Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызмет бабындағы сапарларымен байланысты жағдайларда төленетін, салық салынбайтын төлемдердің мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1726

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қызметкерлерге тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жол жүру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда төленетін, салық салынбайтын төлемдер - әр күн үшін 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
      2. "Барлық салалар үшін жұмыстардың жылжымалы, жүріп-тұру, вахталық

әдістері, сондай-ақ Казгидромет, жобалау және іздестіру ұйымдарының 
қызметкерлеріне дала жұмыстары үшін ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу 
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 14 
сәуірдегі N 332 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 15, 251-құжат).
     3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.