Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.23. N 528 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Арнаулы жедел-іздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасында өндiру үшiн арнайы материалдар мен жабдықтарды импорттау, экспорттау, өткiзу және пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"Арнаулы жедел iздестiру шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдар, ақпарат қорғау құралдары, қос мақсаттағы басқа техника (оларға бөлшектердi, қолданбалы бағдарламалар пакетiн қосқанда), арнайы техника құралдарына нормативтiк-техникалық құжаттама (конструкторлықты, пайдаланулықты қосқанда)" деген жолда:
"Тауардың аты" деген 1-бағанда "қос мақсаттағы" деген сөздер "екi ұдай қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"СЭҚ ТН коды" деген 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"830170000, 847130000, 847141900, 847149900, 847150900, 847330100, 851750, 851780900, 8525, 852610900, 852691, 8527, 854389900, 901910900, 9006, 902219000, 902229000 (тек арнайы техникалық құралдар, ақпарат қорғау құралдары және екi ұдай қолданыстағы басқа техника)";
2) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
"Арнаулы жедел іздестiру шараларын жүргiзу үшiн арналған арнайы техникалық құралдар, ақпарат қорғау құралдары, қос мақсаттағы басқа техника (оларға бөлшектердi, қолданбалы бағдарламалар пакеттерiн қосқанда), арнайы техника құралдарына нормативтiк-техникалық құжаттама (конструкторлықты және пайдаланулықты қосқанда)" деген жолда:
"Тауардың атауы" деген 1-бағанда "қос мақсаттағы" деген сөздер "екi ұдай қолданыстағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"СЭҚ ТН коды" деген 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"830170000, 847130000, 847141900, 847149900, 847150900, 847330100, 851750, 851780900, 851810, 851840, 851850900, 852032, 852033, 852090900, 8521, 8525, 8526, 8527, 854389900, 900219000, 900580000, 9013, 901910900, 9006, 902219000, 902229000 (тек арнайы техникалық құралдар, ақпарат қорғау құралдары және екi ұдай қолданыстағы басқа техника)".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 26 қыркүйектегі
N 1247 қаулысымен
бекітілген
Арнаулы жедел-іздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы
техникалық құралдарды, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасында өндiру үшiн арнайы материалдар мен жабдықтарды импорттау, экспорттау, өткiзу және пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже
"Жедел-iздестiру қызметi туралы"
1994 жылғы 15 қыркүйектегi және "
Лицензиялау туралы
" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi және арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың импорты мен экспорты, сондай-ақ арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды өндiруге арналған арнайы материалдар мен құралдарды жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерi емес жеке және заңды тұлғалардың импорттау, өткiзу және қызмет әрекетiнде пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
2. Арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарға (бұдан әрi - АТҚ) жасырын түрде ақпарат алу мақсаты үшiн арнайы әзiрленген, жасалған, бейiмделген немесе бағдарламаланған барлық техникалық құрал жатады. АТҚ-ны әкелу және (немесе) жасау тек тапсырыстар бойынша әрi жедел-iздестiру қызметi субъектiлерiнiң (бұдан әрi - ЖIҚ субъектiлерi) мүддесi үшiн жасалады. Экспорты мен импорты лицензиялауға жататын АТҚ түрлерiнiң тiзiмi 1-қосымшада көрсетiлген.
3. АТҚ өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтар деп, жасырын түрде ақпарат алумен байланысты емес, арнайы немесе тұрмыстық мақсат үшiн әзiрленген, сонымен қатар белгiлi бiр жағдайда және (немесе) жетiлдiру арқылы бұл бұйымдарды жасырын түрде ақпарат алу мақсаты үшiн пайдалануға болатындай қасиеттерi, ерекшелiктерi немесе сипаттамалары бар екi ұдай қолданылатын техникалық құралдар (бұдан әрi - ЕҚТҚ) түсiнiледi. Импорты лицензиялауға жататын ЕҚТҚ түрлерiнiң тiзiмi 2-қосымшада көрсетiлген.
4. Жасырын түрде ақпарат алуға ЕҚТҚ-ны қолдану осы бұйымды АТҚ ретiнде қолдану деп қарастырылуы тиiс.
