"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 2, 17-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі