"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001 жылға арналған Индикативтік жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі N 1398 P011398_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 1600 қаулысымен бекітілген "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары 2001 ж. 1. Қазақстан почтасының миссиясы
Осы "Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) дамыту жоспары Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Z980272_ , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Z952444_ Заңдарына, "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2001 жылға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 қыркүйектегi N 1398 P001398_ қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716 P001716_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының почта саласын дамыту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру бағдарламасына сәйкес әзiрлендi.
Почта байланысы желiсi ел үшiн маңызды миссияны - азаматтардың ақпарат алуға, таратуға және беруге конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету миссиясын орындайды.
Нарықтық экономиканың дамуы және қоғамды ақпараттандыру кезеңiнде почта байланысы ақпараттық инфрақұрылымның кәсiпкерлiктiң, қаржылық қызмет көрсетулердiң, бағалы қағаздар рыногының, ақпаратпен алмасудың дамуына жәрдемдесетiн маңызды элемент болып келедi. Почта халықтың көпшiлiгiне қызмет көрсетiп, ғылымның, бiлiмнiң және мәдениеттiң дамуына жәрдемдесе отырып, үлкен әлеуметтiк жүктеменi көтерiп отыр. Саланың әлеуметтiк маңыздылығы сонда жұмыс iстейтiн, көбiсi әйелдерден тұратын қызметкерлердiң санымен де сипатталады.
Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың стратегиялық мақсаты қазiргi заманғы технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары негiзiнде кең ауқымды почталық та, қаржылық та қызметтердi ұсынатын тиiмдi почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру болып табылады. Почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудағы таңдалған стратегияның тиiмділігi әлемнiң жетекшi почта әкiмшіліктерiнiң тәжiрибесiмен расталады. Қоғамның жоспарланып отырған дамуының негiзiне мынадай қызмет көрсету түрлерiн дамытуды күшейтуге негiзделген жапондық және голландиялық почта-жинақ жүйелерiнiң модельдерi салынған:
- почта жинақтары (депозиттер);
- почталық ақша аударымдары;
- почталық қолма-қол ақшасыз аударымдар;
- трансфер-агенттiк (бағалы қағаздармен операциялар).
Жапон почта әкiмшiлiгi Жапонияның жетекшi қаржы институттарының бiрi болып табылады, оның тартылған депозиттерiнiң ағымдағы айналымы шамамен 259 970 миллиард йендi құрайды, оның iшiнде 99,6% тұрғындардың салымы. Нидерланд Корольдiгiнiң почта-жинақ жүйесi қаржылық қызмет көрсетудiң iшкi рыногында алғы орында, оның қызметтерiн елдiң жасы үлкен тұрғындарының 80% пайдаланады. Қазақстанның почта саласы үшiн осы почта әкiмшiлiктерiнiң қалыптасу және даму тәжiрибесi айрықша бағалы болып табылады, себебi осы почта әкiмшiлiктерiнiң қызмет мақсаты қоғамның көпшiлiгiне сенiмдi және
қол жеткізiмдi почта-жинақ қызмет көрсетулерiн ұсыну арқылы экономиканы тұрақтандыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ынталану болып табылады. Қоғам мынадай кең ауқымды почталық және қаржылық қызмет көрсетулердi жүзеге асырады: 1) жазбаша хат-хабарлар мен жолдама заттарды қабылдау және жеткiзу; 2) мерзiмдiк басылымдарға жазылуды қабылдау, оларды жiберу, тасымалдау, жеткiзу және бөлшек сауда арқылы сату; 3) аударым операциялары; 4) зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу; 5) ЕМS Kazpost курьерлiк қызмет көрсетуi; 6) тiкелей почта жарнамасы бойынша қызмет көрсету; 7) филателиялық қызмет көрсету; 8) коммуналдық және басқа да қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлемақыны қабылдау; 9) халықтан депозитке ақша қабылдау; 10) валюта айырбастау операциялары; 11) кассалық және инкассаторлық қызмет көрсету; 12) бағалы қағаздар рыногында брокерлiк қызмет көрсету; 13) агенттiк қызмет көрсету; 14) трансфер-агенттiк қызмет көрсету; 15) күнделiктi сұраныс тауарларын, лотерея билеттерiн сату.
Қоғам қызметiнiң мақсаты Қазақстан Республикасында кең ауқымды почталық, қаржылық және агенттiк қызметтер көрсететiн және өзiнiң почта бөлiмшелерi желiсi арқылы халық тұтынатын тауарларды сату функцияларын ұсынатын почта-жинақ жүйесiн құру болып табылады. Мiне осылай, Қоғамның негiзгi қызметi почта-жинақ қызмет көрсетулерiн ұсыну болып табылады.
Қоғамның алдына қойылған мақсат мынадай мәселелердi шешудi көздеп отыр:
1. Қажеттi нормативтiк құқықтық база құру және оны жетiлдiру.
2. Ақпараттық инфрақұрылым құруды көздейтiн және аса сенiмдi, жоғары жылдамдықты, құпиялылығы сақталған ақпараттың берiлуiн ұйымдастыруға, дәстүрден тыс жаңа қызмет түрлерiн (соның iшiнде почта-жинақ қызметтерiн) игеруге және ақпараттарды өңдеудiң бiртұтас компьютерлiк орталығын құруға бағытталған почта байланысын ақпараттандыру.
3. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу және жеткiзу, коммуналдық төлемдердi жинауға байланысты жоғалтқан функцияларын почта саласына керi қайтару.
4. Корпоративтiк клиенттермен жұмыс iстеу, почталық қызметтiң жаңа түрлерiн игеру арқылы почта жөнелтiмдерiнiң нақты көлемдерiн тұрақтандыру және одан әрi ұлғайту.
5. Қазiргi заманғы технологияларды қолдану, почта жөнелтiмдерiнiң жүрiп өтуiн бақылау, басқарушылық шешiм қабылдаудың және оны iске асырудың жаңа құрылымы мен технологиясына өту арқылы почта саласының жұмыс сапасын арттыру.
6. Халықтың артық ақшаларын бағалы қағаздар рыногы арқылы экономиканың нақты секторын дамытуға тарту мақсатында депозиттерге салуды көздейтiн почта-жинақ iсiн ұйымдастыру және дамыту.
7. Қаржылық қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiн (бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттiк қызмет көрсету, брокерлiк қызмет көрсету және т.б.) дамыту.
8. Почта саласы үшiн кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру.
9. Почта жөнелтiмдерiнiң сақталуына кепiлдiк берудi және почта байланысының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс қазiргi заманғы почта қауiпсiздiгi жүйесiн құру.
10. Қазақстан Республикасының почта саласын дүниежүзiлiк почта жүйесiмен бiрiктiрудi одан әрi тереңдету, шетелдiк почта әкiмшіліктерiнiң озық жетiстiктерiмен танысу және енгiзу.
Жоғарыда аталған мәселелердiң шешiлуiне қарай, Қоғамның үш даму сценарийi қаралады:
Оптимистiк сценарий - Қоғамға зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi функцияларды толық берудi қоса алғанда, алға қойылған барлық мақсаттарды табысты iске асыру, шағын несие берудi және трансфер-агенттiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, барлық қаржылық қызмет көрсетулердi жүргiзу мүмкiндігін алу және осының негiзiнде кiрiстiң өсуi, ұсынылатын қызметтiң өзiндiк құнының төмендеуi және саланың орнықты рентабельділікке қол жеткiзуi.
Реалистiк сценарий - Қоғамның қазiргi жай-күйiне сәйкес келедi.
Пессимистiк сценарий - Қоғам Ұлттық Банктiң банк операцияларын жүзеге асыруға берiлетiн лицензиясыз, зейнетақы төлеу және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу функциялары берiлмеген почта кәсiпорны ретiнде қызмет атқарады.
Кәсiпорынның сипаттамасы
Қоғам мемлекет 100% қатысатын және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнының құқықтық мұрагерi болып танылатын ашық акционерлiк қоғам. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 30503-1910-АО.
Қоғамның құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
Қазақстанның почта жүйесiнiң ұйымдық құрылымы негiзгi 4 деңгейден тұрады. Бiрiншi деңгей - облыстық филиалдарға тiкелей басшылықты, почта жұмысын республикалық деңгейде ұйымдастыру мен үйлестiрудi жүзеге асыратын және почтаны халықаралық деңгейде бiлдiретiн орталық аппарат. Екiншi деңгей 20 облыстық филиалды бiрiктiредi. Үшiншi деңгейдi облыстық филиалдарға бағынып, аудандар мен қалалар аумақтарында почта жөнелтiмдерiнiң барлық түрлерiнiң қабылдануын, өңделуiн, тасымалдануын және табыс етілуiн қамтамасыз ететiн почта байланысының 21 қалалық торабы мен почта байланысының 146 аудандық тораптарынан тұрады. Төртiншi, ең көп санды деңгей - 3430 почта байланысы бөлiмшесi (қалаларда 579 және ауылдық жерлерде - 2851).
Қоғамда мынадай лицензиялар бар:
- банк заңнамасында көзделген, теңгемен және шетел валютасымен операциялар жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14 лицензиясы;
- күзет қызметiмен айналысуға: азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғауға; меншiк иелерiнiң мүлкiн, соның iшiнде мүлiктi тасымалдау кезiнде күзетуге арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің 2000 жылғы 4 мамырдағы ГС N 007583 лицензиясы;
- почта жөнелтiмдерiн, жедел почтаны қабылдау, тасымалдау және жеткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiкпен қызметпен айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N 0001188 лицензиясы;
- бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметпен
айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 29 наурыздағы N 0401200225 лицензия. Қоғам негiзгi қызметтен және негiзгi емес қызметтен кiрiс алады, бұлар оның жиынтық кiрiсiн құрайды. Негiзгі қызметтен кiрiс мынадай түрде бөлiнедi: - негiзгi почталық қызмет көрсетулер: почталық төлемнiң сатылған мемлекеттiк белгiлерi үшiн; жазбаша хат-хабарды және бандерольдердi (ҚР iшiнде, ТМД, алыс шетел (АШ)) жiберу үшiн; жолдама заттар үшiн (ҚР iшiнде, ТМД, АШ); мерзiмдiк басылымдарға жазылу үшiн (ҚР iшiнде, ТМД); конверттердi сату; открыткалар мен почта карточкаларын сату; жедел почта қызмет көрсетулерi; каталогтар бойынша почтамен тауарларды жеткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулер; басқа да почталық қызмет көрсетулер; - қаржылық қызмет көрсетулер: заңды және жеке тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуден кiрiс; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөнiндегi қызмет көрсетулер; шетел валютасын айырбастау операциялары жөнiндегi қызмет көрсетулер; қаржы активтерiн орналастырудан кiрiс; бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет (брокерлiк қызмет көрсетулер, консалтингтiк қызмет көрсетулер үшiн комиссиялық сыйақылар және т.б.) ақша аударымдары үшiн (ҚР iшiнде, ТМД, АШ); - мыналарға агенттiк қызмет көрсетуден комиссиялық кiрiс: сақтандыру компанияларына; зейнетақы жинақтаушы қорларына; инвестициялық және брокерлiк компанияларға; екiншi деңгейдегi банктерге; - басқа да кiрiстер: мүлiктi жалға беруден кiрiс; халық тұтынатын тауарлардан саудалық түсiм; газеттердi бөлшек сауда арқылы сату; лотерея билеттерiн сату; абонементтердi, жетондарды сату; филателия тауарларын сату; факсимильдiк байланыс қызмет көрсетуiнен кiрiс, құжаттарға көшiрме жасау; Интернет; жедел ақша аударымдары жөнiндегi қызмет көрсетулер (Western Uniоn); Негізгі емес қызметтен кiрiске мыналар жатады: оң бағамдық айырмашылықтан кiрiс; негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатудан кiрiс; бөгде ұйымдарға көлiктiк қызмет көрсетуден кiрiс; негiзгi құралдарды (НҚ) өтеусiз алу; бөгде ұйымдардан өтеусiз қаржылық көмек алу; тоқтатылған операциялардан кiрiс; басқа да кiрiстер. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң талаптарына сәйкес почта байланысының қызмет түрлерiне және табиғи монополия саласына жататын қызмет көрсету түрлерiне мыналар жатады: - қарапайым хатты жiберу; - тапсырысты және бағалы хатты жiберу; - қарапайым, тапсырысты және бағалы бандерольдi жiберу; - карточкаларды жiберу; - мерзiмдiк басылымды жеткiзу, жiберу.
Почта жөнелтімдерiн өңдеу. Почталық байланыс бөлiмшелерiнде қолданылып жүрген технологиялардың көбiсi 1970 жылдардан берi сақталып келедi. Хат-хабарларды өңдеу операцияларының басым көпшiлiгi қолмен атқарылады. Халықаралық почтаны өңдеу үшiн 3 халықаралық почта алмасу орны, сондай-ақ шетелдiк почта әкiмшiлiктерiмен халықаралық почта алмасатын 5 пункт ұйымдастырылған.
Почта жөнелтiмдерiн тарату. Қабылданған почта жөнелтiмдерiн жөнелтушiден адресатқа дейiн жеткiзу әуе көлiгiмен, қоғамның өз автокөлiгiмен, почта вагондарымен және авиакөлiкпен жүзеге асырылады. Почтаның iшкi аудандық және iшкi облыстық бағыттарында пайдаланылатын меншiктi автомобильдер паркi бар, оның жылдық жүрiсi 34,5 млн. км, алайда ол толығымен ескірiп бiтуге жақын. Қоғамда негiзiнен ескiрген, әр түрлi маркалы 880 автомобиль бар. Автомобильдердiң 50% амортизация толық есептелген, шамамен 30% табиғи тозу шегiнен асқандықтан жөндеуден өткiзiлуде, оларды тұрақты техникалық дайындықта ұстау аса үлкен материалдық шығындар жұмсауды талап етедi. 2001 жылы автокөлiктiң 487 бiрлiгi есептен шығаруға жатады.
Авиакөлiк қымбат болуына және сапарларының тұрақсыздығына байланысты барлық бағытта қолданыла бермейдi. Паркi 51 почта вагонынан тұратын темiр жол көлiгi - таратудың негiзгi құралы болып табылады. Қоғам Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен жер бетi көлiгi арқылы; Ресеймен, Ұлыбританиямен, Германиямен, Нидерландпен, Израильмен, Иранмен, Қытаймен, Түркиямен, Тәжiкстанмен және Түркменстанмен әуе көлiгi арқылы почта алмасады; бұдан басқа, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Қытайға, Ресейге, Германияға, Белоруссияға, Украинаға және Литваға транзит бередi.
Республика аумағымен жолаушылар поезының құрамында 9 бағыт бойынша почта вагондары жүредi. Почта вагондары 15-25 жыл бойы пайдаланылып келедi және соңғы 10 жыл iшiнде олардың жабдықтары, құрал-саймандары мен тұрмыстық құралдары жаңартылмаған. Астана қаласы Почта тасымалдау бөлiмшесiнiң темiржол тұйығындағы кiру-шығу жолдары күрделi жөндеудi талап етедi.
Жазбаша хат-хабарларды жеткiзудi жеке абоненттiк жәшiктер жүйесi арқылы хат тасушылар жүзеге асырады, ал почталық жөнелтiмдердiң басқа түрлерi - олар туралы адресаттарды алдын ала хабардар ету арқылы байланыс бөлiмшелерiнiң өздерiнде табыс етiледi.
Ақша аударымдары. Қазiргi кезде почта аударымдары облыс орталықтары мен облыстық бағыныстағы аздаған қалалар арасында электрондық почтаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Алайда, аудан және облыс iшiндегi почта байланысы бөлiмшелерi компьютерлермен жабдықталмағандықтан және ақпараттық желiсiмен қамтылмағандықтан олардың арасында почталық аударымдардың жүрiп өту уақыты көбiнесе ұзаққа созылып кетедi. ТМД елдерiмен (Өзбекстаннан басқа) және қашықтағы 14 шетел мемлекетi арасында халықаралық почта аударымдарымен алмасу жүргiзiледi. 1999 жылы Швейцариямен, Эстониямен, Латвиямен, Түркиямен, Қытаймен және Канадамен; 2000 жылы Германиямен почталық аударымдармен алмасуға жол ашылды; 2001 жылы Жапониямен ақшамен алмасуды жолға қою жоспарланып отыр.
2. Қоғамның 1998-2000 жылдардағы өндiрiстiк-қаржылық
дамуын талдау
2.1. Почта саласының қазiргi жай-күйiн және қызмет нәтижесiн шолу
Көптеген жылдар бойы почта байланысы қаржыландырудың қалдық қағидаты бойынша дамыған, бұл клиенттердiң оның қызмет көрсетулеріне мұқтаждығынан сала мүмкiншiлiгі едәуiр қалып қоюына әкелiп соқты.
1993 жылға дейiн почта және электр байланысы Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi құрамында бiртұтас "Байланыс" саласын құраған. Бұл кезеңде почта саласы пайдалы болып, одан түскен табыс электр байланысын дамытуға жұмсалған. Бұл орайда негiзгi табыс зейнетақылар жеткiзуден, телефон және телеграф байланысы қызметтерiн көрсетуден қамтамасыз етiлген.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 259 қаулысымен электр байланысы және почта бiр-бiрiнен бөлiндi. Телекоммуникациялар жаңа құрылған Мемлекеттiк республикалық телекоммуникациялар кәсiпорнына берiлiп, почта қызмет көрсетулерi - Почта байланысы қызметiнiң қарамағына қалдырылды.
Бұдан былай, 1995 жылдың қарашасында Мемлекеттiк почта Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорны болып қайта құрылып, дербес шаруашылық субъектiсiне айналды.
"Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу және жеткiзу тәртiбiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1149 P961149_ қаулысымен, зейнетақыларды жеткiзу және төлеу бойынша көрсетiлетiн қызметақысы үш есе (1,8 пайыздан 0,6 пайызға дейiн) азайды және көптеген қалаларда қызмет көрсетудiң бұл түрлерi Қазақстанның Халық банкi құзырына берiлдi. Соның нәтижесiнде қызмет көрсетуден алатын табыс үлесi 37 пайыздан 5 пайызға дейiн күрт төмендедi.
Осылай, байланыстың табысы жоғарылау қызмет түрiн басқа операторларға беру нәтижесiнде Қоғам қызметiнiң табыстылығы күрт төмендедi. Алдыңғы жылдардағы шығынды жұмыстың нәтижесiнде 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жабылмаған шығын 220,4 млн. теңгенi құрады, әрi шығын Қоғамның негiзгi почталық қызметiнен ғана болған.
"Артур Андерсен" ЖАҚ тәуелсiз аудиторлық компаниясының Қоғамның 1999 жылдағы жұмысына өткiзген аудитiнiң қорытындылары бойынша жылдық баланс және қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы есеп баптарына өзгерiстер енгiзiлдi, осының нәтижесiнде баланста 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қоғамның таза табысы ретiнде көрсетiлген 46 154 мың теңге сомасындағы түсiм 132 904 мың теңге сомасындағы шығын болып өзгертiлдi. Осының салдарынан "Қазпочтабанктiң" 29 729 мың теңге сомасындағы берешегiне, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша экологиялық төлемдерге 62 000 мың теңге сомасындағы өтемақыға күдiктi қарыздар бойынша қосымша резервтер құрылды, сондай-ақ кiрiстен 87 329 мың теңге сомасындағы кiрiске қателiкпен жатқызылған қайта бағалау қорының да сомасы алып тасталды.
Негiзгi құралдардың тозуы және почтаның техникалық прогрестен жүйелі түрде артта қалуы көрсетiлетiн қызмет сапасының төмендеуiне және соның салдарынан клиенттердiң одан әрi жылыстауына әкелiп соқты. Почтаның зейнетақыны, жәрдемақыны жеткiзу, халықтан мемлекеттiк бюджетке түрлi төлемдер жинау сияқты табыс көздерiнен айырылуы, сонымен қатар почта рыногына балама қызметтер (электрондық почта және т.б ) ұсынатын бәсекелестердiң енуi жағдайды одан әрi күрделендiре түстi.
Почтаны реформалау банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асыруға Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнына лицензия беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне қарауға ұсынған, "Почта саласын тұрақтандыру және қаржылай сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 661 P990661_ қаулысы қабылданғаннан кейiн 1999 жылдың жазынан бiрден басталды.
1999 жылдың екiншi жартысында құрылымдық қайта құру шеңберiнде почта байланысының еншiлес кәсiпорындары филиалдар болып қайта тiркелдi, мұның өзi қызметтiң жаңа түрлерiн аймақтарға жоспарлы енгiзуге, саланы басқаруды ретке келтiруге, орталық аппараттың басқарушылық және үйлестiрушiлiк функцияларын күшейтуге және үстеме шығыстарды азайтуға жағдай туғызды.
Осы шараларды қабылдау почтаның көрсететiн қызметтер тiзбесiнiң кеңеюiне жәрдемдестi. Дәстүрлi почталық қызмет көрсету түрлерiнен басқа - валюта айырбастау операциялары, халықтан депозиттер қабылдау және алынған қаржыны мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру кассалық қызмет көрсету, инкассация және ақшалар мен құндылықтарды тасымалдау, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында брокерлiк қызмет көрсету, клиенттердi тарту және шарттар жасасу бойынша зейнетақы жинақтаушы қорларына, сақтандыру компанияларына және инвестициялық қорларға агенттiк қызмет көрсету, бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызмет көрсету сияқты жаңа бағыттар пайда болды. Халықаралық жедел почта, ұлттық жедел почта сияқты қызметтер ұйымдастырылды.
Тиiмдi өндiрiстiк-қаржылық қызметтiң, почта-жинақ жүйесiн дамыту және қызмет көрсету сапасын жақсарту нәтижесiнде Қоғам 2000 жылды мынадай көрсеткiштермен аяқтады:
Қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан жалпы кiрiс шамамен 3067 млн. теңгенi құрады, мұның өзi 1999 жылдың деңгейiнен 28% жоғары. 2963 млн. теңге сомасына шығын жұмсалды, ұлғаю өткен жылмен салыстырғанда 30% құрады. Қоғамның таза табысы 2000 жылы 2189 мың теңгенi құрады (1-кесте).
2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясының негiзiнде Қоғам халықтан депозиттер қабылдай бастады. Алайда, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 маусымдағы N 794 P990794_ қаулысына сәйкес Қоғам жеке тұлғалардан тартып отырған қаражат мемлекеттiк бағалы қағаздардың тек бiрiншi немесе екiншi рыноктарына орналастырылуы тиiс, бұл тартылған қаражаттың қайтарымдылығына кепiлдiк бередi.
Қоғам депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын мемлекеттiк бағалы
қағаздармен жүргiзiлетiн операциялардың табыстылығына қарай және, әдетте, коммерциялық банктердiң осы тәрiздес ставкаларынан төмен белгiлейтiнiн атап өткен жөн, мұның өзi депозиттер рыногында Қоғамның бәсекеге түсуі мүмкiншiлiгiн едәуiр шектейдi. Қоғам депозиттерге тартылған қаражатты мемлекеттiк бағалы қағаздардан басқа, КАSЕ листингiнiң А санатына енгiзiлген корпоративтiк бағалы қағаздарға орналастыруға Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның рұқсатын алуды мақсат тұтып отыр. 1-кесте (млн. теңге) ________________________________________________________________________ Баптардың атауы ! 1998 ж. ! 1999 ж. ! 1998 ! 2000 ж. ! 1999 жылға ! ! ! жылға ! !шаққанда 2000 ! ! ! шаққанда ! !жылғы өсу/кему ! ! !1999 жылғы! ! ! ! ! өсу/кему ! ! ________________________________________________________________________ Негізгі қызметтен 1 835 1 997 9% 2 820 41% түсетін табыс _______________________________________________________________________ Почталық қызмет 1 215 1 255 3% 1 814 45% көрсетулер _______________________________________________________________________ Қаржылық қызмет 438 479 9% 662 38% көрсетулер ________________________________________________________________________ Арнайы байланыс 82 183 123% 202 10% қызмет көрсетулері ________________________________________________________________________ ХТТ саудасынан 100 80 -20% 142 78% түсімдер ________________________________________________________________________ Негізгі емес 120 390 225% 247 -37% қызметтен түсетін табыс ________________________________________________________________________ Басқа да негізгі емес қызмет 120 390 225% 247 -37% ________________________________________________________________________ Жиынтық табыс 1 955 2 387 22% 3 067 28% ________________________________________________________________________ Негізгі қызмет 1 872 2 069 11% 2 919 41% шығыстары ________________________________________________________________________ Банк қызметіне 0 0 25 0% байланысты шығындар ________________________________________________________________________ Өндірістік өзіндік 1 373 1 480 8% 1 948 32 құны ________________________________________________________________________ Кезең шығыстары 499 589 18% 971 65% ________________________________________________________________________ Негізгі қызметтен -37 -72 -95% -99 -38% табыс (шығын) ________________________________________________________________________ Негізгі емес қызметтен шығыстар 45 211 369% 44 -79% ________________________________________________________________________ Жиынтық шығыстар 1 917 2 280,0 19% 2 963 30% ________________________________________________________________________ Негізгі емес 75 179 139% 203 13% қызметтен табыс (шығын) ________________________________________________________________________ Күдікті қарыздар 224 80 -64% бойынша провизия ________________________________________________________________________ Салық салынғанға дейінгі түсім 38 -117 -308% 24,0 120% ________________________________________________________________________ Күтпеген баптар 5,0 ________________________________________________________________________ Салық төлемдері 28 16 -43% 17,0 -6% ________________________________________________________________________ Салық салынғаннан кейінгі табыс 10 -133 -1330% 2 101 ________________________________________________________________________
Қазiргi уақытта Қоғам аудандық маңыздағы қалалар мен ауылдық аудандарға зейнетақыларды, жәрдемақылар мен адрестiк әлеуметтiк көмектi жеткiзе отырып, "Қазақстан Халық Жинақтаушы Банкi" ЖАҚ-тың көмекшi агентi ретiнде қызмет атқаруда. Алайда көп жылдық тәжiрибесi, республика тұрғындары тарапынан сенiм және ең көп таралған филиалдар желiсi Қоғамға тұрғындарға осы қызмет түрлерiн дербес көрсетуге мүмкiндiк бередi.
2.2. Қызмет көрсетулерге арналған тарифтер динамикасы
Почта байланысының қызмет көрсетулерi үлкен әлеуметтiк-саяси маңызға ие болғандықтан бұрынғы КСРО үкiметi тарифтердi іс жүзiнде өзiндiк құны деңгейiнде ұстады. Тоқсаныншы жылдары почта байланысының қызмет көрсетулерiне төлемге қабiлеттi сұраныстың құлдырауы почта жөнелтiмдерiнiң нақты көлемiнiң құлдырауына әкелдi. Ұдайы шығындардың үлесi едәуiр жағдайда өндiрiс ауқымы қысқарған кезде тарифтер шығынды болып қалды. Сонымен қатар, негiзгi почта қызмет көрсетулерiне арналған тарифтер халықтың төлемге қабiлетi төмен болғандықтан, сондай-ақ почта мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк маңызды функцияны - бүкiл халыққа қол жеткiзiмдi почта қызметтерiн көрсету функциясын алып жүретiндiктен, едәуiр ұлғайтылуы мүмкiн емес. Осыған байланысты Қазақстанның аймақтары бойынша тарифтердi саралау қажеттілігi туындайды.
Халықаралық почта жөнелтiмдерiн жiберу тарифтерi Дүниежүзілік почта одағының 1994 жылғы актiлерiне сәйкес белгiленген және 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiлген.
Қоғам Қазақстан Республикасының аумағы бойынша почта жөнелтiмдерiн жiберу жөнiнде қызмет көрсету саласында табиғи монополия субъектiсi болып табылады, осыған тарифтер 1998 жылғы 1 сәуiрден бастап өзгермеген. Жоғары жылдамдықты байланыс түрлерiне балама тәсiлдер мен телекоммуникация кешенiн дамыту халықтың және корпоративтiк клиенттердiң жаңа байланыс түрлерiн кеңiрек пайдалануына мүмкiндiк туғызды, мұның өзi iскерлiк хат- хабар мен жеке хат алмасу көлемiн едәуiр қысқартты. Бұдан басқа, жаңа, атап айтқанда, қаржылық қызмет көрсету түрлерiн ендiруге байланысты, сондай-ақ шығатын ақылы алмасудың төмендеуi себебiнен монополияға қарсы заңнамамен реттелетiн қызметтердi көрсетуден түсетiн кiрiстiң жеке салмағы Қоғамның жиынтық кiрiсiнде едәуiр төмендегенiн атап өткен жөн. Мәселен, егер 2000 жылы Қоғамның жиынтық кiрiсi 3067 млн.теңгенi құраса, аталған қызмет көрсетулер бойынша кiрiске 939,8 млн.теңгені құрайды, мұның өзi Қоғамның барлық кiрiсiнен 30,6% құрайды. Мiне осылай, монополияға қарсы заңнамамен реттелетiн және кiрiсiнiң негiзгi баптары болып табылмайтын қызметтердi көрсете отырып, Қоғам өз қызметiнде аталған заңнамамен қатаң шектелген. Қоғам Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес берiлген лицензиялардың негiзiнде қаржылық қызметтердi көрсетуге құқылы, бұл ретте осы кезде табиғи монополия жалпыға бiрдей почталық қызмет көрсету рыногында (жай хаттарды, жай карточкаларды және жай бандерольдердi
жiберу) ғана сақталған. Осыған орай қолданылып жүрген монополияға қарсы заңнамаға тиiстi өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi өзектi болып отыр. 2.3. Инвестициялық қызмет Мемлекеттiк бағалы қағаздарға қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар 1071 млн. теңгенi құрады, бұл 1999 жылғы деңгейден 3,3 есе артық. Инвестициялық қоржын құрылымы мынадай болған: (мың теңге) Валюта 2000 1999 ________________________________________________________________________ Номиналдық Теңгерімдік Номиналдық Теңгерімдік құны құны құны құны _______________________________________________________ Қазынашылық Теңге 310247 288638 51950 50209 вексельдері ҚР Ұлттық Банкі. Теңге 781558 779177 264190 262938 нің ноталары Муниципальдық АҚШ 3207 3008 11222 10366 облигациялар доллары 1095012 1070823 327362 323513 ________________________________________________________________________ 2000 жылы негiзгi капиталға инвестициялар 1999 жылмен салыстырғанда 131% көбейiп, 180,9 млн.теңгенi құрады, соның iшiнде: - ғимараттар мен құрылыстар - 59,6 млн.теңге; - машиналар мен жабдықтар - 31,2 млн.теңге; - көлiк құралдары - 77,4 млн.теңге; - басқа да негiзгi құралдар - 12,7 млн.теңге.
Қоғам несиелiк ресурстар мен өз қаражаты есебiнен автомобильдер, инкассация қызметi үшiн броневиктер, компьютер жабдығын, жиhаз сатып алды, әкiмшiлiк ғимараттарына жөндеу жүргiздi.
2.4. Бюджетпен өзара қарым-қатынас
Почта байланысы қызметiнiң ерекшелiгi - почта жөнелтiмдерiн қабылдаудың, тасымалдаудың және жеткiзудiң технологиялық процесінiң үздiксiздiгiнде. Қоғам 1995 жылдан бастап табысқа салық бойынша орталықтандырылған тәртiпте республикалық бюджетпен есеп айырысуды дербес жүзеге асыруда. Жергiлiктi салықтарды филиалдар дербес төлейдi.
Қоғам барлық салық түрлерi бойынша салық төлеуші болып табылады. Мәселен, 2000 жылы қосымша құн салығы түрiнде 35,3 млн.теңге, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы 9,3 млн.теңге сомасында төлендi. Бұдан басқа, Қоғам өткен жылдардағы мерзiмi кешiктiрiлген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң көлемiн төмендету бойынша ұдайы жұмыс жүргiзедi, яғни 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзiмi кешiктiрiлген салықтардың сомасы 52,9 млн.теңгенi құрады, оның iшiнен 2000 жылдың аяғында 36,5 млн.теңгесi өтелдi.
2.5. Рыноктарды маркетингiлiк зерттеу
Қазiргi уақытта Қоғам почталық қызмет көрсетулер рыногында үстем орында және 2001 жылы осы жағдай сақталады. Почталық қызмет көрсету саласында Қоғамда салмақты және қауiптi бәсекелестер әзiрше жоқ, алайда "Қазбаспасөз", "Евразия Пресс", "Аргументы и факты", "Дауыс" баспасөздi тарату рыногында бәсекелестiк құруы мүмкiн. Курьерлiк қызмет көрсету саласында Қазақстан рыногында "DHL ", "ҒеdҒХ", "UРS, "ТNТ", "Роnу Ехрrеss", "Dirесt Dеlivеrу" сияқты белгiлi курьерлiк компаниялар "ЕМS Kazpost" курьерлiк қызметi құрылмас бұрын болған, соның салдарынан Қоғамға салмақты бәсекелестiк құрады. "EMS Каzроst" екi-ақ жыл жұмыс iстейтiнiне қарамастан, бұл қызмет тез дамып жатқан құрылым болып табылады және жетекшi әлем компаниялары арасында өз орнын тапты. Қазiргi уақытта "ЕМS Каzроst" қызметi орын алған рынок үлесi қызмет көрсету желiсiн кеңейту және олармен ынтымақтастық жiберiлетiн және жеткiзiлетiн жедел жөнелтiмдер көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн жаңа корпоративтiк клиенттердi тарту есебiнен тез өсуде.
Банк қызметтерiн көрсету рыногында қатаң бәсекелестiк Қазақстанның филиалдық желiсi бар iрi банктерi тарапынан бiлiнедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң деректерi бойынша 2001 жылғы 1 қаңтарда осындай 26 банк болған.
Қоғамның қызмет көрсетулерiн дамытудағы одақтастары да сол бәсекелестер, саланың ерекшелiгi осында. Бүгiнгi күнi ең ірi әлемдiк курьерлiк DHL компаниясымен әрiптестiк келiсiмге қол қойылды, оның шарттарында DНL-дың Қазақстан Республикасының аумағында жөнелтiмдердi қабылдауы және DHL желiсi бойынша одан әрi жеткiзуi, сондай-ақ кiретiн халықаралық жедел жөнелтiмдердi жеткiзуi көзделген. Осындай ынтымақтастық DНL-дың 32-жылдық жұмыс тәжiрибесiн алуға және қызмет көрсету желiсiн әлемнiң 228 елiне дейiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi. 2001 жылдың iшiнде ТNТ, ҒеdҒХ, UPS курьерлiк компанияларымен олардың кiретiн жөнелтiмдерiн жеткiзуге арналған шартқа қол қою жоспарланып отыр. Баспасөздi тарату саласында Қоғамға "Роспечать" агенттiгi едәуiр қолдау көрсетуде, агенттiкпен ынтымақтастықта ресейлiк және шетелдiк басылымдарға жазылу қабылданады.
Бүгiнгi күнi анағұрлым iрi әрiптестердiң бiрi "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ болып табылады, оған Қоғам Қазақстан Республикасының аумағында салымшылардың жеке зейнетақы шоттарынан жыл сайынғы көшiрмелердi салымшылардың тұрғылықты жерi бойынша немесе жұмыс орны бойынша жеткiзу жөнiнде қызметтер көрсетедi. Жеткiзiлген көшiрмелердiң көлемi жылына 1,5 - 3,0 млн. дананы құрайды. Бұдан басқа, Қоғам МЖЗҚ үшiн жеке және заңды тұлғалармен зейнетақы шарттарын жасасу жөнiндегi агент болып табылады.
Үкiметтiк құрылымдармен, жергiлiктi атқарушы органдармен ынтымақтастық Қоғам имиджiнiң артуына және рынокқа банкілік пен қаржылық қызмет көрсетулердi шығаруға жәрдемдеседi.
"Қазпочта" ААҚ-ның маркетингiлiк, өткiзу және өндiрiстiк (технологиялық) саясаты саласындағы анағұрлым маңызды мiндеттердi алға қою, қолайлы сыртқы факторларды және тұтынушылар мен бәсекелестерге ықпал етудегi iшкi мүмкiндiктердi пайдалана отырып, "Қазпочта" ААҚ-ның iскерлiк белсендiлiгiн арттырудағы басты бағыттарды анықтау "Қазпочта" ААҚ маркетингiлiк стратегиясының мәнiн құрайды. Почта байланысының рынок субъектiсi ретiндегi бiрегейлiгiне, үлкен даму әлеуетiне және бiрыңғай корпоративтiк стратегияны таңдау кезiнде рынок көлемiне байланысты "Қазпочта" ААҚ дүниежүзiлiк почта индустриясының лидерлерi әзiрлеген және табысты сынамалаған мынадай әдiстердi пайдалануды жоспарлап отыр:
1) Қалыптасқан бос емес рынокқа кiру үшiн қажеттi рынокқа кiру стратегиясы қазiргi заманғы почталық қызметтер көрсету, ақшалай аударымдар рыногын алу және кеңейту үшiн пайдаланылады.
2) Кәсіпорын өз қызмет көрсетулерiн өткiзудi жаңа рыноктарды немесе рынок сегменттерiн құру нәтижесiнде кеңейтудi болжайтын рынокты дамыту стратегиясы жедел почта, инкассация қызмет көрсетулерiн жылжыту үшiн пайдаланылады.
3) Мүлде жаңа өнiмдердi жасау немесе қазiргi өнiмдердi модификациялау арқылы жүзеге асырылатын өнім әзiрлеу стратегиясы тiкелей мекенжайлық немесе мекенжайсыз жарнама бойынша қызметтер көрсету, Internet сауда үшiн пайдаланылады.
4) Кәсiпорын жаңа рыноктарға шығуға тырысатынын және осы үшiн өз ассортиментiне жаңа өнiмдердi енгiзетiнiн бiлдiретiн диверсификация стратегиясы каталогтар бойынша сауда қызмет көрсетулерiн (тауарларды почтамен) шығару үшiн пайдаланылады.
5) Шығасыларды төмендетуде озық болу стратегиясы почталық қызмет көрсетулер сияқты бұқаралық сұранысқа ие өнiмдердi шығару кезiнде анағұрлым тиiмдi. Бұл стратегия төмен бағаларға қарайтын тұтынушыларды тартады және сату көлемiнiң өсуi нәтижесiнде рентабельдiлiк өседi.
Маркетинг саясатын iске асыру кезiнде ұсынылатын қызмет көрсетулердiң өмiрлiк циклы ескерiледi. Өмiрлiк цикл кезеңдерiнiң ұзақтығы әртүрлi, ал кезеңнен кезеңге көшу баяу болатындықтан, "Қазпочта" ААҚ-ның маркетинг қызметi табыс пен түсiм көлемiнiң өзгеруiн ұдайы бақылайтын болады, дер кезiнде кезең шекараларын және рыноктың дамуында күтілетiн үрдiстердi анықтау және Қоғамның маркетинг бағдарламасына тиiстi түзетулер енгiзу үшiн болып жатқан өзгерiстердiң себебiн айқындайды.
3. Қоғамды дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары
Қоғамның 2001-2005 жылдардағы негiзгi басымдылықтары:
1. Экономикалық және қаржылық тұрақтандыру - тәуелсiз көздерден несие желiлерi бойынша қаржыландыру, табысты арттыру есебiнен қайтарымдылықты қамтамасыз ету.
2. Ел аумағының толық қамтылуын сақтау мақсатында аймақтық инфрақұрылымды жетiлдiру.
3. Көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын жақсарту және номенклатурасын кеңейту болып табылады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы және қоғамды ақпараттандыру жағдайында почталық байланыс кәсiпкерлiктiң, қаржылық-жинақ қызметiнiң, бағалы қағаздар рыногының, ақпаратпен алмасудың дамуына ықпал ететiн нарықтық және ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементi болып табылады. Қазақстан Республикасының ерекшелiктерiн, аумағының кеңдiгiн, көлiк желiсiнiң жетiлмегендiгiн, халық тығыздығының төмендiгiн және елдi мекендердiң бiр-бiрiнен шалғай орналасқандығын ескере отырып, қазiргi заманғы почта-жинақ жүйесiн құру қажеттiлiгi туындады.
Почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру мынадай iс-шараларды орындау арқылы жүзеге асырылады:
- Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясында тұжырымдалған ұзақ мерзiмдi басымдылықтардың бiрi - халықтың жинақ ақшасын арттырудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу;
- зейнетақы реформасын қолдау. Зейнетақы реформасын қолдау ісiне қатысуда Қоғамның мiндетi - ауылдық жерлерде тұрғындарға зейнетақы мен жәрдемақыларын уақытында жеткiзу функцияларын қайтадан қалпына келтiру және осы негiзде осындай әлеуметтiк төлемдердi төлеуге арналған өз төлем жүйесiн әзiрлеу;
- мемлекеттiк бюджеттiк мекемелерге, көлiк-коммуникация кешенiнiң кәсiпорындарына және басқа ұйымдарға еңбекақы, стипендия, жәрдемақы және әлеуметтiк төлемдердi төлеу бойынша қызмет көрсету;
- салықтар және коммуналдық төлемдердi жинауды ұйымдастыру;
- салымдар бойынша пайыздарын автоматты түрде есептеу және бухгалтерлік есепте жүргiзiлетiн операцияларды көрсету үшiн Қоғамның бөлiмшелерiнде ашылған барлық дербес есепшоттарды орталықтандырылған түрде жүргiзу;
- заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге байланысты екiншi деңгейдегi банктерге агенттiк қызмет көрсету;
- материалдық базаны және техникалық жарақтандыруды жақсарту;
- почта-жинақ желiсiн жетiлдiру және соның негiзiнде қазiргi заманғы жеке төлем жүйесiн құру;
- "Western Union" жүйесi бойынша ақша аудару.
Почта бұдан басқа, банк филиалдарының желiсi нашар дамыған ауылдық жерлерде заңды және жеке тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету функцияларын орындайтын болады.
3.1. Тауарлар мен қызмет көрсетулердi өндiру
3.1.1. Почта жөнелтiмдерiнiң нақты көлемiн тұрақтандыру.
3.1.1.1. Хаттарды, бандерольдердi және жолдама заттарды жiберуге арналған почта жөнелтiмдерiнiң жаңаша буылып-түйiлетiн қораптарын жасау және өндiрiске енгiзу, почта жөнелтiмдерiн өңдеу процестерiнiң жекелеген технологиялық рәсiмдерiн өзгерту;
3.1.1.2. Жаңа жабдықтардың енгiзiлуiне байланысты технологияларды өзгерту;
3.1.1.3. Почта жөнелтiмдерiнiң жүрiп-өту жылдамдығының артуына негiзделген қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiн игеру;
3.1.1.4. Почта байланысын пайдаланудың сапалық көрсеткiшiн бағалау нормативтерiн және почта жөнелтiмдерiнiң жеткiзiлуiн жеделдету мақсатында жеткiзудiң бақылау мерзiмiн қайта қарау.
3.1.2. Жаңа технологияларды енгiзу
3.1.2.1. Ақпараттық жүйенi өңдеуге шығын жұмсамастан, жаңасын енгiзуге және қолданыстағы автоматтандырылған жүйенi жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн модульдiк негiзде ақпараттық жүйе құру.
3.1.2.2. Халықаралық почта жөнелтiмдерi жөнiндегi деректердi жинау және өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу. Мұндай жүйенi енгiзу транзиттiк, келген және кеткен халықаралық почта жөнелтiмдерi жөнiнде және олардың саны туралы күн сайын ақпараттар алып отыруға, олардың жүріп өткен жолы мен мерзiмiн бақылап отыруға мүмкiндiк туғызады.
3.1.2.3. Халықаралық почта жөнелтiмдерiн бақылау модуль негiзiнде дамыған елдердiң почта әкiмшіліктерiнiң талаптарына сәйкес келетiн машинамен оқылатын деректемелердi пайдалану мүмкiндiгiн көздейтiн, барлық тiркелетiн почта жөнелтiмдерiн толық бақылау модулiн құру.
3.1.2.4. Құжат айналымының жалпы жүйесiн әзiрлеу және енгiзу.
3.1.2.5. Қазақстанның Халық Банкiмен бiрлесiп, микропроцессорлық пластикалық карталар негiзiнде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін құру.
3.1.2.6. Iздестiрушi және басқа да ақпараттық қызмет көрсететiн ақпараттық-талдау орталығын құру.
3.1.3. Шетел мемлекеттерiмен почта алмасу
3.1.3.1. Біртұтас почталық аумақты сақтау, әмбебап почталық байланыс қызметiн көрсету, почта саласының қызметкерлерiн оқыту мақсатында Дүниежүзiлiк почта одағының органдарымен, аймақтық почта одақтарымен, шетелдiк почта әкiмшілiктерiмен ынтымақтастықты дамыту.
3.1.3.2. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында әуе және құрғақ жол көлiктерiмен тасымалданатын почта жөнелтiмдерiнiң жүрiп өтетiн бақылау мерзiмiн белгiлеу және енгiзу.
3.1.3.3. Қоғамның Дүниежүзілік почта одағының Халықаралық бюросы өткiзетiн халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң нақтылы жүрiп өту мерзiмiн тексеру шараларына қатысуы.
3.1.3.4. Тiркелетiн жөнелтiмдердiң сақталуын және халықаралық рынокта ұсынылатын әмбебап почта қызметiнiң сапалылығын көздейтiн, Дүниежүзiлiк почта одағының Пекин конгресiнде қабылданған өзгерiстерге сәйкес шетелдiк почта әкiмшiлiктерiмен ақырғы шығындарды өтеу тәртiбiн өзгерту.
3.1.4. Көлiк паркiн жаңарту, инкассация және күзет қызметтерiн дамыту
3.1.4.1. Ұлттық почта желiсiнiң қазiргi кезде жарамайтын және заттық қасиетi ескiрген көлiк және вагон парктерiн жаңарту.
3.1.4.2. Өз инкассация және күзет қызметтерiн дамыту.
3.2. Бизнестi дамыту
3.2.1. Қызмет көрсетудiң жаңа түрлерi
Почтаның ықтималды мүмкiндiктерiн пайдалану мақсатында көрсетiлiп жүрген қызметтердi жандандырумен қатар, олардың жаңа түрлерін енгiзе отырып, агенттiк қызмет көрсету желiсiн құру және оны дамыту жоспарланып отыр:
1) Тапсырыстар бойынша жолдама заттармен сауда жасау жүйесi аясында, соның iшiнде Интернет арқылы сервистiк қызмет көрсете отырып "Тауар - почтамен" каталогы бойынша сауда ұйымдастыру және оны дамыту;
2) жеке және заңды тұлғаларға салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуi бойынша қызмет көрсету;
3) республиканың ауылдық аудандары тұрғындарына шағын несиелер беру;
4) зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына, брокерлiк фирмаларға, банктерге және басқа да ұйымдарға агенттiк қызмет көрсету;
5) гибридтiк почтаны ұйымдастыру;
6) почталық жарнама саласында қызмет көрсету.
Бұдан басқа, болашақта почта лотереяларын шығаруға, темiр жол және авиабилеттерiн сатуға, төлем карточкаларын шығаруға лицензия (рұқсат) алу көзделедi.
Халыққа шағын несиелер беру үшiн қызметшiлердi оқытуды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясын алу жоспарлануда.
3.2.2. Электрондық сауда
Қазақстан почтасын дамытудың болашақ бағыттарының бiрi - қазiргi технологиялар, республикалық филиалдар желiсi және халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары негiзiнде базасына электрондық сауда жасау жүйесiн енгiзу және оның ерекшелiгi мен артықшылықтары мыналарда:
1) Қазақстан рыногына сауда жасаудың жаңа түрлерiн енгiзу;
2) почтаның қызмет көрсету аясын кеңейту;
3) уақытты, қаржылық және адам ресурстарын үнемдеу;
4) әрқилы топтардағы тұтынушылардың кең өрiстi қаржылық, ақпараттық қызметтерге және тауарларға қол жеткiзуi;
5) отандық өндiрушiлердiң тауарлары рынокқа енуiн бағыттау;
6) тұтынушылар мұқтаждығын бағамдау, нарықтық жағдайға тез бейiмделу.
3.2.3. ЕМS Каzроst Курьерлiк қызметiн дамыту
ЕМS Каzроst Курьерлiк қызметiнiң жұмысындағы басым бағыттар оны жаңғыртып жетiлдiру және оның бәсекелестiк қабiлетiн арттыру болады. Соған байланысты:
1) Қазақстан бойынша ЕМS Каzроst Курьерлiк қызмет жүйесiн автоматтандыру;
2) ЕМS халықаралық кооператив жүйесiне сәйкес келетiн компьютерлiк бақылап қадағалау жүйесiн енгiзу;
3) әлемнiң iрi почта әкiмшiлiктерiмен халықаралық жедел почта саласындағы ынтымақтастық;
4) почталық қызмет көрсетудiң жылдамдығын арттыру және сапасын жақсарту мәселелерi шешiлуде.
EMS Kazpost курьерлiк қызметiн одан әрi дамыту - халықаралық ЕМS кооперативiнiң толық құқылы мүшелiгiне жету және оның іс-шараларына қатысу, шетелдiк почта әкiмшiлiктерiмен және компанияларымен келiсiмдер жасау, әуежайларда жедел жөнелтiмдердi өңдейтiн учаскелер ұйымдастыру, шет елдерге жолданған жөнелтiмдердi бақылап қадағалаудың жүйесiн (штрих
кодтар) енгізу арқылы жүзеге асырылады. 3.3. Қызметiнiң қаржылық нәтижелерін болжау Дәстүрлi қызмет көрсетулердi дамытудан және жаңаларын енгiзуден болатын күтiлетiн айналымды негiзге ала отырып, 2001-2005 жылдарда мынадай көрсеткiштерге қол жеткiзу жоспарлануда: (млн.теңге) 2001 2002 2003 2004 2005 _____________________________________________________________________ Кiрiс 3295,0 3626,2 3945,3 4135,0 4360,0 Шығыс 3181,0 3499,6 3783,3 3949,7 4140,7 Таза табыс 114,0 126,6 162,0 185,3 219,3 _____________________________________________________________________
Қоғамның Есепке алу саясатына сәйкес негiзгi құралдарға амортизация есептеу кезiнде объектiнiң амортизацияланатын құны ай сайын тең сомада, салықтық есепке алу бойынша шектi нормалармен шектелген шеңберде тiзiмнен шығарылатын құнын бiрқалыпты (тiк сызықты) тiзiмнен шығару әдiсi қолданылады. Материалдық емес активтерге тозуды есептеу пайдалану мерзiмiне бiрқалыпты есептеу әдiсiмен жүргiзiледi.
Сатып алынатын жабдықтың негiзгi бөлiгiн бiлдiретiн компьютер техникасының жедел амортизациясына байланысты 2004-2005 жылдары амортизациялық аударымдар күрт төмендейдi.
Почта байланысын компьютерлендiрудi, көлiк паркiн жетiлдiрудi қаржыландыру, Қоғамның айналымдағы қаражатын толықтыру үшiн банк-резиденттердiң орта мерзiмдi және қысқа мерзiмдi кредиттерiн тарту салдарынан 2001 жылы Қоғамның кредиторлық берешегi 2000 жылмен салыстырғанда 49% өседi. Кейiнгi жылдары алынған кредиттер бойынша негiзгi қарызды бiртiндеп өтеуге байланысты банктердің алдында ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешектiң төмендеуi болжанады.
3.4. Қаржы саясаты
3.4.1. Тәуелсiз көздерден ұзақ мерзiмдi инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасының почта саласын одан әрi реформалау және почта-жинақ жүйесiн құру мақсатында табысты арттыру есебiнен қайтарымдылығын қамтамасыз ету.
3.4.2. Халықтың жинақ қаржысын тарту, кейiннен оларды мемлекеттiк бағалы қағаздарға және КАSЕ листингiнiң А санатына енгiзiлген корпоративтiк бағалы қағаздарға орналастыру.
3.4.3. Өндiрiстiк қызметтiң тиiмділігiн арттыру мақсатында қызмет көрсету сапасы мен көрсетiлетiн қызмет тарифтерiнiң өзара байланысты болуын қамтамасыз ету және икемдi тарифтiк саясат әзiрлеу.
3.5. Болжамды тарифтер мен бағалар, оларды негiздеу
Үлкен үлесi монополияға қарсы заңнаманың қолданыс аясына кiретiн анағұрлым әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетулер тарифтерiнiң өзгеруiн жоспарлау кезiнде Қоғам осы қызметтердi көрсетудiң өзiндiк құны оларға белгiленген тарифтерден жоғары болуы жағдайын негiзге алады. Мәселен, нақты өзiндiк құнының қазiргi тарифтен асуы қарапайым хатты жiберу үшiн 4%-дан жер бетiндегi көлiкпен жiберiлетiн жолдама затты жiберу үшiн 419%-ға дейiн аралықта ауытқиды. Сонымен қатар осы қызметтердi көрсетуден шығындар қаржылық қызмет көрсетулерден түсетiн кiрiс есебiнен жабылады. Екiншi жағынан, почта байланысы қызмет көрсетулерiне баға құру ерекшелiгi - осы қызмет көрсетулерге тарифтiң төмендеуі олардың ең кiшi көлемiне қол жеткiзiлгенде оның ұлғаюына әкелмейтiндiгiнде. Аталған жағдайлар Қазақстанның iшiнде жүзеге асырылатын жазбаша хат-хабарды, бандерольдердi, жолдама заттар мен мерзiмдiк басылымдарды жеткiзу бойынша қызмет көрсету тарифтерiн төмендетудi жоспарлауға мүмкiндiк бермейдi (1.1-кесте).
Таяу болашақта, почта жөнелтiмдерiнiң көлемiн ұлғайту мақсатында халықаралық почта жөнелтiмдерiн жiберу тарифтерiн төмендету және почта жөнелтiмдерiн ТМД бойынша жiберу тарифтерiн қайта қарау жоспарлануда.
3.6. Қоғамның дивидендтік саясаты, Қоғамның таза табысын бөлу,
резервтiк капиталды құру және пайдалану тәртiбi
Қоғам ашық акционерлiк қоғам ретiнде бiрiншi жыл қызмет етуiне байланысты таза табысты бөлу тәртiбi бастапқыда белгiленбеген. 2001 жылғы 9 сәуiрде Қоғамның Директорлар кеңесiнiң мәжілісi өткiзiлдi, сонда Қоғамның таза табысын, резервтiк капитал мен өзге де қорларының қаражатын пайдалану тәртiбi бекiтiлдi. Таза табысты бөлу 2001 жылдың ортасына жоспарланып отыр.
Осы Жоспарға Қосымшаның 1.1-кестесiнiң 8 және 9-тармақтарын дайындаған кезде мынадай жағдайлар ескерілдi:
1) "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мөлшерi Қоғамның Жарғылық капиталының 15% құрайтын жоспарланған резервтiк капиталды қалыптастыру.
2) Өтеу көзi резервтiк капитал болып табылатын өткен жылдардың шығындары - 220,4 млн теңге. Акционерлердiң жалпы жиналысы өткен жылдардың шығындарын құрылатын резервтiк капитал есебiнен төлеу туралы шешiм қабылдай алады. Ондай жағдайда, Қоғам өткен жылдар шығындарының сомасына қосымша резервтiк капитал құруы қажет.
3) 2002 жылы 1 286,2 млн. теңге сомасына акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жоспарлануда (5.1.1-тармақты қар.), содан кейiн жарғылық капиталдың мөлшерi 2455,2 млн. теңгенi құрайды. Өткен жылдардың 220,4 млн. теңге сомасындағы шығындарын өтегеннен кейiн 368,3 млн. теңге сомасына резервтiк капитал құру қажет. Осылай, өткен жылдардың шығындарын өтеу және резервтік капиталды құру үшiн жалпы сома 588,7 млн. теңгенi құрайды және Қоғамның 2003 жылға дейінгі қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде алынған табыс осы мақсаттарға жұмсалады. Бөлiнбеген түсім пайда болғанда, 2004 жылдан дивидендтердi төлей бастау жоспарлануда.
3.7. Бюджетпен өзара қарым-қатынас
2001-2005 жылдарда аударуға жоспарланған жалпы мемлекеттiк салықтардың жалпы сомасы 566,1 млн. теңгенi, жергiлiктi салықтар 52,5 млн. теңгенi құрайды.
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Z980281_ Заңына және Қоғамның Жарғысына сәйкес "Қазпочта" ААҚ акционерлердiң Жалпы жиналысы шешiмiнiң негiзiнде акционерлерге тиесiлi акциялар бойынша дивидендтер төлеуi тиiс. Қоғамның 100% акциясын мемлекетке тиесiлi болғандықтан, дивидендтер төлеуге аударылатын бүкiл сома мемлекеттiк бюджетке түседi.
2001 жылға арналған республикалық бюджетте Ислам Даму Банкiнiң заемын қамтамасыз ету ретiнде 9 млн. АҚШ доллары сомасына үкiметтiк кепiлдiк беру көзделген (1.1-кесте)
Тезiрек шешудi талап ететiн мәселелердiң бiрi мерзiмдi әскери қызметкерлердiң хаттары мен жолдама заттарын жiберу шығындарын өтеу болып табылады. Әскери хат-хабарды жiберуде тегiн қызмет көрсету нәтижесiнде 1995-2000 жылдары Қоғам шамамен 134,3 млн. теңгедей кiрiстi аз алды, ал 2001 жылдың 1-тоқсанында 11,6 млн. теңге алынбаған. Осы мәселе тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып шешiмiн табуды талап етедi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде "Кейбiр заң кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қарауда жатыр. Осы жобада Қорғаныс министрлiгi "Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z934000_ 16-бабындағы мерзiмдi қызметтегi әскери қызметкерлер жөнелтетiн әскери хат-хабарды тегiн жiберу туралы ереженi алып тастауды ұсынып отыр.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қ.Тоқаевта 2001 жылғы 29 мамырда болған, 2001 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнде болған кеңестiң N 17-12-9/И-546 хаттамасына сәйкес Қоғам Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп "Қазпочта" ААҚ-ның 1995 жылдан 2001 жылғы шiлдеге дейiнгi кезеңде әлеуеттi министрлiктер мен ведомстволарға әскери хат-хабарды жiберу бойынша көрсеткен қызметтер шығыстарын өтеу жөнiндегi қуыным-талаппен сотқа баруға ниеттi.
Жоғарыда көрсетiлген заң жобасына депутаттардың түзетулерi мен ұсыныстары енгiзiлгеннен кейiн мерзiмдi қызметтегi әскери қызметкерлердiң хат-хабарын жiберу жалпы негiзде, осы шығыстарды әлеуеттi құрылымдарды ақшалай ұстау енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазпочта" ААҚ акцияларының қосымша эмиссиясын сатып алуға 1286,2 млн. теңге сомасында шығыстарды көздеу қажет. Қаражат 2001 жылы алу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кредитiн өтеуге пайдаланылады.
Почтаға халыққа зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзу және төлеу бойынша жоғалтқан әлеуметтiк функцияларын қайтару мақсатында Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықпен республиканың ауылдық аудандарының тұрғындарына зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөнiнде тiкелей Келiсiм жасасу және Қоғамның зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша шығыстарын республикалық бюджеттен өтеу жоспарлануда.
Бұдан басқа, Дүниежүзілік Почта Одағының іс-шараларына Қазақстан Республикасының толық құқылы қатысуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының 1994 жылдан берi мүшелiк жарнасын төлеу бойынша Дүниежүзілік Почта Одағының алдындағы берешегiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен жою қажет.
3.8. Инвестициялық бағдарлама
Жаңа техниканың, ақпараттық технологиялардың пайда болуы, бәсекелестiктiң дамуы, тиiмдiлiгi жоғары және сенiмдi қызмет көрсетулерге қажеттіліктiң өсуi салдарынан почта байланысын жылдам ауысатын нарық жағдайына тезiрек бейiмдеу қажеттiлiгi туындады.
Дәстүрлi қызметтер көрсету көлемiнiң құлдырауы почталық байланыс бөлiмшелерiнен нарықтық экономика жағдайында өзектi болатын, дәстүрден тыс, бiрақ табысы жеткілiктi қызмет түрлерiн кеңейтудi талап етедi. Бұл бағыттағы қызметтi дамыту үшiн қазiргi заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым және қазiргi заманғы көлiк, демек, инвестициялар қажет.
Почта саласында қаржы ресурстарын тартпай жағдайды тұрақтандыру бойынша жасалған бұрынғы iс-әрекеттер тек уақытша ғана әсер беретiн, өйткенi Қоғамда ауылдық жерлердегi шығынды желiнi ұстау үшiн едәуiр қаржылық шығын жұмсаушы нағыз монополист ретiнде, саланы жетiлдiрудi қаржыландыратын өзiнiң iшкi қаржы көзiнiң тапшы болуында, ал қазiргi заманғы жабдықтарды сатып алмай және желiнi компьютерлендiрмей, шығынды азайту да және көрсететiн қызмет сапасын жақсарту да мүмкiн емес.
Бұл қажеттiлiктi мойындаған Қазақстан Республикасының Үкiметi 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына почта байланысын жетiлдiру және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру жобасын енгiздi. Осы жоба қазiргi почталық технологияларды енгiзудi, Қоғамның байланыс бөлiмшелерiн компьютерлендiрудi, инкассация қызметiн жарақтандыруды, көлiк паркiн жаңартуды көздейдi. Оны iске асыру почта қызметiнiң сапасы мен жұмыс iстеу қауiпсiздiгiн арттыруға, әрбiр почта бөлiмшесiнде кең ауқымды қызмет көрсетуге, көп тармақты почта бөлiмшелерi желiсiн пайдалану арқылы банкiлердiң, зейнетақылық және инвестициялық қорлардың қызметтерiн ұсынатын агенттiк желi құруға жағдай туғызады. Қоғам ең жедел қызмет көрсету рыногында табысты түрде бәсекелесуге және қаржылық қызмет рыногында белсендi түрде iлгерi жылжуға мүмкiндiк алады.
Сонымен қатар, саланы жетiлдiрудi басқа да тәуелсіз көздер арқылы
қаржыландыру жоспарлануда. Жалпы алғанда, шетелдiк және отандық инвесторлар есебiнен Қазақстанның почта саласына 22,5 млн. АҚШ долларынан аса қаржы салу жоспарлануда (3.1-кесте) және ол қаржы: 1) ақпарат беру үшiн телекоммуникациялық желiлердi құру; 2) почта бөлiмшелерiн компьютерлендiру; 3) қазiргi заманғы почталық технологияларды енгiзу; 4) почта кеңселерiн, кассалар мен айырбастау пункттерiн банк жабдықтарымен және қауiпсiздiк жүйелерiмен жарақтандыру; 5) инкассация қызметiн жарақтандыру; 6) көлiк және вагон паркiн жаңарту; 7) бiрыңғай салалық стиль құру үшiн байланыс бөлiмшелерi ғимараттарын жөндеу; 8) кассалық тораптар мен қоймаларды жөндеу және салу; 9) аудандық және облыстық бөлiмшелердi күрделi жөндеу; 10) валюта айырбастау операцияларына жұмсалатын айналымдағы қаражатты толықтыру; 11) почта байланысы қызметкерлерiн оқыту және олардың бiлiктілігiн арттыру мақсатына жұмсалмақ.
3.8.1. Тартылатын қаражат есебiнен iске асырылатын жобалар Почта саласын реформалау және почта-жинақ жүйесiн құру бойынша бiрiншi кезектi мiндет "Қазақстан Республикасының почта байланысын жетiлдiру және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру" жобасын iске асыру болып табылады (3.1-кесте). Бұл жобаны қаржыландыруды мынадай көздер есебiнен жүргiзу жоспарлануда:
1. "Қазақстан Халық банкi" ЖАҚ-тың 5 жыл мерзiмге, жылына 13%-бен 5 млн. АҚШ доллары сомасына берiлетiн несиесi, сыйақы ай сайын өтеледi (3.2-кесте).
2. Ислам Даму Банкiнiң 12 жыл мерзiмге Қазақстан Республикасы Yкiметінің кепiлдiгiмен, жылына 6%, 2 жыл - негiзгi қарызды төлеу бойынша жеңiлдiк кезең деген шартпен берiлетiн жалпы сомасы 9 млн. АҚШ долларына несиесi.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1286 млн. теңге (8,6 млн. АҚШ доллары) сомасына берiлетiн несиесi (3.2-кесте).
"Қазақстан Халық банкi" ААҚ мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен тартылған қаражатты жабу көзi Қоғамның өз капиталы болып табылады. Бұл ретте Қоғамның өз капиталы 1286 млн. теңге сомасына акциялардың қосымша эмиссиясы арқылы жарғылық капиталды ұлғайту есебiнен көбейтiледi (1.1-кесте).
Жобаның негiзгi мақсаты клиенттерге жоғары сапада қызмет көрсетудi, қауiпсiздiк кепiлдiгiн қамтамасыз ету, почталық және қаржылық қызметтердің жаңа түрлерiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн почта қызметiн ақпараттық және техникалық жетiлдiру болып табылады. Жоба Почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн құрудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жасалған және оны мына бағыттарда iске асыруды көздейдi:
- ақпараттық инфрақұрылым құруды көздейтiн және аса сенiмдi, жоғары жылдамдықты, құпиялылығы сақталған деректердiң берiлуiн ұйымдастыруға бағытталған почта байланысын ақпараттандыру;
- ақпаратты өңдеудiң бiртұтас компьютерлiк орталығын құру;
- қазiргi заманғы технологиялар мен жабдықты қолдану, почта жөнелтiмдерiнiң жүрiп өтуiн бақылау, басқарушылық шешiм қабылдаудың және оны iске асырудың жаңа қағидаттарына өту арқылы почта саласындағы жұмыстың сапасын арттыру;
- Қазақстан Республикасының почта саласын дүниежүзiлiк почта жүйесiмен одан әрi бiрiктiрудi тереңдету, шетелдiк почта әкiмшіліктерiнiң озық жетiстiктерiмен танысу және енгiзу;
- қаржылық, почталық және агенттiк қызмет көрсетулердiң жаңа түрлерiн дамыту.
Қазiргi уақытта байланыс бөлiмшелерiн компьютерлендiрудi және жұмыс орындарын автоматтандыруды көздейтiн және қызмет көрсетудiң дәстүрлi түрiнiң технологиясын жетiлдiрiп қана қоймай, жинақ ісiнiң технологиясын да жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн почта байланысын ақпараттық және техникалық жетiлдiрудiң бағдарламасы әзiрлендi.
Жобаны iске асыру нәтижесiнде озық ақпараттық технологияларды енгiзу және почта жабдықтарын жетiлдiру арқылы почта тарапынан көрсетiлетiн қызмет сапасы едәуiр жақсаратын болады, почта өнiмдерi мен қызметiнiң түрлерi көбейiп, еңбек өнiмдiлiгiнiң артуына байланысты Қоғамның табысы да артпақ.
Сонымен қатар, почта-жинақ жүйесiн дамыту бүкiл ел бойынша почта бөлiмшелерiнде қызмет көрсетiлетiн жинақ кiтапшаларын және электрондық карточкалар енгізу арқылы қолма-қол ақша айналымын азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қоғам өзiнiң барлық дерлiк бөлiмшелерi кіретiн, коммуналдық қызмет көрсету, телефон үшiн шоттарды, салықтарды, айыппұлдарды төлеуге, авиабилеттерге тапсырыс беруге және түрлi тауарлар сатып алуға, көрсетiлетiн түрлi қызметтердi пайдалануға болатын ұлттық желi арқылы төлемдердi жүзеге асыра алады.
Байланыс бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң жаңа әдiстер мен технологияларды игеруi, жұмыс барысында қазiргi заманғы техникалық құралдарды пайдалануы қызметшiлердiң бiлiктiлiк және бiлiмділік деңгейiн жоғарылатуға зор ықпалын тигiзедi.
Сонымен, жобаның енгiзiлуi және оның ауқымын ескере отырып қызметшiлердiң талап етiлетiн бiлiмдiлiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралардың жүзеге асырылуы аймақтар және тұтас Қазақстан бойынша әлеуметтiк-демографиялық жағдайға да ықпалын тигiзедi.
3.8.2. Инвестициялар тартусыз iске асырылатын жобалар
Қазiргi жағдайда телекоммуникациялық қызмет көрсетудi және электрондық сауданы дамыту саласындағы жобаларға үлкен мән берiледi. Ақпараттық технологиялар мен Интернеттiң дамуына байланысты дүниежүзiлiк саудада революция болып өттi. 2001 жылдан бастап почта саласын компьютерлендiру бiртұтас ақпараттық-талдау орталығын, сондай-ақ қазiргi заманғы технологиялар, республикалық филиалдар желiсi мен халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандарының негiзiнде электрондық сауда жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi. Осы уақытта әзірленген "Электрондық сауда" жобасының ерекшелiгi мен артықшылығы:
- қазақстандық рынокқа жаңа сауда түрлерiн енгiзу;
- қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың негiзiнде почтаның қызмет көрсету аясын кеңейту;
- уақытты, қаржы және адам ресурстарын үнемдеу;
- әртүрлi топтағы тұтынушылардың кең ауқымды қаржылық, ақпараттық қызмет көрсетулер мен тауарларға қол жеткiзуi;
- отандық өндiрушілердiң тауарларын рынокқа енгiзуге бағыттау;
- тұтынушылар мұқтаждығына бет бұру, нарықтық жағдайға жылдам бейiмделу.
2001 жылдың iшiнде халықаралық почта жөнелтiмдерi бойынша мәліметтердi жинаудың және өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу жоспарлануда. Мұндай жүйенi енгiзу транзиттiк, келетiн және кететiн халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң саны туралы ақпарат алуға, олардың жүрiп өту жолдары мен мерзiмiн қадағалауға мүмкiндiк бередi. Кейiннен халықаралық почта жөнелтiмдерiн бақылау модулi негiзiнде барлық тiркелетiн почта жөнелтiмдерiн толық бақылай алатын, дамыған елдердiң почта
әкiмшiлiктерiнiң тиiстi талаптарына сәйкес, машиналар арқылы оқуға болатын деректемелердi пайдалану мүмкiндiгiн қарастыратын модуль құрылады. 3.8.3. Қоғамның 2001-2002 жылдарға арналған күрделi салым жасау бағдарламасы 21581,8 мың АҚШ доллары сомасындағы алынған заем қаражатын мыналарға жұмсау жоспарлануда: - автокөлiк, сауытталған арнайы автомобиль сатып алу - 2312,6 мың АҚШ доллары; - почта вагондары үшiн сейфтер сатып алу - 16,98 мың АҚШ доллары; - почта вагондарын сатып алу - 1139 мың АҚШ доллары; - почта вагондарын жөндеу - 253,2 мың АҚШ доллары; - инкассация қызметi үшiн қару мен сауыт сатып алу - 85,7 мың АҚШ доллары; - касса тораптарын қайта жаңартуға, ғимараттарды жөндеу және сатып алу - 2938,9 мың АҚШ доллары; - компьютер техникасын, желілiк жабдықты, үздiксiз қоректендiру көздерiн сатып алу - 8342,8 мың АҚШ доллары; - почта жабдығын сатып алу - 2372,9 мың АҚШ доллары; - кассалар мен айырбастау пункттерi үшiн жабдық сатып алу - 913,5 мың АҚШ доллары; - почта қауiпсiздiгi үшiн жабдық сатып алу - 1653,6 мың АҚШ доллары; - бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 1477 мың АҚШ доллары (2.1- және 2.2-кесте). 3.9. Әлеуметтiк бағдарлама 3.9.1. Шағын және орта бизнестi қолдау
"Табиғи монополиялар туралы" заңнамамен реттелетiн құқықтық қарым-қатынас субъектiсi бола отырып, Қоғам еншiлес кәсiпорындар құруға құқысыз. Алайда "Қазпочта" ААҚ-ның 2001-2002 жылдарға арналған Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау бағдарламасына сәйкес Қоғам Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпорындарының тиiмдi дамуына, жұмыс орындары санының көбеюiне, республикалық және жергiлiктi бюджеттер үшiн салық салынатын базаны кеңейтуге жәрдемдеседi, тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногында iскерлiк және инвестициялық белсендiлiктiң дамуына жәрдемдеседi.
Статистикалық және талдау деректерi көрсеткендей, шағын кәсiпорындардың едәуiр бөлiгi үшiн ең күрделi мәселелердің бiрi - үй-жайларды жалға алу мәселесi. Тұрғын емес үй-жайларды жалға алу бойынша жеңiлдiктердi пайдалана отырып көптеген кәсiпорындар үнемделген қаражатын өз өндiрiсiн дамытуға жұмсар едi. Қоғамның иелiгiнде қазiргi уақытта толық пайдаланылмайтын өндiрiстiк алаңдар бар. Осыған байланысты Қоғамның өндiрiстiк алаңдарын шағын және орта бизнес субъектiлерiне жалға беру көзделуде. Бұдан басқа, өндiрушiлерге қалдық құны бойынша автокөлiк қосалқы бөлшектерiн, пайдалануға жарамсыз машиналарды және қолда бар басқа да техниканы сатуды қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiкке мүлiктiк қолдау көрсету жоспарлануда.
Әлеуметтiк қорғалмаған тұрғындарды қолдау мақсатында Қоғам мүгедектер мен басқа да әлеуметтiк қорғалмаған тұрғындардың еңбегiн пайдаланатын шағын кәсiпорындарда кәсiпкерлiк қызмет пен өндiрiстi дамыту үшiн көп еңбектi қажет ететiн кейбiр операцияларды орындауды (мысалы, маркаларды желiмдеу, хаттарды iрiктеу және т.б.) шағын кәсiпорындарда тапсырыс орналастыру арқылы қолайлы жағдай жасауды көздеп отыр.
Қазiргi уақытта кәсiпкерлiк қызметтi ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету айрықша өзектi болып отыр. Осы орайда Қоғам шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн электрондық почта, көбейту және ұйымдастыру iсi техникасын, Интернетке кiрудi жеңiлдiк тарифпен ұсынуға дайын.
Бұдан басқа, шағын және орта бизнестi қолдау жөнiнде жоспарланып отырған iс-шараларға отандық өндiрушiлердiң өнiмiн жарнамалау кiредi және олар шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң бәсекеге төзiмдiлiгiн арттыруға, почта жарнамасын тұрақты жүргiзу арқылы оны рынокқа шығаруға бағытталған.
3.9.2. Кадр саясаты
Қоғамның кадр саясаты қызметшілердi алу, оқыту, олардың жұмыс тиiмдiлiгiн бағалау, мансабын дамыту және көтермелеу процесiн ретке келтiруге, сондай-ақ бүкiл жүйе бойынша қызметшiлердi есепке алу және оның қызмет сатысы бойынша көтерiлуi жөнiнде құжаттамалардың бiрыңғай нысандарын енгiзуге бағытталған. Кадрлық саясат мынадай кезеңдерден тұрады:
1) қызметшiлер мониторингi және жоспарлау;
2) қызметшiлердi конкурс арқылы iрiктеу және алу;
3) қызметшiлердi оқыту, кәсiби даярлау және қайта даярлау;
4) қызметшiлердiң жұмысының тиiмділiгiн бағалау;
5) iшкi резервтi құру;
6) қызметшiлердi дәлелдi себеппен ұстау.
Қызметкерлердi оқыту, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру - почта қызметшiлерiнiң кәсiби дамуының және олардың сапалық сипатын жақсартудың негiзгi жолдары болып табылады. Осы орайда және Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2001 жылы Қоғамның қызметшiлерiн оқыту жөнiндегi Оқу Орталығын ашу жоспарлануда. Оқу Орталығы дербес заңды тұлға мәртебесiнсiз Қоғам бөлiмшесi болады. Оқу Орталығын қаржыландыруға арналған қаражат "Қызметшiлердi оқыту шығыстары" бабы бойынша Қоғамның шығыс сметасына салынады.
Қызметшiлердi оқыту орталығының негiзгi мақсаты Қазақстанда почталық және почта-жинақ қызметiн көрсету саласындағы қызметкерлердi оқытудың және бiлiктiлiгiн арттырудың қазiргi заманғы жүйесiн құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
Негiзгi мақсатқа қол жеткiзу үшiн Орталық мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
- Қоғамның қызметкерлерi үшiн үйрететiн семинар-тренингтер өткiзу;
- Қоғамның қызметкерлерiн қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға арналған оқу бағдарламалары мен әдiстемелiк құралдар әзiрлеу және басып шығару;
- жеке сұраулар бойынша Қоғамның қызметкерлерi үшiн кеңес берудi қамтамасыз ету;
- ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткiзуге, почта байланысын дамыту және почта-жинақ жүйесiн жетiлдiру проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге қатысу.
Басқарушы буын қызметкерлерi Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарында және ТМД қалаларындағы оқу орталықтарында оқу бағдарламалары шеңберiнде Қызметшiлердi оқыту жөнiндегi Алматы орталығында бiлiктiлiгiн арттыру курстарына қатысады. Таяудағы бес жыл ішінде сала қызметкерлерін оқытуға және маманданған өзгертуге кемінде 42 млн. теңге салу жоспарлануда.
Облыс орталықтары мен iрi қалалардағы почта бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн брокер-дилер және тiркеушiлер курстарында оқытқаннан кейiн, оларға Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының бiлiктілік куәлігін беру бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, сала мамандарының Қытайда, Германияда, Жапонияда, Түркияда және басқа елдерде Дүниежүзілік почта одағына мүше жекелеген елдермен жасалынған ынтымақтастық туралы келiсiмдер шеңберiнде тағлымдамадан өтетiнi жоспарлануда.
Оқыту бағдарламаларын, семинарларды, тренингтердi енгізу, почта-қаржылық сервис саласындағы әлемдiк озық тәжiрибелердi, басқару есебi мен менеджменттi енгiзу халықаралық почта қызметiн көрсетудiң сапасын жақсартуға, өндiрiстiк және басқарушы қызметшiлердiң жұмыс тиiмділігiн, тұтас алғанда саланың тиiмділігiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
3.10. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар
Қоршаған ортаны қорғау проблемасы соңғы кезде әлемдегi ең өзектi мәселелердiң бiрi болды. Почта қызметтерінің жұмыс ерекшелiгiне байланысты жөнелтiмдердi жинау және жеткiзу үшiн көлiк құралдарын пайдаланусыз жұмыс iстеу мүмкiн емес. Алайда Қоғам өзiнiң даму барысында почта байланысының қоршаған ортаға терiс ықпалын жұмсарту жөнiнде iс-шаралардың тұтас кешенiн жүзеге асыруды көздеп отыр.
Осы iс-шаралар санына технологиялық жабдық паркiн, соның iшiнде көлiк құралдарын жаңартуды, сүзбелер мен катализаторлар орнатуды, басқа отын түрлерiне көшудi жатқызуға болады. Қазiргi заманғы почта жабдығын және көлiк құралдарының соңғы модельдерiн жоспарланып отырған сатып алу анағұрлым жоғары экологиялық стандарттарды көздейдi.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыруда Қоғамның қазiргi және ықтимал кредиторларының (Қазақстан Халық банкi ААҚ, Ислам Даму Банкi) экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану және қоршаған ортаға жанама әсерi жоқ технологияларды қолдану бөлiгiндегi талаптары маңызды рөл атқарады. Инфрақұрылым дамығасын көлiк құралдары үшiн отын ретiнде және ғимараттарды жылыту үшiн сұйытылған газды қолдану жоспарлануда.
Болашақта, Ресей Федерациясының Федералдық почта қызметiнiң үлгiсi бойынша штатқа технологиялық процестiң экологиялық қауiпсiздiгiн қадағалау жөнiндегi маман енгiзiлуi мүмкiн.
