Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Орталық жүзу бассейні" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1253

Қолданыстағы
      Орталық жүзу бассейнiнiң қаржылық және материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды даярлау тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгінің "Орталық жүзу бассейнi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталында мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Орталық жүзу бассейнi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, халықаралық жарыстар мен ел чемпионаттарын өткiзуге қатысу, елдiң ұлттық командаларын және спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындау қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгілей отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн K941000_

 

Z980281_

  ;
     2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне 
Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану құқығын берсiн;
     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     3. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр 
шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                         2001 жылғы 26 қыркүйектегі
                                              N 1253 қаулысымен
                                                 бекітілген

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн
                       өзгерiстер мен толықтырулар

     1. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге 
қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  

P981141_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
     көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
     реттiк нөмiрi 179-жол алынып тасталсын;
     көрсетiлген қаулыға 4-қосымша:
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 129-жолмен толықтырылсын:
     "129 Орталық жүзу бассейнi, Абай даңғылы, 48-үй".


      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-30-жолмен толықтырылсын:
      "123-30 Орталық жүзу бассейнi" ЖАҚ".
      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне"

бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 228-3-жолмен толықтырылсын:
     "228-3 Орталық жүзу бассейнi" ЖАҚ".
     4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 
қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1  

P000001_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және 
спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
     реттiк нөмiрi 13-жол алынып тасталсын.
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.