5. ЕҚТҚ-ны жасырын түрде ақпарат алу үшiн пайдаланудың алдын алу мақсатында ЕҚТҚ-ның бөлек тiзiмiне (2-қосымша) өткiзу мен пайдаланудың ерекше тәртiбi белгiленедi.
6. Жеке өмiрге қол сұғылуына, хат алмасу, телефонмен сөйлесу, пошталық, телеграфтық немесе өзге байланыс түрлерi құпиясының бұзылуына әкелген ЕҚТҚ-ны жасырын түрде ақпарат алу үшiн пайдалану (АТҚ ретiнде) заңнамамен белгiленген жауаптылыққа соқтырады.
2. Қазақстан Республикасында АТҚ (ЕҚТҚ) импорты мен экспортының тәртiбi
7. Қазақстан Республикасында АТҚ және ЕҚТҚ импортын, экспортын және оларды өткiзудi ЖIҚ субъектiлерi, сондай-ақ тауардың импортына (экспортына) лицензия алған жағдайда қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
8. АТҚ-ны және ЕҚТҚ-ны өткiзу саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензияны АТҚ саласындағы лицензиялық орган (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, бұдан әрi - ҚР ҰҚК) бередi.
9. АТҚ және ЕҚТҚ импортына (экспортына) лицензияны АТҚ саласындағы лицензиялық органның (ҚР ҰҚК) немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі бередi.
10. Экспорттық-импорттық операцияларды келiсу және тауардың АТҚ-ға немесе ЕҚТҚ-ға жату мәнiсiне техникалық зерттеу жүргізу мақсатында әкелушi ҚР ҰҚК-ге мыналарды ұсынады:
1) техникалық зерттеуге бұйымның құрылымдық ерекшелiктерi туралы мәлiметтердi көрсете отырып, белгiленген үлгiде өтiнiш (3-қосымша);
2) қарауға жататын тауардың техникалық құжаттамасы немесе үлгiсi;
3) тауарды тұтынушы мен оны әкелушiнiң арасындағы келiсiм-шарттың (шарттың) көшiрмесi.
11. АТҚ жасауға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға АТҚ-ға және ЕҚТҚ-ға жатқызу мәнiсiне техникалық зерттеу жүргiзуге рұқсат етiледi. Ұсынылған қызметтерге ақы төлеу тауарды әкелушiнiң есебiнен жүзеге асырылады.
12. ҚР ҰҚК осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген барлық құжатты алған күннен бастап 5 күн iшiнде лицензия алушы тауар импортының (экспортының) мүмкiндiгi туралы шешiмдi келiседi.
13. АТҚ және ЕҚТҚ импортына (экспортына) лицензия беру туралы шешiмге келiсiм беруден бас тарту үшiн мыналар негiз болады:
1) мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келу мүмкiндiгi туралы техникалық зерттеу нәтижелерi бойынша жасалған қорытынды;
2) өтiнiш иесi тапсырған құжаттарда анық емес немесе бұрмаланған ақпараттардың болуы.
14. Тауар АТҚ-ға жатқызылған ретте, егер оның тұтынушысы жедел-іздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар, осы АТҚ соларды жүзеге асыруға арналған ЖIҚ субъектiсi болған жағдайда ғана тауардың импортына рұқсат берiледi.
15. Тауар ЕҚТҚ-ға жатқызылған ретте ҚР ҰҚК бұйымды (2-қосымша) қолданудың (құрастырудың) нақты тәсiлiн анықтайды, олар ҚР ҰҚК-мен және оның аумақтық бөлiмшелерiмен қосымша келiсiлуге тиiс.
16. ЕҚТҚ-ны өткiзудi жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға сатылған ЕҚТҚ тiзiлiмiн белгiленген нысан (4-қосымша) бойынша толтырады. Тiзiлiмнiң көшiрмесi ҚР ҰҚК-ге жарты жылда бiр рет немесе ҚР ҰҚК-нiң талап етуi бойынша тапсырылады, бiрақ екi айда бiр реттен көп емес.
