Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 желтоқсан N 1596

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiн  (Салық кодексiн) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкасы 1 жалпы тiркелiмдiк тонна үшiн 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен бекiтiлсiн. 
      2. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N  1232  қаулысымен.  
      3. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 тамыздағы N 1308  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 441-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бiр ай мерзiмде өзiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі