1. 2001 жылғы 1 қыркүйектен бастап бір жыл мерзімге, Қазақстан Республикасында өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, ауыл шаруашылығы техникасын (ТМД СЭҚ ТН коды 843351000-843359800, 870110100-870190900) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасын әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың интеграциялық комитетін хабардар етсін.
4. Облыстардың әкімдері және Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы техникасының мониторингін жүргізсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.