Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы
K010209_
Кодексін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қызметкерлерге тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жол жүру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда төленетін, салық салынбайтын төлемдер - әр күн үшін 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2. "Барлық салалар үшін жұмыстардың жылжымалы, жүріп-тұру, вахталық
әдістері, сондай-ақ Казгидромет, жобалау және іздестіру ұйымдарының қызметкерлеріне дала жұмыстары үшін ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 14 сәуірдегі N 332 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 15, 251-құжат).
3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі