Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 тамыздағы N 1088 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 маусым N 705.

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы  N 10  нормативтік қаулысымен. 
------------------------------------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығын қарап, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы аралық (төрелік) соттардың сот жүйесіне кірмейтінін ескере отырып, азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың бұзылған құқықтарын қорғаудың тәсілдері мен әдістерін таңдауда толық еркіндік алу құқықтарын барынша іске асыруы үшін коммерциялық және басқа да төрелік соттар желілерін дамытуға көмектесу қажет екендігін атап өтеді. 
      Іс жүзінде аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату проблемалары орын алуда. 
      Конституциялық Кеңестің аралық соттардың мәселелері жөніндегі 2000 жылғы 16 ақпандағы  S000001_ , 2002 жылғы 15 ақпандағы  S020001_  және 2002 жылғы 12 сәуірдегі  S0201_2_  қаулыларында "аралық соттардың қызметін құқықтық реттеудің, сондай-ақ олардың шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеп орындауы туралы мәселе де заң шығарушының қарау аясына жатады" делінген.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы 
                               қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағын және 75-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 2002 жылғы 15 ақпандағы  S020001_  қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы арыздарды қараудың сот тәжірибесі туралы" 2001 жылғы 19 қазандағы N 14  P01014s_  нормативтік қаулысының күші тиісті заң қабылданғанша тоқтатуға. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандыруға.

      2. Заң актілерінде, оның ішінде "Шетелдік инвестициялар туралы"  Z949000_  заңында көзделген жағдайларда төрелік (аралық) соттардың шешімдері Қазақстан Республикасы сот органдарының шешімдеріне тектес орындалатынын соттардың ескергендері жөн. 
      Қазақстан Республикасында шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері АІЖК-нің  K990411_  425-бабында көзделген тәртіп бойынша танылады және орындалады. 

      3. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы"  Z000132_  Конституциялық Заңның 20-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы аралық соттардың құқықтық мәртебесі туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге.

       Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Жалпы отырыс хатшысы,
      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы