Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын.

      2. 2-қосымшаға сәйкес аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi белгiленсiн және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi орынбасарларының шектi саны анықталсын.

      3. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi санының қолданылып жүрген нормативтерiн басшылыққа ала отырып, әкiмияттардың қызметкерлерi санының нормативтерiн әзiрлеу ұсынылсын.

      4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2001 жылғы 21 шілдедегі  
N 985 қаулысына      
1-қосымша          

      Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.05. N 275 қаулысымен.
      Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.13. N 1311
қаулысымен.
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.01.31. N 115 қаулысымен. (2002 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.)
      Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.14. N 246 қаулысымен .
      Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.25. N 747 қаулысымен .
      Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.06. N 784
қаулысымен .    

  Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі орынбасарларының шекті саны <*>

Облыс              Әкімдер         Оның ішінде әкімнің
                   аппараттарының  орынбасарлары
                   саны (бірлік)   (бірлік)
_______________________________________________________
Ақмола                  69              4
Ақтөбе                  66              4
Алматы                  78              4
Атырау                  55              5 <*>
Батыс Қазақстан         63              4
Жамбыл                  72              4
Қарағанды               77              4
Қостанай                73              4
Қызылорда               62              4
Маңғыстау               47              4
Оңтүстік Қазақстан      85              5 <*>
Павлодар                69              4
Солтүстік Қазақстан     67              4
Шығыс Қазақстан         77              4
Алматы қаласы           295             4
Астана қаласы           142             5
Жиыны:                  1397            67 <*>
_______________________________________________________

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2001 жылғы 21 шілдедегі   
N 985 қаулысына      
2-қосымша          

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары  штат санының лимиттері және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі рынбасарларының шекті саны

_____________________________________________________________
 Әкімшілік-аумақтық       !    Әкімдер        !     оның ішінде
 бірлік халқының саны     ! аппараттарының    !  әкім орынбасарлары
 (мың адам)               ! саны (бірлік)     !        (бірлік)
___________________________________________________________________
       Аудандар
       50-ге дейін                     17                    2
       50-ден жоғары                   18-20                 3

       Аудандық
   маңызы бар қалалар
     10-нан 20-ға дейін                  5                    1
     20-дан 50-ге дейін                 5-10                  2

   Облыстық маңызы бар қала
     50-ден 100-ге дейін               20-40                  3
    100-ден 500-ге дейін               40-60                  3
     500-ден жоғары                  80-нен аспайды           3

      Аудан (аудандық, облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан әкімі орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс.
__________________________________________________________________

      Ескерту. Қалалар әкiмдерi аппараттарының саны осы қалалық әкiмшiлiктiң аумағындағы ауылдық округтер, кент әкiмшiлiктерi, кенттер, ауылдар (селолар) ескерiлмей берiлген. Аудан әкiмi аппаратының саны оның құрамына кiрген ауылдық округтар, кент әкiмшiлiктерi, кенттер, ауылдар (селолар) халқы санына байланысты түзетiледi. Осы әкiмшiлiк-аумақ бiрлiгiнiң халық саны 5 мың адамға дейiн болған кезде санды арттыру үш бiрлiктен аспайды, халық саны 5 мың адамнан жоғары болса - әкiмнiң орынбасарын қоса алғанда, 3-тен 5 бiрлiкке дейiн болады.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің      
2001 жылғы 21 шілдедегі 
N 985 қаулысына    
3-қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі

      1. "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгілік құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерінің саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына қаражат жинауды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 840 қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1425 және 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 5 маусымдағы N 930 қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1742 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 қыркүйектегi N 1321 қаулысы.

      5. "Ақмола қаласының мемлекеттiк органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 45 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 1920 қаулысы 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 616-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 28 шілдедегі N 421 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 сәуiрдегi N 567 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 1-тармағы.