Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 және 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 тамыз N 1108

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 P981180_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік

статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасына 
қосымшада:     
     "2. Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі 
мен методологиясын жетілдіру" тарауында:
     "2.2. Сыртқы сектор статистикасы" бөлімінде:
     "2.2.1 Сыртқы сауда статистикасы" бөлімшесінде:
     6-тармақта:
     3-бағандағы "Кеденком" деген сөзден кейін "Статистика агенттігі" 
деген сөзбен толықтырылсын;
     4-бағандағы "2000" саны "2002 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     2) 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің        
              2002.04.24. N 470 қаулысымен.  

P020470_

 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі    
     
 
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.