Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 желтоқсан N 1596

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексiн (Салық кодексiн) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкасы 1 жалпы тiркелiмдiк тонна үшiн 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1334 P991334_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеме

қатынайтын су жолдарын пайдалануына рұқсат берудi және оның мерзiмiне 
мемлекеттiк бақылау жасауды;".
     3. "Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем алу ережесiн 
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 25 тамыздағы N 
1308  

P001308_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 
36-37, 441-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
     4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 
бiр ай мерзiмде өзiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн 
осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
     5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.