Халықаралық автомобиль қатынасын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және автомобильдiк өткiзу бекеттерi арқылы жеке тұлғалардың, көлiк құралдарының, жүктер мен өзге де мүлiктiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өтуiн мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру қажеттігiн басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы автомобильдiк өткiзу бекеттерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың екiншi, төртiншi және бесiншi абзацтары алынып тасталсын.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.25. N 1251
қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгіленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң назарына көрсетiлген автомобильдiк өткiзу бекеттерiнiң ұйымдастырылғаны және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы көлiк құралдарының өту тәртiбi туралы ақпаратты жеткiзсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
шекарасындағы автомобильдiк өткiзу бекеттерiнiң
ТIЗБЕСI
1. Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекара учаскесіндегі халықаралық өткiзу бекеттерi:
көпжақты қатынас үшiн ашық:
Қорғас Алматы облысы
Достық Алматы облысы
Көлжат Алматы облысы
Бақты Шығыс Қазақстан облысы
Майқапшағай Шығыс Қазақстан облысы
екiжақты қатынас үшiн ашық:
Нарынқол Алматы облысы
Алексеевка Шығыс Қазақстан облысы
2. Ресей Федерациясымен мемлекеттiк шекара учаскесiндегi халықаралық өткiзу бекеттерi:
көпжақты қатынас үшiн ашық:
Котяевка Атырау облысы
Тасқала Батыс Қазақстан облысы
Погодаево Батыс Қазақстан облысы
Ақсай Батыс Қазақстан облысы
Әлiмбет Ақтөбе облысы
Жайсан Ақтөбе облысы
Қайрақ Қостанай облысы
Ақбалшық Қостанай облысы
Жаңа Жол Солтүстік Қазақстан облысы
Қарақоға Солтүстік Қазақстан облысы
Өрлiтөбе Павлодар облысы
Сұлу Ағаш Павлодар облысы
Қосақ Павлодар облысы
Шарбақты Павлодар облысы
Ауыл Шығыс Қазақстан облысы
Yбе Шығыс Қазақстан облысы
Жезкент Шығыс Қазақстан облысы
Бостал Шығыс Қазақстан облысы
екiжақты қатынас үшiн ашық:
Жыланды Атырау облысы
Балқұдық Атырау облысы
Орда Батыс Қазақстан облысы
Жәнiбек Батыс Қазақстан облысы
Сайхин Батыс Қазақстан облысы
Борсы Батыс Қазақстан облысы
Қайсақ Батыс Қазақстан облысы
Қазтал Батыс Қазақстан облысы
Орал Батыс Қазақстан облысы
Жиренқопа Ақтөбе облысы
Қарабұтақ Ақтөбе облысы
Әйтеке би Ақтөбе облысы
Талдысай Ақтөбе облысы
Қондыбай Қостанай облысы
Аққарға Қостанай облысы
Желқуар Қостанай облысы
Өрнек Қостанай облысы
Кеңарал Қостанай облысы
Аят Қостанай облысы
Обаған Қостанай облысы
Жыланды Қостанай облысы
Айымжан Солтүстік Қазақстан облысы
Қызыл Жар Солтүстік Қазақстан облысы
Бидайық Солтүстік Қазақстан облысы Yлкен Қараой Солтүстік Қазақстан облысы
Аманкелдi Павлодар облысы
Ертiс Павлодар облысы
Михайловка Павлодар облысы
Шалдай Павлодар облысы
Найза Павлодар облысы
Байтанат Шығыс Қазақстан облысы
Қоянбай Шығыс Қазақстан облысы
Кордон Шығыс Қазақстан облысы
3. Қырғыз Республикасымен мемлекеттiк шекара халықаралық
өткiзу бекеттерi:
көпжақты қатынас үшiн ашық:
Айша Бибi Жамбыл облысы
Нововоскресеновка Жамбыл облысы
Қордай Жамбыл облысы
Кеген Алматы облысы
Қарасу Жамбыл облысы
екiжақты қатынас үшiн ашық:
Алатау Жамбыл облысы
Бесағаш Жамбыл облысы
Камышановка Жамбыл облысы
Жайыл Жамбыл облысы
Ауқатты Жамбыл облысы
Сарытөбе Жамбыл облысы
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.25. N 1251
қаулысымен.
4. Өзбекстан Республикасымен мемлекеттiк шекара учаскесiндегі халықаралық өткiзу бекеттерi:
көпжақты қатынас үшiн ашық:
Тәжен Маңғыстау облысы
Бозой Ақтөбе облысы
Жiбек Жолы Оңтүстiк Қазақстан облысы
Ғ. Мұратбаев Оңтүстiк Қазақстан облысы
Шардара Оңтүстiк Қазақстан облысы
Қапланбек Оңтүстiк Қазақстан облысы
екiжақты қатынас үшiн ашық:
Қожантай Маңғыстау облысы
Молбай Маңғыстау облысы
Кәрiбай Қызылорда облысы
Мыңтай Қызылорда облысы
Далақұдық Қызылорда облысы
Қондоз Қызылорда облысы
Май Оңтүстiк Қазақстан облысы
Кескен Оңтүстiк Қазақстан облысы
Дархан Оңтүстiк Қазақстан облысы
Төңкерiс Оңтүстiк Қазақстан облысы
Ынтымақ Оңтүстiк Қазақстан облысы
Ызғырық Оңтүстiк Қазақстан облысы
Бейбітшілік Оңтүстiк Қазақстан облысы
К.Қонысбаев Оңтүстiк Қазақстан облысы
Лесбек батыр Оңтүстiк Қазақстан облысы
Келес Оңтүстiк Қазақстан облысы
Атамекен Оңтүстiк Қазақстан облысы
Нұрлыбаев Оңтүстiк Қазақстан облысы
5. Түркіменстанмен мемлекеттік шекара учаскесіндегі халықаралық өткізу бекеттері:
көпжақты қатынас үшін ашық:
Темірбаба Маңғыстау облысы
екіжақты қатынас үшін ашық:
Аяққарасай Маңғыстау облысы
Отынды Маңғыстау облысы