Қазақстан Республикасында астық жинайтын комбайндарды бірлесіп жасау және одан әрі оларды сату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 наурыз N 376

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қ.Тоқаев пен Украинаның Премьер-Министрі В.Ющенконың арасындағы 2000 жылғы 11 наурыздағы келіссөздердің қорытындысы бойынша хаттамалық шешімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен "ЛАН" (Украина) астық жинайтын комбайнның негізінде қазақстан-украин астық жинайтын комбайндарын бірлесіп жасауды ұйымдастыру және комбайндарды құрастыруды жүргізетін ұйымдарды белгілеу жөнінде ұсыныс енгізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) лизингілік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге арнап 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендіру" бөлімі бойынша көзделген қаражаттан, астық жинайтын 10 (он) комбайнды эксперименттік құрастыру үшін "ЛАН" (Украина) концернімен келісім-шарт бойынша комбайнның жинақтауыштарын сатып алудың қаржыландырылуын қамтамасыз етсін;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен белгіленген заемшы - "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамымен комбайн жинақтауыштарын сатып алу бағасын, оны DDU шартымен жеткізуді және одан астық жинайтын бір комбайн құрастыруды қоса алғанда, астық жинайтын бір комбайнның бағасы 86 000 (сексен алты мың) АҚШ долларына дейін құрайтын есепті ескере отырып, қайтарымдық негізде, 7 (жеті) жыл мерзімге, жалпы сомасы 860 000 (сегіз жүз алпыс мың) АҚШ долларына дейін баламалы теңгемен ақшаны беру туралы тиісті несиелік шарт жасассын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдауға, тасымалдауға және сақтауға байланысты жұмсалған нақты шығындарды ескере отырып, құралған баға бойынша бірлесіп шығарылған комбайндарды отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 7 (жеті) жыл мерзімге лизингке беруді "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік

 

қоғамының жүзеге асыруын қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.