Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 қараша N 1468

Қолданыстағы
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы  

Z010149_

  Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу 
қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері" 
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 
 

P990068_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 2, 
17-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     3-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.