Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 тамыз N 1092

Жаңартылған

     "Қаржы лизингі туралы"  

Z000078_

  2000 жылғы 5 шілдедегі және 
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы"  

Z952368_

  1995 жылғы 20 
шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету 
кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы 
тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            2001 жылғы 21 тамыздағы
                                               N 1092 қаулысымен
                                                   бекітілген
     
          Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі 
                  қолданылатын лизинг заттарының тізбесі
     
     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.07. N 280 қаулысымен.
               

P020280_

 
     
---------------------------------------------------------------------------
 ТМД СЭҚ ТН  !                           Атауы
  бойынша    !
тауарларының !
   коды      !
---------------------------------------------------------------------------
8402 11 000   Бу қазандары және басқа да бу өндiретiн қазандар:
              шығарымдылығы сағатына 45 тоннадан астам бу өндiретiн су
              құбырлы қазандар;
8402 20 000   бу қайнатқышы бар қазандар
     
8404          8402 немесе 8403 тауар позициясындағы қазандармен
              пайдалануға арналған қосымша жабдық (мысалы, экономайзерлер, 
              қайнатқыштар, ыс кетiргiштер, газ рекуператорлары), бу суы   
              немесе басқа да булық күш қондырғыларына арналған            
              конденсаторлар

8405          Тазартқыш қондырғылармен немесе оларсыз газ генераторлары    
              немесе су газ генераторлары; тазартқыш қондырғылармен немесе 
              оларсыз ацетилендік және ұқсас газ генераторлары

8406          Су буындағы турбиналар және өзге де бу турбиналары
(8406 81 900,
8406 82 900,
8406 90 900-
ден басқа)
     
8414 10 300   Роторлы поршеньдi сорғыштар, жылжымалы қалақтары бар
              роторлы сорғыштар, молекулярлы (вакуумды) сорғыштар
              және Руте үлгiсiндегi сорғыштар
     
8414 40 100   Минутына 2 текше м. көп емес шығасы бар қозғалмалы,
              доңғалақты шассидегi әуе компрессорлары
     
8414 40 900   Минутына 2 текше м. астам шығасы бар қозғалмалы, 
              доңғалақты шассидегi әуе компрессорлары
     
8414 80 490   Айналшақты-бұлғақты тетiгi бар, жұмыс қысымы сағатына
              120 текше м. астам көлемдi компрессорлар
     
              Роторлы көлемдi компрессорлар:
8414 80 600   бiр орамды;
8414 80 710   көп орамды;
              винттi компрессорлар

8416          Сұйық отын, майдаланған қатты отын немесе газға арналған
(8416 10 900, оттық қыздырғыштар
8416 20 900-
ден басқа)

8417 10 000   Пирит кені мен металдар кенін күйдіру, балқыту немесе        
              өзгедей ыстықта өңдеуге арналған пештер мен камералар
     
8419 31 000   Ауыл шаруашылығы өніміне арналған кептіргіштер

8426 20 000   Мұнара крандары
     
8428 20 300   Ауыл шаруашылығында пайдалануға арнайы арналған              
              пневматикалық көтергіштер және конвейерлер     

8429 20 00    Автогрейдерлер мен тегістеушілер

8429 30 000   Скреперлер

8429 40       Тығыздаушы машиналар және жол катоктары
     
8429 51       Бiр ожаулы құлашты тиегiштер
     
8430 10 000   Қаданы қағуға және суыруға арналған жабдық
     
8430 20 000   Соқалы және роторлы қар тазалағыштар
     
8430 41 000   Өздiгiнен жүретiн бұрғылаушы немесе кеулеуші машиналар
     
8430 50 000   Өздiгiнен жүретiн машиналар және механизмдер және басқалары
     
8433 30 900-  Өздiгiнен жүретiн, тiркемелi және аспалы жалдағыштар
ден

8433 51 000   Астық жинайтын комбайндар

8433 53       Жемiстердi және тамыр жемiстерiн қоса жинауға арналған
(8433 53 900- машиналар
ден басқа)     

8433 59 110   Өздiгiнен жүретiн сүрлем жинайтын комбайндар
     
8434 20 000   Сүттi өңдеуге және ұқсатуға арналған жабдық
     
8436 10       Жемшөп дайындауға арналған машиналар мен механизмдер
     
8436 21 000   Инкубаторлар мен брудерлер
     
8437 10 000   Астық пен құрғақ бұршақты тазартуға, сұрыптауға немесе
              калибрлеуге арналған машиналар
     
8439          Талшықты целлюлоза материалдарынан өнiм жасауға немесе
(8439 91 900, қағаз бен картон дайындауға немесе өңдеуге арналған
8439 99-дан   жабдық
басқа)
     
8441          Барлық үлгiдегi кесу машиналарын қоса алғанда, қағаз
(8441 10 800, массасынан, қағаздан немесе картоннан бұйымдар шығаруға
8441 90 900-  арналған жабдық, басқалар
ден басқа)

8442          Қаріп құю немесе қаріп теруге арналған, баспа блоктарын,
(8442 20 900, пластиндерді, цилиндрлерді немесе басқа да баспаханалық
8442 50 290,  элементтерді дайындауға немесе жасауға арналған машиналар,
8442 50 800-  аппаратура және жарақаттандыру (8456 - 8465 тауарлар
ден басқа)    позициясындағы станоктардан басқа); баспа мақсаттары үшін    
              дайындалған баспаханалық қаріптер, блоктар, пластиндер,      
              цилиндрлер және литографиялық тастар (мысалы, жонылған,      
              қашалған немесе лакталған)
     
8443 11 000   Орамды офсеттік басуға арналған машиналар     

8443 19-дан   Мөлшерi 29,7 х 40,2 см астам парақтарды қабылдайтын жаңа
              парақтары берумен офсеттiк басуға арналған машиналар
     
8444 00       Жасанды мата материалдарын экструдирлеуге, созуға,
(8444 00 900- текструдирлеуге немесе кесуге арналған машиналар
ден басқа)
     
8445          Мата талшықтарын дайындауға арналған машиналар;
(8445 19 000, маталық жiптi дайындауға арналған иіру, созу немесе орау
8445 90 000-  және басқа да жабдықтары; 8446 немесе 8447 тауар
ден басқа)    позициясындағы машиналарда жiптi пайдалануға арналған
              жiптi дайындайтын ірi орау немесе орау (жiңiшке орауды
              қоса) машиналары
     
8446          Тоқыма станоктары
(8446 29 000-
нан басқа)     

8447          Позументтiк жiп, перде, шiлтер, жiптердiң жиегi, таспа
(8447 12 900, немесе желiнi орап тiгiндi алуға арналған тiгiн, тоқу-тiгiн
8447 20 980,  машиналары және тафтингтiк машиналар
8447 90 000-
нан басқа)
     
8449 00 000   Киiз қалпақ, қалпақ жасау үшiн пiшiм өндiретiн жабдықты
              қоса, жүн және киiз немесе тоқылмайтын материалдарды
              бөлшекте немесе пiшiнде өндiруге арналған жабдық
     
8451          Жуу, тазарту, сығу, кептіру, тегістеу, бастыру
(8451 29 000, (материалдарды ыстықтай қалыптау үшiн бастыруды қоса),
8451 30 800,  ағарту, бояу, апреттилеу, әрлеу, тоқыма жiбiне материалдарға 
8451 80 800-  немесе дайын тiгiн бұйымдарына жабу немесе сiңдiре жағу  
ден басқа)    жабдығы (8450 тауар позициясындағы машиналардан басқа) және  
              линолеум сияқты едендік төсенiштердi өндiруге пайдаланылатын 
              тоқыма немесе басқа негiзге қабат жағуға арналған машиналар; 
              тоқыма материалдарды (тұрмыстық тегiстеу машиналарынан басқа)
              орауға, тiркетуге, жинауға, кесуге немесе тесуге арналған
              машиналар
     
              84-30 тауар позициясындағы түптеушi, кiтапшалаушыдан
              басқа тiгiн машиналары:
8452 21 000   автоматтандырылған;
8452 29 000   басқалары
     
8453          Тері немесе былғарыны дайындау, илеу және өңдеуге арналған
(8453 80 000- жабдық, тігін машиналарынан басқа
нан басқа)     
     
8474          Топырақты, тасты, кенді немесе қатты басқа да минералды
(8474 39 000, қазбаларды (оның ішiнде ұнтақ түріндегі және паста 
8474 90-нан   түрiндегi) сұрыптау, жуу, ұсақтау, бөлу, араластыру немесе
басқа)        бiрiктiре араластыруға арналған жабдық; қатты минералды
              отынды қатайып кетпеген цемент емес керамикалық құрамды
              құралдарды, ұнтақ немесе паста күйiндегi керiш
              материалдарды немесе басқа минералды заттарды жентектеуге,   
              қалыптауға немесе құюға арналған жабдық, құмнан құю
              пiшiндерiн жасау үшiн қалыптау машиналары
     
8502          Электргенераторлық қондырғылар және айналмалы электрлiк
(8502 12 900, қайта құрағыштар
8502 39, 
8502 40 900-
ден басқа) 
     
8504-тен      Кернеуi 110 кВ және одан жоғары қуаты 63 МВА,
(8504 10 990, трансформаторлар
8504 31 390,
8504 31 900,
8504 32 900,
8504 33 900,
8504 34 000,
8504 40 990,
8504 50 900,
8504 90 190-
нан басқа)
     
8504 32 300-  35 кВ-дан астам өлшеу трансформаторлары; түзеткiштер;
ден           индуктивтi катушкалар және дроссель
8504 40 940
8504 50-ден

8526 10 900,  Радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура және
8526 91 900,  дистанциялық басқару радиоаппаратурасы
8526 92 900

8531 10 300   Өндiрiстiк үй-жайлар мен ғимараттарда өрт қауiпсiздiгiн
              қамтамасыз етуге арналған электрлiк дабыл құрылғылары

8535 29 000   110 кВ автоматты кернеуi бар сөндiргiштер; 110 кВ 
8535 30 900   бөлгiштер және тоқтатқыштар; кернеудi шектегiштер және
8535 40 000   кернеудiң кенет көтерiлуiн басқыштар

8601          Электрэнергиясының сыртқы көзiнен жұмыс істейтiн немесе
              аккумуляторлық темiр жол локомотивтерi

8602          Өзге де локомотивтер; тендерлер
(8602 90 000-
нан басқа)

8603          Темiр жол немесе трамвай моторлы жолаушылар вагондары,
(8603 90 000- тауар немесе жүк вагондары, 8604 тауар позициясына
нан басқа)    кiретiндерден басқа ашық платформалар
     
8604 00 000   Темiр жол немесе трамвай жолдарын жөндеуге немесе
              техникалық қызмет көрсетуге арналған өздігінен жүретін
              немесе өздігінен жүрмейтін көлік құралдары (мысалы,          
              шеберхана вагондар, крандар, шпал қағатын машиналар,         
              жолтегістеу машиналары, бақылау-өлшеу вагондары және жолды   
              қарауға арналған көлік құралдары)

8605 00 000   Өздiгiнен жүрмейтiн темiр жол немесе трамвай жолаушылар
              вагондары; жүк, почта және өзге де өздігінен жүрмейтін
              арнайы темiр жол немесе трамвай вагондары (8604 тауар
              позициясына кiретiндерден басқа)
     
8606          Өздiгiнен жүрмейтiн темiр жол немесе трамвай, жүк
(8606 91 900, вагондары
8606 99 000-
нан басқа)
     
8608 00       Темір жол және трамвай жолдарына арналған жол жабдығы
(8608 00 300, мен құрылғысы; темiр жолдардың, трамвай жолдарының,
8608 00 990-  жолдардың, iшкi су жолдарының, парк құрылыстарының;
нан басқа)    порт құрылыстары немесе әуеайлақтар; қозғалысының
              қауiпсiздiгi және бақылауды қамтамасыз етуге арналған
              механикалық (электрмеханикалықты қоса алғанда) сигналдық     
              жабдық, құрылғылар; аталған құрылғылар мен жабдықтардың      
              бөлiктері
     
8701 20       Жартылай тiркемелерге арналған дөңгелектi тракторлар
(8701 20 109,
8701 20 909-
дан басқа)
     
8701 90 150   Двигатель қуаттылығы 18 кВт-тан артық, бірақ 25 кВт-тан      
              аспайтын жаңа тракторлар

8701 90 210   Двигатель қуаттылығы 25 кВт-тан артық, бірақ 37 кВт-тан      
              аспайтын жаңа тракторлар

8701 90 250   Двигатель қуаттылығы 37 кВт-тан артық, бірақ 59 кВт-тан      
              аспайтын жаңа тракторлар

8701 90 390   Двигатель қуаттылығы 90 кВт-тан артық жаңа тракторлар

8702 10 110,  Медициналық мақсатқа әдейі арналған жаңа автомобильдер
8702 10 911,
8702 90 111,
8702 90 311,
8702 90 901     

8703 21 101,  Медициналық мақсатқа әдейі арналған жаңа автомобильдер
8703 22 191,
8703 23 199,
8703 24 101,
8703 31 101,
8703 32 191,
8703 33 191,
8703 90 101

8704          Жүк автомобильдері
(8704 10 119,
8704 10 190,
8704 10 900,
8704 21 390,
8704 21 990,
8704 21 990,
8704 23 990,
8704 31 390,
8704 31 990,
8704 32 990,
8704 90 000-
ден басқа)     
     
8704 10       Өзіаударғыштар

8704 23       Толық салмағы 20 тоннадан астам көлiк құралының
              жүктерiн тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары

8705 10 00    50 тоннадан астам жүк көтергiш автокрандар
     
8705 40 000   Автобетонараластырғыштар және цемент тасығыштар
     
8705 90 300   Бетон ерiтiндiсiн айдауға арналған автомобильдер

8705 90 900   Арнайы мақсаттағы автомобильдер (мұнай өнiмдерiн
              тасымалдауға арналған автоцистерналардан, отын
              тасымалдауға және техникаға құюға арналған
              автоотынқұйғыштардан, қалаларды тазалауға арналған су
              құю-жуу машиналарынан басқа)

8716 39 800   Тіркемелер және жартылай тіркемелер
     
8802 11 100-ден, Азаматтық тікұшақтар мен ұшақтар:
8802 12 100-ден, шығарылған күнінен 15 жылдан
8802 20 100-ден, көп емес пайдалануда болған
                 ТМД елдерінің өнімі;
8802 30 100-ден, шығарылған күнінен бастап 10 жылдан
8802 40 100-ден  көп емес пайдалануда болған
                 ТМД-ға кірмейтін елдердің өнімі 
<*>

8803 10 100   Ұшақтардың винттерi және тiқұшақтардың белдiк винттерi
              және олардың бөлшектерi

8803 20 100   Шассилер және олардың бөлшектерi

8803 30 100   Ұшақтар мен тiкұшақтардың бөлшектерi, басқалары
8803 30 900   (двигательдер және т.б.)

8805 20 100   Ұшу құрамына арналған жердегi жаттықтырғыш және
8805 20 900   олардың бөлшектері
     
8901          Саяхаттық, экскурсиялық кемелер, паромдар, жүк кемелерi,
              баржалар және жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған  
              ұқсас жүзу құралдары

8902 00       Балық аулау кемелері; жүзбелі базалар және балық өнімдерін   
              өңдеуге және консервілеуге арналған өзге де жүзу құралдары
     
8904 00       Сүйреткіш және итергіш кемелер

8905          Жүзу шамшырақтары, өрт сөндіргіш кемелер, жер снарядтары,    
              жүзбелі крандар және негізгі функцияларымен салыстырғанда    
              кеменің жүзу сапасы екінші кезекті болып табылатын өзге де   
              кемелер; жүзбелі доктар; жүзбелі немесе су астында жұмыс     
              істейтін бұрғылау немесе пайдалану тұғырлары;

9006 30 000   Су астын суретке түсiруге, әуеден суретке түсiруге немесе
              iшкi ағзаларды медициналық немесе хирургиялық зерттеуге
              арналған арнайы суретке түсiру камералары; сот немесе
              криминалистiк мақсатта салыстыру жүргiзуге мүмкiндiк
              беретiн камералар

9014 20 130   Азаматтық авиацияға арналған бағыттаушы инерциялық жүйелер

9014 20 900   Әуе бағыттауға және ғарыштық бағыттауға арналған
              аспаптар мен құрал-саймандар

9018          Сцинтиграфиялық аппаратураны қоса алғанда медицинада,
(9018 19 000, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын 
9018 31,      аспаптар мен құрылғылар, өзге де электрмедициналық аппаратура
9018 32,      және көру қабілетін зерттеуге арналған аспаптар
9018 49, 
9018 90 850-
ден басқа)
     
9019 20 000   Озон, аэрозольдық терапия, жасанды демалуға арналған
              аппаратура
     
9022 13 000   Стоматологияда пайдалануға арналған рентгендiк, альфа-,
              бета- немесе гамма- сәулелерiн пайдалануға негiзделген
              аппаратура

9022 21 000   Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе
              ветеринарлық аппаратура

9022 90 100   Рентгендiк люминесценттiк экрандар және рентгендiк
              күшейткiш экрандар; қарсы ыдыратқыш экрандар мен торлар
---------------------------------------------------------------------------
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.