1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 P981180_ қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына қосымшада:
"2. Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын жетілдіру" тарауында:
"2.2. Сыртқы сектор статистикасы" бөлімінде:
"2.2.1 Сыртқы сауда статистикасы" бөлімшесінде:
6-тармақта:
3-бағандағы "Кеденком" деген сөзден кейін "Статистика агенттігі" деген сөзбен толықтырылсын;
4-бағандағы "2000" саны "2002 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: "3-басымдық. Экономикалық өсу" тарауында: "3.5. сыртқы сауда саясаты" бөлімінде: "3.5.2. Экспорт пен импорттың құрылымы мен жағрапиясын жақсарту арқылы сыртқы сауданы дамыту" бөлімшесінде: реттік нөмірі 3.5.2.12-жолдағы 5-бағандағы "Тоқсан сайын" деген сөздер "2002 жылғы 1-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.