4. Қорытынды
Алға қойылған мiндеттердi iске асыру тұрғындарға, әсіресе, ауыл тұрғындарына дәстүрлi почта қызметiмен қатар кең ауқымды қаржылық және ақпараттық қызметтер көрсетуге, халықтың бос ақшасын елiмiздiң экономикасын қаржыландыру үшiн жинауға мүмкiндiк беретiн ТМД аумағындағы бiрiншi почта-жинақ жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
Бұдан басқа, почта-жинақ жүйесiн дамыту бүкiл ел бойынша почта бөлiмшелерiнде қызмет көрсетiлетiн жинақ кiтапшалары мен электрондық карточкаларды ендiру арқылы қолма-қол ақша айналымын төмендетуге мүмкiндiк бередi. Қоғам Қазақстанның почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру, жұмыстағы кемшiлiктердi жою, почталық және қаржылық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, корпоративтiк мәдениеттi дамыту және Қазақстанның дүниежүзілiк экономикаға одан әрi кiрiгуi жөнiнде нақты iс-шаралар қолдану бағытын ұстануға ниеттi.
Осы Даму жоспарын iске асыру нәтижесi почта-жинақ жүйесiн құру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және ауқымын кеңейту болады. Кiрiстiң өсуі және көрсетілетiн қызметтiң өзiндiк құнының төмендеуi саланы орнықты рентабельділік деңгейiне шығарады. Қоғамның әлеуметтiк функцияларын рентабельдi емес байланыс бөлiмшелерiн ұстау мүмкiндiгiн алу арқылы күшейту, әлемдiк стандарттарға сәйкес почта-жинақ жүйесiнiң қызметтерiн ұсыну - осының бәрi қазақстандықтардың ақпарат алуға конституциялық құқықтарын iске асыруға жәрдемдеседi.
Почта бөлiмшелерiн компьютерлендiру және барлық бөлiмшелердi қамтитын ақпараттық желiнi құру нәтижесiнде клиенттер көптеген почта бөлiмшелерiнде қазiргi заманғы технологиялық деңгейде көрсетілетiн қызметтердi пайдалану мүмкiншiлiгiн алатын болады.
Дәстүрлi почталық қызметтердi дамыту, жаңа коммерциялық қызметтердi ендiру Қазақстанда ақпарат, ақша және тауар ағындары өтетiн жүйенi құруға мүмкiндiк бередi. Дүниежүзiлiк ақпараттық кеңiстiкке және әлемдiк экономикаға кiрiге отырып, қазақстандық почта Қазақстанда ашық демократиялық қоғамды құруға жәрдемдеседi.
5. Қоғамның Даму жоспарына есептер
Қоғамның негiзгi қызметiнен түсетiн табысының неғұрлым үлкен жеке үлесiн почталық төлем белгiлерiн сатудан, жазбаша хат-хабардан, ақша аударымдарынан, жолдама заттардан, мерзiмді басылымдардан және зейнетақы мен жәрдемақы төлеуден түсетiн табыстар құрайды.
Бағалы қағаздарды орналастырудан, шетел валюталарымен операцияларды жүзеге асырудан, инкассациядан түсетiн табыс баптары бойынша Қоғам алатын табыс өсiмдерi едәуiр, өйткенi қызметтiң мұндай түрлерi жақын арада ғана енгiзiлiп отыр және бұл баптар бойынша табыстың өсуi сөзсiз.
Негiзгi емес қызметке агенттiк, көлiктiк қызмет көрсетулерден, үй-жайларды жалға беруден алынатын табыстар кiредi. Шығыс бөлiгi бойынша болжам жасау кезiнде қосымша негiзгi құралдарды сатып алу, қосымша материалдарға, электр қуатына, iссапар шығыстарына, қызметшiлердiң еңбекақысына шығындарды ұлғайту нәтижесiнде амортизациялық аударымдардың ұлғаю сомалары ескерiлдi.
1.1-кесте
"Қазпочта" ААҚ дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
Жоспары __________________________________________________________________________ ! Өлшем ! 2000 ж. ! 2001 ж. ! 2002 ж. ! 2003 ж. ! бірлігі ! есеп ! баға ! болжам ! болжам __________________________________________________________________________ 1. Активтер __________________________________________________________________________ Негізгі құралдар !млн.теңге! 1 278,8 !1 581,7 ! 2 531,4 ! 2 183,4 Негізгі құралдардың ! ! ! ! ! амортизациясы ! - ! 85,9 !194,2 ! 327,2 ! 307,4 Жарғылық капитал ! - ! 903,7 !1 169,0 ! 2 455,2 ! 2 189,9 __________________________________________________________________________ Өндірілген өнім (жұмыс, қызмет көрсетулер) көлемі __________________________________________________________________________ 2. Барлығы: __________________________________________________________________________ соның ішінде түрлер бойынша: (шығатын ақылы алмасу) саны __________________________________________________________________________ жазбаша хат-хабар !млн.дана ! 16,9 !14,6 !14,3 !13,6 ақша аударымдары !млн.дана ! 0,7 !0,8 ! 0,9 !1,0 зейнетақылар мен !млн.дана ! 11,5 !12,0 !12,5 !13,0 жәрдемақыларды төлеу жолдама заттар !млн.дана ! 1,3 ! 1,2 ! 1,2 !1,3 мерзімдік басылымдар !млн.дана ! 65,2 !71,6 !69,5 !68,3 __________________________________________________________________________ өнім (жұмыс, қызмет бір бір. көрсетулер) бірлігіне лігі үшін келетін тарифтер теңге (бағалар) __________________________________________________________________________ почта карточкасын ! - !15(100%) !15(100%) !15(100%) !15(100%) жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 20г дейін ! - !20(100%) !20(100%) !20(100%) !20(100%) қарапайым хатты жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 20г дейін ! - !35(100%) !35(100%) !35(100%) !35(100%) тапсырысты хатты жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 20г дейін ! - !45(100%) !45(100%) !45(100%) !45(100%) бағалы хатты жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 50г дейін ! - !15(100%) !15(100%) !15(100%) !15(100%) қарапайым бандерольді жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 50г дейін ! - !20(100%) !20(100%) !20(100%) !20(100%) тапсырысты бандерольді жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 50г дейін ! - !20(100%) !20(100%) !20(100%) !20(100%) бағалы бандерольді жіберу __________________________________________________________________________ жолдама заттарды ! !6-28,75 !6-28,75 !6-28,75 !6-28,75 жіберу (әрбір толық (100%) (100%) (100%) (100%) және толық емес 500 г. үшін) __________________________________________________________________________ құны млн.АҚШ доллары __________________________________________________________________________ 3. Экспорттың барлығы: млн.АҚШ өнім түрлері бойынша: доллары - өнім түрінде саны __________________________________________________________________________ өнім (жұмыс, қызмет бір бір. көрсетулер) бірлігіне лігі үшін келетін тарифтер доллар (бағалар) __________________________________________________________________________ құны млн.АҚШ доллары соның ішінде ТМД - елдері алыс шетел - __________________________________________________________________________ 4. Импорттың барлығы: млн АҚШ өнім түрлері бойынша: доллары - өнім түрінде саны __________________________________________________________________________ өнім (жұмыс, қызмет бір бір. көрсетулер) бірлігіне лігі үшін келетін тарифтер доллар (бағалар) __________________________________________________________________________ құны млн.АҚШ доллары соның ішінде ТМД - елдері алыс шетел - __________________________________________________________________________ 5. Барлық қаржыланды. !млн.теңге! 438,1 !1 885,8 ! 2 705,5 ! ру көздері есебінен ! ! ! ! ! негізгі капиталға ! ! ! ! ! инвестициялар - ! ! ! ! ! барлығы: ! ! ! ! ! соның ішінде мемлекеттік ! ! ! ! бюджет қаражаты ! - ! ! ! 1 286,2 ! сыртқы заемдар ! ! ! ! ! есебінен ! - ! 267,1 !1885,8 ! 1 419,3 ! өз қаражаты есебінен - 2,2 __________________________________________________________________________ 6. Кіріс - барлығы: !млн.теңге!3067,0 !3295,0 !3626,2 !3945,3 Негізгі қызметінен ! ! ! ! ! кіріс, барлығы ! - !2820,0 !3161,0 !3478,2 !3785,3 Негізгі емес қызметі. ! - !247,0 !134,0 !148,0 !160,0 нен кіріс, барлығы ! ! ! ! ! __________________________________________________________________________ 7. Шығыстар - барлығы ! !3064,8 !3181,0 !3499,6 !3783,3 __________________________________________________________________________ Өнімнің (жұмыс, қызмет! ! ! ! ! көрсетулер) ! ! ! ! ! негізгі түрлерінің ! - ! ! ! ! өзіндік құны - барлығы:! !1948,3 !2096,0 !2238,8 !2435,5 соның ішінде: ! ! ! ! ! материалдар ! - !140,6 !162,0 !173,4 !188,6 қызметкерлердің ! - !745,4 !830,8 !884,8 !962,9 (өнд.қызмет.) ! ! ! ! ! еңбекақысын төлеу ! - ! ! ! ! қызметкерлердің ! - !179,2 !205,8 !220,2 !239,6 (өнд.қызмет.) ! ! ! ! ! еңбекақысынан ! - ! ! ! ! аударымдар ! ! ! ! ! өндіріс ақаулары ! - !343,2 !360,1 !385,4 !419,2 үстеме шығыстар ! - !539,9 !537,3 !575,0 !625,4 басқа да шығыстар ! - !970,4 !1038,9 !1205,9 !1278,2 Кезең шығыстары: ! ! ! ! ! соның ішінде: ! ! ! ! ! жалпы және әкімшілік ! - !940,9 !951,2 !1018,0 !1107,2 шығыстар ! ! ! ! ! іске асыру шығыстары ! - !12,7 !14,7 !16,2 !17,4 сыйақылар (пайыздар) ! ! ! ! ! бойынша шығыстар ! !16,5 !72,7 !171,3 !153,0 әлеуметтік салаға ! - !0,3 !0,3 !0,4 !0,6 шығыстар ! ! ! ! ! Негізгі емес қызметке ! - !44,0 !5,8 !10,0 !12,0 байланысты шығыстар ! ! ! ! ! Табыс салығы бойынша ! - !16,4 !40,0 !44,5 !57,0 шығыстар ! ! ! ! ! Басқа да шығыстар ! - !85,4 ! ! ! соның ішінде күдікті ! - !80,1 ! ! ! қарыздар бойынша ! ! ! ! ! провизиялар ! ! ! ! ! __________________________________________________________________________ 8. Таза табыс (шығын) ! - !2,2 !114,0 !126,6 !162,0 __________________________________________________________________________ 9. Таза табысты бөлу, ! - ! ! ! ! соның ішінде: ! ! ! ! ! Дивидендтер ! - ! ! ! ! Резервтік қор ! - !2,2 !114,0 !126,6 !162,0 __________________________________________________________________________ 10. Ұзақ мерзімді ! - !3,6 !4,4 ! 6,6 ! 9,8 берешек - барлығы ! ! ! ! ! оның ішінде сатып алу.! - ! ! ! ! шылар мен тапсырыс ! ! ! ! ! берушілердің берешегі ! ! ! ! ! __________________________________________________________________________ 11. Кредиторлық бере. ! - !2595,5 !3880,2 ! 3765,2 !3643,2 шек - барлығы ! ! ! ! ! оның ішінде: ! ! ! ! ! клиенттердің депозит. ! ! ! ! ! тері ! - !360 !468 !655 !851 жеткізушілермен және ! ! ! ! ! мердігерлермен есеп ! ! ! ! ! айырысу бойынша ! - !276,8 !304,5 !334,9 !368,4 банк кредиттері ! ! ! ! ! бойынша ! - !582,4 !2036,0 !2065,9 !1965,9 __________________________________________________________________________ 12. Қызметкерлер саны ! адам !14903 !15000 !15180 !15360 __________________________________________________________________________ 13. Жалақы қоры !млн.теңге!1198 !1400 !1750 !2187,5 __________________________________________________________________________ 14. Орташа айлық !теңге !7775 !10700 !13400 !16080 жалақы ! ! ! ! ! __________________________________________________________________________ таблицаның жалғасы __________________________________________________________________________ ! Өлшем ! 2004 ж. ! 2005 ж. ! 2001 ж. ! 2005 ж. ! бірлігі ! болжам ! болжам !2000 ж. !2001 ж. ! ! ! !сал-нда % !сал-нда % __________________________________________________________________________ 1. Активтер __________________________________________________________________________ Негізгі құралдар !млн.теңге! 1 912,6 !1 715,5 !123,7% !108,5% Негізгі құралдардың ! ! ! ! ! амортизациясы ! - ! 270,0 !141,8 !226,2% !73,0% Жарғылық капитал ! - ! 2 189,9 !2 189,9 !100,0% !242,3% __________________________________________________________________________ Өндірілген өнім (жұмыс. қызмет көрсетулер) көлемі __________________________________________________________________________ 2. Барлығы: __________________________________________________________________________ соның ішінде түрлер бойынша: (шығатын ақылы алмасу) саны __________________________________________________________________________ жазбаша хат-хабар !млн.дана ! 13,5 !13,3 !86,4% !91,4% ақша аударымдары !млн.дана ! 1,0 !1,1 !109,3% !143,5% зейнетақылар мен !млн.дана ! 14,0 !15,0 !104,3% !125,0% жәрдемақыларды төлеу жолдама заттар !млн.дана ! 1,4 ! 1,4 !96,0% !115,7% мерзімдік басылымдар !млн.дана ! 66,3 !65,6 !109,8% !91,7% __________________________________________________________________________ өнім (жұмыс, қызмет бір бір. көрсетулер) бірлігіне лігі үшін келетін тарифтер теңге (бағалар) __________________________________________________________________________ почта карточкасын ! - !15(100%) !15(100%) ! (100%) ! (100%) жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 20г дейін ! - !20(100%) !20(100%) ! (100%) ! (100%) қарапайым хатты жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 20г дейін ! - !35(100%) !35(100%) ! (100%) ! (100%) тапсырысты хатты жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 20г дейін ! - !45(100%) !45(100%) ! (100%) ! (100%) бағалы хатты жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 50г дейін ! - !15(100%) !15(100%) ! (100%) ! (100%) қарапайым бандерольді жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 50г дейін ! - !20(100%) !20(100%) ! (100%) ! (100%) тапсырысты бандерольді жіберу __________________________________________________________________________ салмағы 50г дейін ! - !20(100%) !20(100%) ! (100%) ! (100%) бағалы бандерольді жіберу __________________________________________________________________________ жолдама заттарды ! !6-28,75 !6-28,75 !(100%) !(100%) жіберу (әрбір толық (100%) (100%) және толық емес 500 г. үшін) __________________________________________________________________________ құны млн.