеуметтік оңалту жоспарының маңызды бағыттарының бiрiнен саналады, онда жоғалтқан қарекеттерiн қалпына келтiру және орнын толтыру үшiн базалық даярлық, өзiн өзi күту, өзiне өзi қызмет көрсету бойынша консультациялар беру көздеген дұрыс.
Бағдарламаның iс-шаралар жоспарының жобасында "Мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау көзделген.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты - мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға жан-жақты кiрігуiне мүмкіндiктер беру, кiрiптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, мүгедектiк деңгейiн азайту.
Бағдарламаның міндеттерi мыналар болып табылады:
мүгедектiктiң азаюын қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
мүгедектерге оңалту және басқа да техникалық құралдар мен медициналық, әлеуметтік және кәсiби оңалту бойынша қызметтердің кепiлдiкті тiзбесiн беруден тұратын мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мүгедектердi кешендi оңалтуды дамыту, оңалту мекемелерінің жүйелерiн дамыту мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша практикалық iс-шараларды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау, бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт жүйесiнде мүгедектерге арналған iс-шаралар мен қызметтердiң тiзбелерiн және ауқымын кеңейту;
бiлiм беру, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт ұйымдарының мүгедектердi оңалту мәселелерi жөнiндегi жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетілдіру;
мүгедектерге өзiнің шығармашылық қабiлетiн пайдалануға, хореография, музыка, әдебиет, театр, сурет, мүсiндеумен, өнердің басқа да түрлерiмен айналысуға мүмкiндiктер беру мақсатында кәсiби даярлықты қамтитын iс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтiк-экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен жұмыспен қамту саласында мүгедектердi қосымша кепілдiктермен қамтамасыз ету;
мүгедектердің кедергiсiз жүріп-тұруына және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiруiне жәрдемдесу жөнiнде iс-шаралар өткiзудi қамтамасыз ету;
мүгедектердiң сұранысын ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарымен, сондай-ақ сурдоаударма бойынша қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету;
мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту мәселелерi бойынша мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
оңалту жүйесiн құқықтық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi жетілдiру.
5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары және
оны iске асырудың тетiгi
Бағдарламаның негiзгi бағыттары:
1. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық база жасау, оларға қоғамға жан-жақты кiрiгуi үшiн мүмкiндiктер беру, кiріптарсыз тұрмыс салты үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету.
2. Ағзаның жетiлуiндегi бұзылушылықтарды ерте анықтаудың тиiмдiлiгiн арттыру:
әйелдер босанатын және амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы "қатерлi" топтағы балаларды ерте анықтау және оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу;
мүгедектiктің алдын алу мақсатында оның басталуы және көбеюi себептерiн тексеру бойынша зерттеулер ұйымдастыру.
3. Мүгедектердi кешендi оңалтудың жүйесiн құру:
мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсiби оңалтуды жетілдіру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестiру;
мүгедектердi санаторлық-курорттық емдеудi ұйымдастыру;
мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмiрiн жеңiлдететiн оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
оңалту мекемелерiнің желiсiн дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге, мүгедек балаларға арналған арнаулы түзеу арқылы бiлiм беру ұйымдарының жүйесiн сақтау және кеңейту;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар құру арқылы Астана қаласында, балалар саны кемiнде 60 мың болатын республикалық маңызы бар қалаларда диагностикалық-консультациялық қызметтер жүйесiн кеңейту;
мемлекеттiк теледидар арнасында ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармаларын ұйымдастыру;
мүгедектерді кәсіптік даярлау, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мүгедектердi қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтау;
мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiруiн қамтамасыз ету.
4. Мүгедектердi белсендi өмiр салтына тарту:
мүгедектердің спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар үйiрмелерiне, сурет және басқа да шығармашылық конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету.
5. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру салаларында мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру.
6. Мүгедектер проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.
6. Бағдарламаны iске асыруды қаржылық қамтамасыз ету
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Бағдарламаны 2002 жылдан 2005 жылға дейiн қаржыландыру үшiн 3,98 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,0 млрд. теңге, жергiлiктi бюджеттен 1,98 млрд. теңге қажет болады. <*>
Республикалық бюджетте протездеуге, мүгедектердi сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етуге және мемлекеттік тапсырыс шеңберiндегi басқа да iс-шараларға қаржы көзделдi. Жыл сайынғы республикалық бюджет шығыстары орта есеппен 501,2 млн. теңгенi, оның iшiнде 2002 жылы - 355,0 млн. теңгенi, 2003 жылы - 512,2 млн. теңгенi, 2004 жылы - 509,0 млн. теңгенi және 2005 жылы 628,7 млн. теңгенi құрайтын болады.
Жергiлiктi бюджеттен жұмсалатын шығындар 2002 жылы 250,5 млн. теңгенi, 2003 жылы - 655,8 млн. теңгенi, 2004 жылы - 697,5 млн. теңгенi, 2005 жылы - 379,0 млн. теңгенi құрайды. <*>
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен көзделген iс-шаралар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiлген.
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттарының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеу және қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Ескерту. 6-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.15. N 20
қаулысымен.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру оңалту iс-шараларының ауқымын ұлғайтуға, мүгедектердi жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсiби қызметiнде қабiлетiн қалпына келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемiнде іске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн жылдамдатуға мүмкiндiк бередi.
8. Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.01.15. N 20 қаулысымен.
__________________________________________________________________
Р/с! Іс-шара ! Аяқталу! Орындау !Орындау!Болжалды !Қаржы.
N ! ! нысаны ! (іске !(іске !шығыстар !ландыру
! ! ! асыру) ! асыру)! (мың !көзі
! ! ! үшін !мерзімі! теңге) !
! ! ! жауапты ! ! !
__________________________________________________________________
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
__________________________________________________________________
Әлеуметтік оңалту
__________________________________________________________________
1 "Қазақстан Респуб. Қазақстан ЕХҚМ 2003 ж. Шығындар. -
ликасында мүгедек. Республи. IV ды талап
тердi әлеуметтiк касы тоқсаны етпейді
қорғау туралы" Заңының
Қазақстан Респуб. жобасы
ликасы Заңының
жобасын әзірлеу
2 Жергiлiктi Әкімдіктің Облыстар. 2003 ж. Шығындар. -
атқарушы қаулысы дың, ІІІ ды талап
органдардың Астана тоқсаны етпейді
жанынан Мүгедектер және
iстерi жөнiндегi Алматы
кеңестер құру қалалар.
ының
әкімдері
3 Протез-ортопедия ЕХҚМ ЕХҚМ 2002 ж. Шығындар. -
кәсiпорындарын бұйрығы І ды талап
медициналық тоқсаны етпейді
стационарлармен
қосу және протез-
ортопедия орта.
лықтарын құру
жолымен оларды
басқару құрылымын
оңтайландыруды
жүзеге асыру
4 Осы заманғы ЕХҚМ ЕХҚМ 2002 ж. Шығындар. -
технологиялар бұйрығы ІІ ды талап
бойынша жасалатын тоқсаны етпейді
протездермен
қамтамасыз етудi
көздей отырып,
Қазақстан
Республикасының
халқына протез-
ортопедия көмегін
берудiң қолданылып
жүрген тәртiбiн
жетiлдiру
5 Облыстарда жұмыс ЕХҚМ-ге ЕХҚМ (про. 2003 2003 ж. Жергі.
iстейтiн протез жыл сайын тез-ортопе. -2005 -1100,0 лікті
шеберханаларын 20 қаң. дия орта. жж. бюджет
нығайту жөнiнде тарға лықтары),
қосымша шаралар ақпарат облыстар.
қабылдау. беру тардың,
Астана және
Алматы қа.
лаларының
әкімдері
6 Протездеу мен ЕХҚМ-ге ЕХҚМ (про. 2002- 2002 ж.- Респуб.
ортездеудi, жыл сайын тез-ортопе. 2005 143232,0 ликалық
ортопедиялық аяқ 20 қаң. дия орта. жж. 2003 ж.- бюджет
киiмдермен, тарға лықтары) 297491,0
ортопедиялық ақпарат 2004 ж.-
аппараттармен, беру 297491,0
корсеттермен және 2005 ж.-
басқа да протез- 297491,0
ортопедия
бұйымдарымен (ПОБ)
қамтамасыз етудi
жүзеге асыру,
ПОБ жөндеу, осы
заманғы
технологиялар
бойынша
протездеумен және
ортездеумен
байланысты
қызметтер көрсету
7 Мүгедектердi: ЕХҚМ-ге Облыстар. 2002 ж., 2002 ж.- Жергі.
- техникалық жыл сайын дың, 2003 ж., 60105,0 лікті
құралдармен, 20 қаң. Астана 2004 ж., 2003 ж.- бюджет
әртүрлi тарға және 2005 ж., 58794,0
модификациядағы ақпарат Алматы IV 2004 ж.-
кресло-қораптармен беру қалалар. тоқсаны 60313,2
қамтамасыз ету ының 2005 ж.-
әкімдері 31264,4
8 Құлағы кемiс ЕХҚМ-ге ЕХҚМ (Рес. 2002 ж., 2002 ж.- Респуб.
еститiн жыл сайын публикалық 2003 ж., 91941,0 ликалық
мүгедектердi 20 қаң. есту қабі. 2004 ж., 2003 ж.- бюджет
сурдотехникамен тарға летін 2005 ж., 92588,0
қамтамасыз ету ақпарат түзеу ІV 2004 ж.-
беру орталығы) тоқсаны 92588,0
2005 ж.-
92588,0
9 Көзi көрмейтін Жыл сайын ЕХҚМ 2002 ж., 2002 ж.- Респуб.
мүгедектердi 20 қаң. 2003 ж., 65046,0 ликалық
тифлотехникамен тарға 2004 ж., 2003 ж.- бюджет
және коммуника. мәліметтер 2005 ж., 65046,0
циялық қолдау даярлау IV 2004 ж.-
құралдарымен тоқсаны 65046,0
қамтамасыз ету 2005 ж.-
65046,0
10 Республика ЕХҚМ-ге ЕХҚМ (про. 2002- Эксим-
кәсiпорындарында 2003 тез-ортопе. 2005 жж. банктің
осы заманғы жылдан дия орта. кредит.
талаптарға сай бастап лықтары), тік ре.
келетiн қол және жыл сайын ИСМ сурстары
аяқ протездерiне 20 қаңтар.
жинақтаушы ға
түйiндер мен ақпарат
бөлшектердi беру
шығаратын импорт
алмастырғыш
технологияларды
енгiзудi
ұйымдастыру
11 Кiру жолдары мен ЕХҚМ-ге Облыстар. 2002- 2002 ж.- Жергі.
пандустар жыл сайын дың, 2005 900,0 лікті
жасауды, 20 шіл. Астана жж. 2003 ж.- бюджет
мүгедектер деге және және 69284,0
қораптары жүре 20 Алматы 2004 ж.-
алатын құрылғылар қаңтарға қалалар. 80884,0
әзiрлеудi ақпарат ының 2005 ж.-
қамтамасыз ету, беру әкімдері, 1018,0
тұрғын үй, меншік
қоғамдық және нысанына
өндiрiстiк қарамастан
ғимараттарға, кәсіпорын.
әлеуметтiк дар мен
инфрақұрылым ұйымдардың
объектiлерiне басшылары
мүгедектер кiре
алатындай жағдай
жасау
12 Мүгедектерге ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- 2002 ж. Жергі.
қызмет көрсететiн жыл сайын Астана және 2005 жж. -1673,0 лікті
мекемелер 20 шілдеге Алматы қала. 2003 ж. бюджет
орналасқан және 20 ларының -71555,0
жерлерде, қаңтарға әкімдері 2004 ж.
сондай-ақ ақпарат -71270,0
мүгедектер болуы беру 2005 ж.
мүмкiн, адам -751,0
көп жүретiн
жерлерде
синхронды дыбыс
сигналы бар
арнайы бағдаршам.
дар, жол
белгiлерi мен
көрсеткiштерiн
жасап, орнату
13 Әрбiр облыс ЕХҚМ-ге Облыстар. 2002- 2003 ж. Жергі.
орталығында жыл сайын дың, 2005 - 6137,2 лікті
дыбысты 20 шілде. Астана жж. 2004 ж. бюджет
құрылғылары бар, ге және және - 640,0
жаяу адамдар 20 қаң. Алматы 2005 ж.
жүретiн жолдар тарға қалаларының - 752,0
салу ақпарат әкімдері
беру
14 Қолданылып жүрген Құрылыс ИСМ 2002 Шығындар. -
құрылыс нормалары істері (Құрылыс ж. ды талап
мен ережелерiне жөніндегі істері ІІІ етпейді
(ҚНжЕ) өзгерiстер комитет. жөніндегі тоқ.
енгiзу, жаңа тің комитет) саны
құрылыс нормалары бұйрығы
мен ережелерiн
(ҚНжЕ), техникалық
шарттарды (ТШ)
және көлiк пен
тиiстi көлiк
инфрақұрылымының,
ғимараттардың,
құрылыстардың,
тұрмыстық құралдар
мен техникалардың,
кәсiпорындардағы
жұмыс орындарының
мүгедектерге
лайықты болуын
көздейтiн басқа да
нормативтiк-құқықтық
құжаттарды әзiрлеу
мен бекiту
15 Жобалар әзiрлеуге, ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002 Шығындар. -
сондай-ақ жыл сайын Астана және -2005 ды талап
ғимараттар, 20 шілде. Алматы қала. жж. етпейді
құрылыстар, ге және ларының
жолдар, көлiк, 20 әкімдері
байланыс қаңтарға
объектiлерiн ақпарат
салуға беру
мемлекеттiк
тапсырыстарды
орналастырған
кезде, көлiк және
өзге қызмет көрсету
түрлерiн ұсынған
кезде мүгедектердің
әлеуметтiк
инфрақұрылымға
кедергiсiз кiруiн
қамтамасыз ету
қажеттiгiн
конкурстық
құжаттама
талаптарының бiрi
етiп белгілеу
16 Көлiк пен Қазақстан ККМ 2002 Шығындар. -
байланыстағы Республика. ж. ды талап
кәсiпкерлiк қызмет сының ІІІ етпейді
субъектiлерiн Үкіметі тоқ.
лицензиялау қаулысының саны
бойынша жобасы
нормативтiк
құжаттарға
өзгерiстер енгiзу
лицензия берiлетiн
қызметтi көлiк пен
байланыста жүзеге
асыру үшін өтiнiш
берушiге қойылатын
біліктілік
талаптарына
лицензиаттар
көрсететiн
қызметтерге
мүгедектердiң
кедергiсiз баруын
көздейтін
мүліктердің, құрал
-жабдықтардың
болуы
мiндеттілігiн
белгiлейтін
ережелермен
толықтыру
17 Мемлекеттiк Ақпараттық МАҚКМ 2003 1725,0 Респуб.
телеарнада бағдарла. ж. ликалық
ақпараттық малардың бюджет
бағдарламалардың сурдоаудар.
сурдоаудармасын масымен
ұйымдастыру эфирге
шығуы
18 "Ардагер" Жыл сайын ЕХҚМ 2002- 2002 ж. - Респуб.
республикалық 20 2005 49790,0 ликалық
пансионатында қаңтарға ж.ж. 2003 ж. - бюджет
ардагерлер мен мемтапсырыс. 51590,0
мүгедектер үшін тың орында. 2004 ж. -
санаторлық- луы туралы 51590,
курорттық емдеудi есеп беру 2005 ж. -
және оңалтуды 51590,0
қамтамасыз ету
19 Щучье-Бурабай Жыл сайын ЕХҚМ 2001-
курорт аймағында 20 2005
мүгедектер мен қаңтарға ж.ж.
ардагерлердi мемтапсырыс. IV
санаторлық- тың тоқсаны
курорттық емдеудi орындалуы
және оңалтуды туралы есеп
қамтамасыз ету беру
20 Мемлекеттiк Конкурс ЕХҚМ 2002 036 "Жұ. Респуб.
тапсырыс өткізу ж. IV мыспен ликалық
шеңберiнде тоқ. қамту, бюджет
"Мүгедектердi саны әлеумет.
оңалту жөнiндегі тік сақ.
мемлекеттiк тандыру
бағдарламаларды және еңбек
жоспарлау және және нор.
іске асыру үшiн мативтік
мүгедектер туралы құжаттар.
деректер банкiн ды
құру жөнiнде әзірлеу
нормативтiк- мәселе.
әдiстемелiк лері
ұсынымдар" жобасын бойынша
әзiрлеуге конкурс зерттеу.
жариялау лер"
бағдар.
ламасы
бойынша
бөлінетін
қаражат
есебінен
21 Мүгедектерді ЕХҚМ-ге СІМ, ЕХҚМ, 2002 Шығындар. -
оңалту, жыл сайын ДСМ, БҒМ -2005 ды талап
мүгедектердi 20 ж.ж. етпейді
оңалтуға қатысты қаңтарға
жобалар мен ақпарат
шараларға қолдау беру
көрсету
мәселелерi
бойынша БҰҰ-мен,
Халықаралық еңбек
ұйымымен,
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау
ұйымымен, ЮНЕСКО,
ЮНИСЕФ, үкiметтік
емес ұйымдармен
ынтымақтастықты
дамыту
22 Мүгедектердi, ЕХҚМ-ге ЕХҚМ, БҒМ 2002 2002 ж.- Жергі.
оның iшiнде жыл сайын облыстар. -2005 400,0 лікті
мүгедек-балаларды 20 шілдеге дың, Астана ж.ж. 2003 ж.- бюджет
белсендi өмiр және 20 және Алматы 2344,3
сүруге тарту қаңтарға қалаларының 2004 ж.-
мақсатында ақпарат әкімдері 1915,0
облыстық, беру 2005 ж.-
республикалық 986,1
көркемөнерпаздар
конкурсын өткiзiп,
суреттер, ұсақ-
түйек заттар
көрмелерiн және
т.б. шығармашылық
түрлерiн
ұйымдастыру
23 Мүгедектердiң ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- Шығындар. -
шығармашылық жыл сайын Астана және 2005 ды талап
жұмыстарының, 20 шілде. Алматы қала. ж.ж. етпейді
мүгедектер ге және ларының
ұйымдары 20 әкімдері
өнiмдерiнiң қаңтарға
көрме-сатуларын ақпарат
жүйелi түрде беру
өткiзiп отыру
24 Республикалық және ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- 2003 ж. Респуб.
аймақтық жыл сайын Астана және 2005 -3568,4 ликалық
телемарафондар 20 Алматы қала. ж.ж. -респуб. және
өткiзудi қаңтарға ларының ликалық жергі.
қамтамасыз ету, ақпарат әкімдері бюджет лікті
оларды өткiзуден беру бюджет.
түскен қаражатты тер
мүгедектерге
атаулы әлеуметтік
көмек көрсетуге
жұмсау
25 Интернат ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- 2003 ж. Жергі.
үйлерiндегi жыл сайын Астана және 2005 - 50,0 лікті
мүгедектер мен 20 Алматы қала. ж.ж. 2004 ж. бюджет
қарт адамдардың шілдеге ларының - 50,0
бос уақытын және 20 әкімдері 2005 ж.
ұйымдастыру үшiн қаңтарға - 50,0
көркемөнерпаз ақпарат
ұжымдарын тарту беру
26 Интернат үйлерінде ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- Шығындар. -
тұратын мүгедек жыл сайын Астана және 2005 ды талап
балалар арасында 20 шілде. Алматы қала. ж.ж. етпейді
спорт жарыстарын ге және ларының
өткізу 20 әкімдері
қаңтарға
ақпарат
беру
27 Мүгедектер ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- 2002 ж.- Жергі.
арасында жарыстар жыл сайын Астана және 2005 500,0 лікті
өткiзу үшiн 20 Алматы қала. ж.ж. 2003 ж.- бюджет
спорттық арбалар, қаңтарға ларының 1750,0
спорттың қысқы ақпарат әкімдері 2004 ж.-
түрiн өткiзу беру 3000,0
үшін спорт 2005 ж.-
киiмдерi мен 1000,0
арнаулы жабдықтар
сатып алу
28 Барлық санаттағы ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- 2002 ж.- Жергі.
мүгедектер арасын. жыл сайын Астана және 2005 4250,0 лікті
да спорт бойынша 20 Алматы қала. ж.ж. 2003 ж.- бюджет
аудандық, қалалық, қаңтарға ларының 2920,0
облыстық жарыстар ақпарат әкімдері 2004 ж.-
өткiзу беру 3927,0
2005 ж.-
634,0
29 Мүгедектер ЕХҚМ-ге ҚР Туризм 2002 ж. 2002 ж. Респуб.
арасында жыл сайын және спорт ІІІ -5000,0 ликалық
республикалық 20 жөніндегі тоқсаны бюджет
спартакиада қаңтарға агенттігі,
өткiзу ақпарат ЕХҚМ,
беру облыстардың,
Астана және
Алматы қала.
ларының
әкімдері
30 Қазақстан ЕХҚМ-ге ҚР Туризм 2005 ж. 5000,0 Респуб.
Республикасының 2005 және спорт ІІІ ликалық
Параолимпиадалық жылғы 20 жөніндегі тоқсаны бюджет
ойындарын желтоқ. агенттігі,
өткiзу санға ЕХҚМ,
ақпарат облыстардың,
беру Астана және
Алматы қала.
ларының
әкімдері
31 Мүгедек ЕХҚМ-ге ҚР Туризм 2002- 2002 ж. Жергі.
спортшылардың жыл және спорт 2005 -6420,0 лікті
Параолимпиадалық сайын 20 жөніндегі ж.ж. 2003 ж. бюджет
ойындарға, қаңтарға агенттігі, -7094,0
спорттық ақпарат облыстардың, 2004 ж.
фестивальдарға, беру Астана және -7547,0
мерекелерге және Алматы қала. 2005 ж.
басқа да ларының -3561,0
халықаралық және әкімдері
республикалық
спорт жарыстарына,
Арнаулы
Олимпиадалық
ойындарға
қатысуын
қамтамасыз ету
32 Мүгедектердi дене ЕХҚМ-ге ҚР Туризм 2003 ж. Шығындар. -
шынықтыру және 2004 жылғы және спорт ды талап
спорт құралдары. 20 жөніндегі етпейді
мен оңалтуға қаңтарға агенттігі,
арналған ақпарат облыстардың,
әдiстемелік беру Астана және
ұсынымдар Алматы қала.
әзiрлеу ларының
әкімдері
__________________________________________________________________
Кәсіби оңалту
__________________________________________________________________
33 Мүгедектерді жеке ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- 2002 ж. Жергі.
оңалту жыл сайын Астана және 2005 -24222,0 лікті
бағдарламасына 20 қаң. Алматы ж.ж. 2003 ж. бюджет
сәйкес кәсіби тарға қалаларының IV -7269,1
бағдарлауды ақпарат әкімдері, тоқ. 2004 ж.
қамтамасыз ету беру БҒМ, ЕХҚМ саны -7590,4
2005 ж.
-4727,6
34 Кемтар балалар ЕХҚМ-ге БҒМ, облыс. 2002- Жергі.
үшiн бiлiм жыл сайын тардың, 2005 жж. лікті
берудің арнаулы 20 шіл. Астана және бюджет
ұйымдар желiсiн деге және Алматы
дамыту жөнiнде 20 қалаларының
шаралар қабылдау: қаңтарға әкімдері
- 60 мың балаға ақпарат 2002 ж.
арналған беру -52454,0
психологиялық- 2003 ж.
медициналық- -88674,0
педагогикалық 2004 ж.
консультациялар; -88674,0
- республикалық 2005 ж.
және облыстық -88674,0
маңызы бар
қалаларда оңалту 2002 ж.
орталықтарын; -27450,0
- аудандық 2003 ж.
орталықтарда -70556,0
психологиялық- 2004 ж.
педагогикалық -70556,0
түзеу кабинеттерiн 2005 ж.
ашу -70556,0
2003 ж.
-99042,0
2004 ж.
-99042,0
2005 ж.
-99042,0
35 Жеке кәсiпкерлiктi, ЕХҚМ-ге Облыстардың, 2002- 2002 ж. Жергі.
шағын және орта 2003 Астана және 2005 -1257,0 лікті
бизнестi дамыту, жылдан Алматы қала. ж.ж. 2003 ж. бюджет,
кадрларды кәсiби бастап ларының -1317,0 беруші.
дайындау мен қайта жыл әкімдері 2004 ж. лердің
даярлау жыл сайын сайын -1377,0 қаражаты
мүгедектердi 20 2005 ж.
қорғау жөнiндегi қаңтарға -1440,0
әлеуметтiк ақпарат
шараларды анықтау беру
арқылы қосымша
жұмыс орындарын
құру жолымен
мүгедектердi
жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу
__________________________________________________________________
Медициналық оңалту
__________________________________________________________________
36 Әйелдер босанатын ЕХҚМ-ге ДСМ, БҒМ 2002 ж., Шығындар. -
және амбулаторлық 2003 2003 ж., ды талап
-емханалық жылдан 2004 ж., етпейді
ұйымдарда "қатерлi" бастап 2005 ж.,
топтағы балаларды жыл сайын IV
ертерек анықтауды 20 тоқсаны
ұйымдастыру және қаңтарға
анықталған және 20
"қатерлi" топтағы шілдеге
және кемтар ақпарат
балаларды беру
психологиялық-
медициналық-
педагогикалық
консультацияларға
жiберу
37 Ұлы Отан соғысының ЕХҚМ-ге ДСМ 2004 - 2004 ж. Респуб.
мүгедектерiне 2005 ж. 2005 -300,0 ликалық
арналған 20 шілдеге ж.ж. 2005 ж. бюджет
республикалық ақпарат -17000,0
клиникалық беру
госпиталь базасы
негiзiнде сумен,
балшықпен емдеу
орындарын қайта
жаңғырта отырып,
жөндеу-қалпына
келтіру жұмыстарын
жүзеге асыру
38 Мүгедек балаларды
оңалтудың
медициналық
құрылымдары мен
ұйымдарының желiсiн
дамыту:
- Маңғыстау, ЕХҚМ-ге Облыстардың 2003 ж. 6000,0 Жергі.
Қызылорда, Алматы, 2004 ж. әкімдері лікті
Атырау облыстарының 20 бюджет
балалар ауруханасында қаңтарға
30 - 40 орынды ақпарат
неврологиялық беру
бөлiмшелердi қалпына
келтiру;
- орталық жүйке ЕХҚМ-ге Облыстардың 2004 ж. 99000,0 Жергі.
жүйесi органикалық 2005 ж. әкімдері лікті
зақымданған балаларға 20 бюджет
арнап Ақтөбе, Алматы, қаңтарға
Атырау, Шығыс ақпарат
Қазақстан, Батыс беру
Қазақстан, Қарағанды,
Қостанай, Қызылорда,
Маңғыстау, Солтүстiк
Қазақстан
облыстарында 10
оңалту орталығын
ұйымдастыру;
- "Балбұлақ" ЕХҚМ-ге ДСМ 2004- 2004 ж. Респуб.
республикалық 2005 ж. 2005 -2000,0 ликалық
балаларды оңалту 20 шілдеге ж.ж. 2005 ж. бюджет
орталығының ақпарат -100000,0
қуаттылығын, беру
ұйықтайтын ғимаратты
қайта құру есебiнен
50 орынға дейiн
кеңейту
39 Мыналарды: ЕХҚМ-ге ДСМ 2003- 2003 ж. Респуб.
