Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 қыркүйек N 1222

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасы 
     Премьер-Министрінің 
     бірінші орынбасары
     
     
     
                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                              2001 жылғы 22 қыркүйектегі
                                            N 1222 қаулысымен бекітілген
     
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
                        өзгерістер мен толықтырулар
     
     1. 
<*>

     Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.07. N 1096 
қаулысымен.  

P021096_

 
     2. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950  

P001950_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат):
     көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     ІV "Шығыстар" бөлімінде:
     10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" 
функционалдық тобында:
     9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында:
     212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" 
әкімшісінде:
     1 "Әкімшіліктік шығыстар" бағдарламасында:
     1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасында, 3-бағандағы "91 
870" деген сан "94 837" деген санмен ауыстырылсын;
     2 "Аумақтық органның аппараттары" кіші бағдарламасында, 3-бағандағы 
"1 239 300" деген сан "1 236 333" деген санмен ауыстырылсын.
     3. 
<*>

     Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39    
              қаулысымен.  

P020039_

 
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.