17. Қолданылу тәсiлi келiсiлуге тиiстi бұйымдар тiзiмi (2-қосымша) бойынша ЕҚТҚ-ны ЖIҚ субъектiсi емес заңды және жеке тұлғаларға өткiзу тұтынушы ЕҚТҚ-ны пайдалану тәртiбiн ҚР ҰҚК-мен келiскеннен кейiн жүзеге асырылады.
18. ЕҚТҚ-ны қолдану (құрастыру) тәсiлiн келiсу үшiн тұтынушы ҚР ҰҚК-ге мынадай құжаттар тапсырады:
1) тауарды пайдалануға бекiтiлген үлгiдегi өтiнiш (5-қосымша);
2) бұйымның техникалық құжаттамасы;
3) ЕҚТҚ-ның құрастыру сызбасы (сұлбасы);
4) бақылаудың арнайы түрi оларға қатысты өткiзiлетiнiн қызметкерлерге және (немесе) басқа да адамдарға бақылаудың осы түрi өткiзiлетiндiгi туралы алдын ала жазбаша хабарландырылғанын растайтын құжат немесе алдын-ала хабарландыруды қамтамасыз етуге жазбаша мiндеттеме.
19. ЕҚТҚ-ны құрастыру мен пайдалануға қосуды, егер "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен осы қызметтiң лицензия алуы көзделген болса, тиiстi топқа жататын техникалық құралдарды құрастыруға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыруға тиiс.
20. ЕҚТҚ-ны пайдалана отырып телефонмен және өзге де сөйлесудi тыңдау, аудио-, бейнежазба немесе кино-, фототүсiру арқылы бақылау, байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және өзге де техникалық құралдардан ақпарат алу азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мақсатында бақылаудың көрсетiлген түрi жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн осы ұйым қызметкерлерiнiң жазбаша келiсiмiмен жүргiзiлуi тиiс.
21. Осы Ереженiң 20-тармағында көрсетiлген бақылау түрлерiнiң тым болмағанда бiрi жүзеге асырылып жатқан жерге өте жақын немесе үй-жайдың iшiнде жүрген адамдарға бақылау өткiзiлiп жатқандығы туралы көрнектi жерге ескертпе жазбалар жазып қою, дауыстап хабарлау арқылы немесе өзгелей тәсiлмен алдын ала ескертiлуi тиiс.
22. ЕҚТҚ құрастырылғаннан кейiн ҚР ҰҚК оның қолданылу тәсiлiн тексере алады, сондай-ақ ЕҚТҚ-ның болуына және пайдаланылуына жоспардан тыс тексеру жүргiзуi мүмкiн, бiрақ жарты жылда бiр реттен артық емес.
Экспорты мен импорты лицензиялауға жататын, жасырын
түрде ақпарат алуға арналған арнайы техникалық құрал
түрлерiнiң
ТIЗIМI
|
--------------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы ! СЭҚ ТН коды
--------------------------------------------------------------------------
1. Жасырын түрде акустикалық ақпарат алу мен
тiркеуге арналған арнайы техникалық құралдар:
1) жасырын түрде акустикалық ақпарат алу мен 8517 50-ден;
тiркеуге арналған сымды байланыс жүйелерi; 8517 80 900-ден;
2) жасырын түрде акустикалық ақпарат алу мен 8525 10 900-ден;
тiркеуге арналған радиоаппаратура 8525 20 990-нан;
8527-ден
2. Жасырын түрде көзбен шолып бақылау мен
құжаттауға арналған арнайы техникалық
құралдар:
1) кем дегенде мынандай бiр белгiсi бар 9006 20 000-ден;
фотокамера:
- тұрмыстық құралдарға ұқсатылып жасалған; 9006 51 000-ден;
- оптикалық жүйенiң фокусы алға шығарылған 9006 52 000-ден;
(РIN-НОLЕ); 9006 53 100-ден
- көздеуiшсiз;
- камераны қашықтан басқару органдары бар
2) кем дегенде мынандай бiр белгiсi бар 8525 30-дан;
теледидарлық және бейнекамералар: 8525 40-тан
- тұрмыстық құралдарға ұқсатылып жасалған;
- оптикалық жүйенiң фокусы алға шығарылған
(РIN-НОLЕ);
- объектiге әлсiз жарықталуында (0,01 лк
және одан да төмен) немесе қабылдау
элементiнде 0,0001 лк және одан да төмен
жарықталуында жұмыс істейтiн
3) кем дегенде мынандай бiр белгiсi бар, 8517 50-ден;
бейнекескiндеудi кабельдiк, радио және 8517 80 900-ден;
оптикалық байланыс желiлерi арқылы беретiн 8525 10 900-ден;
аппараттар кешенi:
- алып жүретiн шағын таратқыш; 8525 20 990-нан;
- таратқышты бүркемелеу мүмкiндiгi 8527-ден
және/немесе басқа құрылғылар жұмысын
атқаратындай көрiну мүмкiндiгi;
- берiлетiн ақпаратты шифрлау және/немесе
цифрлау
3. Телефонмен сөйлесудi жасырын тыңдауға
арналған арнайы техникалық құралдар:
1) телефонмен сөйлесудi жасырын тыңдауға 8517 50-ден;
арналған сымды байланыс жүйелерi; 8517 80 900-ден;
8525 10 900-ден
2) телефонмен сөйлесудi жасырын тыңдауға 8525 20 990-нан;
арналған радиоаппаратура; 8527-ден
4. Байланыстың техникалық арналарынан, 8471 30 000-ден;
компьютерлiк жүйелер мен өзге де техникалық 8471 41 900-ден;
құралдардан жасырын түрде ақпарат ұстау мен 8471 49 900-ден;
тiркеуге арналған арнайы техникалық құралдар 8471 50 900-ден;
8517 50-ден;
8517 80 900-ден;
8527-ден
5. Пошталық хабарламалар мен жiберiлiмдерді 9022 19 000-ден
жасырын бақылауға арналған арнайы
техникалық құралдар
6. Нәрселер мен құжаттарды жасырын зерттеуге 9022 19 000-ден
арналған алып жүретiн шағын арнайы техникалық
құралдар, рентгенжарықтаушы және рентген.
теледидарлық аппаратура
7. Yй-жайларға, көлiк құралдарына, және басқа да
объектiлерге жасырын енгiзу мен тексеруге
арналған арнайы техникалық құралдар:
1) бекiтiлген құрылғыларды ашуға арналған 8301 70 000-ден;
құралдар;
2) алып жүретiн шағын рентгенжарықтаушы және 9022 19 000-ден;
рентгентелевизиялық аппаратура 9022 29 000-ден
8. Көлiк құралдары мен басқа да объектiлердiң 8526 10 900-ден;
қозғалысын жасырын бақылауға арналған арнайы 8526 91-ден
техникалық құралдар
9. Ақпаратты сақтайтын, өңдейтiн және беретiн 8471 30 000-ден;
техникалық құралдардан оны жасырын түрде алуға 8471 41 900-ден;
(өлшеуге, жоюға) арналған арнайы техникалық 8471 49 900-ден;
құралдар 8471 50 900-ден;
8517 50-ден;
8517 80 900-ден;
8527-ден
10. Тұлғаларды жасырын ұқсастыруға арналған 9019 10 900-ден
арнайы техникалық құралдар, адамның
психофизикалық реакцияларын көпарналы
тiркеушiлер
11. Ақпараттардың таралуының техникалық арналары 8471 30 000-ден;
мен енгiзiлген техникалық құралдарды, 8471 41 900-ден;
радиосәулешығарушы құрылғылардың орналасқан 8471 49 900-ден;
жерiн бақылау мен анықтауға арналған 8471 50 900-ден;
радиоаппаратураны қоса алғанда, анықтауға 8525 20 990-нан;
арналған арнайы техникалық құралдар 8526 10 900-ден;
8527-ден;
8543 89 900-ден
---------------------------------------------------------------------------
Импорты лицензиялауға жататын, жасырын түрде ақпарат
