Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қараша N 1517

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы Z010207_ Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 P991781_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы ережелерде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттiк бiлiм гранттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде бөлiнедi.
      "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттiк білiм грантын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
      Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары таңдаған мамандықтары бойынша олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранттарын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
      Қабылдау емтихандарын тапсырмай бiлiм грантының берiлгендiгi туралы

куәлiктi алудың және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдау 
жөнінде өтініш берудің тәртібі Қазақстан Республикасының жоғары оқу 
орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленеді.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.