Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 қыркүйек N 1170

Қолданыстағы
      Ел экономикасының мұқтаждары үшін жеткілікті мазут қорын жасау қажеттігіне байланысты және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының Z952368_ 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 1 қазаннан бастап 2002 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы аумағынан мазут (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 710 - 2710 00 780) экспортына тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, 2001 жылғы 1 қарашадан бастап мазутпен қамтамасыз ету ісінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін ай сайын хабардар етіп отырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мазутты әкетуге тыйым салуды енгізетіндігі туралы белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық қауымдастығының Интеграциялық комитетін хабардар етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және 
минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
         
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі
     
     

Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.