Алматы қаласындағы метрополитен құрылысын аяқтау және бiрiншi желiсiн iске қосу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 12 шілде N 950 қаулысы (6-тармағынан басқасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1614 қаулысымен)

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Алматыметроқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Заем алушы) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартатын мемлекеттiк емес заемының қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Алматы қаласындағы метрополитен құрылысын аяқтау және бiрiншi желiсiн iске қосу жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z000131_ Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитiнiң шегiнде тартылатын мемлекеттiк емес заем бойынша мiндеттемелерiн Заем алушының орындауын қамтамасыз етуi ретiнде несие берушiлерге жалпы сомасы 43000000 (қырық үш миллион) АҚШ долларына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн;
      көрсетiлген кепiлдiктi беруге байланысты туындайтын мiндеттемелердi қамтамасыз ету туралы Заем алушымен тиiстi келiсiм жасассын.
      3. Заем алушы заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
      4. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттiк инвестицияларының бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 P001963_қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк инвестицияларының бағдарламасына 3-қосымшада "Көлiк және байланыс" деген салалық секторда, реттiк нөмiрi 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
_____________________________________________________________________

1     2     3      4      5      6      7     8   9   10    11    12 _____________________________________________________________________

13  Алматы    "Алматы  2001- Анық.  50,00  Заемды         30,00 20,00     қаласын.    метро-  2002  тал.          игеру
   дағы метро. құрылыс"      ған                          43,00  7,00
   политеннiң  ААҚ           жоқ           Кепіл
   бiрiншi                                 мөл.
   желiсiнiң                               шері
   құрылысын
   аяқтау және
   пайдалануға
   беру
_____________________________________________________________________ 

     "Барлығы" деген жолда:
     "Заемды игеру" деген жолда:
     10-бағандағы "384,82" деген сан "364,82" деген санмен ауыстырылсын;
     11-бағандағы "402,74" деген сан "422,74" деген санмен ауыстырылсын;
     "Кепiл мөлшерi" деген жолда:
     9-бағандағы "218,00" деген сан "168,00" деген санмен ауыстырылсын;
     10-бағандағы "256,06" деген сан "299,06" деген санмен ауыстырылсын;
     11-бағандағы "245,00" деген сан "252,00" деген санмен ауыстырылсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсiн.
     6. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1614 қаулысымен.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі