Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың бұзылуы салдарынан келтірілген залалды өтеудің жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 12 қыркүйек N 1186

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 23 қаңтардағы Орман кодексінің K932000_ 75-бабына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының Z970160_ 86-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) жеке және заңды тұлғалардың ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуінен және зақымдауынан орман шаруашылығына келтірілген залалды өтеудің мөлшері;
      2) жеке және заңды тұлғалардың өзге де құқық бұзушылықтары салдарынан орман шаруашылығына келтірілген залалды өтеуінің мөлшері;
      3) жеке және заңды тұлғалардың барлық санаттағы жерлерде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірген залалды өтеуінің мөлшері;
      4) Орман шаруашылығына келтірілген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеудің ережесі бекітілсін.
      2. Орман шаруашылығына келтірілген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеуден алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің кірісіне есепке алынсын.
      3. "Орман заңдарын бұзғаны және Қазақ ССР-інің Қызыл кітабына

енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинағаны немесе зақымдағаны үшін 
материалдық жауапкершілік туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер 
Кабинетінің 1993 жылғы 23 ақпандағы N 136  

P930136_

  қаулысының (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 5, 58-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                     Үкіметінің
                                              2001 жылғы 12 қыркүйектегі 
                                                  N 1186 қаулысымен
                                                     бекітілген
     
     
         Жеке және заңды тұлғалардың ағаштар мен бұталарды заңсыз
              кесуінен және зақымдауынан орман шаруашылығына
                        келтірілген залалды өтеудің
                                   МӨЛШЕРІ
___________________________________________________________________________
Р/с!      Орман ағашы       !            Барлық топтағы ағаш      
 N !                        !______________________________________________
   !                        !   1 м3 үшін өтеудің мөлшері, теңгемен
   !                        !______________________________________________
   !                        !       Жоғары бөлігіндегі дін      !Қабықты  
   !                        !    кесіндісінің көлеміне қарай    !отындық
   !                        !       қабықсыз кәделі сүрек       ! ағаш
   !                        !___________________________________!сүрегі,
   !                        !ірі (25 см !орташа (13-!ұсақ (3-тен! 1 м3 
   !                        !және жоға. !тен 24 см- !12 см-ге   ! үшін
   !                        !ры)        !ге дейін   !дейін)     !
___________________________________________________________________________
 1 !          2             !      3    !     4     !     5     !   6
___________________________________________________________________________
         Өсуін тоқтататын деңгейге дейін кесу және зақымдау кезінде

 1   Қарағай                    12200       8700        4300       1700
 2   Шренка шыршасы             15900      11300        5600       2200
 3   Сібір шыршасы, майқарағай  11000       7800        3900       1300
 4   Самырсын                   9800        7000        3400       1200
 5   Балқарағай                 22000      15700        7700       1900
 6   Ағаш тектес арша           14700      10400        5200       2200
 7   Емен, шаған                22000      15700        7700       3400
 8   Жабысқақ қара қандағаш, 
     үйеңкі, шегіршін, жөке     4900       3500         1700       1100
 9   Сексеуіл                                                      3400
10   Қайың                      1330        940         510        370
11   Көк терек, ағаш тектес
     тал, терек                 1180        830         420        260
12   Жаңғақ, шекілдеуік         26700      19100        9400       2900
     жаңғақ
13   Өрік, ақ қараған,
     алша, долана, шие,
     жиде, шетен, алхоры, 
     мойыл, тұт ағашы,
     алма ағашы, басқа да
     ағаш тұқымдастар           15600      19100        9400       1900
14   Арша, самырсын                                     2800       1500
15   Сары қараған, жыңғылдар,
     бұта тектес талдар,
     шырғанақ, жүзгін, шеңгел, 
     басқа да бұталар                                   510        300
___________________________________________________________________________
             Өсуін тоқтататын деңгейге дейін жеткізілмеген кесу
                            және зақымдау кезінде
___________________________________________________________________________
16   Қарағай                    6100        4350        2150        850
17   Шренка шыршасы             7950        5650        2800       1100
18   Сібір шыршасы, майқарағай  5500        3900        1950        650
19   Самырсын                   4900        3500        1700        600
20   Балқарағай                 11000       7850        3850        950
21   Ағаш тектес арша           7350        5200        2600       1100
22   Емен, шаған                11000       7850        3850       1700
23   Жабысқақ қара қандағаш,  
     үйеңкі, шегіршін, жөке     2450        1750         850        550
24   Сексеуіл                                                      1700
25   Қайың                      665         470         255        185
26   Көк терек, ағаш тектес 
     тал, терек                 590         415         210        130
27   Жаңғақ, шекілдеуік         13350       9550        4700       1450
     жаңғақ
28   Өрік, ақ қараған, алша
     долана, шие, жиде, шетен,
     алхоры, мойыл, тұт ағашы, 
     басқа да ағаш тұқымдастар  7800       9550        4700        950
29   Арша, самырсын                                    1400        750
30   Сары қараған, жыңғылдар,
     бұта тектес талдар,
     шырғанақ, жүзгін, шеңгел, 
     басқа да бұталар                                  255        150    
___________________________________________________________________________
     
     Ескерту:
     1. Орман қоры аумағынан тыс жерлерде өсетін ағаш-бұта өскіндерін 
заңсыз кескені және зақымдағаны үшін залалды өтеу залалды өтеудің осы 
мөлшеріне сәйкес белгіленеді.
     2. Дауыл қопарған, жел құлатқан және т.б. ағаштарды заңсыз дайындау 
жағдайында, сондай-ақ қураған ағаштарды заңсыз кесіп алған жағдайда 
залалды өтеу мөлшері отын ағаш үшін айқындалған мөлшерде белгіленеді.

     


                                              Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 1186 қаулысымен бекітілген


     Жеке және заңды тұлғалардың өзге де құқық бұзушылықтары салдарынан   
         орман шаруашылығына келтірілген залалды өтеудің мөлшерлері        
    
                                                            (теңгемен)
___________________________________________________________________________
  Зиянның    !Өл.  !___________________________________________________
  түрлері    !шем  !Ақ.   !Ақтө. !Алма-!Атырау !Шығыс  !Жамбыл !Батыс
             !бір. !мола  !бе    !ты   !       !Қазақ. !       !Қазақстан
             !лігі !      !      !     !       !стан   !       !
___________________________________________________________________________
     1       !  2  !  3   !   4  !  5  !   6   !   7   !   8   !   9
___________________________________________________________________________
      Орман тұқымбақтарында және плантацияларда орман екпелерін, екпе 
        көшеттерін не ағаш көшетін, сондай-ақ табиғи өскіндерді, жас
     шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтіруге арналған аудандарда 
         өздігінен көктеп шыққан жас шыбықтарды жою немесе зақымдау
___________________________________________________________________________
1. Майыспаған 
орман екпеле.
рін және өскін. 1 дана 
дерін зақымдау   үшін     17     17    17     17     17      17     17

2. Мынадай
селекциялық
тұқымдық мате.
риалдарды:

1) қосынды      1 дана        
ағаштарды;       үшін    34934  32592  33512  29664  34738  37415  34599
     
2) сынақ дақыл.
дарын, геогра.
фиялық дақылдар.
ды, клондық 
архивтерді және 
ағаш тұқымдық   1 дана
плантацияларын;  үшін     34    31     36    31     31      28      36

3) тұрақты ағаш
тұқымының желек. 1 дана
терін зақымдау    үшін    5994  5381   5492  4963   5660    5994    5548

3. Мынадай ор.
манды тұқымбақ.
тарда отырғызы.
латын тұқымдық
материалдарды:

1) қылқанды  
жапырақты     
тұқымдастар     1 дана
екпелерін;       үшін     5.0    4.3    5     7.3    4.3     7.6     4.4
     
2) жапырақты    
тұқымдастардың  1 дана
екпелерін;       үшін     4.0    3.3    4     2.7    3.3     4       4

3) теректің, 
талдың қалемшек
(тамырланған    1 дана
қалемшектері);   үшін     28.7   27.1   28.7  25.5   27.1    28.7    27.1  
 
4) жапырақ 
тұқымдастардың  1 дана
көшеттерін;      үшін     200    183    200   183    189     200     183

5) жапырақты
тұқымдастардың  1 дана
көшеттері;       үшін     100     92     96    92     92     100      92

6) жетілдіріл.
ген селекциялық
құндылығы бар   1 дана
көшеттерді;      үшін     300    268    300   265    300     308     300
     
7) ірі мөлшерді
көшеттерді жою  1 дана
немесе зақымдау  үшін     4000   3260   3260  2900   3260    3260    3260

4. Плантация.
ларда:
1) аналық;      1 дана
                 үшін      67     59     61    59     61      67      61
2) жидек және 
техникалық      1 дана
дақылдар;        үшін     100     95     98    86     98     106      98  

3) жас жеміс
және жаңғақ жемісті
(пайдалану 
мерзіміне       1 дана 
дейін);          үшін     1952    1784   1896  1645   3039   2007    1840

4) жеміс бере.
тін жеміс және
жаңғақ жемісті 
ағаш-бұта көге.
рістерін жою    1 дана
немесе зақымдау  үшін     10371   8699   9256  8057   9145   9702    8977
___________________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
       !Қараған.!  Қызыл- !Қостанай !Маңғыстау !Павлодар !Солтүс. !Оңтүстік
       !ды      !  орда   !         !          !         !тік Қа. !Қазақ.
       !        !         !         !          !         !зақстан !стан 
___________________________________________________________________________
   1   !  10    !   11    !   12    !    13    !   14    !   15   !   16
___________________________________________________________________________
       Орман тұқымбақтарында және плантацияларда орман екпелерін, екпе 
        көшеттерін не ағаш көшетін, сондай-ақ табиғи өскіндерді, жас
     шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтіруге арналған аудандарда 
         өздігінен көктеп шыққан жас шыбықтарды жою немесе зақымдау
___________________________________________________________________________
1.        17        17        17         17        17        17       17   
2. 
1)       30417     45389     32480      35881     31030    32480    26096
2)        31        36        31         33        36        31       28   
3)        5074      7193      5381       5846      5158     5381     4294
3.
1)        4.4       9.7       4.3        8.7       4.2       4.3      6.2
2)        3.3       4.7       3.3        3.6       3.3       3.3      2.7
3)        23.9      35        27.1       29,7      25.5      27.1     20.7
4)        183       238       183        214       183       183      145
5)         90       120        92        108        92        92       72
6)        260       355       268        319       252       268      217
7)        3260      4000      3260       3600      2900      3260     2540
4.
1)         59        78        59         70        59        59       25
2)         86       120        95        108        89        95       81
3)       1617      2370      1784       2133      1701      1784     1450
4)       7918     11626      8726      10463      8336      8726     6970
___________________________________________________________________________
     
        
  Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитариялық ережелерін бұзу
___________________________________________________________________________
       1         !  2  !  3   !   4  !  5  !   6   !   7   !   8   !   9
___________________________________________________________________________
1. Ағаш кесілген 1 га    2621  2498   2342   2113    2671    2671    2409  
жерлерді ағаш    үшін
қалдықтарынан
уақтылы тазарт.
пау, ағаш дайын.
даушылардың
кінәсінен соқ.
пақтар мен ені
50 метрге дейін.
гі ағаш маңын.
дағы алқапты
қоқырсытып   
жіберу          
 
2. Орманда қыл.  1 дана   42     39     45    36      45      47      42  
қан жапырақты    үшін
ағаштар мен жа.
пырақ тұқымдас
сүректердің
белгіленген
мерзімде қабы. 
ғынан аршылмай, 
жаз кезінде сол 
күйінде қалуы    
__________________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
   1   !  10    !   11    !   12    !    13    !   14    !   15   !   16
___________________________________________________________________________
 1.       2127     3318      2423       2986       2264     2423     1843
 2.        36       56        39         50         36       39       36
___________________________________________________________________________
     
        
                 Сүрек дайындаудың белгіленген тәртібін бұзу
___________________________________________________________________________
       1         !  2  !  3   !   4  !  5  !   6   !   7   !   8   !   9
___________________________________________________________________________
1. Шала кесіл.   1 дана   5492   5018   4461   4238   4907    4879    4349 
ген ағаштарды    үшін 
қалдыру
 
2. Ағаш өсіру    1 дана    11    11    11       8     11     11       8
талаптары бойын. үшін 
ша суармалы ор.
мандарда ұзынды.
ғы едәуір түбір.
лер қалдыру
ретін қоспа. 
ғанда, кесілген
түбір биіктігі
1/3 диаметрден
жоғары, ал 
ағашты кескенде
түбірі 30 см
жіңішке, биік.
тігі 10 см-ден
жоғары етіп 
қалдыру     

___________________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
   1   !  10    !   11    !   12    !    13    !   14    !   15   !   16
__________________________________________________________________________ 
 1.      4433      6022      4963        5420      5297     4963     3680
 2.        8        11         8          11        11        8        8
___________________________________________________________________________
     
   Орман үшін пайдалы өсімдіктерді жою, сондай-ақ орманды қалдықтарымен,
                    химиялық заттармен зақымдау, ластау 
___________________________________________________________________________
       1         !  2  !  3   !   4  !  5  !   6   !   7   !   8   !   9
___________________________________________________________________________
1. Құс ұяларын   1 дана   129     123   131    120     128     137     128
жою немесе       үшін
бүлдіру         

2. Ормандарда    1 дана   168     159   170    153     167     181     167
құмырсқа илеу.   үшін
лерін зақымдау
немесе жою
  
3. Ормандарды    1 тон.   1282    1227  1310   1143    1283    1394   1310
құрылыс, тұрмыс  на
қалдықтармен     үшін
ластау         

4. Демалыс       1 шар.   1,5     1,4   1,5    1,3     1,5     1,6     1,5 
орындарында      шы м.
қоқысты, қалдық. үшін    
тарды қалдыру     
___________________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________________
   1   !  10    !   11    !   12    !    13    !   14    !   15   !   16
___________________________________________________________________________
 1.      112        162       120        146       114       120      112
 2.      148        220       153        198       148       153      128
 3.     1115       1673      1227       1408      1143      1227      976
 4.      1,4        2,0       1,4        2,0       1,3       1,4      1,2
___________________________________________________________________________
    
     
     
                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2001 жылғы 12 қыркүйектегі    
                                                 N 1186 қаулысымен
                                                    бекітілген     
     
           Жеке және заңды тұлғалардың барлық санаттағы жерлерде
     Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді
       заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірген
                         залалды өтеуінің мөлшері
___________________________________________________________________________
     Өсімдіктер тобы мен зақымдау түрі      Залалды өтеудің мөлшері,
                                                    (теңгемен)
___________________________________________________________________________
1.   5 жасқа дейінгіні қосқанда, әрбір
ағаш, бұта, шырмауық үшін:
     1) өсуін тоқтататын деңгейге                     3100
     дейін жеткізілмей зақымданған 
     кезде;
     2) жойылған немесе өсуін                         4900
     тоқтататын деңгейге дейін
     зақымданған кезде

2.   5 жастан асқан әрбір ағаш, бұта,       5 жастан асқан әр жыл үшін 
шырмауық үшін                               1-тармақта көрсетілген         
                                            мөлшерге 5 пайыз қосылсын      

3.   Мөлшеріне қарамастан, әрбір шөп                  360
тұқымдас өсімдікті немесе саңырауқұлақ.
тың жемісті бөлігін арнайы рұқсатсыз
жинағаны, зақымдағаны немесе жойғаны 
үшін      

4. Зақымданған немесе жойылған мүк пен                1800
қынаның әр шаршы метрі үшін
___________________________________________________________________________
       
     

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2001 жылғы 12 қыркүйектегі    
                                                 N 1186 қаулысымен
                                                    бекітілген          
     
          Орман шаруашылығына келтірілген залалды, сондай-ақ,
          Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген
          өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе
                 жою арқылы келтірілген залалды өтеудің
                                ЕРЕЖЕСІ
     
                          1. Жалпы ережелер
     


      1. Орман шаруашылығына келтірілген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеудің осы ережесі бұзушылардан залал келтіргені үшін төлем өндіріп алудың залалды өтеу тәртібін айқындайды.

                   2. Залалды анықтау және өтеу тәртібі

      2. Орман шаруашылығына келтірілген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залалды өтеудің мөлшерлерін орман шаруашылығын басқарушы орталық мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Залалды өтеу сомасын орман шаруашылығын басқарушы орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары бекітілген мөлшерлер бойынша есептейді және құқық бұзушы залал келтірген жері бойынша мемлекеттік бюджетке төлейді.
      4. Залалды өтеу сомаларын төлеу банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы банктер немесе ұйымдар арқылы, залалды өтеу сомасы туралы құқық бұзушыға хабарланған күннен бастап 14 күнтізбелік күннен кешіктірмей аудару жолымен жүргізіледі.
      Залалды өтеу сомаларының төленгені туралы түбіртегінің көшірмелері орман шаруашылығын басқарушы орталық мемлекеттік органның аумақтық органдарына және аумақтық салық комитеттеріне ұсынылады.
      5. Егер бұзушы залалды өтеу сомаларын 14 күнтізбелік күн ішінде өз еркімен төлемесе, залалды өтеу мәселесі сот тәртібімен қаралады.

       3. Залалды өтеу жөніндегі төлемдердің өндіріп алынуын бақылау

      6. Орман шаруашылығын басқарушы орталық басқару органының аумақтық органдары тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей өзінің тіркелген жері бойынша аумақтық салық комитетіне орман шаруашылығына келтірілген залал үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, дайындау, зақымдау немесе жою арқылы келтірілген залал үшін бюджетке өндіріп алынған сомалар жөніндегі мәліметтерді орман шаруашылығын басқарушы орталық мемлекеттік органмен бірлесіп мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына

салық бақылауын қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган бекіткен тәртіпте 
және нысан бойынша жібереді.
     7. Залалды өндіріп алу сомаларының толық және дұрыс есептелуіне 
бақылауды орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар мен салық 
қызметі органдары жүзеге асырады.
     
    Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.