Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N 1286 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 желтоқсан N 1601. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 512 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметтерін барлық тексерулердің бірыңғай статистикалық есебін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N 1286  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 44, 399-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне тексерулер тағайындау туралы актілерін тіркеудің тәртібінде: 
      3-тармақтың екінші абзацындағы "тіркеуге жатпайды" деген сөздер ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерге және сақтандыру ұйымдарына тексерулер тағайындау туралы актілер тіркеуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзге шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтеріне тексерулер актілері міндетті тіркеуге жатады." деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5-тармақтың бірінші абзацындағы "ұсыну жолымен жүргізіледі." деген сөздерден кейін "Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне тексеру тағайындау туралы акті екі данада Тіркеуші органға ұсынылады, оның біреуі Тіркеуші органда қалдырылады." деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Қазақстан Республикасының заңнамасымен кәсіпкерлік субъектілерге тексерулерді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне тексерулер тағайындау туралы тіркелген актілерді Тіркеуші органда кемінде тоқсанына бір рет салыстыра тексеруді жүргізуге міндетті.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі