Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қыркүйектегі N 1222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 P991731_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1-тармақта "шектерде" деген сөзден кейін "ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу," деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақта:
2) тармақшада:
"өндіруде" деген сөзден кейін "және алғашқы өңдеуде" деген сөздермен толықтырылсын;
"арттыру" деген сөзден кейін ", ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада "кәріз" деген сөзден кейін ", ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада "кәріз" деген сөзден кейін ", ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу және астық қолхаттарының айналымы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;";
10-4) және 10-5) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-7), 10-8) және 10-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-7) астық қолхаттарының нысанын, оларды беру, олардың айналымы және оларды жою ережесін бекітеді;
10-8) тұқымдарды сараптау (сертификаттау) және олардың сорттық және себу сапаларын куәландыратын тиісті құжаттар беру тәртібін белгілейді;
10-9) тұқымдарға сорттық үстеме ақылардың нормаларын белгілейді";
10-тармақта:
1) тармақша "кәріз" деген сөзден кейін ", ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада "өндірісі" деген сөзден кейін ", ауыл шаруашылығы
машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІV "Шығыстар" бөлімінде: 10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында: 9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында: 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" әкімшісінде: 1 "Әкімшіліктік шығыстар" бағдарламасында: 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасында, 3-бағандағы "91 870" деген сан "94 837" деген санмен ауыстырылсын; 2 "Аумақтық органның аппараттары" кіші бағдарламасында, 3-бағандағы "1 239 300" деген сан "1 236 333" деген санмен ауыстырылсын. 3. <*> Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен. P020039_ Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.