алуға арналған екіұдай қолданылатын техникалық құралдар түрлерiнiң
ТIЗIМI
--------------------------------------------------------------------------
Тауардың атауы ! СЭҚ ТН коды
--------------------------------------------------------------------------
1. Акустикалық ақпараттарды қашықтықта
түрлендiруге күшейтуге, өңдеуге және беруге
арналған техникалық құралдар:
1) кем дегенде мынандай бiр белгiсi бар, шағын 8518 10-нан;
(50х50х50 мм-ден кем) немесе ықшам жасалған 8518 40-ден;
микрофондар мен микрофондық күшейткiштер: 8518 50 900-ден
- сезгiштiгi 1 мкВ және одан да күштi (әрекет
ету қашықтығы 20 м және одан да көп);
- бағытталудың тар диаграммасы бар;
- акустикалық ақпараттарды инфрақызыл,
ультрадыбыстық, оптикалық немесе жоғары жиiлiктi
белгiге түрлендiрiп, ақпаратты 50 м артық
қашықтыққа беретiн;
- акустикалық сипаттамаларды жақсартатын
құрылғылармен жабдықталған
2) байланыстың сымды желiлерiне (телефондық, 8517 50-ден;
радио тарату, компьютерлiк және т.б.) 8517 80 900-ден;
орнатылатын кем дегенде мынандай бiр белгiсi 8525 10 900-ден;
бар жабдықтар: 8525 20 990-нан;
- акустикалық ақпараттарды инфрақызыл, 8527-ден
ультрадыбыстық, оптикалық немесе жоғары
жиiлiктi белгiге түрлендiрiп, ақпаратты 50 м
астам қашықтыққа беретiн;
- iшiнен жазғыш құрылғымен жабдықталған
немесе сыртынан жазғыш құрылғаны қосу
мүмкiндiгi бар;
- телефонмен сөйлесудi тiркеу мен уақытын
есепке алуға арналған;
- дербес қорек көзiмен ұзақ (10 сағаттан артық)
жұмыс істеу мүмкiндiгi бар
2. Кем дегенде мынандай бiр белгiсi бар 8520 32-ден;
акустикалық және/немесе бейне ақпараттарды 8520 33-тен;
күшейтуге, өңдеуге, жазуға, сақтау мен қайта
шығаруға арналған техникалық құралдар: 8520 90 900-ден,
- шағын (50х50х50 мм-ден кем) немесе ықшам 8521-ден
жасалған;
- жазудың ұзақтығы 10 сағат және одан да артық
болатындай немесе циклдi жазу мүмкiндiгi бар;
- жазу жылдамдығын реттеу, ақпараттарды қайта
шығару мен жазудың "өтпелi арнасын" пайдалану
мүмкiндiгi бар;
- жұмысты қашықтан басқаруға мүмкiндiк беретiн
немесе әлдебiр белгi арқылы (акустика қосу және
т.б.), не аппаратураны қосудың ұзақ кiдiрiсiн
жүзеге асыратын ендiрiлген бақылау-өлшеу,
радиоқабылдау және басқа құрылғылары бар;
- дербес қорек көзiмен ұзақ (10 сағаттан артық)
жұмыс істеуге мүмкiндiгi бар
3. Оптикалық немесе оптика-электрондық түрлендiру
мен бейненi беруге арналған техникалық құралдар:
1) кем дегенде мынандай бiр белгiсi бар объективтер 9002 19 000-ден;
мен оптикалық түтiктер: 9013 10 000-ден;
- оптикалық жүйенiң кiрiс саңылауының диаметрi 9013 80-нен;
5 мм және одан да аз (РIN-НОLЕ); 9013 90 900-ден
- көрiнетiн және инфрақызыл ауқымдарда сезгiштiгiн
күшейтетiн арнайы қаптамалары бар
2) кем дегенде мынандай бiр белгiсi бар бейнекамера, 8525 30-ден;
теледидарлық камера, цифрлы фотоаппарат: 8525 40-тан;
- корпуссыз немесе шағын (100х100х100 мм және одан 8517 80 900-ден;
да аз мөлшерде) жасалған;
- қашықтан немесе әлдебiр белгi бойынша басқару 8525 10 900-ден;
мүмкiндiгi бар; 8525 20 990-нан
- объектiнiң әлсiз жарықталуында (0,1 лк және одан 8527-ден;
да төмен) немесе қабылдау элементiнде 0,001 лк 9006 59 000-ден
және одан да әлсiз жарықталуында жұмыс iстейтiн;
- 300 және одан да артық желiге оптикалық ажырату
қабiлетi бар;
- жазудың 5 сағат және одан да артық ұзақтығына
немесе циклдi жазуға мүмкiндiгi бар;
- көзбен шолып алынған ақпаратты инфрақызыл,
ультрадыбыстық немесе жоғары жиiлiктi белгiге
айналдырып 50 м артық қашықтыққа беретiн;
- ақпаратты берудің түрлi сымды, радио және басқа
желiлерiн пайдаланатын;
- инфрақызыл жарықтандырушы ендiрiлген құрылғысы бар
3) 830-850 нм ұзақ толқынды қашықтықта 10 мА/Вт 9005 80 000-ден;
сезгiштiгi бар немесе 0,005 лк жарықталу 9027 50 000-ден
жағдайында 100 м және одан да астам қашықтықта
адамның сұлбасын тани алатын түнгi бақылау аспаптары
4. Кем дегенде мынандай бiр белгiсi бар радиохабар 8525 20 990-нан;
таратушы станциясы ауқымынан тыс жиiлiкте үйлесу 8526-дан;
мүмкiндiгi бар радио қабылдаушы-таратушы аппаратура: 8527-ден;
- қабылдау жиiлiгiнiң кең ауқымы (3-тен 200 МГц-ке 8543 89 900-ден
дейiн және одан да артық);
- жиiлiк ауқымын автоматты танып көшiру;
- орнатылған спектр талдағыштары бар немесе оларды
қосу мүмкiндiгi бар;
- түрлi әдiстермен үлгiленген радиоақпараттарды
қабылдау мүмкiндiгi бар;
- радиосәулешығарушы құрылғылардың орналасқан
жерiн анықтау мүмкiндiгi бар
5. Телефонмен сөйлесудi көпарналы (екi және одан 8471 41 900-ден;
да көп желi) тiркеуге (жазуға) мүмкiндiк беретiн 8471 49 900-ден;
компьютерлер мен компьютерлiк жүйелердi жабдықтауға 8471 50 900-ден;
арналған техникалық және бағдарламалық құралдар 8473 30 100-ден
6. Арнайы бөлiнген ауқымның шегiнен тыс 8526-ден
жиiлiктердегi радиоэфирдi бақылауға мүмкiндiк
беретiн радиобағыттаушы және радиоторуылдауыш
құралдар
7. Адамның психофизикалық реакциясын көп арналы 9019 10 900-ден
тiркеуiштер
--------------------------------------------------------------------------
Пайдалану шарттары келісілгеннен кейін өткізу жүзеге асырылатын
екіұдай қолданылатын техникалық құралдар түрлерінің
Тізімі
1. Акустикалық ақпараттарды инфрақызыл, ультрадыбыстық, оптикалық немесе жоғары жиiлiктi белгiге өзгертіп ақпаратты 50 м артық қашықтыққа беретін шағын (50х50х50 мм-ден кем) немесе ықшам жасалған техникалық құралдар.
2. Оптикалық жүйенің кіріс саңылауы 2 мм-ден кем (PIN HOLE объективтерімен жабдықталған), не объектiнiң әлсiз жарықталуында (0,1 лк және одан да төмен) немесе қабылдау элементiнде 0,001 лк және одан да төмен жарықталуында жұмыс iстейтiн корпуссыз немесе шағын (100х100х100 мм не одан да аз мөлшерде) бейнекамералар.
3. Телефонмен сөйлесудi көп арналы (екi және одан да көп желi) тiркеу (жазу) жүргізуге мүмкiндiк беретiн техникалық құралдар.
4. 3 МГц жоғары жиілік ауқымында радиоэфирді танып көшіру мен тыңдауға, сондай-ақ радиосәулешығарушы бұйымдардың орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар.
5. Адамның психофизикалық реакциясын көп арналы тіркеуіштер.
____________________
____________________
басшысына
техникалық зерттеуден өткізуге
Өтiнiш
Арнайы техникалық құралдарға немесе екiұдай қолданылатын тауарларға жатқызу мәнiн анықтау үшiн техникалық зерттеуге ұсынылады:
---------------------------------------------------------------------------
Бұйымның атауы ! Yлгi ! Шығарылған ! Зав. N ! СЭҚ ТН
! ! уақыты ! ! коды
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Бұйымның жинақтаушы құрамы, оның бөлiмшектерi мен жарақтарының сипаттамасы:
--------------------------------------------------------------------------
N ! Атауы ! Мақсаты ! Көлемi, мм ! Саны, !Салмағы,
р/н! ! ! ! дана ! кг
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
Осы өтiнiшке қосымша ұсынылады:
--------------------------------------------------------------------------
Атауы ! Нөмiрi немесе белгiсi ! Парақ саны
--------------------------------------------------------------------------
Бұйымның құрылымдық ерекшелiктерi
туралы мәліметтер
Пайдалану бойынша басшылық
Бұйымның төлқұжаты (формуляр)
Жеткiзушi мен тұтынушы арасындағы
жеткiзуге арналған келiсiм-шартының
(шарттың) көшiрмесi
Қосымша ұсынамын:
Бұйымның үлгiсi
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
Бұларға қоса бұйым туралы мынадай мәлiметтердi хабарлаймын:
Бұйымды пайдалану құқын растайтын құжаттардың атауы, күнi мен нөмiрi
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
(сатып алу-сату шарты, авторлық құқығы және т.б.)
Бұйым
---------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------- арналған
(мақсаты мен қолданылу саласы)
Бұйымды алу мақсаты
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
(өткiзу, жеке тұтыну)
Бұйымды тұтынушы туралы мәлiметтер
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
(фирманың ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен мекен-жайы көрсетiлген
атауы)
Бұйымды шығарушы туралы мәлiметтер
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
(шығарушы фирманың атауы, өз әзiрлеген/өндiргенi)
Басшы -------------------------------------- -------------------------
(фирма атауы) (қолы) (тегi)
Құрылымдық ерекшелiктерi туралы
мәлiметтер ------------------------------------------------------------
(бұйымның атауы)
1. Бұйымның қолданылуына қатысты ақпараттық объектiнiң негiзгi техникалық сипаттамасы (жиiлiктер спектрi, тiркелушi белгiлердiң түрлерi мен қуаты, бұйымнан объектiнi мейiлiнше қашық ұстау және басқа):
2. Бастапқы ақпаратты алудың әдiстерi (гальваникалық, индукциялық қосу, радиобақылау, көзбен шолып бақылау, ену, ашу, химиялық құрам қолдану және т.б.):
3. Бастапқы ақпарат көзiнiң ауқымы көрсетiлген бақыланушы жиiлiктер спектрi:
4. Сезгiштiгi:
5. Оптикалық жүйелердiң кiрiс саңлауының диаметрi:
6. Кескiн беру кезiндегi рұқсат:
7. Бастапқы ақпаратты алуға құрылғының бағытталу диаграммасының негiзгi сипаттамалары:
8. Қолданылған химиялық құрамның мақсаты мен өлшемдерi:
9. Негiзгi құрылғылардан қашықта аспаптардың жұмысын қамтамасыз ететiн ендiрiлген құрылғылардың және басқа құрылғылардың болуы:
10. Бастапқы ақпаратты құжаттау әдiстерi:
11. Жазып алушы құрылғыларды іске қосу мүмкiндiктерi мен әдiстерi:
12. Желiлердiң түрi мен сипаттамасы көрсетiлген ақпаратты беруге арналған түрлi желiлердi пайдалану мүмкiндiгi, пайдаланылушы радиоарнаның деректер беру ақпаратты беру қашықтығы, бастапқы ақпаратты шифрлау мүмкiндігі:
13. Ақпаратты жазушы құрылғының жұмыс істеу қағидаты:
14. Ақпарат көзi:
15. Ақпаратты жазу ұзақтығы:
16. Ақпаратты циклдi жазу мүмкiндiгi:
17. Жазу жылдамдығын реттеу мен жазуды қайта шығару, аудиожазбаны жүзеге асыра отырып, бір мезгiлде оның сапасын бақылау үшiн ("өтпелi арна") мүмкiндiгiнiң болуы, жазудың ұзақтығы:
18. Бұйымның қашықтан басқару мүмкiндiгi:
19. Әлде бiр белгi бойынша автоматты қосу (акустоқосу және т.б.) мүмкiндiгi:
20. Аппаратураны қосуда ұзақ кiдiру мүмкiндiгi:
21. Арнайы мақсатта ендiрiлген құрылғылардың болуы мен оның мақсаты:
22. Айрықша механикалық берiктiгiн қамтамасыз ететiн арнайы шаралар, олар неге байланысты қажет:
23. Бөгде адамдардың жiберiлуiн шектейтiн құралдың болуы:
24. Аппаратураны түрлi ортада пайдалану мүмкiндiгi, қандай ортада:
25. Арнайы, соның iшiнде химиялық және өзге де материалдарды қолдану:
26. Бұйымды аппаратураға немесе басқа мақсаттағы нәрселерге орнату мүмкіндігі:
27. Түрлi қоректендiру көздерiн пайдалану мүмкiндiгi (қандай көз екенiн және қоректендiрудiң берiлу әдiсiн көрсету керек):
28. Дербес қоректендiру көзiнен жұмыс ұзақтығының мүмкiндiгi (тұтыну сипаттамасын және пайдаланылып отырған қоректендiру көзiн, ауыстырмай жұмыс істеу мерзiмiн көрсету керек):
Басшы -------------------------------------- ------------------------
(фирма атауы) (қолы) (тегi)
Сатылған екіұдай қолданылатын техникалық құралдардың
Тізілімі
1. Қосымша келісімсіз өткізілген техникалық құралдар:
--------------------------------------------------------------------
N ! Бұйымның атауы ! Үлгі ! N ! Сатып алушы туралы деректер
р/н! ! ! ! (ұйым атауы, тегі, мекен-жайы)
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
2. ҚР ҰҚК-мен келісілгеннен кейін өткізілген техникалық құралдар:
--------------------------------------------------------------------
N ! Бұйымның атауы ! Үлгі ! N !Сатып алушы туралы ! Келісім
р/н! ! ! !деректер (ұйым атауы,! құжатын
! ! ! !тегі, мекен-жайы) ! тіркеу N
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
5-қосымша
____________________________________
(ҚР ҰҚК лицензиялық органының атауы)
____________________________________
басшысына
Өтiнiш
Екiұдай қолданылатын бұйымның пайдалану тәртiбiн келiсуiңiздi сұраймыз:
---------------------------------------------------------------------------
Бұйымның атауы ! Yлгi ! Шығарылған ! Зав. N ! СЭҚ ТН
! ! күні ! ! коды
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Бұйымның жинақтаушы құрамы, оның бөлiмшектерi мен жарақтарының сипаттамасы:
--------------------------------------------------------------------------
N ! Атауы ! Мақсаты ! Көлемi, мм ! Саны, !Салмағы,
р/н! ! ! ! дана ! кг
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
Осы өтiнiшке қосымша ұсынылады:
--------------------------------------------------------------------------
Атауы ! Нөмiрi немесе белгiсi ! Парақ саны
--------------------------------------------------------------------------
Пайдалану бойынша басшылық
Бұйымды құрастыру сызбасы (сұлбасы)
Фирма қызметкерлері бақылаудан
өткізу туралы алдын-ала
хабарланғанын растайтын құжат
Қосымша ұсынамын:
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
Бұларға қоса, бұйымның пайдалану тәртібі туралы мынадай мәлiметтердi
хабарлаймын:
Бұйымды алу
мақсаты ------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
(бақылауды жүзеге асыру, күнделікті жұмыста пайдалану)
Бұйымды пайдаланушылар саласына кіретін адамдар санаты
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
(фирма қызметкерлері, азаматтар)
Басқа да мәлiметтер
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
Басшы -------------------------------------- -------------------------
(фирма атауы) (қолы) (тегi)