Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N
2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995
жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiстер
енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң
түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың
(лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"16. "Қазақстан Республикасының Жалпы бастауыш, жалпы
Бiлiм және ғылым негiзгi немесе жалпы орта
министрлiгi бiлiм; кәсiптiк, оның iшiнде
кәсiптер бойынша бастауыш
бiлiм; кәсiптiк орта, кәсiптiк
жоғары, жоғары оқу
орнынан кейiнгi кәсiптiк,
оның iшiнде мамандықтар
бойынша білім беретiн заңды
тұлғалардың бiлiм беру
қызметi, сондай-ақ мектепке
дейiнгi және мектептен тыс
ұйымдардың қызметi
бiлiм беру ұйымдары үшiн
оқулықтар, оқу-әдiстемелiк
кешендер, электронды оқулықтар
мен қосымша оқу әдебиетiн басып
шығару жөнiндегi қызмет";
реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанындағы тоғызыншы абзац мынадай
редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласының
аумағындағы жалпы
бастауыш, жалпы негiзгi
немесе жалпы орта және
кәсiптiк бастауыш бiлiм
беретiн білiм беру
ұйымдарының, сондай-ақ
мектепке дейiнгi және
мектептен тыс ұйымдардың
қызметi".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.