АҚШ доллары __________________________________________________________________________ 3. Экспорттың барлығы: млн АҚШ өнім түрлері бойынша: доллары - өнім түрінде саны __________________________________________________________________________ өнім (жұмыс, қызмет бір бір. көрсетулер) бірлігіне лігі үшін келетін тарифтер доллар (бағалар) __________________________________________________________________________ құны млн.АҚШ доллары соның ішінде ТМД - елдері алыс шетел - __________________________________________________________________________ 4. Импорттың барлығы: млн АҚШ өнім түрлері бойынша: доллары - өнім түрінде саны __________________________________________________________________________ өнім (жұмыс, қызмет бір бір. көрсетулер) бірлігіне лігі үшін келетін тарифтер доллар (бағалар) __________________________________________________________________________ құны млн.АҚШ доллары соның ішінде ТМД - елдері алыс шетел - __________________________________________________________________________ 5. Барлық қаржыланды. !млн.теңге! ! !430,5% ! ру көздері есебінен ! ! ! ! ! негізгі капиталға ! ! ! ! ! инвестициялар - ! ! ! ! ! барлығы: ! ! ! ! ! соның ішінде мемлекеттік ! ! ! ! бюджет қаражаты ! - ! ! ! 706,1% ! сыртқы заемдар ! ! ! ! ! есебінен ! - ! ! ! ! өз қаражаты есебінен - __________________________________________________________________________ 6. Кіріс - барлығы: !млн.теңге!4135,0 !4360,0 !107,4% !132,3% Негізгі қызметінен ! ! ! ! ! кіріс, барлығы ! - !3967,0 !4183,0 !112,1% !132,0% Негізгі емес қызметі. ! - !168,0 !177,0 !54,3% !132,1% нен кіріс, барлығы ! ! ! ! ! __________________________________________________________________________ 7. Шығыстар - барлығы ! !3949,7 !4140,7 !103,8% !130,2% __________________________________________________________________________ Өнімнің (жұмыс, қызмет! ! ! ! ! көрсетулер) ! ! ! ! ! негізгі түрлерінің ! - ! ! ! ! өзіндік құны - барлығы:! !2550,6 !2688,2 !107,6% !128,3% соның ішінде: ! ! ! ! ! материалдар ! - !197,8 !208,7 !115,2% !128,8% қызметкерлердің ! - !1005,8 !1058,7 !111,5% !127,4% (өнд.қызмет.) ! ! ! ! ! еңбекақысын төлеу ! - ! ! ! ! қызметкерлердің ! - !251,3 !265,1 !114,8% !128,8% (өнд.қызмет.) ! ! ! ! ! еңбекақысынан ! - ! ! ! ! аударымдар ! ! ! ! ! өндіріс ақаулары ! - !439,7 !463,8 !104,9% !128,8% үстеме шығыстар ! - !656,0 !692,0 !99,5% !128,8% басқа да шығыстар ! - !1319,2 !1358,3 !107,1% !130,7% Кезең шығыстары: ! ! ! ! ! соның ішінде: ! ! ! ! ! жалпы және әкімшілік ! - !1161,4 !1225,1 !101,1% !128,8% шығыстар ! ! ! ! ! іске асыру шығыстары ! - !19,0 !21,0 !115,7% !142,9% сыйақылар (пайыздар) ! - ! ! ! ! бойынша шығыстар ! !138,1 !111,3 !440,6% !153,1% әлеуметтік салаға ! - !0,7 !0,9 !100,0% !300,0% шығыстар ! ! ! ! ! Негізгі емес қызметке ! - !14,0 !16,0 !13,2 !275,9% байланысты шығыстар ! ! ! ! ! Табыс салығы бойынша ! - !65,2 !77,2 !243,9% !193,0% шығыстар ! ! ! ! ! Басқа да шығыстар ! - ! ! ! ! соның ішінде күдікті ! - ! ! ! ! қарыздар бойынша ! ! ! ! ! провизиялар ! ! ! ! ! __________________________________________________________________________ 8. Таза табыс (шығыс) ! - !185,3 !219,3 !5181,8% !192,4% __________________________________________________________________________ 9. Таза табысты бөлу, ! - ! ! ! ! соның ішінде: ! ! ! ! ! Дивидендтер ! - !50,0 !170,6 ! ! Резервтік қор ! - !135,3 !48,7 !5181,8% !7,7% __________________________________________________________________________ 10. Ұзақ мерзімді ! - !14,8 !22,1 !120,0% !506,3% берешек - барлығы ! ! ! ! ! оның ішінде сатып алу.! - ! ! ! ! шылар мен тапсырыс ! ! ! ! ! берушілердің берешегі ! ! ! ! ! __________________________________________________________________________ 11. Кредиторлық бере. ! - !3567,7 !3483,2 !149,5% !89,8% шеу - барлығы ! ! ! ! ! оның ішінде: ! ! ! ! ! клиенттердің депозит. ! ! ! ! ! тері ! - !1 106 !1 217 !130,0% !260,3% жеткізушілермен және ! ! ! ! ! мердігерлермен есеп ! ! ! ! ! айырысу бойынша ! - !405,3 !445,8 !110,0% !146,4% банк кредиттері ! ! ! ! ! бойынша ! - !1 883,2 !1 635,8 !349,6% !80,3% __________________________________________________________________________ 12. Қызметкерлер саны ! адам !15500 !15700 !100,7% !104,7% __________________________________________________________________________ 13. Жалақы қоры !млн.теңге!2520 !3150 !116,9% !225,0% __________________________________________________________________________ 14. Орташа айлық !теңге !18500 !21300 !137,6% !199,1% жалақы ! ! ! ! ! __________________________________________________________________________ 2.1-кесте Барлық қаржыландыру көздері есебінен негізгі капиталға инвестициялар (күрделі салым) Кәсіпорынның атауы: "Қазпочта" ААҚ 2001-2005 жылдарға мың теңге __________________________________________________________________________ !1999 ж.!2000 ж.! Болжам ! есеп !факті !______________________________________ ! ! !2001 ж.!2002 ж.!2003 ж.!2004 ж.!2005ж. __________________________________________________________________________ 1. Республикалық 1286245 бюджет қаражаты, соның ішінде: __________________________________________________________________________ үкіметтік сыртқы заемдар __________________________________________________________________________ 2. Жергілікті бюджет қаражаты __________________________________________________________________________ 3. "Қазпочта" ААҚ 2 189 өз қаражаты __________________________________________________________________________ 4. Мемлекеттік емес сектор кәсіпорындарының өз қаражаты __________________________________________________________________________ 5. Шетел инвесторларының қаражаты, соның ішінде: __________________________________________________________________________ Үкімет кепілдік бермеген несиелер мен заемдар __________________________________________________________________________ Үкімет кепілдік берген 1 419300 заемдар __________________________________________________________________________ гранттар __________________________________________________________________________ 6. Резидент-банктердің 28394 267071 1 885 845 несиелері __________________________________________________________________________ 7. Басқа ұйымдардың заемдық қаражаты __________________________________________________________________________ 8. Тұрғындар қаражаты __________________________________________________________________________ 9. Лизинг (жылдық жарна сомасы) __________________________________________________________________________ 10. Басқалар 168 811 __________________________________________________________________________ 2.2-кесте Барлық қаржыландыру көздері есебінен негізгі капиталға инвестициялар (күрделі салым) 2001 жылға Мың теңге __________________________________________________________________________ Көрсеткіштердің атауы !2001 ж.!Соның ішінде тоқсандар бойынша! ! !_______________________________________ ! !1-тоқсан !2-тоқсан !3-тоқсан !4-тоқсан __________________________________________________________________________ 1. Республикалық бюджет қаражаты, соның ішінде: __________________________________________________________________________ үкіметтік сыртқы заемдар __________________________________________________________________________ 2. Жергілікті бюджет қаражаты __________________________________________________________________________ 3. "Қазпочта" ААҚ өз қаражаты __________________________________________________________________________ 4. Мемлекеттік емес сектор кәсіпорындарының өз қаражаты __________________________________________________________________________ 5. Шетел инвесторларының қаражаты, соның ішінде: __________________________________________________________________________ Үкімет кепілдік бермеген несиелер мен заемдар __________________________________________________________________________ Үкімет кепілдік берген заемдар __________________________________________________________________________ гранттар __________________________________________________________________________ 6. Резидент-банктердің 1885845 509660 89940 1 286 245 несиелері __________________________________________________________________________ 7. Басқа ұйымдардың заемдық қаражаты __________________________________________________________________________ 8. Тұрғындар қаражаты __________________________________________________________________________ 9. Лизинг (жылдық жарна сомасы) __________________________________________________________________________ 3.1-кесте Инвестициялық және институционалдық бағдарламалар Кәсіпорынның атауы: "Қазпочта" ААҚ 2001-2005 жылдарға Мың теңге __________________________________________________________________________ !1999 ж.!2000 ж.! Болжам ! есеп !факті !______________________________________ ! ! !2001 ж.!2002 ж.!2003 ж.!2004 ж.!2005ж. __________________________________________________________________________ Жобаның аты: "Шкода" автомашиналарын сатып алу __________________________________________________________________________ 1. Жобаның жалпы 28394,0 құны, соның ішінде: __________________________________________________________________________ қаржыландыру көздері бойынша: __________________________________________________________________________ 1.1. республикалық бюджеттен __________________________________________________________________________ 1.2. жергілікті бюджеттен __________________________________________________________________________ 1.3. ҚР Үкіметі кепілдік беретін заемдар мен несиелер __________________________________________________________________________ 1.4. ҚР Үкіметі кепілдік бермейтін несиелер мен заемдар __________________________________________________________________________ 1.5. Гранттар __________________________________________________________________________ 2. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты __________________________________________________________________________ 3. Мемлекеттік емес сектор кәсіпорындары мен ұйымдарының өз қаражаты __________________________________________________________________________ 4. Резидент-банктердің 28394 несиелері __________________________________________________________________________ Жобаның атауы: Почта желісін жетілдіру және компьютерлендіру __________________________________________________________________________ 1. Жобаның жалпы құны, 2 035745 1 419300 соның ішінде: __________________________________________________________________________ қаржыландыру көздері бойынша: __________________________________________________________________________ 1.1. республикалық бюджеттен __________________________________________________________________________ 1.2. жергілікті бюджеттен __________________________________________________________________________ 1.3. ҚР Үкіметі кепілдік 1 419300 беретін заемдар мен несиелер __________________________________________________________________________ 1.4. ҚР Үкіметі кепілдік бермейтін несиелер мен заемдар __________________________________________________________________________ 1.5. Гранттар __________________________________________________________________________ 2. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты __________________________________________________________________________ 3. Мемлекеттік емес сектор кәсіпорындары мен ұйымдарының өз қаражаты __________________________________________________________________________ 4. Резидент-банктердің 2 035 745 несиелері __________________________________________________________________________ 3.2-кесте Инвестициялық және институционалдық бағдарламалар Кәсіпорынның атауы: "Қазпочта" ААҚ Жобаның атауы: Почта байланысын жетілдіру және компьютерлендіру 2001 жылға Мың теңге __________________________________________________________________________ Көрсеткіштердің атауы !2001 ж.!Соның ішінде тоқсандар бойынша ! !_______________________________________ ! !1-тоқсан !2-тоқсан !3-тоқсан !4-тоқсан __________________________________________________________________________ 1. Жобаның жалпы құны, 2 035745 509 660 239 840 1 286 245 соның ішінде: __________________________________________________________________________ қаржыландыру көздері бойынша: __________________________________________________________________________ 1.1. республикалық бюджеттен __________________________________________________________________________ 1.2. жергілікті бюджеттен __________________________________________________________________________ 1.3. ҚР Үкіметі кепілдік беретін заемдар мен несиелер __________________________________________________________________________ 1.4. ҚР Үкіметі кепілдік бермейтін несиелер мен заемдар ________________________________ __________________________________________ 1.5. Гранттар __________________________________________________________________________ 2. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты __________________________________________________________________________ 3. Мемлекеттік емес сектор кәсіпорындары мен ұйымдарының өз қаражаты __________________________________________________________________________ 4. Резидент-банктердің 2 035745 509 660 239 840 1 286 245 несиелері __________________________________________________________________________ Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.