Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1734 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қараша N 1429

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының өкiлдерiн Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына және Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетiне жiберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1734 P991734_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан

Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Владимир 
Сергеевич Школьник - Халықаралық Аралды құтқару қорының Басқармасына";
     2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкiметi 
атынан тиiстi мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге және құжаттарға қол 
қоюға уәкiлеттiк берiлсiн".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.