Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 20 тамыз N 1088

Жаңартылған

 


     Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнің тұтынушылық тауарлар өндірісін дамыту

және импортты жоғары сапалық отандық өнімдермен алмастыру үшін Қазақстан

Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi салаларында

импорт алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                             Қазақстан Республикасы

                                                   Үкіметінің

                                             2001 жылғы 20 тамыздағы

                                                N 1088 қаулысымен

                                                    бекітілген


     ЕСКЕРТУ. Бағдарлама өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы 

              N 705 


P020705_


  қаулысымен.


            Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi салаларында импорт

               алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған

                             Бағдарламасы


ПАСПОРТЫ


Атауы               Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi салаларында импорт        

                    алмастырудың 2001-2003 жылдарға арналған

                    бағдарламасы


Бағдарламаны        Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

әзiрлеу туралы      Қ. Тоқаевтың 1999 жылғы 29 қарашадағы

шешiм               N 168-ө 


R990168_


  өкiмi

Негiзгi             Қазақстан Республикасының Экономика және сауда

әзiрлеушілер        министрлiгi, "Экономикалық зерттеулер институты" РМК


Бағдарламаның       Бағдарламаның мақсаттары:

мақсаттары          жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қалпына келтiру және

мен мiндеттерi      кешендi дамытуды жеделдету, кәсiпорындардың техникалық

                    және технологиялық артта қалуын еңсеру;

                    сапасы мен ассортиментiн жақсарту, өндiрiс шығындарын 

                    төмендету есебiнен өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн     

                    арттыру;

                    отандық экономиканың тоқыма, тiгiн және былғары       

                    аяқ-киiм өнiмi импортына тым тәуелдiлiгiнен шығару;

                    шикiзат және тамақ қоспаларын, дайын тамақ өнiмiн     

                    өндiрудi кешендi дамыту, iшкi рынокты отандық         

                    өндiрiстiң жоғары сапалы тамақ өнiмдерiмен толтыру;

                    Қазақстанның сауда балансын жақсарту болып табылады.

                    Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу:

                    бағасы мен сапасы бойынша отандық өнiмнiң бәсекелестiк

                    қабiлетiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiң техникалық     

                    деңгейiн арттыруды және осындай импортталатын

                    тауарларды ығыстыруды;

                    жеңiл және тамақ өнеркәсiбi тауарларының жекелеген    

                    түрлерi бойынша iшкi тауар рыногының ашықтық деңгейiн 

                    реттеудi, отандық тауар өндiрушiлердi терiс пиғылды

                    импорттан отандық тауар өндiрушілердi қорғауды,       

                    отандық тауарларды әлемдiк тауар рыноктарына жылжытуды;

                    отандық өнiмнiң iшкi және сыртқы рыноктардағы         

                    бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету үшiн салық және 

                    кеден режимiн жетiлдiрудi;

                    кәсiпорындардың қаржы-экономикалық жағдайларын        

                    оңалтуды;

                    салаларға инвестициялар тарту және екiншi деңгейдегi  

                    банктердiң кәсiпорындарды несиелендiруi үшiн жағдайлар

                    жасауды;

                    басымдықтарды айқындау және iшкi және сыртқы          

                    рыноктарда жоғары технологиялық, бәсекелi өнiмдер     

                    шығаруды қамтамасыз ететiн неғұрлым тиiмдi            

                    кәсiпорындарды таңдап инвестициялық қолдауды;

                    өндiрiстi ұйымдастыру және дамыту, бизнес-жоспарлар   

                    ресiмдеу жөнiнде кәсiпкерлерге техникалық,            

                    технологиялық және әдiстемелiк көмек көрсетудi        

                    пайымдайды

Қаржыландыру        Несие ресурстары, кәсiпорындардың жеке

көздерi             қаражаты, шетел капиталы

Iске асыру          Бағдарламаны iске асыру 2001 жылдан 2003 жылды

мерзiмi             қоса алғандағы кезеңге белгiленген

     КIРIСПЕ


 
       Бағдарлама жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң бәсекелi тұтыну тауарлары өндiрiсiн дамыту және импортты жоғары сапалы әрi кең ассортименттегi отандық өнiммен алмастыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 U983834_ Жарлығын нақты iске асырудың кезеңi болып табылады.
      Соңғы 10 жылда жеңiл және тамақ өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру тиiсiнше 7 және 2 есеге қысқарды. Отандық азық-түлiк өнiмдерiнiң iшкi рыноктағы үлесi 70 %-ды, ал жеңiл өнеркәсiп үлесi 10 %-ды құрайды. 1998 және 1999 жылы Ресей және ТМД-ның басқа елдерi валюталарының баса құнсыздануы тек ТМД елдерiнiң рыногында ғана емес, Қазақстанның iшкi рыногында да қазақстандық өңдеушi өнеркәсiп өнiмiнiң бәсекелестiк қабiлетiн төмендете түстi.
      Импорт тауарларының отандық тауар өндiрушiнi iшкi рыноктан ығыстыруы апатты сипат алды. Импорттың жалпы iшкi өнiмдегi үлесi 35 %-ға жеттi. Өңдеу өнеркәсiбiнiң көптеген кәсiпорындары өндiрiстi қысқартып ғана қоймай, оны толық тоқтатуға мәжбүр болуда.
      Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселесi мейлiнше өткiр болып отыр. Егер 1990 жылы жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде жұмыс iстеушiлер саны 350,9 мың адам болса, 2000 жылы 61,3 мың адамға дейiн немесе 5 еседен аса қысқарған, бұл әлеуметтiк шиеленiстің өсуiн негiздейдi.
      Мұндай жағдайларда импорт алмастыру, бәсекелестiкке қабiлеттi өнiмдер шығарушы жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң отандық өндiрушiлерiн өркендету және дамыту есебiнен импортталатын тауарларды ығыстыру проблемалары аса маңызды болуда. Бұл ретте жергiлiктi және дәстүрлi емес шикiзат өңдеудiң прогрессивтi технологияларын iске қосу қажет.
      Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң аграрлық сектормен технологиялық неғұрлым байланыстылығын ескерсек, олардың дамуы едәуiр дәрежеде ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң маңызды бағыттарын қалпына келтiруге және дамытуға ықпал ететiн болады. Ел iшiнде төлем қабiлетi және iшкi рыноктың сыйымдылығы артады.
 
      Жеңіл* өнеркәсiп - ЭҚЖС сыныптамасына сәйкес, бұл - "тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi, былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар өндiрiсi және аяқ киiм өндiрiсi".
 
      1. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЗАМАНҒЫ ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ
 
      1.1. Тұтыну тауарлары импортының жағдайы
      Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық қызметiнiң нәтижелерi өңдеу өнеркәсiбi өнiмдерiнiң, ең бастысы, дайын өнiмдердiң, оның iшiнде тұтыну тауарлары импортының тұрақты өсу үрдiсiн дәлелдейдi.
      1998 жылғы тамыздағы ресей рублiнiң құлдырауынан кейiн, теңге тұрақтылығын қолдан ұстап тұру кезiнде қазақстандық өнiмдер, iс жүзiнде, әсiресе өңдеу өнеркәсiбiнiң ресей тауарларына қатысты бәсекеге қабiлетсiз болып қалды. Рубльдiң құнсыздануы ресей тауарларын өте арзандатып, олардың қазақстандық рынокта бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн күрт арттырды. Сондай-ақ ұлттық ақшаның құнсыздануы жүзеге асырылған Қырғызстанда және Өзбекстанда, ТМД-ның кейбiр басқа елдерiнде өндiрiлетiн тауарлардың бәсекелестiк қабiлетi артты.
      Теңгенiң еркiн өзгермелi режимi енгiзiлгеннен кейiн болған оның құнсыздануы белгiлi бiр дәрежеде отандық өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға мүмкiндiк бердi. Бiрқатар салаларда өндiрiстiң жандануы мен бағалық бәсекелестiк қабiлетiнiң артуы байқалды. Атап айтқанда, бұл тамақ өнеркәсiбiне, жеңiл өнеркәсiптiң кейбiр өндiрiстерiне қатысты. Сонымен бiр мезгiлде Қазақстанның көптеген өнеркәсiп кәсiпорындары өз өнiмдерiн импортталатын шикiзаттар мен материалдарды пайдалана отырып өндiруде, бұл оның бағасын арттырып, бәсекелестiк қабiлетiн төмендетуде. Осылайша, мәселен, былғары, одан жасалған бұйымдар, былғары аяқ-киiмдер өндiрiсiнде 1999 жылы шикiзат пен материалдар шығындар құрамындағы импорттың үлесi 48,8 %-ды, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттарға - 54,1 %-ды құрады.
      Отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн iшкі рыноктан ығыстырып шығару жұмыссыздықтың өсуiне, еңбек әлеуетiнiң құлдырауына, тұтастай алғанда, халықтың жалпы әл-ауқатының төмендеуiне ұласуда.
      Халықтың саны мен халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысының деңгейiне сүйенсек, соңғы үш жылда азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп тауарларының iшкi рыногының сыйымдылығы 284-300 млрд. теңге шегiнде ауытқып отыр, оның iшiнде азық-түлiк бөлiгiнiң үлесi 82-84 %-ды құрайды.
      2000 жылы тұрғындардың азық-түлiктi сатып алу шығыстары 1999 жылмен салыстырғанда 11,7 %-ға, ал жеңiл өнеркәсiп тауарлары 35,5 %-ға артты және 2000 жылы тиiсiнше 273 млрд. теңгенi және 69,1 млрд. теңгенi құрады.
      Егер азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларға 2000 жылғы тұтыну бағаларының индексi тиiсiнше 12,8%-ға және 6,1%-ға өскенiн ескерсек, онда өткен жылғы iшкi рыноктың нақты сыйымдылығы осы тауарлар бойынша iс жүзiнде бiр ширекке қысқарып отыр.
 
