Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 1999 жылғы 9 сәуірдегі Ашғабат қаласындағы Арал теңізі бассейнінің мәселелері жөніндегі шешімдерін атқару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасынан мынадай өкілетті уәкілдер:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi Владимир Сергеевич Школьник - Халықаралық Аралды құтқару қорының Басқармасына;
Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне:
Алмабек Нұрышұлы Нұрышев - Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы-филиалының директоры;
Медет Оспанұлы Оспанов - Ашғабат қаласында орналасқан Ғаламдық экологиялық қор Компонентінің директоры;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Эдуард Карлович Утепов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына жіберілсін.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.09. N 1429 P011429_қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының мына өкілетті өкілдері:
Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов - Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасынан;
Дәулетияр Айтмағанбетұлы Баялімов - Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінен шақырылып алынсын.
3. Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан тиiстi мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге және құжаттарға қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.09. N 1429 P011429_қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 918 P970918_ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.