Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 шілде N 966

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 P980477_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 15, 134-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін";
      2-тармақта "5 сыйлық санында" деген сөздер "6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың екінші абзацы "Комиссия" деген сөзден кейін "мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ережеде:
      3-тармақтың үшінші абзацы "және" деген сөзден кейін "мемлекеттік

құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа" деген сөздермен 
толықтырылсын; 
     7-тармақта: 
     бірінші абзацтың екінші сөйлемінде "Мемлекеттік сыйлықтар" деген 
сөздер "жеке бір Мемлекеттік сыйлық" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     үшінші, төртінші және бесінші абзацтарда "бес" деген сөздер "алты" 
деген сөздермен ауыстырылсын. 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.