Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1246

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N

2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 
жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  

P951894_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiстер 
енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң 
түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың 
(лицензиарлардың) тiзбесiнде:
     реттiк нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"16.  "Қазақстан Республикасының         Жалпы бастауыш, жалпы
      Бiлiм және ғылым                 негiзгi немесе жалпы орта
      министрлiгi                      бiлiм; кәсiптiк, оның iшiнде
                                       кәсiптер бойынша бастауыш
                                       бiлiм; кәсiптiк орта, кәсiптiк
                                       жоғары, жоғары оқу 
                                       орнынан кейiнгi кәсiптiк, 
                                       оның iшiнде мамандықтар 
                                       бойынша білім беретiн заңды
                                       тұлғалардың бiлiм беру 
                                       қызметi, сондай-ақ мектепке
                                       дейiнгi және мектептен тыс
                                       ұйымдардың қызметi
                                         бiлiм беру ұйымдары үшiн
                                       оқулықтар, оқу-әдiстемелiк
                                       кешендер, электронды оқулықтар 
                                       мен қосымша оқу әдебиетiн басып     
                                       шығару жөнiндегi қызмет";

     реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанындағы тоғызыншы абзац мынадай 
редакцияда жазылсын:
                                       "Алматы қаласының
                                       аумағындағы жалпы
                                       бастауыш, жалпы негiзгi
                                       немесе жалпы орта және 
                                       кәсiптiк бастауыш бiлiм 
                                       беретiн білiм беру
                                       ұйымдарының, сондай-ақ
                                       мектепке дейiнгi және 
                                       мектептен тыс ұйымдардың 
                                       қызметi".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бiрiншi орынбасары
  


Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Жұманазарова А.Б.