             Iшкi рыноктың номинальды сыйымдылығы, мың теңге
 
      (қағаз мәтіннен қараңыз)
 
      Азық-түлiк тауарлары ресурстарында отандық өнiмдер басымдыққа ие, оның iшкi рыноктағы үлесi 1999 жылы 75-80 %-ды құрады.
      Жеңiл өнеркәсiптің тұтыну тауарлары ресурстарында отандық өнiмнiң үлесi 10%-дан аспай отыр. Соңғы үш жылда iшкi тұтынудағы статистикалық есепке алынған киiм, мата, аяқ-киiм импорты 11-15%-ды құрады. Қалған өнiм қоржындық импорт арқылы және контрабандалық жолмен келедi.
      Киiм, мата, аяқ-киiм iшкi рыногының жылдық сыйымдылығы 45 млрд. теңге болған кезде олардың отандық өндiрiсi (заттық мүлiктен, арнайы киiмнен және экспорттан басқасы) 4-5 млрд. теңгенi немесе iшкi рынок сыйымдылығының 10 %-ын құрайды, мұны қалыпты деп тануға болмайды. Табиғи отандық шикiзаты және жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң меншiктi өндiрiсiн дамытуға әлеуетi болса да, сала жылдан-жылға өнiм шығаруды қысқартып келедi.
      Бiрқатар жағдайларда, халықтың басым бөлiгiнiң табыс деңгейi неғұрлым сапалы, бiрақ неғұрлым қымбат тауарларды сатып алуына мүмкiндiк бермегендiктен, осындай отандық өнiмнен сапасы әлдеқайда төмен импорттық бұйымдар оны бағасының едәуiр төмендiгi есебiнен ығыстырып шығарады.
 
      1.2. Өндiрiс
      Жекешелендiру нәтижесiнде Қазақстанның жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң барлығы iс жүзiнде жеке меншiкте. Бұл салаларда шағын және орта кәсiпорындар басымдыққа ие.
      2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеңiл өнеркәсiпте 1295, оның

 

iшiнде 33 iрi және 115 орташа кәсiпорын тiркелген. 2000 жылы өнеркәсiп

өндiрiсiнiң жалпы көлемiнде сала өнiмiнiң үлесi 1,5 %-ды құрады немесе

1990 жылмен салыстырғанда 10 есе (15,6 %) қысқарды. 1991 жылы салада

алынған пайда өнеркәсiптегi барлық пайданың 21 %-ын құрады.

     Соңғы екi жылда 60 %-дан астам кәсiпорындар және сала толығымен

шығынды болды, бюджетке төлейтiн төлемдерде жеңiл өнеркәсiптiң үлесi 0,52

%-ға дейiн қысқарды. Тиiмдiлiктiң төмендеуi, ең алдымен, өндiрiс көлемiнiң

қысқаруына негiзделген.

                Жеңiл өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi

---------------------------------------------------------------------------

Көрсеткiштiң! Өлшем ! 1993 ! 1994 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999 !2000

   атауы    !бiрлiгi!      !      !      !      !      !      !      !

---------------------------------------------------------------------------

Қолданылып    млрд.    1,3   12,9   16,5   17,5   17,2   13,1  17,98  25,6

жүрген        теңге

бағадағы

жеңiл

өнеркәсiп

өнiмдерi


оның iшiнде                                                    11     15,7

жуылмаған

жүннен және

мақта

талшығынан


АҚШ           млн.    503,9  360,7  270,8  260,1  228,1  167   150,3  182,9

долларымен    долл.

1993 ж.       млрд.   1,3    0,7    0,3    0,4    0,3    0,3   0,3    0,6

бағамен       теңге

Маталар -     млн.    188,1  107,1  31,1   28,4   19,6   12,7  12,5   6,3

барлығы       м2

Кiлем және    млн.    1,4    0,7    0,2    0,2    0,2    0,17  0,15   0,15

кiлем         м2    

бұйымдары


Шұлық-ұйық    млн.    71,5   41,0   11,5   6,0    4,0    2,4   1,3    1,8

бұйымдары     жұп


Iрi қара      мың     276,6  72,4   18,9   16,4   3,8    3,6   1,7    1,3

және ұсақ     дц.2

мал

терiлерiнен

жасалған

былғары  

Аяқ киiм -    млн.    16,2   7,8    2,1    1,5    1,1    1,1    0,8   1,2

барлығы       жұп

---------------------------------------------------------------------------


     Көзi: Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгi


 
       Сала өнiмдерiн импортталатын тауарлар iшкi рыноктан толығымен дерлiк ығыстырып отыр. Iшкi рыноктың терiс пиғылды импорттан қорғансыздығы, айналым қаражатының жеткiлiксiздiгi, кәсiпорындардың бюджет пен жеткiзушiлер алдындағы өсiп отырған қарыздары; жабдықтардың техникалық жағдайының төмен деңгейi, оның моральдық және физикалық тозуы, кәсiпкерлердiң салаға инвестициялар салуға қызығушылықтарының болмауы саланы қалыпқа келтiруге тежеу болып отыр. Несиелендiрудiң жоғары ставкалары кәсiпорындарға банк несиелерiн пайдалануға мүмкiндiк бермейдi, банктер де өз кезегiнде тәуекелдi мегзеп, сала кәсiпорындарын несиелендiруге бармай отыр.
      1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Yкiметi өңдеу кәсiпорындарын, оның iшiнде жеңiл өнеркәсiптi мемлекеттiк қолдау жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдады. Олардың қатарында өсiмге кешiрiм жасау бойынша салық салу заңына өзгерiстер енгiзу, 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн салық пен айыппұлдардың бюджетке төленуiн кейiнге қалдыру, сондай-ақ жеңiл өнеркәсiптiң отандық өнiмдерiне ҚҚС нөлдiк ставкасы бар.
      Қабылданған шаралардың нәтижесiнде тоқыма және тігiн өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi ұлғайды, 1999 жылға нақты көлемнiң индексi 119,2 %, былғары аяқ-киiм өнеркәсiбiнде - 128,7 % құрады.
      Осыған қарамастан, жеңiл өнеркәсiптi қалпына келтiруде және дамытуда жағдайдың айтарлықтай өзгеруi әзiрше бола қойған жоқ.
      Мұның негiзгi себептерi:
      сала үшiн қолайлы жағдай жасалғаннан кейiнгi уақыттың қысқа мерзiмi (1999 жылғы тамыз);
      көптеген өндiрiстердiң техникалық және технологиялық артта қалуына әкелiп соққан соңғы 7 жылда салада iс жүзiнде инвестицияның толығымен болмауы;
      өндiрiстi iске қосу үшiн кәсiпорындардың айналым қаражаттарының болмауы;
      әсiресе базалық тоқыма өндiрiстерiнің меншiгiн соза отырып қайта бөлу;
      iшкi азық-түлiктiк емес рыноктың нақты сыйымдылығының 1999 жылы 29 %-ға қысқаруы, бұл сондай-ақ жеңiл өнеркәсiпке қолайсыз әсер еттi.
      Жеңiл өнеркәсiп тауарларының iшкi тұтыну рыногының сыйымдылығына (44,5 млрд. теңге шамасында) орайласа және ондағы импорттың үлесiн 30 % деңгейде сақтаудың (бәсекелестiк тұрғысынан) орындылығын назарға ала отырып, онда киiм, мата және аяқ-киiмнiң отандық өндiрiсi 30 млрд. теңгеден астам болуы тиiс.
      Отандық тауар өндiрушiлердiң мүлiктiк және арнайы киiм рыногындағы шебiн сақтау мен нығайту бұл тауарларды 5-7 млрд. теңгеге өндiрудi қажет етедi. Осылайша, 50 млрд. теңге шамасындағы iшкi рыноктың қосынды сыйымдылығы кезiнде олардың отандық өндiрiлуi 40 млрд. теңгеге жетедi.
      2000 жылы қалыптасқан жан басына шаққанда халықтың киiм, мата және аяқ киiм алуға кеткен шығынының өте төмен деңгейiн назарға алсақ, (халықтың жан басына 3,4 мың теңгеден келген) бұл деңгейдi ең төмен деп санауға болады. Тұтынушылық сұранымның қалпына келу шамасына қарай жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiру де соған барабар өсетiн болады.
      Тамақ өнеркәсiбi өңдеушi өнеркәсiп көлемiнiң үштен бiрiн алып отыр. Соңғы 10 жылда саладағы кәсiпорындар саны 3,2 мыңнан 6,7 мыңға дейiн немесе екi еседен астамға өстi. Сала бойынша құлдырау жалпы алғанда жеңiл өнеркәсiптегiдей күштi болған жоқ. Алайда, 1999 жылмен салыстырғанда өнiмдердiң маңызды түрлерiн өндiру бойынша өндiрiстiң көлемi жан басына шаққанда 4-54 есе қысқарды. Тек минералды су бойынша 1,6 есе өсу қамтамасыз етiлдi. Халықтың тұтынушылық мүмкiндiктерiнiң төмендеуi себептi азық-түлiктiң басты түрлерi өнеркәсіптiк қайта өңдеуден өтпеген түрiнде тұтынылады.
      2000 жылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу үлесi өнеркәсiп өнiмдерiнiң жалпы көлемiнiң 13,3 %-ын құрады. 2000 жылы өткен жылдың тиiстi кезеңiне қарағанда нақты көлемнiң индексi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша 108,5 %-ды, азық-түлiк өнiмдерiн өндiру - 108,9 %-ды, темекi өнiмдерiн өндiру - 105 %-ды құрады.
      Елiмiздiң тамақ өнеркәсiбiнiң орын алып отырған әлеуетi халықты негiзгi азық-түлiк өнiмдерiне: сапасы мен бағасы бойынша бәсекелесуге қабiлеттi етке, сүт өнiмдерiне, нанға және нан өнiмдерiне, ұнға, жармаларға қажеттiлiктерiн iс жүзiнде толығымен қанағаттандыра алады.
      Алайда, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң терең дағдарысына және қысқаруына байланысты тамақ өнеркәсiбiн қажеттi ассортименттегi және сападағы шикiзатпен қамтамасыз ету мәселесi өткiр болып тұр. "Алқап-зауыт-сауда" қағидаты бойынша технологиялық байланысты өндiрiстердiң, сондай-ақ ұсақ тауарлық өндiрiске бағдарланған ауыл шаруашылығы шикiзаттарын сатып алу жөнiндегi инфрақұрылымның жоқтығы әсер етуде.
      Бұдан басқа, тамақ өнеркәсiбiн дамытуға:
      әсiресе, маусымдық және көлiктiк тасымалдау кезiнде аз лекпен шектелiнетiн шикiзатты сатып алу үшiн меншiктi айналым қаражатының жеткiлiксiздiгi;
      ауыл шаруашылығы шикiзатын оны өндiретiн орындарда қайта өңдеу бойынша өндiрiстердiң жеткiлiксiз саны;
      ауыл шаруашылығы шикiзатын терең қалдықсыз қайта өңдеу бойынша өндiрiстердiң жоқтығы тежеу болып келедi.
      1999-2000 жылдары отандық кәсiпорындардың жұмысын ынталандыратын және республика өндiрушiлерi шығаратын ұқсас өнiмдердiң импортын шектейтiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрқатар қаулылары қабылданды. Соңғы екi жылда салаға жыл сайынғы инвестицияның өсуi тиiсiнше 193-232 %-ды құрады, бұл көптеген кәсiпорындардың жұмыс қабiлетiн қалпына келтiруге, отандық тамақ өнiмдерiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға, импортқа табысты қарсы тұруға және тамақ өнiмдерiн тұтыну көлемiнде отандық өнiм үлесiн 60-тан 70 %-ға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.
      Ішкi азық-түлiк рыногында отандық өндiрiс пен импорт арасында қалыптасқан ара қатынас бәсекелестi болып табылады. Алайда, азық-түлiктi тұтынудың төмен деңгейi және азық-түлiктiк қауiпсiздiк талаптары iшкi тұтынуда отандық өндiрiстi 85 %-ға дейiн жеткiзу қажеттiгiн мiндеттеп отыр. Көптеген түрлер бойынша бұл деңгейге қол жеткенiн назарға алсақ, саладағы импортты алмастыру азық-түлiк өнiмдерiнiң нақты түрлерi бойынша орынды болады.
      Нан және нан өнiмдерi рыногында үлесi 98 %-дан астамды құрайтын отандық өнiм басымдыққа ие. Алайда, iшкi рынокта iс жүзiнде тұтынуға дайындығы жоғары дәрежедегi отандық бидай өнiмдерiнiң ассортиментi, сондай-ақ кондитер өнеркәсiбiнде, нан пiсiруде пайдаланылатын астықтың қайта өңделген өнiмдерi жоқ. Солода, крахмал, инулин, уыздық импорты соңғы 5 жыл iшiнде төрт есеге өстi.
      Ет және ет өнiмдерi рыногында отандық құс етiмен қамтамасыз ету 45 %-ды, ет және ет-өсiмдiк өнiмдерi консервiлерi бойынша 35,9 %-ды құрайды. Бұл еттi құс өсiрудi дамыту көлемiн жылына 17 мың тоннаға дейiн жеткiзу және кең ассортименттегi консервiленген ет өндiру көлемiн 2,7 мың тоннаға дейiн жеткiзу орындылығына негiзделедi. Шұжық өнiмдерi бойынша отандық өнiмдер рыноктың 72 %-ын қамтиды.
      Отандық өндiрiстiң балық және балық өнiмдерi iшкi рыноктың 70 %-ға жуығын құрайды. Бұл ретте отандық балық консервiлерiнiң үлесi өте төмен.
      Сүт өнiмдерi рыногында импорттың үлесi елеулi емес, сүт өнiмдерiнiң негiзгi түрi бойынша (қоюландырылған сүттен басқа) ол 7-ден 28 %-ға дейiнiн құрайды. 17 мың тонна көлемiндегi қоюландырылған сүтке қажеттiлiк толығымен импорт есебiнен қамтамасыз етiледi. Қуаттылығы 12 мың тоннаға дейiн отандық өндiрiстi құру орынды болмақ.
      Маргарин өнiмдерiн iшкi тұтынудағы импорттың үлесi 55 % құрайды. Алайда, iстеп тұрған екi маргарин зауытының қуаты (68,8 мың тонна) адал емес импорттан қорғау шараларын қабылдау жағдайында iшкi рынокты толықтай қамтамасыз ете алады.
      Өсiмдiк майы рыногы 2000 жылы импорт есебiнен 50 %-ға қамтамасыз етiлдi. 1999 жылы импортты алмастыру бағдарламасы шеңберiнде Өскемен қаласында қуаттылығы жылына 56 мың тонна күнбағыс майын өндiрудi, Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан қаласында сөткесiне 150 тонна қуатымен мақта майы өндiрiсiн дамыту несиелендiрiлдi, оның iске қосылуымен iшкi рынокта осы өнiмге қалыптасқан қажеттер толығымен жабылады.
      Тазартылған қант рыногы 50 %-ға меншiктi өндiрiс есебiнен қамтамасыз етiледi. Оның iшiнде қызылшадан 12 %, ал қалған көлемi көбiне Бразилиядан, Куба мен Ресейден импортталатын қант шикiзатынан өндiрiледi.
      Iшкi тұтынуда кондитерлiк тағамдар импортының үлесi 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 43 %-дан 56 %-ға дейiн өстi. Iшкi тұтынуда отандық өндiрудiң үлесiн 70 %-ға дейiн жеткiзу өндiрудiң 10 мың тоннаға немесе 22 %-ға өсуiн қамтамасыз етедi.
      Сыра бойынша iшкi тұтынудағы импорттың үлесi 5 %, спирт пен арақ бойынша 0,01 %-дан артық емес. Жалпы алғанда, алкогольдi ішімдiктер бойынша iшкi рыноктағы импорттың меншiктi салмағы 3,5 %-дан аспайды.
      Алкогольсiз сусындар бойынша iшкi рыноктағы импорт үлесi 14 %. Жемiс-көкөнiс консервілерi мен табиғи шырындарға қажеттiлiк импорт есебiнен басымды қамтамасыз етiлуде.
      Дәстүрлi дайын азық-түлiк тауарларын iшкi тұтыну басым түрде отандық өндiрiс есебiнен қамтамасыз етiлуде. Алайда, Қазақстанда өндiру мүмкiндiгi бар шикiзат пен жартылай фабрикаттардың көптеген түрлерi импортталуда.
 
      1.3. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi өнiмiнiң бәсекелесу қабiлетi
 
      Тұтынушылық өнiмнiң сыртқы рыноктағы бәсекелесу қабiлетi, ең алдымен, оның сапасы мен өнiмнiң жоғары әлемдiк стандарттарға, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестiгiне байланысты. Бұл жерде сол сияқты тұтынудағы артықшылық маңызды роль атқарады. Мұндай тауарлардың сыртқы рыноктардағы бағалық бәсекелесу қабiлетi қосалқы роль атқарады.
      Еуропалық сапа деңгейiндегi, бiрақ бағасы төмен Қазақстандық тұтыну тауарлары демпингке қарсы шектеулерден, дамыған елдер рыноктарында бәсекелесе алмайды.
      Қазiргi уақытта, ең алдымен, олардың iшкi рыноктағы бәсекелестiк қабілетiн арттыру қажет. Iшкi рынокты және өндiрушiлердiң, саудагерлердiң және сатып алушылардың пiкiрлерiн зерттеу негiзiнде дайындалған, "Экономикалық зерттеулер институты" РМК жүргiзген, "Отандық тауарлардың бәсекелестiк жағдайы" талдаулық шолуы негiзiнде жеңiл және тамақ өнеркәсiбi отандық тауарларының бәсекелестiк жағдайы және оны арттыру жөнiндегi шаралар туралы негiзгi қорытындылар жасалды. Сапасы бойынша жақсару байқалып отырған тауарлар, әдетте, импорттықтан, бiрiншi кезекте, ресейлiк тауарлардан қымбаттырақ. Осы тауарлар бойынша бәсекелестiк қабілетке қол жеткiзудiң негiзгi проблемасы - бағаның төмендетiлуi, бұл республика халқының бiраз бөлiгiнiң кедейленуiмен және халықтың төлем қабiлетiнің төмендеуiмен байланысты аса маңызды.
      Қазақстандық тауарлардың бәсекелесу қабiлетiнiң артуына ықпал ететiн негiзгi шаралар:
      ағымдағы статистикалық есеп, сондай-ақ арнайы зерттеулер және конъюнктуралық сауалдар негiзiнде бәсекелестiк қабiлеттілік саласында жүйелi зерттеулер ұйымдастыру және пайдалану;
      микродеңгейде менеджмент пен маркетингтi ұйымдастыру. Алдыңғы кезекте менеджмент өндiрiстiң тежелуiн азайтуға бағытталуы тиiс;
      негiзгi әрiптес елдермен саудаға сүйенген нақты тиiмдi айырбас бағамының мониторингi. Оның қысқа мерзiмдiк кезеңде күрт көтерiлуiне жол бермеу;
      iшкi рынокқа бағдарланған өндiрiстi несиелеу мүмкiн болатын деңгейге дейiн проценттiк ставканы төмендету;
      тауарларды сыртқы рынокқа мемлекеттiк деңгейде жылжытуға ақпараттық қолдау. Рынокты бiлу, ондағы бәсекелестiк пен бәсекелесушiлер деңгейi, инвесторларды және шикiзат пен материалдар жеткiзу, өнiмдi сату жөнiндегi стратегиялық әрiптестердi iздестiру қажет;
      табиғи монополиялар саласындағы бағаны қатаң реттеу;
      жекелеген тауарлардың (мысалы, қантты өндiру) өндiрiсi мен айналысы саласындағы бiр орталыққа шоғырландыру және "Терiс пиғылды бәсекелестiк туралы" Қазақстан Республикасы Z980232_ Заңының бұзылуын болдырмау;
      өндiрiстiң технологиялық және техникалық деңгейiн арттыру мақсатында жекелеген тұтыну тауарларының өндiрiсiне шетелдiк инвесторларды тарту. Әлемдегi фирмалық және сауда белгілерiн пайдалану құқығын алуға мемлекеттiң ықпал етуi. Жекелеген тұтыну тауарларын өндiру шетелдiк инвесторлар үшiн ТМД елдерiне оларды экспорттау мүмкiндiгiн назарға алғанда, тартымды болуы мүмкiн;
      сауданың қазақстандық ережелерiн халықаралықтарымен үйлесiмдi ету тұрғысында, сондай-ақ қазақстандық тауарларға қатысты алалау режимiне тиiстi назар аударуды ескере отырып, әрбiр тауар рыногы бойынша тиiмдi сауда режимiн жасап шығару. Импорттық саясат неғұрлым жоғары кедендiк баждар дайын өнiмге, төменгiлерi - шикiзатқа белгiленетiндей болып құрылуы тиiс.
 
      2. ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
 
      Бағдарламаның негiзгi мақсаттары:
      жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қалпына келтiру және кешендi дамуын жеделдету, кәсiпорындардың технологиялық және техникалық артта қалуын еңсеру;
      өнiмнiң бәсекелесу қабiлетiн арттыруды оның сапасын арттыру, ассортиментiн жақсарту, өндiрiс шығыны мен бағасын төмендету есебiнен қамтамасыз ету;
      отандық экономиканың тоқыма, тiгiн және былғары-аяқ киiм өнiмдерiнің импортына тәуелдi болуын еңсеру, тамақ өнеркәсiбi үшiн шикiзат пен тамаққа үстеме өндiрудi дамыту және iшкi рынокты отандық өндiрiстiң жоғары сапалы тамақ өнiмдерiмен толтыру;
      Қазақстанның сауда балансының оң сальдосын қолдау болып табылады.
      Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу:
      отандық өнiмнiң баға мен сапа бойынша бәсекелесуге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiң техникалық деңгейiн арттыру және осыған ұқсас импортталатын тауарларды ығыстырып шығаруды;
      жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң жекелеген тауар түрлерi бойынша iшкi тауар рыногының ашық болу дәрежесiн реттеудi, отандық тауар өндiрушiлердi адал емес импорттан қорғауды, отандық тауарларды әлемдiк тауар рыноктарына қарай жылжытуды;
      iшкi және сыртқы рыноктарда отандық өнiмдердiң бәсекелесу қабiлетiн қамтамасыз ету үшiн салық және кеден режимiн жетiлдiрудi;
      кәсiпорындардың қаржылық-экономикалық жағдайларын сауықтыруды;
      салаға инвестицияларды тарту үшiн және кәсiпорынды екiншi дәрежелi банктердiң несиелендiруi үшiн жағдайлар туғызуды;
      жоғары технологиялық, iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелесуге қабiлеттi өнiм шығаруды қамтамасыз ететiн неғұрлым тиiмдi кәсiпорындардың басымдылықтарын анықтауды және талғамалы инвестициялық қолдауды;
      кәсiпкерлерге өндiрiстi ұйымдастыру мен дамыту, бизнес-жоспарларды ресiмдеу жөнiнде техникалық, технологиялық және әдiстемелiк көмек көрсетудi көздейдi.
      Импортты алмастыру бағдарламасын iске асырудың негiзгi қағидаттары:
      өнiмнiң iшкi және сыртқы рыноктардағы бәсекелесу қабiлетiн қамтамасыз ету;
      өнiмдер өндiрудiң экономикалық тиiмділігi;
      қолда бар қаржы ресурстарына орай бағдарламаны iске асырудың кезең-кезеңдiгi болып табылады.
 
      3. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIКТЕРI
 
      3.1. Импортты алмастыру бағдарламасының басымдықтары
      Қаржы ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалану жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде импортты алмастыру жөнiндегi жобаларды iске асырудағы басымдылықтарды бөлiп-жару қажеттiгiн алдын ала айқындайды.
      Жеңiл өнеркәсiпте бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде басымдылық жеңiл өнеркәсiптiң отандық шикiзатты: жiптi, матаны, былғары тауарларын қайта жасауды қамтамасыз етуi тиiс тоқыма және былғары өнеркәсiбiнің салаларын дамытуға берiледi.
      Жаңа тоқыма өндiрiстерiн құру едәуiр инвестицияны талап етедi. Алматы қаласындағы және Шымкент қаласындағы (мақта-мата өндiрiсi), Өскемен қаласындағы (жасанды және синтетикалық маталар өндiрiсi), Қостанай қаласындағы және Алматы облысының Қарғалы поселкесiндегi (жүн-шұға өндiрiсi) өндiрiстiк қуаттар базалар негiзiнде, осы бағдарламаның шеңберiнде бiрiншi кезеңде тоқыма өнеркәсiбiн қалпына келтiру қамтамасыз етiледi.
      Бұдан басқа, отандық шикiзат негiзiнде мақта-мата және жүн жiп, арқан шығару бойынша шағын өндiрiстер дамитын болады.
      Жүндi тарау өндiрiсiн қамтамасыз ету үшiн басым бағыт жүндi алғашқы өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарды қалпына келтiру болып табылады.
      Былғары өндiрiсiн қалпына келтiру мен дамытуды Тараз, Петропавл, Орал, Павлодар қалаларындағы өндiрiстiк қуаттар негiзiнде жүргiзу тиiмдi.
      Мақта-мата және жүн жiптерi, тоқыма мата, дайын мақта-мата, жүннен жасалған және синтетикалық маталар түрiндегi жартылай фабрикаттар шығару басымдылықты болып табылады, себебi бұл тоқыма және шұлық-ұйық, тiгiн бұйымдарын шығару жөнiндегi кәсiпорынды баға бойынша бәсекелесе алатын өнiм шығаруға мүмкiндiк беретiн шама-шарқылы баға бойынша (ҚҚС нольдiк ставкасын есепке ала отырып) шикiзатпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Iшкi тұтынуда отандық өндiрушiлердiң үлесi 1-ден 7 %-ға дейiн ауытқитын жеңiл өнеркәсiптiң дайын тауарларын өндiрудегi (киiм, аяқ киiм, тоқыма және былғары галантерея), iшкi және сыртқы рыноктарда бағасы мен сапасы бойынша бәсекелесуге қабiлеттi өнiмдердi өндiрудi қамтамасыз ететiн, техникалық жағынан неғұрлым жабдықталған кәсiпорындарды қалпына келтiру және дамыту жобалары басымдылыққа ие болмақ.
      Инвестициялар соңғы жылдары қарқындап өсiп келе жатқан тамақ өнеркәсiбiнде қазiргi уақыттың өзiнде бiрқатар өндiрiстер бойынша едәуiр пайдаланылмаған қуаттары бар. Iшкi, сонымен қатар, сыртқы рынокқа бағытталған республика үшiн жаңа өндiрiстер, сондай-ақ импорттық үлесi жоғары азық-түлiк өнiмдерiнiң түрлерi басымдықта болады. Бұл мынадай өндiрiстер:
      1) дайын тамақ өнiмдерi, сондай-ақ астықты тереңнен қайта өңдеу негiзiнде тамақ өнеркәсiбi үшiн алынатын шикiзаттар мен жартылай фабрикаттар:
      астық негiзiндегi таңертеңгi құрғақ ас - бидай (ұн), сұлы, күрiш, арпа, жүгерi дәндерiнен немесе олардың қоспасынан (үлпектер, сақинашалар, жұлдызшалар, құмалақтар және т.б.), диеталық ұн, сүт-дән қоспасы, тез пiсетiн жармалар;
      клейковина, сiрне, крахмал, крахмал өнiмдерi мен қант, глюкозалық және жемiс-глюкозалық шырындар (неғұрлым пайдалырақ қантты алмастырушылардан), лимон қышқылы, кондитерлiк, сүт, жемiс консервi өнеркәсiбi, балалар тағамына арналған тамаққа қосатын өнiм өндiру;
      тамақ өнеркәсiбi мен елiмiз тұрғындарының тамақтану рационында белок жетiспеушiлiгiнiң орнын толтыру үшiн соя өндiрiсi мен оның өнiмдерiн қайта өңдеудi дамыту.
      2) картопты, көкөнiстер мен жемiстердi қайта өңдеу өнiмдерi:
      картоп өнiмдерiн жоғары дәрежелi дайындықпен өндiру төменгi температуралық үсiту технологиясы бойынша құрғақ картоп пюресi, үсiтiлген картоп биточкасы, чипсылар және т.б.;
      жемiс-көкөнiс консервiлерiн, көкөнiс және жемiс, табиғи шырындарын, жергiлiктi шикiзаттан балалар үшiн ұзақ сақтауға арналған пюре, тұздықтар және кетчуптер және т.б. өндiру;
      тез мұздатылатын жемiстер мен көкөнiстердi, көкөнiстiк қоспаларды өндiру;
      жемiс және көкөнiс ұнтақтарын, кондитер өнеркәсiбi үшiн жемiс-жидек

 

қайнатпаларын, жергiлiктi шикiзаттан құрғақ шырындар мен олардың

концентраттарын шығару;

     3) ет және сүт өнеркәсiбiнде:

     ет және iшек-қарын өнiмдерiнен, оның iшiнде құс етiнен консервiлер

(өз сөлiндегi бұқтырмалар, паштеттер және т.б.);

     эндокриндiк және қандық шикiзаттар негiзiнде медициналық препараттар

өндiру;

     консервіленген сүт өнiмдерi - құнарландырылған, қоюлатылған, соның

iшiнде қосындыларымен;

     қымыз бен шұбат өндiру және консервiлеу;

     4) балық өнеркәсiбiнде:

     балық консервiлерi мен жартылай фабрикаттарды өндiру;

     5) май-тоң май өнеркәсiбiнде:

     тазартылуы жоғары дәрежедегi өсiмдiк майы түрлерiнiң өндiрiсi;

     6) алкоголь өнiмдерi өндiрiсiнде:

     отандық шикiзат негiзiнде алғашқы шарап жасау iсi;

     7) өзге тамақ өндiрiстерi:

     Қазақстанның татымды хош иiстi өсiмдiктерiнен дәм келтiретiн жаңа

өнiм түрлерiн өндiрудi игеру;

     жергiлiктi өсiмдiк шикiзаты негiзiнде тамақ бояуыштары және хош иiстi

дәмдiктер өндiрiсi;

     жергiлiктi өсiмдiк шикiзаты негiзiнде тамақтың емдеу-күтiну өнiмдерi

және биологиялық белсендi қоспалары өндiрiсi;

     бактериялық ашытқыларды, тамақтық белоктарды, биологиялық күштi

қоспаларды, биологиялық консерванттарды өндiру.


 
       Әрбiр жекелеген жағдайда өндiрiстiк қуаттардың теңгерiмдерi және отандық ауыл шаруашылығы шикiзаттарымен қамтамасыз етiлуi ескерiлуi тиiс.
      Бағдарламаны iске асыру шарттарының бiрi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қалпына келтiру мен толықтыру, республиканың табиғи-климаттық белдеулерiне бейiмделген қазақстандық селекцияға жаңа дақыл түрлерiн енгiзу, ауыл шаруашылығы шикiзаттарының жекелеген түрлерiнiң экспортын тежеп тұрған экономикалық шараларды жүзеге асыру негiзiнде жеңіл және тамақ өнеркәсiбiнде импортты алмастырушы өндiрiстiң шикiзат базасын кеңейту болып табылады.
 
      3.2. Бағдарламаның аймақтық аспектiлерi
      Тамақ өнеркәсiбiн дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды қарау кезiнде аймақтық ерекшелiктер, сондай-ақ аймақта ауыл шаруашылығы шикiзаты өндiрiсiнiң болуы және даму перспективасы назарға алынуға тиiстi.
      Тамақ өнеркәсiбiнiң негiзгi бағыттары бойынша аймақтық басымдылықтар iшкi рыноктың қажеттерiне қарай, ауыл шаруашылығы шикiзатының бар-жоқтығы мен қолда бар өндiрiстiк қуаттарға орай белгiлендi.
      Статистикалық мәлiметтерге сәйкес соңғы екi жылда Қазақстанда өндiрiлген сүт пен сүт өнiмдерiнiң көлемi ұтымдысынан екi есе төмен, ең аз тұтыну бюджетi бойынша тұрғындарды қамтамасыз етуге әрең-әрең жетедi. Сондықтан қоюлатылған және құнарландырылған сүт пен құрғақ сүт қоспаларын өндiрудi басымдылықпен несиелендiруге тек ең төменгi тұтыну бюджетi бойынша халықты қамтамасыз етуге қажеттi салыстыру мөлшерiнде сүт ресурстарының мол аймағында ғана жол берiледi. Сүттiң жеткiлiксiздiгiн ескерсек, осы өндiрiстердi жүктеу үшiн жеткiлiктi көлемде сүттi мал шаруашылығын дамыту мiндеттi шарт болуы тиiс. Қазiргi уақытта бұл шартты тек Солтүстiк Қазақстан облысы орындап отыр, мұнда сүт ресурсы көрсетiлген ең төменгi деңгейден 158 %-ға немесе 244 мың тоннаға артып отыр.
      Сүт өнiмiн халықтың жалпы тұтынуынан қала рыноктарына 60 %-ға жуық келедi. Мұнда сүт шаруашылығы дамыған аймақтардың өзiнде қалалардың сұранымы тек қана 69 %-ға қамтамасыз етiледi.
      Сүт бойынша шикiзат базасын кеңейту сүт өндiрiсiн қалаларды айнала шоғырландыру, оның өнiмдiлiгiн арттыру және сүтті оның ұсақ тауарлық өндiрiс ерекшелiгiне сәйкес сатып алу және өңдеу жүйесiн құру көмегiмен шешiлетiн болады.
      Сүт шаруашылығын дамытуға қолайлы табиғи жағдайлардың Қазақстанның оңтүстiгiнде, әсiресе Алматы облысында бар екендiгiн назарға алар болсақ, осы аймақтың қала маңындағы белдеулерiнде сүт өнiмдерiн өндiрудi кешендi дамыту басымдылық сипатқа ие болмақ.
      Ет консервiлерiн өндiру ол үшiн ресурстары бар аймақтарда басымды болуы тиiс. 1998 жылы ең төменгi тұтыну бюджетiне қарай анықталатын көлемнен асып түскен ет ресурстары көрсеткiштерi Алматы облысында 19 мың тонна, Батыс Қазақстан облысында 41 мың тонна, Қостанай облысында 35 мың тонна, Солтүстiк Қазақстан облысында 18 мың тонна және Павлодар облысында 4 мың тоннаны құрады.
      Балық консервiлерiн өндiру бойынша Атырау, Маңғыстау облыстары басым болды, мұнда шикiзат ресурстары тұрғындарды ең төменгi тұтыну бюджетi мен ғылыми-негiздi нормалар бойынша қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерден артық болып отыр. Осы облыстарда құс етiн өндiрудi, сондай-ақ құрғақ сүт негiзiнде сүт өнiмi бағытындағы өндiрiстi дамытуға болады.
      Көкөнiстер мен жемiстердi, шараптың бастапқы өндiрiсi көкөнiс дақылдары, жидектер, жүзiмдер өндiрiсi дамыған аймақтарда, яғни Алматы, Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарында басым. Картопты өңдеу Алматы және Солтүстiк Қазақстан облыстарында басымдылыққа ие.
 
      3.3. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң шикiзат базасы
      1990 жылдан 1999 жылға дейiнгi кезең ауыл шаруашылығында сала өнiмдерiн өндiрудiң азаюымен сипатталады, iшкi өнiмнiң жалпы құрылымындағы оның үлесi 1990 жылғы 34 %-дан 1999 жылы 9,9 %-ға дейiн қысқарды. 1999 жылғы қолайлы табиғи-климаттық жағдай және аграрлық секторды қолдау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар өнiм өндiрiсiнiң ұлғаюына әкелiп соқты, алайда 1998 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығын дамытудағы бетбұрыс туралы айтуға әлi ертерек 1999 жылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы түсiмi (1994 ж. бағаларда) 1990 жылғы деңгейдiң 58,7 %-ын, оның ішінде өсiмдiк шаруашылығы - 117 %-ды, мал шаруашылығы - 21,4 %-ды құрады.
      Салалар арасындағы арақатынас өсiмдiк шаруашылығының меншiктi үлесiнiң ұлғаюына қарай өзгердi, мал шаруашылығының үлесi 1990 жылғы 61 %-дан 2000 жылы 45,6 %-ға дейiн қысқарды.
 
      1991-1999 жылдарға арналған ауыл шаруашылығының даму қарқыны
             (1994 жылғы бағалармен, 1990 жылға пайызбен)
 
      (қағаз мәтіннен қараңыз)
 
      Ауыл шаруашылығының елiмiздiң басқа да экономикалық секторларымен салааралық байланысы бұзылды. Өнеркәсiптiң материалдық шығындарындағы ауыл шаруашылығының үлесi 1990 жылмен салыстырғанда 6 есеге азайды, ал сауда және айналым саласының материалдық шығындарында 26 есеге өстi, яғни бұл саланың өнiмдерi саудаға, оның iшiнде экспортқа өңделмеген күйiнде кетедi. Осылайша, мысалы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң деректерi бойынша өнеркәсiптiк қайта өңделген сүттiң үлес салмағы оның жалпы өндiрiсiнен 1991 жылы 52 %-дан 2000 жылы 6,6 %-ға дейiн қысқарды. Қайта өңделмеген күйде республикадан былғары шикiзаты, өңделмеген жүн, сондай-ақ мақта талшығы әкетiледi, бұл уақытта оларды қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар шикiзаттың жоқтығынан тоқтап тұрады.
      Бағалы дәндi дақылдар - күрiш пен жүгерiнiң егiстiктерi едәуiр қысқарды. Картоп егетiн егiс алаңдары үнемi азайып келедi, бұл оны өсiрудiң көп еңбектi қажет етуiмен түсiндiріледi.
      Мал басы мен құстар (шартты түрде есептегенде) 2000 жылы 1990 жылдың деңгейiнен 52 %-ға дейiн азайды. Өнiмдiлiгiнiң азаюы кезiнде мал басының қысқаруы ет өндiрудi - 55 %-ға, сүттi - 34 %-ға, жұмыртқаны - 60 %-ға, жүндi 79 %-ға қысқартуға әкеп соқты.
      Сонымен бiрге, саланың өндiрiстiк әлеуетi қалпына келтiрiлуi мүмкiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң өсуi үшiн мүмкiндiктер сақталуда.
      1998 жылдан бастап мақта егiстiгi кеңейе бастады, олар 1990 жылдың деңгейiнен асып түстi. Көкөнiс және бақша дақылдарының алаңы 1990 жылғы деңгейден асып ұлғайды. Оңтүстiк Қазақстанда мақсыр егiстiктерi көбеюде, Солтүстiк Қазақстанда рапсты өндiру қолға алынуда.
      Мал шаруашылығында iрi қараның, жылқының күрт азаюы баяулады. 2000 жылы шошқа, қой және ешкi саны артты.
      Соңғы жылдары жұмыртқа мен құс етiн өндiру өнеркәсiбi ұлғая бастады. Құс шаруашылығының өнiмдерi бiрте-бiрте iшкi рыноктан импортты ығыстырып шығара бастады.
      Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн ауыл шаруашылығы шикiзаттарын өндiрудiң жағдайы мен перспективасын бағалай отырып, бүгiнгi күнi астық, бiрiншi кезекте, бидай өндiру бойынша әлдеқайда қолайлы жағдай қалыптасып отырғандығын атап өтуге болады. Солтүстiк аймақ (Ақмола, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан облыстары), Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының жекелеген аудандары республиканың сұранысын және жоғары наубайханалық сапалы азықтық бидайдың экспорттық жеткiзiлiмiн қамтамасыз етуде.
      Тамақ өнiмдерiнiң қажеттiлiктерiн, оның iшiнде қайтадан құрылатын өндiрiстердiң күрiштiк, май дақылдарының дәнiне, шитi мақтаға сұраныстарын қамтамасыз ету жөнiнде қолайлы мүмкiндiктер бар.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бағалауы бойынша арпа, сұлы, қара бидай, жүгерi, картоп және көкөнiстер бойынша өндiрiстiң пайдалылығы мен өнiмнiң бәсекелесу қабiлетiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Осы шарттарды орындаған кезде оларды өндiрудiң бар және әлеуеттi мүмкiндiктерi республика қажеттiлiгiн толығымен қанағаттандыра алады.
      Қант қызылшасы өндiрiсiнiң 1990 жылдың деңгейiне дейiн артуы кезiнде де республиканың қантқа қажеттілігiн толық қанағаттандыру мүмкiн емес. Елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн арттыру мен оның қант шикiзатының импортына жоғары тәуелдiлiгiн жеңу қажеттiлiгiн ескере отырып, қант қызылшасынан қант өндiрудi ынталандыру және шығындарын азайту жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу қажет.
      Мал шаруашылығы өнiмдерi бойынша өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен өнiмнiң бәсекелесу қабiлетiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенi қажет. Тек осындай жағдайда ғана жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнің тұрақты шикiзат базасын құрумен оның өндiрiсiн арттыру мүмкiн болады. Өңдеушi өнеркәсiптi мал шаруашылығы шикiзатымен қамтамасыз ету проблемасын шешудiң басқа жағдайы - оны дайындаудың жүйесiн қайтадан жасау болып табылады.
      Алғашқы кездегi шарап жасауды басым дамыту Қазақстандағы шарап жасауды дамыту кешенiнде қамтамасыз етiлетiн болады. 2001 жылы тиiстi салалық бағдарлама жасау көзделiп отыр.
      Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң шикiзат базасын құру мен дамытудың басты мiндеттерiнiң бiрi ауыл шаруашылығының өнiмдерi шикiзатының сапасын арттыру, оны берiлген технологиялық сипаттарымен өндiру болып табылады.
      Бұл, бiрiншi кезекте, қатаң экологиялық және санитарлық стандарттар мен талаптарға, әсiресе, балалар және диеталық тамақтану өндiрiсi үшiн сәйкес келуі тиiс тамақ шикiзатына қатысты. Бұл талаптарды сақтамайынша сыртқы рыноктарды игеру мүмкiн емес. Бұдан басқа, шикiзат сапасы жекелеген тамақ өнiмдерiнiң түрлерi мен жеңіл өнеркәсiп тауарларын өндіру кезiнде технологиялық талаптарға сәйкес келуi тиiс.
      Тұтастай, жеңiл және тамақ өнiмдерiнiң шикiзат базасын дамыту үшiн:
      мал шаруашылығының және еттi құс шаруашылығының асыл тұқымдық базасын қалпына келтiру;
      малдың тексiз және аз өнiмдi тұқымдарын неғұрлым өнiмдiлерiне кезеңiмен алмастыру жолымен өнiмдiлiктi арттыруға және өзiндiк құнын төмендетуге бағытталған, мал шаруашылығының қазiргi бар тұқымдарын одан әрi жетiлдiру және жаңа желiлер, тұрпаттары мен тұқымдарын шығару, саланың асыл тұқымдық негiзiн және тұқымдық-асыл тұқымдық жұмысын нығайту;
      биязы меринос жүнi өндiрiсiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;
      iшкi рынокта импорт алмастыру және оны экспортқа беру есебiнен, мал шаруашылығы шикiзатын сатып алу, қайта өңдеу жөнiнде мамандандырылған республикалық ұйым (компания) құру;
      мал шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсi және қайта өңдеу жөнiндегi республикалық мал дәрiгерлiк-санитарлық және технологиялық нормативтердi европалық стандарттарға сәйкес келтiру;
      сүт консервiлерi өндiрiсiн ұйымдастыру қажет.
      Жеңiл өнеркәсiпте импортты алмастыру үшiн жүн-шұға өндiрiсiнде биязы және жартылай биязы жүнге қажеттiлiк бiрiншi кезеңде 8 мың тоннаны құрайды. Кiлем өндiрiсi үшiн ашық түстi қылшықты және жартылай қылшықты жүнге қажеттiлiк 2 мың тоннаны құрайды.
      Былғары тауарлары өндiрiсiн 200 млн. шаршы дц деңгейдегi қалпына келтiру үшiн 600 мың данаға дейiнгi қара мал, 350 мың данаға дейiнгi шошқаның, 1000 мың данаға дейiнгi ұсақ малдың сапалы былғары шикiзаты қажет етiледi. Бұл үшiн Қазақстанда отандық былғары өндiрiсiнiң қажеттiлiктерiнен бiрнеше есе асып түсетiн былғары шикiзаттарының қажеттi ресурстары бар.
      Отандық 4 және 5 түрлi мақта талшықтарына қажеттiлiк Қазақстанда барының 10 мың тоннаға дейiнгiсiн немесе 15% құрайды, Қазақстанда өндiрiлмейтiн мақта талшығының 2 және 3 түрi Түрiкменстаннан әкелiнетiн болады.
 
