1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп 2002-2007 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобаларын дайындау кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу
мақсатына арналған қаражатты республикалық бюджетке енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1491 қаулысымен бекiтiлген Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу туралы
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасында астық жинайтын комбайндарды бiрлесiп жасау және одан әрi оларды сату туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 376 P010376_ және "Ауыл шаруашылығында лизингтi ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 29 наурыздағы N 405 P010405_ қаулыларына сәйкес жасалған Несиелiк келiсiмдерге сәйкес (бұдан әрi - Несиелiк келiсiм) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржыминi) бөлген жалпы сомасы 1 000 000 000 (бiр миллиард) дейiнгi теңге, 85 "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету" (бұдан әрi - Лизинг) бюджеттiк бағдарламасы бойынша "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысымен көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
2. Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу 42 "Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылық техникасының лизингi бойынша сыйақылар (мүдде) ставкасының орнын толтыру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысымен көзделген және 2002-2007 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделетiн лизинг бойынша сыйақылар (мүдде) ставкасын өтеу мақсатына арналған қаражат (бұдан әрi - Қаражат) есебiнен жүргiзiледi.
3. Уәкiлеттi ұйымдарға лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудi осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес Уәкiлеттi ұйымдардан өндiрiлетiн шығыстарды өтеу жолымен (бұдан әрi - Уәкiлеттi ұйым) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету үшiн "Ауыл шаруашылығында лизингтi ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы N 405 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Әкiмшi) жыл сайын жүргізедi.
4. Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ретiнде Әкiмшiден жыл сайын қаражат бөлу үшiн, Уәкiлеттi ұйым оларды жыл сайын өтеу есебiнен, несиенiң бiр бөлiгiн төлеу сәтiне несиелiк келiсiмге сәйкес Қаржыминiнiң жылдық сыйақысы немесе оның игерiлген бiр бөлiгі бойынша республикалық бюджетке жыл сайын бiр жолғы немесе бөлiп-бөлiп төлеудi қамтамасыз етедi.
5. Уәкiлеттi ұйымдарға Әкiмшiнiң қаражат бөлуi Қаржыминiнiң тиiстi жылдық сыйақысын немесе оның бiр бөлiгiн Уәкiлеттi ұйымның Несиелiк келiсiм бойынша республикалық бюджетке төлегендiгi туралы деректі растайтын құжаттарды Әкiмшiге берген сәттен бастап 5 жұмыс күнi ішiнде Қаржыминiнiң сыйақысын Уәкiлетті ұйымның осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес жүргiзiлетiн төлем сомасының тең көлемiнде жыл сайын жүргiзiледi.
6. Әкiмшi тоқсан сайын Қаржыминiне есептi тоқсаннан кейiнгi айдың
онына дейiнгi мерзiмде Уәкiлеттi ұйымдардың республикалық бюджетке Қаржыминiнiң сыйақысын аударғаны туралы және Әкiмшiнiң лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтегенi туралы ақпаратты жiбередi. 7. Уәкiлеттi ұйымдарда осы Ереженiң орындалуын бақылауды Әкiмшi жүзеге асырады. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.