- жүйке жүйесi жыл сайын 2004 -192,0 ликалық
өрескел дерттенген 20 шілдеге ж.ж. бюджет
психосоматикалық және 20
жағдайдағы қаңтарға
балалардың жүйке- ақпарат
психикалық беру
дамуын бағалау
жөнiнде көшпелi
оқу-әдiстемелiк
циклдар жүргiзу;
- балалардың
психикалық және
дене дамуының ерте
жастағы скринингiне
алғаш рет
медициналық-
санитарлық көмек
көрсететiн
медбикелердi оқыту
40 Мүгедектердi Мәслихат. Облыстар. 2002- 2002 ж. Жергі.
санаторлық-курорттық тардың дың, 2005 -70014,0 лікті
сауықтыру бойынша шешімдері Астана ж.ж. 2003 ж. бюджет
жеңiлдiктердi мен әкім. және -161062,5
қамтамасыз ету дердің Алматы 2004 ж.
қаулылары қалаларының -100517,0
әкімдері, 2005 ж.
ЕХҚМ, ДСМ -73321,0
__________________________________________________________________
Кадрмен қамтамасыз ету
__________________________________________________________________
41 Халықты әлеуметтiк ЕХҚМ-ге ЕХҚМ, ДСМ 2003 010 "Рес. Респуб.
қорғау, денсаулық жыл сайын -2005 публика. ликалық
сақтау жүйелерiнде 20 ж.ж. лық дең. бюджет
мүгедектердi оңалту қаңтарға гейде
мәселелерiмен ақпарат кадрлар.
айналысатын беру дың бі.
қызметкерлердiң ліктілі.
бiлiктiлiгiн гін арт.
арттыруды жүзеге тыру және
асыру оларды
қайта
даярлау"
бағдар.
ламасы
бойынша
бөлінетін
қаражат
есебінен
42 Протез-ортопедия ЕХҚМ-ге ЕХҚМ (Орта. 2003 ж., Кәсіпо.
кәсiпорындары жыл лық экспери. 2004 ж., рындар
қызметкерлерiн сайын 20 ментальді 2005 ж. қаража.
қайта даярлауды қаңтарға протездеу ты есе.
ұйымдастыру ақпарат зертханасы) бінен
беру
43 Үйлерге барып ЕХҚМ-ге ЕХҚМ, облыс. 2002 ж., 2002 ж. Жергі.
әлеуметтiк қызмет 2003 тардың, 2003 ж., -900,0 лікті
көрсететiн жылдан Астана және 2004 ж., 2003 ж. бюджет
бөлiмшелер бастап Алматы қала. 2005 ж. -900,0
қызметкерлерiн жыл ларының 2004 ж.
қайта даярлауды сайын 20 әкімдері -1225,0
ұйымдастыру қаңтарға 2005 ж.
ақпарат -1242,0
беру
44 Медициналық- ЕХҚМ-ге ЕХҚМ, ДСМ 2003 ж. Шығындар. -
әлеуметтiк 2004 ж. IV ды талап
сараптаудың және 20 қаң. тоқсаны етпейді
мүгедектердi тарға
оңалтудың ақпарат
көкейкесті беру
проблемалары
бойынша
практикалық
конференциялар
өткiзуді
ұйымдастыру
__________________________________________________________________
Шығындардың жиыны:
- жергілікті бюджеттен барлығы: 1,98 млрд. теңге, соның ішінде: 2002 ж. - 250,5 млн. теңге; 2003 ж. - 655,8 млн. теңге; 2004 ж. - 697,5 млн. теңге; 2005 ж. - 379,0 млн. теңге;
- республикалық бюджеттен барлығы: 2,0 млрд. теңге, соның ішінде: 2002 ж. - 355,0 млн. теңге; 2003 ж. - 512,2 млн. теңге; 2004 ж. - 509,0 млн. теңге; 2005 ж. - 628,7 млн. теңге.
Шығындардың барлығы:
- 3,98 млрд. теңге, соның ішінде: 2002 ж. - 605,6 млн. теңге; 2003 ж. - 1168,2 млн. теңге; 2004 ж. - 1206,5 млн. теңге; 2005 ж. - 1007,7 млн. теңге.
* Мүгедектердi оңалту бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2004-2005 жылдарға арнап көзделген шығыстар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезiнде түзетіліп отыратын болады.