Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 935 P990935_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 298-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамына: Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы Мейрамбеков - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" Теміржан Қадырбекұлы ЖАҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша) көрсетілген құрамнан Ораз Әлиұлы Жандосов, Берік Мәжитұлы Имашев, Сергей Николаевич Цой шығарылсын; 2) "Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 P991691_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат): 1-тармақта: Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және Абылай Исабекұлы коммуникациялар министрі көрсетілген құрамнан Ораз Әлиұлы Жандосов, Берік Мәжитұлы Имашев шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.