      3.4. Бағдарламаны iске асырудың шаралары мен тетiктерi
      Импорт алмастыру бағдарламасын iске асырудың негiзгi бағыттары:
      жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн қолайлы экономикалық жағдайлар туғызу;
      iшкi рынокты қолданылып жүрген заңдар негiзiнде адал емес импорттан қорғау;
      өнiмнiң бәсекелесу қабiлетiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау;
      жеңiл және тамақ өнеркәсiбi сұранымдарын қамтамасыз ету үшiн қажеттi ассортименттегi және сападағы ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi басым дамыту, шикiзатты отандық қайта өңдеу кәсiпорындарына басым бағыттауды көтермелеу жөнiндегi шаралар қабылдау;
      неғұрлым тиiмдi жобаларды осы бағдарламамен белгiленген басымдылықтар шеңберiнде жеңiлдiкпен несиелендiру арқылы ымыраға келу және старттық инвестициялық қолдау болмақ.
      3.4.1. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде импортты алмастыруға қолайлы экономикалық орта құру және бәсекелестiк жағдайларды қамтамасыз ету үшiн:
      1) жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң импорттық тауарларының сапасына және бағасы деңгейiне мониторинг жүргiзу.
      Импортты алмастыру үшiн басымдықтар белгiленген, пайдалануға дайын тұрған азық-түлiк тауарларының барлық түрлерiне үкiметаралық келiсiмдерден шыға отырып, барынша мүмкiн деңгейде кеден баждарының ставкаларын белгiлеу.
      Елде шығарылмайтын тамақ өнеркәсiбi үшiн барлық шикiзат түрлерiне әкелiнетiн кеден баждарының нольдiк ставкаларын белгiлеу, отандық өнеркәсiптiң жеңiл тамақ өнеркәсiбi үшiн шикiзат пен қосымшалардың жаңа түрлерiн игеруiне байланысты олардың жыл сайын қайта қаралуын қамтамасыз ету;
      2) демпингтiк және субсидирленген импортқа, сондай-ақ жеңіл және тамақ өнеркәсiбiне зиян келтiретiн және зиян келтiру қаупi бар көлемдегi импортқа талқылау жүргiзу және олардан қорғау шараларын енгiзу.
      3.4.2. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi өнiмiнiң бәсекелесу қабiлетiн арттыру және сапасыз импортты болдырмау мақсатымен өндiрiстi сертификаттауды дамыту және сапаны бақылау үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Мемстандарт, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi органдары Қазақстанға сертификатталмаған өнiмнiң түсуiн болдырмау жөнiндегi тетiктi жасауды қамтамасыз етсiн;
      2) халықаралық деңгейде аттестацияланған тәуелсiз сынақ орталықтарының бар-жоқтығы, олардың отандық және импорттық өнiмдi сараптауы, салалардың құралдық базасын метрологиялық қамтамасыз ету талдансын. Импорттық және экспорттық өнiмнiң қазiргi стандарттарға сәйкестiгiне сараптау жүргізудi жетiлдіру, сондай-ақ стандарттау органдарын метрологиялық қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар дайындалсын;
      3) тамақ және алкоголь өнiмдерiнiң сапасына арналған техникалық және технологиялық стандарттардың халықаралық талаптарға сәйкестендiрiлуiн қамтамасыз ету қажет.
      3.4.3. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi салаларында кәсiпкерлерге өндiрiстердiң жұмыс iстеп тұрғандарын қалпына келтiру мен жаңаларын ұйымдастыру жөнiнде техникалық көмек үшін:
      1) сыртқы, республикалық және аймақтық рыноктардың конъюнктураларын зерделеу және кәсiпорындарға олардың тауарларын осы рыноктарға шығаруға қызмет көрсету жөнiндегi маркетингтiк орталықтарды құруға көмектессін;
      2) франчайзингтiк қызмет көрсету рыногы, оның аспектiлерi, сыйымдылығы, қолдану тетiгі зерделенсін. Киiм, аяқ-киiм, тағамдық өнiмдердi өндiрудегi франчайзингтi дамыту жөнiнде кәсiпорындар ұсыныстар әзiрлесiн. Қазақстандық рынокқа қызығушылық танытқан жетекшi франчайзингтiк азық-түлiк және тоқыма фирмаларын тарта отырып, франчайзинг жөнiнде аймақтық семинарлар өткiзсiн. Iрi оқу орталықтарымен және тауар өндiрушiлердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен франчайзингтiк оқу-консультативтiк орталығын құру туралы келiсiмдер жасалсын. Франчайзинг туралы заң әзiрленсiн;
      3) жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн ауыл шаруашылығы шикiзатын, оның iшiнде мақта, жүн, терi шикiзатын маусымдық сатып алу және сатып алушы ұйымның ауыл шаруашылығы кәсiпорындарымен, шаруалар қожалықтарымен, сондай-ақ тамақ және жеңiл өнеркәсiп кәсіпорындарымен өзара iс-қимылының тетiгi әзiрленсiн;
      4) өнеркәсiптiк кәсiпорындар үшiн менеджерлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесі құрылсын;
      5) жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн шикiзатпен көтерме сауданың үнемi жұмыс iстейтiн жәрмеңкелер өткiзу қалпына келтiрiлсiн.
      3.4.4. Қайтадан құрылатын және дамитын өндiрiстердi техникалық және технологиялық жабдықтау үшiн:
      1) республикалық бюджеттiң қаражаттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар шеңберлерінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттар есебiнен несиелер бойынша берешектердi өтеу есебіне алынған жабдықтар туралы деректер банкi құрылсын;
      2) жабдықтардың меншiк иесiмен келiсiм-шарт негiзiнде лизинг бойынша пайдаланылмаған жабдықты беру үшiн мүдделi тауар өндiрушiлердi iздестiру жөнiнде аралық аймақтық лизингтiк орталықтар құруға ықпал етсiн;
      3) импорт алмастыру бағдарламасының басым бағыттарына енгiзiлген кәсiпорындардың басшыларына өндiрiстi қалпына келтiру мен дамыту үшiн лизингтi пайдалану ұсынылсын.
      3.4.5. Түр, сапа және ассортимент бойынша өнеркәсiп сұраныстарымен қатаң сәйкестiкте жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн шикiзат базасын және жеңiл және тамақ өнеркәсiбi салаларының ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiру жөнiндегi ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерi мен кәсiпорындары арасында өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту үшiн:
      1) жеңіл және тамақ өнеркәсiбiндегi түпкiлiктi өнiмнiң сапасын арттыру үшiн қажеттi сипаттамалары, даму болашағы, сапаға байланысты оған қойылатын баға ауқымы, негiзгi тұтынушылардың деректемелерi ескерiлген қажеттiлiк көрсетiле отырып, ауыл шаруашылығы шикiзатының ассортименттегi тiзбесi дайындалсын;
      2) осы ақпаратты үнемi жаңартып отыру жүйесi мен оның агроөнеркәсiп кешеннiң (бұдан әрi - АӨК) бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн пайдалану арқылы ауыл тұрғындары үшiн қолайлы таратылуы көзделсiн;
      3) жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн салық және сатып алу бағалары арқылы басым өндiрiске көшу кезiнде ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау қамтамасыз етiлсiн.
      3.4.6. Импорт алмастыруға инвестициялардың жаңа көздерiн құру және Импорт алмастыру бағдарламасын несиелеу үшiн импорт алмастыру мен қосымша қаржы қаражаттарын тарту үшiн:
      1) 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасында жеңiл өнеркәсiптiң басым бағыттарын дамыту жөнiндегi жобаларды инвестициялық қолдаудың басым бағыттары белгiленсiн.
      3.4.7. Экономиканың нақты секторының жобаларын несиелендiрудi отандық тауар өндiрушiлердің бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1789 қаулысы) iске асыруға арналған банк қаражаттарының есебiнен "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ, сондай-ақ несиенiң сөзсiз қайтарылуын қамтамасыз ететiн және тиiмсiз жобаларды несиелеудi болдырмайтын жолға қойылған тетiк бойынша "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" ЖАҚ жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзу үшiн бағдарламаның үнемi назарда болуын, осы бағдарлама бойынша рынокты зерделеу және ақпарат пен тиiстi ұсыныстар дайындау қамтамасыз етiлсiн. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы жұмыстың өткiзiлуi үшiн мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыруды қарастырсын.
 
      4. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
 
      Кәсiпорындардың жеке қаражатының жетiспеушiлiгi, сондай-ақ екiншi деңгей банктерiнiң жобаларды ұзақ мерзiмдi несиелендiру үшiн мүмкiндiктерінің болмауы және несиелендiрудiң жоғары ставкасы мемлекеттiк инвестициялар және шетел капиталы есебiнен несие ресурстарына қажеттiлiктi айқындайды. Бұл қажеттiлiк жылына 150 млн. АҚШ долларына дейiн құрайды. "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ-тың және Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының қаражаты отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiндегi негiзгi қаржыландыру көздерi болып табылады.
      2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасында жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн дамытуға бағытталған жобаларға инвестициялық қолдау көрсетудi басым бағыт етiп белгiлеу қажет.
      Осы бағдарламада белгiленген басым бағыттар бойынша ең тиiмдi жобаларды iрiктеп алу жүйесiн қарастыра отырып, импорт алмастыруды инвестициялық қолдау үшiн жеңiлдiкпен несиелендiрудi қолдану қажет.
      Импорт алмастыру бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар шеңберiнде жобаларды несиелендiру үшiн негiзгi шарттар:
      жобаларды жобалар бойынша тәуекелге бел байлайтын және мемлекеттiк қаражаттың қайтарылуына кепiлдiк беретiн тек қана екiншi деңгейдегi банктер арқылы несиелендiру;
      жобаның экономикалық орындылығы мен басымдылығын қуаттайтын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің оң қорытындысының болуы;
      салалық институттар мен сараптама топтарының жобаның техникалық және технологиялық жетiлгендiгiн, iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелесуге қабiлеттi жоғары сапалы өнiмнiң шығарылатындығын растауы болып табылады.
      Отандық тауар өндiрушілердi қолдау шеңберiнде олар бойынша кәсiпорындар қаражатының кемiнде 70 пайызы қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың меншiгi болып табылатын инвестициялық жобалар несиелендiрiледi.
      Екiншi деңгейдегi банктер осы бағдарламаның шеңберiнде несиелендiруге ондағы басымдылықтарға сәйкес келетiн инвестициялық жобаларды ұсына алады.
      Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң оң қорытындысында:
      жобаның Бағдарламаның басымдықтарына, сондай-ақ аймақтағы еңбек пен өндiрiстiк күштердiң бөлiну құрылымына сәйкестiлiгi, оның импорт алмастыруға және экспортқа бейiмделуге бағытталуы;
      рынок сыйымдылығы мен ұсынылып отырған өнiмге iшкi және сыртқы рыноктардағы толық сұраныс туралы сенiмдi негiздемелердiң болуы;
      құрылатын өндiрiстің шикiзатпен қамтамасыз етiлуi;
      өндiрiс көлемiнiң ұлғаюы, сондай-ақ қайта құрылатын немесе қалпына келтiрiлетiн жұмыс орындарының саны;
      жобаның Қазақстан және оның аймағы үшiн әлеуметтiк мәнi;
      жобаның тиiмдiлiгi расталуы тиiс.
      Жобаның қазiргi талаптарға сәйкестiгi мен жеңiл және тамақ өнеркәсiбi жобалары бойынша iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелесушi өнiм шығаруды растайтын техникалық және технологиялық сараптауды саланың бiлiктi мамандары қатарынан Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi құрған тәуелсiз сараптаушы топ жүзеге асырады.
      "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамы екiншi деңгейдегi банктермен несиелiк келiсiмдер жасайды және аталған инвестициялық жобалардың iске асырылу барысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Тиiстi ақпаратты "Қазақстан Эксимбанкi" ЖАҚ тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынып отырады.
 
      5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
 
      Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiндегi импорт алмастыру бағдарламасы 2001-2003 жылдарға есептелген.
      2001 жылы жеңiл өнеркәсiп бойынша отандық өнiм үлесi 35 %-ке дейiн жетедi, ал тамақ өнеркәсiбiнде 80 % дейiн, 2002 жылы жеңiл өнеркәсiпте 45 % дейiн, тамақ өнеркәсiбiнде 85 % дейiн өседi.
      2003 жылы жеңiл өнеркәсiптiң отандық өнiмiнiң үлесi iшкi тұтынуда 85 % деңгейде сақталады және саланың одан әрi дамуы осы деңгейдi сақтай отырып, iшкi тұтыну рыногының сыйымдылығының өсуi мен сыртқы рынокқа шығу есебiнен жүзеге асырылатын болады. Отандық жеңiл өнеркәсiп өнiмiнiң iшкi

 

рыноктағы үлесi 55 %-ға дейiн жетедi.

     5.1. Импорт алмастыру бағдарламасының тиiмдiлiгi

     Бағдарламаны iске асыру нәтижесi отандық тауар өндiрушiлердiң iшкi

рыноктағы жағдайын нығайту және ондағы отандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн

2003 жылы жеңiл өнiм бойынша 55 пайызға дейiн және тамақ өнеркәсiбi

бойынша - 85 %-ға дейiн жеткiзу болуы тиiс. Бұл өндiрiс көлемiнiң, жұмыс

орындарының, сондай-ақ бюджетке түсетiн түсiмдердiң едәуiр өсуiн

қамтамасыз етедi.


        Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде импорт алмастыру жөнiндегi

       2001-2003 жылдарға арналған шараларды iске асыру тиiмдiлiгi

---------------------------------------------------------------------------

                                  !  2001   !  2002  !  2003   !  Барлығы

---------------------------------------------------------------------------

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСIП - IШКI РЫНОКТАҒЫ

YЛЕСI - %                             35        45        55

Өндiрiс көлемiнiң 1999 жылмен

салыстырғанда өсуi, млрд. теңге        7        12        16        35

Жұмыс орындарын қалпына келтiру

және жаңаларын енгізу                  5        2,5       2,8       10,3

Салықтар мен төлемдер,

млрд. теңге                           1,05      1,8       2,4       5,25

ТАМАҚ ӨНЕРКӘСIБI -

IШКІ РЫНОКТАҒЫ YЛЕСI, %               80        85        85

Өндiрiс көлемiнiң 1999 жылмен

салыстырғанда өсуi, млрд. теңге       22        35        35        92

Жұмыс орындарын қалпына келтiру

және жаңаларын енгiзу                  4         4         2        10

Салықтар мен төлемдер,

млрд. теңге                            6         9         9        24

---------------------------------------------------------------------------



 
       Жеңiл өнеркәсiптегi импорт алмастыру бағдарламасын iске асыру және отандық өнiмдi iшкi рынокта тұтынудың үлесi 2003 жылы 55 %-ға дейiн жетуi киiм мен мата шығарудың 1999 жылмен салыстырғанда 5-7 есе, былғары тауарлары мен аяқ киiмнiң 8-10 есе өсуiн қамтамасыз етедi. 10,3 мың жаңа орын қалпына келтiрiлiп, енгiзiлетiн болады. Тiптi салық жеңiлдiктерi сақталған жағдайдың өзiнде салық пен төлемдердiң бюджетке түсуi 5,25 млрд. теңгенi құрайды.
      Тамақ өнеркәсiбiнде iшкi рыноктағы отандық тауар үлесiнiң 2003 жылға таман 85 %-ға жетуi саладағы өндiрiс көлемiнiң 1,3 есе, өсiмдiк майының 4 есе, құс етiнiң 3 есе, ет, балық және көкөнiс консервiлерiнiң 5-7 есе өсуiн қамтамасыз етедi. Астық пен сүт өнiмдерiнiң жаңа түрлерi игерiлетiн болады. 10 мың жаңа жұмыс орны енгiзiлетiн болады, 2001-2003 жылдары салық түрiндегi бюджетке қосымша түсiмдер 24 млрд. теңгеге дейiн құрайды.
      Импорт алмастыру бағдарламасын іске асыру ауыл шаруашылығы өндірісін,

 

әсіресе мал шаруашылығын дамытуды көтермелейтін болады. Мультипликативтік

әсер ету тиімділігі нәтижесінде экономика мен өнеркәсіптің басқа салаларын

өсіруді қамтамасыз етуге, негізінен экономика бойынша еңбекпен қамтуды,

халықтың кірісін, ең ақырында, жинақталған төлем төлеуге қабілетті

сұранысты арттыруға мүмкін болар еді.

     6. ЖЕҢIЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСIБI САЛАЛАРЫНДА ИМПОРТ АЛМАСТЫРУДЫҢ

2001-2003 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН IСКЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI IС-ШАРАЛАР

                                  ЖОСПАРЫ

---------------------------------------------------------------------------

N р/с!         Iс-шаралар        !  Аяқталу нысаны  !Орындалуына !Орындалу

     !                           !                  ! жауаптылар ! мерзiмi

---------------------------------------------------------------------------

6.1.  Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде импорт алмастыру үшiн қолайлы        

      экономикалық орта құру және бәсекелестiк жағдайларды қамтамасыз ету


6.1.1. Республикалық бюджет        Қазақстан         ҚарМ, ЭСМ,     2001

       қаражаты есебiнен берiлген  Республикасының   ӘдМ            жылғы

       несиелер және Қазақстан     Yкiметi қаулысы                4-тоқсан

       Республикасының мемлекеттiк

       кепiлдiгi бар мемлекеттiк

       емес сыртқы заемдар

       шеңберiнде республикалық

       бюджеттен оқшауландырылған

       қаражат бойынша жеңiл және

       тамақ өнеркәсiбi

       кәсiпорындарының борыштарын

       Ведомствоаралық комиссияда

       оларды алдын ала қарай

       отырып қайта құрылымдауды

       жүргiзу


6.1.2. Әкелiнетiн кеден баждарының  Қазақстан         ЭСМ, АШМ      2001

       ең аз ставкасын белгiлеу     Республикасының                 жылғы

       үшiн жеңiл және тамақ        Yкiметiне                      қыркүйек

       өнеркәсiбi үшiн елiмiзде     ұсыныстар

       өндiрiлмейтiн шикiзаттар

       мен материалдардың тiзбесiн

       айқындау  

6.1.3. Жеңiл және тамақ             Қазақстан         ЭСМ         2001 жыл

       өнеркәсiбiнiң импорттық      Республикасының

       тауарларының сапасына және   Үкіметі қаулысы

       бағалар деңгейiне мониторинг

       жүргізу. Қазақстандық

       рынокта терiс пиғылды

       бәсекенi жүзеге асырушы

       өндiрушілерге қатысты

       антидемпингтiк және

       өтемақылық байыптауларды

       қозғау жөнiндегi рәсiмдi

       белгiленген тәртiппен

       жүзеге асыру


6.2. Жеңіл және тамақ өнеркәсiбi өнiмдерiнiң бәсекелестік қабілетін       

     арттыру және сапасыз тауар импортына жол бермеу мақсаттарында        

     өндiрiстердің сертификатталуын дамыту және сапасын бақылау

6.2.1. Импорттық және экспорттық    Министрдің        ЭСМ          2002 ж.

       өнiмдердiң, сондай-ақ        бұйрығы                        ақпан

       стандарттау органдарын

       метрологиялық қамтамасыз

       етудiң қазiргi

       стандарттарына

       сәйкестiгiне сараптама

       жүргiзудi жетілдiру

       жөнiнде ұсыныстар енгiзу


6.2.2. Қазақстанға                  Қазақстан         ЭСМ, МКМ    2001 жыл

       сертификатталмаған өнімнің   Республикасының

       түсуін болдырмау жөніндегі   Үкіметіне

       тетікті әзірлеу              ұсыныстар


6.3. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң салаларында кәсіпкерлерге             

     өндірістердің жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтiру және жаңасын   

     ұйымдастыру жөнінде техникалық көмек көрсету


6.3.1. Iшкi, республикалық және     Министрдің         ЭСМ       2001 жыл

       аймақтық рыноктардың         бұйрығы

       конъюнктурасын зерделеудiң

       маркетингтiк орталықтарын

       құруға көмектесу және

       кәсiпорындарға осы

       рыноктарға олардың

       тауарларын жылжытуда

       қызмет көрсету


6.3.2. Франчайзингтiк қызмет        Қазақстан         ЭСМ,        2001 жыл

       көрсету рыногын, оның        Республикасының   "Экономика.

       аспектiлерiн сыйымдылығы,    Үкіметіне есеп    лық зерттеу.

       қолдану тетiктерiн                             лер институты"

       зерделеу                                       РМК (келісім

                                                      бойынша), МБА

6.3.3. Кәсiпорындарға киiм, аяқ     Семинарлар        ЭСМ, МБА,    2001 жыл

       киiм азық-түлiк өнiмдерi     өткізу            кәсіпкерлер.  ішінде

       өндiрiсiнде франчайзингтi                      дің одақтары

       дамыту жөнiнде ұсыныстар,                      мен қоғам.

       франчайзингтiк оқу-                            дастықтары

       консультациялық орталығын                      (келісім

       құру жөнiнде ұсыныстар                         бойынша)

       дайындау.

       Елдiң экономикасы үшiн

       басым бағыттар бойынша

       франчайзингтiк фирмаларды

       тарта отырып, франчайзинг

       бойынша аймақтық

       семинарлар өткiзу


6.3.4. "Франчайзинг туралы" Заң     Заң жобасы        ЭСМ, ӘдМ       2001

       әзiрлеу                                                      жылғы

                                                                   2 тоқсан


6.3.5  Жеңіл және тамақ             Қазақстан          БҒМ,          2002

       өнеркәсібінің                Республикасының    ЭСМ,          жылғы

       ұйымдары үшін                Үкіметіне          кәсіпкер.      4

       менеджерлерді қайта          ұсыныстар          лердің        тоқсан

       даярлаудың және                                 одақтары

       олардың біліктілігін                            мен

       арттырудың жай-күйін                            қауымдас.

       зерделеу                                        тықтары

                                                       (келісім

                                                       бойынша)    


6.3.6. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi  Қазақстан         ЭСМ, Ауыл    2002 жыл

       үшiн шикiзатпен көтерме      Республикасының   шаруашылығы   сәуір

       сауда жәрмеңкесiн өткiзудi   Үкіметіне         министрлігі,

       қалпына келтiру              ұсыныстар         облыстар

                                                      әкімияттары

6.4. Жаңадан құрылатын және дамушы өндірістерді техникалық және           

     технологиялық жабдықтау

6.4.1. Мемлекеттік несиелер         Қазақстан         ЭСМ, ҚарМ,   2001 жыл

       бойынша берешектерді өтеу    Республикасының   ӘдМ

       есебіне алынған жабдықтар    Үкіметіне

       туралы деректер банкін       ұсыныстар

       құру


6.4.2. Меншік иелерімен шарт        Қазақстан         ЭСМ, ҚарМ,   2001 жыл

       негізінде лизинг бойынша     Республикасының   ӘдМ

       пайдаланылмаған жабдықтарды  Үкіметіне есеп

       беру үшін мүдделі тауар

       өндірушілерді іздестіру

       жөніндегі делдалдық

       аймақтық лизингтік

       орталықтар құруға

       жәрдемдесу


6.5. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн шикiзат базасын және ауыл           

     шаруашылығы тауар өндiрушiлерi мен жеңiл және тамақ өнеркәсiбi       

     салаларының кәсіпорындары арасында өзара тиiмдi ынтымақтастықты

     дамыту


6.5.1. Мал шаруашылығы мен еттi     Қазақстан         АШМ, ҚарМ  2001-2002

       құс шаруашылығының асыл      Республикасының                жылдар

       тұқымдық негiзiн қалпына     Үкіметіне есеп

       келтiру


6.5.2. Малдың тексiз және аз өнiмдi Қазақстан         АШМ, БҒМ,   2001-2003

       тұқымдарын неғұрлым          Республикасының   облыстардың  жылдар

       өнiмдiлеріне кезеңiмен       Үкіметіне есеп    әкімдері

       алмастыру жолымен

       өнiмдiлiктi арттыруға және

       өзiндiк құнын төмендетуге

       бағытталған, мал

       шаруашылығының қазiргi бар

       тұқымдарын одан әрi

       жетiлдiру және жаңа желiлер,

       тұрпаттары мен тұқымдарын

       шығару, саланың асыл

       тұқымдық негiзiн және

       тұқымдық-асыл тұқымдық

       жұмысын нығайту


6.5.3. Биязы меринос жүнi өндiрiсiн      -//-          АШМ, БҒМ,  2001-2003

       арттыру жөнiндегi                              облыстардың  жылдар

       iс-шараларды мемлекеттiк                        әкімдері

       қолдау


6.5.4. Мал шаруашылығы шикiзатын         -//-          АШМ, ҚарМ, 2001-2002

       сатып алу, қайта өңдеу                          ЭСМ         жылдар

       жөнiнде мамандандырылған

       республикалық ұйым

       (компания) құру


6.5.5. Мал шаруашылығы өнiмдерi          -//-          АШМ, БҒМ,  2001-2002

       өндiрiсi және қайта өңдеу                       ЭСМ         жылдар

       жөнiндегi республикалық

       ветеринарлық-санитарлық

       және технологиялық

       нормативтердi еуропалық

       стандарттарға сәйкес

       келтiру


6.5.6. Солтүстік Қазақстан          Қазақстан        Облыс әкімі, 2001-2003

       облысының Петропавл          Республикасының  ЭСМ,          жылдар

       қаласында ауысымында 50      Үкіметіне есеп   Қазақстан

       тонна сүттi қайта өңдеу                       Даму банкі

       қуатымен сүт консервiлерi

       өндірісі жөнiндегi зауыт

       құрылысы


6.5.7. Жеңiл және тамақ             Ауылшарминінің   ЭСМ          2001 жыл

       өнеркәсiбiнде түпкі өнiмнiң  деректер банкі                 қазан

       сапасын арттыру үшiн қажетті

       ассортиментiмен және сапалық

       сипаттамаларымен шикізат

       тізбесін дайындау. Осы

       ақпаратты тұрақты жаңарту

       жүйесiн және оның ауыл тауар

       өндiрушілері үшiн ыңғайлы

       таратылуын көздеу


6.5.8. Салық заңнамасына тиiстi     Қазақстан        ЭСМ, АШМ     2001 жыл

       өзгерiстер мен толықтырулар  Республикасының

       енгiзу жолымен жеңiл және    Үкіметіне

       тамақ өнеркәсiбi үшiн        ұсыныстар

       басымды өндіріске өтуде

       ауыл тауар өндiрушiлерiн

       қолдауды қамтамасыз ету

6.5.9. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi  Қазақстан        ЭСМ, АШМ     2001 жыл

       үшiн ауыл шаруашылығы        Республикасының

       шикiзатын, соның iшiнде      Үкіметіне

       мақта, жүн, былғары          ұсыныстар

       шикiзатын маусымдық сатып

       алу және сатып алу

       ұйымдарының ауыл шаруашылығы

       кәсiпорындарымен, шаруа

       қожалықтарымен, сондай-ақ

       жеңiл және тамақ өнеркәсiбi

       орындарымен өзара iс-қимыл

       тетiгiн жасау


6.6. Импорт алмастыратын өндiрiстерге инвестициялар үшін жағдайлар жасау  

     және импорт алмастыру бағдарламасын несиелендiру үшiн қосымша ақшалай

     қаражат тарту

6.6.1. 2001-2003 жылдарға арналған   Меминвестиция.  ЭСМ, АШМ   2001-2003

       мемлекеттiк инвестициялар     лар бағдарла.               жылдар

       бағдарламасында жеңiл және    масына енгізу

       тамақ өнеркәсiбiн дамытуға

       бағытталған жобаларға

       инвестициялық қолдау

       көрсетудi басым бағыт етiп

       айқындау


6.6.2. Жеңiл және тамақ              Қазақстан        ЭСМ,      2001-2003

       өнеркәсiбiнiң салаларында     Республикасының  "Экономи.  жылдар

       2001-2003 жылдарға арналған   Үкіметіне        калық

       импорт алмастыру              ақпарат          зерттеулер

       бағдарламасын iске асыру                       институты"

       мониторингiн жүргiзу.                          РМК (келісім

       Бағдарламаны iске асыру                        бойынша)

       мониторингiнiң мемлекеттiк

       тапсырысын қалыптастыруды

       көздеу

---------------------------------------------------------------------------



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.